Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет42/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Одағайлардың жазылуы. Одағайлар, көбінесе, естілуінше жазылады. 
Сондықтан бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, 
ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау; япырмау, япырау; уа, аһ, уай, уау, уа-а-а, уһ.  
Бір сөздің екі-үш (кейде төрт рет) қайталанып айтылуы одағайларда жиі 
кездеседі, ондайда араларына дефис қойылады: әй-әй, жәжә, беу-беу, ха-ха-ха, 
ай-ай-ай, моһ-моһ, шөре-шөре. Түбір сөз тұтасымен қайталанбай, жеке 
дыбыстары қайталанып айтылуы да (созып айту) – одағайларға тән құбылыс, 
мұндайда да қайталанған дыбыстар дефис арқылы жазылады: еһе-һе-һе, қа-а-п, 
бәрекелдіі, ура-а-а, ә-ә-й. 
Бас әріптің қолданылуы. Сөйлем соңына қойылған нүкте, көп нүкте, сұрау 
белгісі және леп белгісінен кейінгі келесі сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен 
басталып жазылады: 1) Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Ворошилов 
атындағы колхозда ұйықтамаған үй кемде-кем (Ғ. Мұстафин). 2) Япырау, 
мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой мынау! Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? Мынау 
үйде мені шақырып отырған Тоғжан ғой (М.Әуезов). 3) Абай жүрегі өзгеше бір 
еміреніп келеді. Кеуде де талай ыстық. толқын сезімдер сыя алмай, 
сығылысқандай... Өлең әнге оралып, еркеленіп келеді... Үзіле алмай ырғалады 
(М.Әуезов).  
Қаратпа сөздер мен одағайлардан және жоқ, иә деген сөздерден соң 
қойылған леп белгісінен кейінгі сөз бас әріппен басталып жазылады: Қозы! 
Жаттан жақын, қастан дос, ашудан ақыл тауып әкеле жатырмын! Жоқ! Бетің 
түзу! Аһ! Арманда кеттім-ау, Баян! (Ғ.Мүсірепов). 
Ескертулер. 1. Төл сөздегі сөйлемге қойылған сұрау, леп белгілерінен және көп 
нүктеден кейінгі автор сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мәкіш: – Абай, осы сен 
ақынсың-ау! – деді де, күліп жіберді. Абай әуелі үркіп қалғандай қысылып қалып: – Е, оны 
кайдан білдің? – деді (М.Әуезов). – Көңіл көтерейік, өлең айтайық... Билейік... – деді Быков 
жинала бастаған жұмыскерлерге (Ғ.Мүсірепов). 2. Көп нүкте сөйлеушінің қысылып, тұтығып 
не басқа себептермен бөліп-бөліп айтқан бір сөйлем ішіндегі сөздерінің арасына қойылған 
болса, одан кейінгі сөз кіші әріппен жазылады. Мысалы: – Дүние... дүние қалай еді? 
Дүниеде... сірә, сендей маған жар жоқ, саған жар... менен артық табылса да... – деп қалды 
(М.Әуезов). 
Төл сөз және цитаттар бас әріптен басталып жазылады. Мысалы:
1) Тарасенко менің қағаздарымды аударыстырып отырды да: – Жолдас аға 
сержант, командирлер курсына барасың! – деді (Ғ.Мүсірепов). Біржан ақырын 
ғана үн қатып: – Ән салса, Әйгерім ғана салсын да! – деді (М.Әуезов).
2) Осымен байланысты әр сөздің жалпылаушы қасиеті болатындығын көрсетіп, 
В.И.Ленин: «Сезімдер шындықты көрсетеді: ой мен сөз жалпы болады», – дейді 
(К.Аханов. «Қазақ тілі лексикасы мәселелері»). Кейде цитат автор сөзінің 
жалғасы немесе ажыратылмас бөлігі ретінде жымдастырыла келтірілуі мүмкін. 
Ондайда тырнақшаға алынғанмен, цитат кіші әріптен басталып жазылады және 
алдынан не соңынан төл сөзге (цитатқа) тән тыныс белгілері қойылмайды. 


44 
Мысалы: Ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес, 
араздастыру үшін оқитын, ойында «я тілмаш, я адвокат болу» жүрген қазақ 
балаларына Абай дұшпан. Бірақ бұлардың «қаны бұзық сұм-сұрқия болуына» 
орыстың оқуы айыпты емес, өскен ортасы, сол ортаның бұзық мінезін 
қабылдаған өздері айыпты (С.Мұқанов). Мұнда тырнақшаға алынған бөліктер – 
Абайдан келтірілген цитаттар. Жақша ішіне алынған ремаркалар, өзге де 
сілтемелер аяқталған сөйлемнен кейін келтірілсе, бас әріптен басталып 
жазылады. Мысалы, жиналыс стенограммасынан: Сөйтіп, жолдастар, жаңа оқу 
жылын мектептің жаңа үйінде бастап отырмыз. Ол үшін құрылысшыларға мың 
да бір алғыс айтамыз (Қол шапалақтау). Пьесадан: Жантас (шыға кеп). Е, жүр 
олай болса! (Тысқа шығып айғайлап). Мына жақта, мына келеді! Шегіне, 
шегіне ат! (Өзі атып-атып жібереді) (М.Әуезов).
Адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы, сондай-ақ лақап аты 
(псевдонимі), ныспысы (туып-өскен жеріне, руына т.б. қарай аталған көбінесе 
тарихи есімдер) бас әріптен басталып жазылады: Шоқан Шыңғысұлы 
Уәлиханов, Владимир Владимирович Маяковский, Максим Горький, 
Қадырғали Жалайыри, әл-Фараби (Әбу-насыр Фараби), Қоңыр, Жаяусал (М. 
Әуезовтің алғашқы кездегі лақап аттары). Кісі аттарының алдынан не соңынан 
адамның белгілі бір қылығын, қасиетін, кемістік-жетістігін т.б. көрсететін сын 
есімдер – тұрақты эпитеттер қосылып, ел атап кеткен жалқы есімге айналады. 
Ондай сөздер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен жазылады, соңынан 
келсе, кіші әріппен жазылады. Мысалы: Ер Төстік, Қыз Ақжелең, Қыпшақ 
Сейітқұл (Ы.Алтынсариннен), Кішкене молда (М.Әуезовтен), Тентек Ояз (бұл 
да сонда), Сумұрын Сүкең (С.Мұқановтан), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісовтен), 
Ұлы Петр, Ақсақ Темір, Шықбермес Шығайбай; Баян сұлу, Қамар сұлу, Қамбар 
батыр, Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Игілік би (Ғ.Мүсіреповтен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет