Сонымен студенттермен жүргізілген зерттеу жұмысында жүйелі, бағдарлы тәрбиелік іс-шаралар арқылы олардың бойында қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын ұлттық өнері, болмысы, құндылықтары жайлы терең ой-тұжырымдар қалыптасты деуге толық негіз бар. Сол арқылы жастардың рухани байлығын дамыту жүзеге асырылды, сондай-ақ олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру арқылы тұлғалық дамуына ықпал жасау жүзеге асырылды.
Студенттердің бойында өз елінің ұлттық дүниетанымы, болмысы, қадір-қасиеті, ұлттық ерекшеліктері жайлы неғұрлым көп білсем деген құштарлық қалыптасты. Бұл құштарлық студенттердің бойында патриоттық сезімнің дамуына да әсерін тигізгені анық.
1 сурет. Бақылау тобында жүргізілген эксперимент нәтижелері
2 сурет. Эксперименттік топта жүргізілген эксперимент нәтижелері
Қорытынды
Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студенттердің ұлттық дұниетанымын қалыптастыру мәселесінің бүгінгі күйін, жағдайы мен тенденцияларын, перспективаларын анықтайтын бірқатар объективті мәліметтерді жинақтау мен нақтылау төмендегідей қорытындылар мен нұсқаулар жасауға мүмкіндік берді:
-
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі, өлшемі – ұлттық дүниетаным. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің өркениетті елу елінің қатарына енуді басты мақсат етіп қойып отыр. Сондықтан да өзінің бастау көздерін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық құндылықтардан алатын аталмыш мәселе бүгінгі күнгі жалпыадамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың ұлттық көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Өйткені ұлттық дүниетаным – ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық, діни наным-сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесі. Диссертациялық жұмыста студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесі айқындалды.
-
Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру деңгейі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, ұлттық дүниетанымды дамытуға бағытталған жұмыстың бағыт-бағдары анықталды;
-
Егер, студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, онда, дәстүрлі музыкалық өнер туындылары студент-жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық мәдениет негізін қалайтын ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың мүмкіндіктері артады деген ғылыми болжам практикалық тұрғыда расталды.
-
Зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық дүниетанымды қалыптастыруға байланысты біздің ұсынып отырған арнайы курс пен семинар бағдарламасын ЖОО ұлттық тәрбиені дамыту барысында негізге алған жөн;
- зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдарды студенттерді ұлттық дүниетанымды қалыптастыру үдерісінде олардың тұлғалық дамуы мақсатында пайдалануға болады;
- жыраулық өнерді насихаттайтын таспалар, дискілер шығарып, екінші кезеңінде оларды ғылыми жүйелікке салып, үшінші кезеңде оның академиялық құрылымдарын қалпына келтіру қажіттігі айқын. Бізге жойылып, жоғалып кеткен дүниелерді іздеп тауып, жарыққа шығарудың өзі үлкен бастама. Бұл ерте туып кеш қалып келе жатқан өнер. Ғылыми қауым енді қалыптасып келе жатыр.
- қазір қазақ өнеріне әлемдік сахнаның есігін айқара ашылып, дәстүрлі өнер өкілдері оның төріне отырып өз өнерін көрсетіп жүр. Ұлттық өнердің бояу, нақышы әлемдік өнердің ырғағына әуеніне сыйып, өзін дәлелдей алса, оны тек қолдап, қостауымыз қажет.
Біз зерттеу жұмысында алға қойған мақсатты орындадық, бірақ диссертацияда ұлттық дүниетанымға байланысты барлық мәселелерді толық қамтыдық деп айта алмаймыз. Өйткені дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студенттердің ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда төмендегідей бағыттарда зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде дегіміз келеді: студенттерді кәсіби даярлауда ұлттық дүниетанымды қалыптастыру жолдары; студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын қалыптастыруда дәстүрлі музыкалық өнерді негізге алу сияқты тағы басқа мәселелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. - Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауы.- Астана, 2012.
-
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Зерттеу.–Алматы: Ана тілі. - 1998.-256б.
-
Кішібеков Д, Сыдықов Ұ. Философия. – Оқулық. - Алматы: Қарасай.- 2008.-360 бет
-
Философиялық сөздік.- Алматы, 1993. – 597 б.
-
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. –Алматы: Жазушы, 1980.-312б.
-
Қашқари М.Түбі бір түркі тілі.- Алматы: Ғылым, 1993. – 230 б.
-
Кішібеков Д. - Философия. – Алматы, 1995 245 б.
-
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы:Ана тілі, 1991.-264б.
-
Базарбаев Ж., Нұсқабаев Ж., Дәулетова К., Әбілдаұлы Ұ. Инабат (Әдептану оқу құралы). – Алматы: Рауан, 1995. – 384 б.
-
Әлімбаев М. Халық- ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. – 232 б.
-
Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. А., Жазушы, 1982.
-
Бес ғасыр жырлайды. А., Жазушы, 1983, 1984, 1985.
-
Салғараұлы Қ. Қазақ қазақ болғаннан кейін. – Алматы: Жазушы, 1998. – 197 б.
-
Ерғалиев І, Телібаев Ғ. Қазақ дүниетанымының негізгі ұғымдары // Ақиқат. - 1994. №9. 83-84 бет.
-
Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңғырту. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1999.- 60-61 бет.
-
Қасабеков А, Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – Алматы: Ердәулет, 1994 -172 б.
-
Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы, 1982. – 203 б.
Орынбеков М. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы. – Ғылым, 1996 75-б.
-
Ақын-жыраулар : Ақын-жыраулардың өмірбаяндық мәліметтері мен библиографиялық деректері. Алматы: Ғылым, 1979 – 184 б.
-
Алтаев Ж. Қазақ философиясының қалыптасуы: Философия ғылымының докторы диссертац. – Алматы; 1997.
-
Кляшторный С.Г. «Степные империи древней Евразии» Букинистическое издание 2005 г.
-
Баласағүн Ж. Құтты білік. – Алматы. –Жазушы. – 1986. - 616 6.
-
Ақаев СҚазақтың тыйым сөздері // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 23 наурыз. - Б. 5 с.
-
Қазақтың тыйым сөздері // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 23 наурыз. - Б. 5с.
-
Дүйсенбаев А. Қ. Қазақтың ырым-тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні. –Алматы, 1989.
-
Абай.Энциклопедия. Алматы. – Атамұра. – 1995. - 720 б.
-
Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. – Алматы: ҚАЗМУ, 1987. – 488 б.
-
Бердібай. Бес томдық шығармалар жинағы. Төртінші том. Алматы: Қазығұрт, 2005.
-
Әуезов М. Шығармалар жинағы. Екінші том. Алматы, 1969.
-
Алматов А. Ұлт рухын асқақтатуда жыраулық өнердің орны зор. - Алматы. ҚазАқпарат.
-
Күмісбаев Ө. Екі перне. - Алматы, 1980.
-
Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. А., Жазушы, 1977.
-
Бердібаев Р. Жыршылық өнер. Алматы., 1958.
-
Айсаутов Ә. Сыр елінің өлең өрендері. Қызылорда, 1999 ж.
-
Ақын-жыраулар жинағы. А., Ғылым, 1979.
-
Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі.-Алматы: Ғылым, 1983.
-
Бердібай Р. Жыршылық дәстүр. – Алматы: 1980.
-
Омарова В. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселесі // Бастауыш мектеп 2004, №2.
-
Әдебиеттану терминдер сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1998. – 321 б.
-
Жеті ғасыр жырлайды: Екі томдық.-Алматы: Жазушы, 2004.-245 б.
-
А. Қыраубаева. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б.
-
Табылдиев Ә. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие.- Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 122 б.
-
Бабатайұлы Д. Замана сазы. –Алматы: Жазушы, 1991.-78 б.
-
Негимов С. Шешендік өнер -Астана, 2000.
-
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.- Қазақ тәлім- тәрбиесі – Алматы, 1995ж.
-
Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбие тарихы» дәрісінің бағдарламасы. –Алматы: РБК, 1994.
-
Боданов Ж.Қ., Бөлеев Қ. Қазақтың халық педагогикасы. –Жамбыл, 1993.
-
Қ. Бейсенбиев. Қазақ халқының Россияға қосылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, философиялық ойларының дамуы.- Алматы. – Ғылым, 1987.
-
Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. Алматы:,2007 ж 24-26 б.
-
Сарсенбаев Н.,- Обычаи, традиции и общественная жизнь.-А:1974. - 297 с.
-
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы: Білім, 1995.
-
Балтабаев М.Қ., - Қазақ халқының музыкасы және студент жастар, Алматы, Ана тілі , 1991.
-
Т. Әбдірахманов. Таланттар тағылымы /Ағартушы ақындар жайында/- Алматы: Мектеп, 1988
-
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негiздерi, А, 1995.
-
Еңсегенов Т. Базар жырау жырлары./ Ленин жолы, 12.01.1991.
-
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы. – Ғылым, 1999.-148 б.
-
Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1977, II том.
-
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973. -233 б.
-
Кенжебаев Ж.XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1983. -312 б.
-
Сейфуллин С. Шығармалар жинағы. Алтыншы том. Алматы, 1964.
-
Кенжебаев Ж. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері. Алматы, 1973. – 165 б.
-
Еңсегенұлы Т. Сыр бойы ақын-жыраулары. Әдеби зерттеу. А., Атамұра, 2000.
-
Марғұлан Ә.Х.,- Древняя культура центрального Казахстана,А:1966.
-
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1994.
-
Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. –Алматы: Ғылым, 1976.-270 б.
-
Төреқұлов Н. Қазіргі қазақ фольклоры. А., 1982. -205 б.
-
Қалиев С. Қ. XV-XIX ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. – Алматы : Рауан, 1990. – 88 б.
-
Табылдиев Ә. Халық тағылымы. Алматы: Рауан, 1996.- 231 б.
-
XV-XIX ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. – Алматы : Рауан, 1990 ж.
-
Жүсіпов Б. Мырзастағы жыр мектебі. Алматы., «Рауан», 1992.
-
Тебегенов Т. Сүлейлер сымбаты // Ұлт тағылымы. №2. 1999.
-
Дүйсебек Ә.Т., Жусанбаева Г.М. Білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтардың алатын орны // Білім / Образование. -№5(41) 2008
-
Төлеубекова Р.Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика.- Алматы, 1994.
-
Сүйіншалиев Х. Саңлақтар сарабы. А., 1974.-311 б.
-
Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті.Алматы: Ана тілі, 1992.
-
Әуезов М.О. Қазақ әдебиетінің тарихы, А: Ғылым, 1961
-
Еңсегенұлы Т. Сыр бойы ақын-жыраулары. Әдеби зерттеу. А., Атамұра, 2000.
-
Бердібаев Р. Сыр бойының терме сазы. Алматы: Ғылым, 1975.
-
Қазақ даласының ойшылдары (IX-XII ғғ.). – Алматы : Ғылым, 1995.
-
Интернет материалдарынан. //http://www.adebiet.kz/index.php
-
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. А., «Мектеп». 1983.
-
Кенжеғұлұлы Н. Кәнеки, тілім, сөйлеші. 3-том, «Маржан», А., 1994.
-
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия // Бас ред. Б.Аяған.- А: ҚЭ, 2003.
-
Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. Алматы: Ғылым, 1974.
-
Негимов С. Ақын-жыраулар тілінің бейнелігі. Алматы: Ғылым, 1991.
-
Төреқұлұлы..Н. Қазақтың би шешендері. - Алматы 1995.
-
Сыр сүлейлерінің көшбасшысы. //Егемен Қазақстан, 2005. 13 тамыз
-
Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушылары. – Алматы: РБК, 1993.
-
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы. – Алматы, 2002.
-
Инновационные методы обучения в системе высшей школы // Материалы международной научно-теоретической конференции “Национальная система оценки качества образования: проблемы, стартегия, технологии”. Тараз, 2003. с.56-59
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Алматы, 2003 ж.
-
Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: Теориясы және практикасы. –Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 б.
-
Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. - Алматы, 2008ж. - 402 б.
-
Құнанбаев А. Қара сөздері
-
Қалықова З. Ш ., Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ш. Уалихановтың педагогикалық мұралары. - Оқу құралы. - Алматы, 2007 ж.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 1996
Достарыңызбен бөлісу: |