ISSN 2520-2634, eISSN 2520-2650 Педагогикалық ғылымдар сериясы. №2 (71) 2022 https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz
© 2022 Al-Farabi
Kazakh National University
207
ҒТАМР 14.25.09 https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.018
А.Ғ. Темирбекова*
, Н.И. Жапаркулова
,
Г.Ж. Ержан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан, Алматы қ.
*
e-mail: now.aidyn@gmail.com
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН
БЕЛСЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі білім беру жүйесінде мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
мәселелері педагогикалық ғылым мен практиканың өзекті мәселелерінің бірі. Белсенділік –
адамның
дамуында, оның жеке тұлғасының қалыптасуында жетекші рөл атқаратын шындықты
бейнелеу мен өзгертудің қарқынды белсенді күйі. Оқушылардың білім,
білік және жаңа
дағдыларды игеру процесінде мұғалімнің тиімді әдісті қолдануы маңызды орын алады.
Бұл зерттеудің мақсаты – оқу процесінде 7-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
дамыту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименттік ізденіс арқылы «Блум
кубигі», «STEAM», «GBL» әдістері мен «Агролаб» үйірмесінің оқушылардың танымдық іс –
әрекетінің дамуына әсерін анықтау.
Бұл зерттеу жұмысы Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінде эмперикалық әдіс негізінде жүргізілді. Зерттеудің практикалық бөлімінде
таңдалған әдістердің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамуына қалай әсер ететіні зерттелді.
Оқушылардың танымдық деңгейін анықтау үшін «қысқа мерзімді есту жадының диагностикасы»,
«ұғымдарды салыстыру», «О.М.Дьяченконың фигураларын толықтыру» әдістемесі қолданылды.
Зерттеу барысында оқушылардың танымдық іс-әрекет деңгейі екі рет диагностикаланды.
Зерттеу
нәтижелерін салыстыра отырып, «Блум кубигі», «STEAM», «GBL» әдістері мен «Агролаб» үйірмесі
оқушының танымдық іс-әрекет деңгейінің артуына әсер еткені анықталды.
Түйін сөздер: танымдық белсенділік,
танымдық іс-әрекет, «Блум кубигі» әдісі, «STEAM»,
«GBL».
A.G. Temirbekova*, N.I. Zhaparkulova, G.Zh. Erzhan
Al-Farabi
Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
*е-mail: now.aidyn@gmail.com