Алаш қозғалысы


Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе



бет18/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
қазақ тілі реферат

Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды.
Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.
Миграциялық үдерістердің қарқыны жиырмасыншы ғасырда ғаламдық қарқын алып, барлық континеттерді, әлеуметтік таптар мен қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Мигранттардың өзге мемлекеттерге кетуі өзекті мәселеге айналды. Мигранттардың қатарында еңбекке қабілетті экономикалық белсенді халықтар, сапалы мамандар (ақыл ойдың сытылуы), білімі, күш-қуаты мол жастар еңді. Осындай факторлар мемлекеттің дамуына, әлеуметтік жағдайдың оңтайлауына кері әсерін тигізді. Яғни, миграция барысында донор мемлекеттің басты ресурсы – адам капиталын жоғалтты. Ал, қабылдаушы мемлекетке мигранттар үлкен көлемдегі инвестицияға айналды және айнала бермек. Донор мемлекет кеткен мигранттарды кері қайтарып, мигранттың жинаған тәжірибесін мемлекет мүддесі үшін қолданған жағдайда ғана сол мигрантқа кеткен шығынды қайтара алатындығы Азия мемлекеттерінің тәжірибесінен белгілі.
Халықтың миграциясы – латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға жуық анықтама бар.
Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы»
Миграциялық үрдіс
ЭЫДҰ елдері ондаған жылдар бойы дәстүрлі түрде әлемнің барлық елдерінің жоғары білікті қызметкерлеріне тартылу орталығы болды, әсіресе дамушы елдерден және соңғы екі онжылдықта өтпелі экономикасы бар елдерден келушілер көбейген. Соңғы бес жыл ішінде көші-қон саясатының бағдары түбегейлі өзгерістерге ұшырамады және жоғары білікті жұмыс күші көшіп келушілердің ең қолайлы санаты болып қала береді. ЭЫДҰ елдерінің арасындағы (мысалы, АҚШ мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы) бәсекелестік аясында, дарынды адамдарды тарту жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында, жеке мемлекеттермен жаңа көші-қон тәсімдері мен рәсімдері өзгертілді немесе пайдаланылды. Францияда 2016 жылы білікті жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері үшін «дарын төлқұжаты» енгізілді, ол елде жұмыс жасап бастағаннан кейін төрт жыл бойы әрекет етеді. 2015 жылдың қаңтарында Канадада «Білікті қызметкерлер бойынша федералдық бағдарлама», «Білікті мамандықтар бойынша федералдық бағдарлама» секілді көші-қон бағдарламаларымен бірге, аймақтық деңгейлерде қолданылатын «Жылдам кіру» өтінімдерді басқару атаулы жүйесі енгізілді. «Жылдам кіру» Канадада жұмыс істеуге шетелдік жұмысшылардан келіп түсетін өтінімдерге негізделеді. Өтінімдер жас ерекшеліктері, білімі, тілді білуі, жұмыс тәжірибесі бойынша бағаланады. Жұмыс берушіден жұмыс туралы ұсыныстары бар, өтінімдері ең жоғарғы балл алған үміткерлер, жеделдетілген рәсімге қатысуға шақырылады. Испанияда 2015 жылы «Кәсіпкерлік туралы» заңға енгізілген түзетулер инвесторлардың, кәсіпкерлердің, жоғары білікті мамандардың және зерттеушілердің отбасыларын қалпына келтіруді күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, өзгерістер ішкі корпоративтік ауысулар шеңберінде елге көшіп келген, «Аса жылдамдық курсы» үлгісі жасалынған қызметкерлерге айтарлықтай әсер етті. Атап айтқанда, стратегиялық секторларға жататын ірі компаниялар басшылардың, мамандардың және тағылымгерлердің ауысу қажеттілігін негіздейтін талаптардан босатылды.

Әлем мойындаған рекорт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет