Абай шыєарма шыєармасын оќыту



бет4/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Абай – лирик ақын
Енді Абайды мектепте қалай оқытамыз, оқушыларды ақын шығармалары мен жүйелі түрде таныстырудың қандай жолы бар дегенде келелік. Бұл - өте күрделі мәселе.
Біз Абайдың жас шағындағы өлеңдеріне 1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедімге» дейінгі өлеңдерін жатқыздық. Өйткені бұл өлеңдерінде Абай алдына үлкен мақсат қоймаған, өзін әлі ақынмын деп танымаған, тәңірінің берген талантынан еріксіз туған өлеңдерін құнттап жимаған. Бұлар бірде қазақи дәстүрмен, бірде шығыс ақындарынша, бірде орыс әдебиетінің үлгісімен жазылған, Абайдың ақындыққа келу соқпағын байқататын өлеңдері. Бұл кезеңдегі ақын шығармаларынан туған топырағынан алған нәрін бойына сіңіріп, Шығыстың. Батыстың рухани байлықтарын меңгеру жолындағы ізденістерінің ізін көреміз.
Адам шығармашылығы негізгі әрі күрделі мәселе – лирикалық шығармаларын оқыту жүйесі.
Абайдың өлеңдері туралы айтқанда , лирикалық поэзияның өзгешелігін естен шығармауымыз керек. Лирикада оймен сезім бірлесіп , терең қабысады. Оған тартымды күш –қуат дарытатын –алғыр ой мен суарылған жалынды сезім . Өмір, дүние, адам тағдыры жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік поэзияны жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін – көркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің оттылығы, нәзіктігі. Лирикалық басқа жанрлардан,айталық , сан алуан адамдардың қарым – қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармадан айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне осында.
Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл – күйі , сезімі суреттелетіні белгілі, ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әртүрлі құбылыс- жағдайларға көз қарасын сипаттайды. Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұңын , өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы – мұңын, күйзелісін, қуаныш шатығын, тілек мақсаттарын көрсетеді. В.Г. Белинскийдің, «ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді»- деуі тегін айтылмаған.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой сезімі, тағдыры өз заманының арман мүддесі, тілек – талаптарымен неғұрлым терең байланысты суретелсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады . Лирикалық поэзияның осы ерекшеліктері Абай өлеңдерінен мейлінше толық көрінеді. Абай лирикасынан ақынның көңіл – күйін, жан дүниесін, толғанысын сезініп қана қоймаймыз, сол арқылы қазақ қоғамына, жалпы адам баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін танытатын қасиет белгілерді молынан табамыз.
Лирикалық поэзияның өзгешелігі туралы айтқанда, А.Байтұрсыновтың мына сөзі ойға оралады:»Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халді, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды...ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай білуде».
Біз лирикасынан қарасөзін бөлмей, қосып өтуді жөн деп ойлаймыз, Абай лирик ақын екені даусыз. Өзінің аз сөзге көп мағына сиғызып, қиыннан қиыстырған лирикалық өлеңдеріндегі терең ойды саралап, талдап түсіне қою. Осы кезде оқушыға түсінікті, оқырманына ой-сала баяндайтын қара сөзін пайдаланған тиімді.Бұл Абайдың өлеңдерімен қарасөздеріндегі байланысты, ой сабақтастығын байқатып, Ұлы ақын шығармаларына тереңірек бойлай түсуге жол ашады. Ұлы Мұқанның: «Абай өзінің өлең сөздерінің көптен көбін заманындағы оқушымен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп Абай енді қара сөзінде сол өліңдерінде айтылатын ойлардың бір талайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кебір қара сөзінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, жеңіл оңай ұғымдарымен қайтадан айтылады», - деген пікірі соның дәлелі.
Абай шығармаларындағы негізгі әрі күрделі мәселе – лирикаларын оқыту жүйесі. Бірақ осылай кесіп, бөліп тексеру керек емес. Шығармаларын өсу жағынан, жылма-жыл тұтас, эволюциялық жолын аша тексеру керек»,-деп, Абай шығармаларын тақырыпқа бөліп тексеруге қарсы болыуында мән бар. Өйркені Абай лирикасында тұмадан бұлақ, бұлақтан өзен, өзеннен дария болып, одан теңізге, мұхитқа құятын ой арнасы бар. Өз халқының тағдырына толғанудан туған ұлы ақын өлеңдері біртіндеп дамып, адамзаттық мәселелерге ұласады, адамды танудан тәңіріні тануға қол созып, алдына биік мақсат қойған Абай лирикасы – тұтас дүние.
Мектепте Абай лирикасын тұтас өтуді мақсат етпейміз және ол мүмкін де емес. Ұлы ақын лирикасынан эволюциялық даму, өсу жолын басшылыққа ала отырып, ақынды әр кезеңде толғандырған басты мәселелерді тақырыпқа жүйелеп береміз. Сонда біздегі Абай лирикасын оқыту жүйесі ақынның шығармашылдық өсу жолын негіз еткен хронологиялық – тақырыптық жүйе болады.
Абай лирикасының дені- халқының қам- қарекетінен туған азаматтық лирика. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі Абайдың азаматтық лирикасының басы. М.О. Әуезов бұл қлеңді «Азамат ақынның зор идеясын бастаған өлең» деп бекер айтпаған. Бұл Абайдың ағартушылық идеясынан ғана туған өлең емес, одан үлкен іске бекінген ақынның іштей ширыққан көғіл-күйін байқаймыз, әрі дауылдың алдындағы тыныштықты сеземіз. Өлеғң «Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім» деп аяқталыпты. Алайда Абай ел билеу ісінен арылып сырт көзге тыныш жүргенмен, шын мәнінде тыныш жата алмапты. «Өз қолынан өз ытқы кеткен» халқынның тағдыры ақын жанын жай таптырмапты. Ақынның бұдан кейінгі туған өлеңдерінен өз заманымен бетпе-бет келіп, мыңмен жалғыз алысқан азамат ақын бейнесін көреміз.
Абайдың күрес құралы ақындық болды. Ақындыққа үлкен жүк және сенім артты. Дүние танымы, қоғамдық көз қарасы жағынан ағартушы болған. Абай ақындыққа қоғамға тигізер пайдасы тұрғысынан қарап, адамдарға тәрбие беру мақсатын көздеді.Сондықтан Абайдың шығармашылдық жағынан өсу барысында заманымен күрес әдісі біртіндеп байсалды ұстаздыққа ауысты. Бұл жағынан Абай өз заманының ауыруын дәл тауып айтқан дәрігері әрі оны емдеудің жолын да көрсеткен емшісі болды.
Ұлы ақындар өзінің шығармаларында жалпы адам баласына ортақ мәселелерді жырлайтыны туралы Белинский айтқан екен. Ақындық, ойшылдық тұрңысынан кемелденген Адай өз халқының қамымен ғана, қалмай, бүкіл адамзаттың рухани игілігі болатын мәселелерді де өзіндік таным тұрғысынан алға тартты.
Осы айтылғандарды ескеріп, Абайдың лирикасы мен қарасөздерін мектеп бағдарламасында былайша белгілейміз.
І. Азаматтық лирикасы.
1. Заман келбеті.
2. Заман адамы.
3. Заман табиғаты.
4. Заман емі.
5. Азаматтық толғаныс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет