4- БӨЛІМ
4.1 «Адам және жануарлар физиологиясы» бойынша
зертханалық сабақтардың жоспары және әдістемелік ұсыныстар
Алғы сөз
Адам және жануарлар физиологиясы – экспериментті ғылым. Физиологияны оқыту міндетті түрде студенттердің практикалық жұмыстарды орындауларымен ұштастырылып отыруы қажет, нәтижесінде теориялық білімдердің тәжірибелік дағдыларымен бекітіп, физиологиялық әдістемелердің алуан-түрлі тәсілдерін меңгереді.
Физиологияны оқытуда түрлі әдістемелер мен оқу құралдары қолданылатындығы жөніндегі фактілерді атаған жөн, бірақ олар қазіргі ғылыми зерттеулерде қолданылмайды, дегенмен сабақ жүргізуде маңызын әлі жоя қойған жоқ. Классикалық тәжірибелерді өз қолдарымен жасау арқылы студенттер тыныс алу физиологиясының механизмдерімен танысып, ол өткен белестерді ой елегінен өткізулеріне мүмкіндік алады. Мұның өзі оларға физиологияның негізгі заңдылықтарын толық түсініп, меңгеруіне жол ашады. Осыған байланысты аталған пән бойынша студенттер қазіргі тәсілдермен қатар, бұрынғы классикалық әдістерді де менгереді.
«Адам және жануарлар физиологиясы» бойынша зертханалық сабақтардын мақсаты мен міндеті – студенттерді физиология саласындағы зерттеу әдістерімен таныстыру, сонымен қатар физиологиялық объектілермен, адам және жануарлармен тәжірибе жүргізу және физиологиялық жүйелерін зерттеу тәсілдерін меңгере отырып, физиологиялық эксперименттерді өз беттерімен жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің практикалық курсты толық менгерулерімен қатар дәрістік материалды өз бетімен бекітуіне үлкен рөл атқарады.
Тәжірибеге алынған эксперименттік материалдарға сын көзбен қарау, оны өңдеу, дайындау және нәтижелеріне қорытынды талдау жасап, келешек зерттеушілер үшін жақсы мектеп болып табылады.
Зертханалық жұмыстың тізімі
Қозғыш тканьдердің физиологиясы. Қозудың шығу тегі.
Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері.
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы.
Нейрондар мен нерв клеткаларының қызметі.
Синапс. Морфофизиологиялық құрылымы. Орталық нерв жүйесіндегі қозу және тежелу үдерістері. Рефлекстік доғаға талдау, зерттеу әдістері.
Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі.
Физиологиялық үдерістердің гуморальды реттелуі.
Ақырғы өнімдерді шығару мүшесі. Бүйрек. Зәрдің құрамы. Тер шығуды зерттеу әдістері.
Қан жүйесінің физиологиясы. Қан құрамы, қасиеті, жасушалары. Қан тобы. Қанның ұюы.
Жүрек физиологиясы. Жүрек жұмысының реттелуі.
Жүрек жұмысы. Қан тамырларының қызметі. Қан қысымы. Қан айналу.
Тыныс алу физиологиясы. Өкпедегі тыныс алу. Сыйымдылығы. Жиіліні. Зерттеу әдістері.
Талдағыштар, оның қызметі.
Ас қорыту жүйесі Ферменттер. Сөлдің құрамы. Қарын сөлінің құрамы.
Зат және энергия алмасуды зерттеу әдістері. Температураны реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |