Қадірлі талапкер!


ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ



бет11/14
Дата27.11.2019
өлшемі1.67 Mb.
#447567
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
KAZAK TILI KATEV SON

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ


  1. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.

Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.

Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:



1) Жарыспалы к.б.с.қ бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы



Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

    • Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)

    • Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)

2) Сатылы к.б.с.қбағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.

Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы



Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

  1. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.



Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.

Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.

Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы



Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

ПУНКТУАЦИЯ

  • Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.

  • Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:

  1. Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.

  2. Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.

  3. Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.

  • Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:

қойылатын орны

түрі

қызметі

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері

нүкте ( . )

сұрақ белгісі ( ? )

леп белгісі ( ! )

көп нүкте ( ... )



Даралушы қызмет атқарады.

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )

қос нүкте (:)

жақша ( )

тырнақша (" ")

сызықша ( – )


Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері

үтір ( , )

қос нүкте ( : )

нүктелі үтір ( ; )

үтір сызықша (, – )



Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.

НҮКТЕ



Қойылатын орны

Мысалы

1

Хабарлы сөйлемнен кейін

Маңайда тірі жан көрінбейді.

2

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін

Әже, сізден Алла разы болсын.

3

Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін

Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.

4

Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде

Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар?

5

Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда

Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст.

6

Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда

“Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”)

7

Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда

тағы басқалар – т.б.

тағы сол сияқты – т.с.с.



тағысын тағылар – т.т.

8

Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда

А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.


ЛЕП БЕЛГІСІ





Қойылатын орны

Мысалы

1

көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін

Шіркін, қандай керемет!

Тарт қолыңды!

2

көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін

Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.

3

ұранды сөйлемнен кейін

Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!

4

көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін

– Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы.

5

көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін

– Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!

6

сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін

Амансың ба, қарағым! деп қария балаға қарады.



СҰРАУ БЕЛГІСІ





Қойылатын орны

Мысалы

1

сұраулы сөйлемнен кейін

Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады?

2

сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады

"...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта

"...Пысық деген ант шықты",– деп жарияланған.

КӨП НҮКТЕ





Қойылатын орны

Мысалы

1

Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

"Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын.

2

сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін

- Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т.Әбдіков)

3

Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.



4

Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына

Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5

Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге

Қиын тиді оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға.

...........................................

(Абай)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет