А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Жеке тұлға маркетингі немесе өзіндік маркетинг



Pdf көрінісі
бет19/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165
Маркетинг (1)

Жеке тұлға маркетингі немесе өзіндік маркетинг — тұлға-
ның өз жұмыс күшін еңбек нарығы мен қоғамдық-саяси қызметте 
жүзеге асыру мақсатындағы барынша жағымды жағдай жасауға 
бағытталған белгілі бір іс-əрекет бағдарламасы. 
«Еңбек күші» тауарын барынша жағымды жағдайда жүзеге 
асыру үшін еңбек нарығындағы əрекеттердің бірізділігі қажет. 
Өзіндік маркетинг осындай бірқатар əрекеттерді қарастырады. Ол 
кез келген басқа тауарларды өткізу бағдарламасына ұқсас:
— өзін-өзі бағалауды жүргізу — тұлғаны еңбек нарығында 
нақты не қызықтырады;
— негізгі жұмыс түрлерінің нұсқаулығын жəне мазмұнын 
зерттеу;
— іздестіру мақсаттарын нақты құрастыру;
— нақты жұмыс орындарының нарығын зерттеу жəне оның 
мүмкіндіктерін бағалау;
— өзі жəне өз мүмкіндіктері туралы қысқаша анықтама жасау 
(resuме);
— əңгімелесуге дайындық.
Қызмет ету нысандарына байланысты келесідей бөлінеді: 
макромаркетинг, аймақтық маркетинг, микромаркетинг.
Макромаркетинг өндіріс, тұтыну жəне қажеттіліктердің ара-
сындағы үйлесімділікті реттеуді қамтамасыз етіп, осы негізде 
мемлекеттің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қосқанда
экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың басым бағыттарын 
анықтайды. 
Аймақтық маркетинг еркін баламалы айырбас негізінде нақты 
аймақтың, сонымен қатар бүкіл елдің қажеттіліктерін қамтамасыз 
етіп, аймақтың жəне аймақаралық нарықтың дамуын қамтамасыз 
етеді.
Микромаркетинг — бұл жекелеген фирмалар мен кəсіпорын-
дар (ірі, шағын, орта) маркетингі. Бұл əрбір нақты сатып алушыға 
негізделген, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын 
қанағатандыру арқылы, өзінің тауар стратегиясын ықпалдастыра 
алатын маркетинг.
Өндірістің барлық бөлініс, айырбас, тұтыну секілді салаларына, 
қоғамның əлеуметтік жəне саяси өміріне тарала отырып, маркетинг 
күрделі жəне тармақталған құрылымды құрады. 
Коммуникация құралдарына байланысты тікелей жəне элек-
тронды маркетинг болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет