Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері



бет39/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері
Тәжірибенің дәлдігін қайталымдардың санын және мөлдектердің ауданын ұлғайту арқылы арттыруға болады.


Мөлдектердің көлемі. Әр бір мөлдектің ауданын көбейту топырақ құнарлылығы элементтерінің көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді, ал керісінше орташа мөлшерден ауытқыған кезде топырақ құнарлылығы әр бір мөлдек көлемінде өзара сіңеді. Дегенмен, тәжірибе мөлдектерінің мөлшері мен нұсқалардың қайталымдары санына жүргізілген толық зерттеулер, мөлдектердің ауданын ұлғайту бұл жоғарылауға пропорционалды жүрмейтіндігін, яғни керісінше өшетіндігін (төмендейтіндігін) көрсетті (сурет 1).
1 суретте көрсетілген динамика – қайталымсыз мөлдектердің ауданын 25 м2-ден 250 м2-ге дейін ұлғайтқанда (10 есе) тәжірибенің қателігі 10 %-дан 5,6 %-ға дейін төмендейтінін, сонымен қатар 100-121 м2-ге дейін ұлғайтқанда тәжірибенің қателігі 3,3%-дан 2,9 %-ға төмендейтінін, ал 225-250 м2-де 4,3-4,4 %-ға дейін төмендейтінін көрсетті.
Әдістемелік зерттеулер мәліметтерінің негізінде келесідей қортынды жасауға болады, яғни тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне танаптық тәжірибедегі мөлдектердің есептеу алаңының ауданын 100-150 м2 қылғанда ғана қол жеткізуге болады, сонымен қатар мөлдектердің ауданын ұлғайту, тіпті одан да көп қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін, себебі ол тәжірибе салынатын жер учаскесінің ауданын ұлғайтуға әкеледі, сонымен қатар тәжірибенің жүргізілуіне жұмсалатын шығындардың көлемін және жасалатын жұмыс көлемін арттырады.
Мөлдектердің ауданы тәжірибеде зерттеліп отырған дақылмен, оны себу тәсілімен, бір шаршы метр жерге келетін өсімдіктердің санымен тығыз байланысты, мәселен, қатардағы тәсілмен себілетін дақылдардың, астық тұқымдас дақылдардың, мал азықтық дақылдардың 1 м2 жерге келетін өсімдіктерінің саны орта есеппен 200-250 өсімдік болуы керек, ал отамалы дақылдардың – жүгері, тамыржемістердің саны небары 8-12 өсімдік, яғни мөлдектердің ауданы кішірек болғанда, әр бір мөлдекке келетін өсімдіктердің саны да шектеулі болады, себебі жекелеген өсімдіктердің өзіндік қасиеттеріне сай өзгергіштігі жеткілікті дәрежеде тегістелмейді (біркелкі болмайды), яғни мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданында 40-60 өсімдік болғанның өзінде.


25 50 75 100 125 150 200 250



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет