Бақылау сұрақтары
1. Сертификаттау органы, сапа жүйесі, құжаттамалар.
2. Сертификаттау органының мамандары.
3. Сертификаттауға өтінім, бағалау, сертификаттау шешімі,
инспекциялық тексеру.
19
5 - ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚР СТ 3.25-2001 «Өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді
сәйкестік белгісімен таңбалау тәртібі» стандартын зерделеу
.
Оқудың мақсаты: студенттерді ҚР-да қызмет атқаратын сертификаттау
жөніндегі органның және сынақ зертханаларының қызметтерімен таныстыру,
сонымен қатар оларға қойылатын талаптар жайында мәлімет беру.
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырма аудиторияда орындалады,
оқытушы
бастапқы материал ретінде сертификаттау саласы бойынша ҚР Заңының, ҚР
стандарттарының көшірмесін таратады, негізгі тараулар мен терминдер
талқыланады, 4-тапсырма бойынша сауалнама жүргізіледі. Студент өнімді
таңбалау қалай жүргізілетінін айтып береді, таңбалау қажеттілігі мен
сертификаттау түрін анықтайды.
Оқудың мазмұны: сертификаттау жөніндегі орган мен сынақ
зертханаларындағы терминдер және негізгі ережелермен танысу.
Қазақстан Республикасында сертификаттауды жүргізуге өкілетті орган
болып:
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша өкілетті орган –
(Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Стандарттау,
метрология
және
сертификаттау
бойынша
комитет
(Мемстандарт);
2. Өнім, процесс, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттеу органы;
3. Аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары);
4. Аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсету бойынша
аккредиттелген ұйымдар;
5. Сертификаттау бойынша сарапшы – аудиторлар саналады.
Гигиеналық сертификат гигиеналық талдау жүргізілген соң беріледі.
Гигиеналық сараптама нәтижесінде үлгінің қауіпсіз екендігі туралы шешім
қабылданған соң гигиеналық қорытынды жасалынады. Бұл құжат өнімнің
немесе өндіріс жағдайының адам денсаулығына қауіпсіздігін растайды.
Көпшілік тауар топтарына гигиеналық сертификаттар бірінші болып
рәсімделінеді. Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларациясын тек
гигиеналық қорытынды болған жағдайда ғана алуға болады. Міндетті түрде
санитарлық эпидемиологиялық қорытынды (СЭЗ) рәсімделуі қажет тауарлар,
көрсетілетін қызметтер мен жабдықтар тізімі бекітілген.
Қазақстан Республикасында өнім мен қызмет көрсетуді міндетті және
ерікті сертификаттау белгісі – 2-сурет, 3-сурет. Бұл белгілер өнімнің
мемлекеттің барлық стандарттарына сай екенін білдіреді.
2-сурет 3-сурет
20
Сәйкестік белгісі өнім қорабына, тауар жапсырмасына қойылады.
Осындай
қалпында
сәйкестік
белгісі
тұтынушыны
өнімнің
сертификатталғанын, оның сапасы бекітілген стандарт талаптарына сәйкес
екендігін және оған сәйкестік сертификатының рәсімделгенін сатып
алушыларға білдіреді.
Берілген белгіде сәйкестік сертификатын берген сертификаттау органы
туралы ақпарат бар. Әріптік және сандық белгілер сертификаттау
органдарының нөмірлеріне сәйкес келеді.
Еуропалық Одақ (ЕС) елдерінде де осындай сертификаттау сұлбалары
қолданылады. Олар модульдік болып құрастырылады және қолданылуында
арнайы ерекшеліктері бар. Бұл жағдай Еуропадағы сертификаттау мен
аккредиттеу жөніндегі «Жаһандық концепцияда» түсіндірілген. Өнімнің
қауіпсіздігі жөніндегі ЕС нұсқаулары нақты бір модульді сәйкестікті бағалау
үшін өндіруші-кәсіпорында қолдануды ескертеді. А, В, G, H модульдерінің
бірін немесе олардың комбинацияларын қолдану қауіпсіздіктің көрсеткіштерін
дұрыс бағалаудың дәлелі болып келеді. Егерде өнімнің үйлестірілген
нұсқаулардың талаптарына сәйкестігі айқындалса, онда өнім өндіруші өзінің
арнайы белгісімен өнімді таңбалайды (4-сурет). ЕО қауіпсіздік бойынша
үйлестірілген нұсқауларының талаптарына сәйкестік белгісі (Communautes
Europeennes).
DIN
4 - сурет 5 - сурет
1917 жылы Германиядағы ұлттық стандарттау жүйесінің құрылған
уақыты деп, жалпы машинажасау саласындағы нормалардың Комитетінің
құрылған уақытын айтамыз. Комитет атын екі рет өзгертті: 1926 жылы
Германияның стандарттар комитеті және 1975 жылы Неміс стандарттау
институты. 1920 жылы Неміс стандарттау институты (DIN) Германияда
стандарттарға сәйкестігі жөніндегі белгі тағайындады (6-сурет), бұл белгі газ
құрылғылары мен кейбір өнімдерден басқа өнімдердің барлығына тарайды. DIN
белгісі сауда белгісін қорғау жөніндегі заңға сәйкес тіркелген. Фирмалар
(кәсіпорындар) немесе басқа да мүдделі заңды тұлғалар, мамандар, ғалымдар
DIN мүшелері бола алады. 1991 жылдан елде сапасыз өнімді өндіргендердің
жауапкершілігі туралы заң күшіне енген, ол заң ЕО мүше-мемлекеттер
заңдарымен үйлестірілген және ортақ нарық қарамағындағы сертификаттау
негізі болады. Заң кішкентай ойыншықтардан бастап үлкен құрылғыларға дейін
қамтиды.
Германиядағы аккредиттеу жұмыстарымен, заңмен қамтылатын саладағы
аккредиттеумен Неміс аккредиттеу кеңесі (DAR), айналысады. Заңмен
қамтылмаған саладағы аккредиттеуді Басшы аккредиттеу қоғамы (TGA)
21
жүргізеді. Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеу
45000 сериялы еуропалық EN стандарттарына сәйкес жүргізілді.
6 - сурет
Францияда 1938 жылы NF белгісінің (француздық стандарт) ұлттық
сертификаттау жүйесі құрылды. Сертификаттауды жүргізу жауапкершілігі
стандарттау бойынша Француз ассоциациясына (AFNOR) жүктелді. NF белгісі
өнімнің француз стандарттарының талаптарына толық жауап беретінін
көрсетеді. Жапонияның ұлттық стандарттау органы - өндіріс стандарттарының
Жапон комитеті (JISC) 1949 жылы құрылған. Бұл Өндіріс пен сыртқы сауда
министрлігі қарамағындағы JISC жұмыстарын бекітетін, Ғылым мен техника
басқармасына бағынатын, кеңес беруші орган. JISC жұмыстары мемлекет
тарапынан қаржыландырылады. Жапонияда сертификаттаудың үш пішімі
жұмыс жасайды: заңнамалық сәйкестікті растайтын, міндетті сертификаттау;
үкімет өкілдендірген орган жүргізетін, ұлттық JISC стандарттарына сәйкестігін
растайтын ерікті сертификаттау; жеке сертификаттау органдары жүргізетін
ерікті сертификаттау.
Ұлыбританияда Германиядағы секілді сертификаттау өндірістің көптеген
саласын және тауар түрлерін қамти бастады. Бұл жерде бірнеше ұлттық
сертификаттау жүйелері жұмыс жасайды, соның ішінде ең үлкені Британдық
стандарттар институты. 1901 жылы инженер-механиктер, кеме жасаушы
инженерлер, инженер-электриктер мен инженер- металлургтер қоғамдарының
бастауымен Британдық стандарттар институты (BSI) құрылды. Британдық
стандарттар сәйкестік белгісі «қағаз жылан» деп аталады (6 - сурет) және
тіркелген тауар белгісі болып саналады. Ұлыбританияда сертификаттау көбіне
ерікті, тек стандарттарды қолдану міндетті деген салаларда ғана міндетті болып
келеді.
Бақылау сұрақтары
1. Техникалық реттеу саласының мемлекеттік жүйесінің құрылымы.
2. Стандарттау, техникалық реттеу, аккредиттеу және сәйкестікті
растау саласындағы өкілетті органдардың құзыреттілігі.
3. Сертификаттау түрлері, ҚР, РСТ стандарттарына сәйкестік белгісі
және айырмашылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |