Оқушы Д.:
«Драматургия жанрының бас қазығы, театр тарихының түңғышы - «Еңлік - Кебекті» көрмеген, сұм заманның құрбандығы болған қыршын жастарға жаны ашымаған, туған жерге, елге, ана тілге деген сүйіспеншілігі артпаған
бұл күнде бірде-бір адам жоқ десек, артық айтылғандық болмайды. Өскелең өмірімізбен, гүлденген мәдениетімізбен бірге, өзгере, өңделе отыра, өмір сүрген «Еңлік - Кебек» пьесасы - қалың бұқараның сүйіктісі болған нағыз ұлттық
туынды».
«Ол ғажап аудармашы еді. Шекспирдің Мұқаң аудар-
ған «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын», Гогольдің «Ревизо-
ры», Треневтің « Любовь Яроваясын» қай қазақ көріп, қызығып,
әсер, тамаша ләззат алмады?!».
М.Қаратаев. «Көркем сөздің асқан шебері». («Қазақ әдебиеті», 1961 ж. 30 маусым).
Оқушы Ж.:
1. «Қарагөз» трагедиясы - шын мағынасындағы
классикалық туынды».
2. «Жазушы шеберлігінің кереметі сонда, осындай бір-біріне елжіреп тұрған шынайы махаббатты Сырым мен Қарагөздің бойынан ғана емес, сол Қарагөз Айымға жан-
тәнімен ынтыққан Нарша жүрегінен де табамыз ғой.
...Сезімнің байлығы, ниетінің тазалығы, махаббатының тұрақтылығы Наршаны лирикалық кейіпкерлер ішіндегі ең бір көрнектілерінің қатарына қосуында күмән жоқ».
Оқушы хабарламасынан кейін жазушының драмалық шығармалары, аударма саласындағы, қазақ театры мен мәдениетін өркендетудегі еңбегі туралы түсінік береді. М.Әуезовтің драмалық шығармаларының тізімі көрсетілген және олар туралы пікірлер мен ойлар, толғаныстар жазылған кесте-плакаттарды, фотомонтаждарды пайдаланды.
Әуезовтің ұлы тұлғасын, түпсіз терең талантын, сәулетті де жалынды, шешен, ойлы да отты тілін драмалық шығармалары арқылы да танытуға талаптандық.
Жазушы шығармашылығының бет ашары - «Еңлік -Кебек» трагедиясын талдамас бұрын, үнтаспадан А.Әуезов-тің «Бала Мұхтар» кітапшасы бойынша осы пьесаны автордың қалай жазып, оны алғаш рет қойғаны туралы әңгімесін тыңдадық. Ары қарай, жеке тапсырма негізінде трагедия мазмұнын аша түсу үшін, қысқаша ғана түжырымды етіп жазып келген аннотациялар оқыттық. Төменде бір оқушының аннотациясын беріп отырмыз. (Оқушы аннотациясы оқылып жатқанда, эпидиоскоппен көрнекі мысалдар көрсетіліп жатты.)
Акт, суреттер, көріністер
|
Мазмұны
|
I акт
II акт
III акт
III акт
III акт
IV сурет
IV акт
V сурет
|
Абызға Есен мен Кебектің келуі.
Кебекке бата беру. Жапал мен Еңлік. Есенді күлкі ету. Еңліктің Кебекке кездесуі. Махаббат.
Есен мен Кебектің қақтығысы.
Еңліктің Кебекке қашып кетуі.
Билер тартысы. Өлім жазасына кесу.
Есенді Кебектің өлтіруі.
Еңлік-Кебектің қайғылы қазасы.
Жапал мен Абыз және нәресте.
|
Трагедияның жазылу тарихы, ол туралы пікірлер, бағаларға тоқтала отырып, жалпы драматургия жанры, соның ішінде трагедия табиғаты туралы бұрынғы білімдерін толықтырдық.
- Енді трагедияның ең езекті мәселесі - феодалдық тағылық пен адал, таза махаббат арасындағы тартыс екеніне тоқталдық. Трагедияда ең алдымен екі жастың сүттей ақ махаббаты көрінуін, оның ары қарай өрістеуін әңгіме еттік. Адамгершілік, адамның жеке бас бостандығы, ел бірлігі, әйел теңсіздігі, ана мен бала құқықсыздығы, феодалдық қоғам бейнесінің трагедияда реалистік жолмен көркем де шынайы көрсетілетініне тоқталдық. Трагедиядағы кейіпкерлер,соның ішінде, Еңлік, Кебек, халық өкілі - Абыз, халық ұлы -Жапал бейнелерін талдай отырып, трагедияның жай баяндау, диалогтер емес, талас-тартыс, шиеленіске құрылғанына оқушылар назарын аудардық. Осы мәселелерді түсіндіру барысында:
II актідегі Еңліктің ел-жерімен қоштасуы.
III актідегі билер тартысын, Есен мен Кебек арасындағы (IV акт) диалогтерде үзіндіні рөлге бөліп, мәнерлеп оқыттық (үйірме мүшелерінің кемегімен). IV актідегі Кебектің: «Ей,
сотқар би...», деп басталатын сөзі мен Еңліктің Кебекпен қоштасар жеріне дейінгі көріністен оқушылар инсценировкасын көрдік. Жапал мен Абыздың диалогін (IV актінің соңы) күйтабақтан тыңдадық.
Трагедияның поэтикалық тіл көркемдігін, автордың идеялық-эстетикалық шешімін талқылау барысында III актідегі билер тартысынан үзінді тыңдадық. (күйтабақтан). Алдын ала таратылып берілген үлестірме тапсырмаларды пайдаландыра отырып (шешендік сөздер, өткір, толгау мәніндегі тақпақтар айтылатын сөз тіркестері, мақал-мөтел-дер, нақыл сөздер жазылган), жазушының трагедиядағы көркем тіліне, халықтың ең бай тілінің кеңінен және өте орынды пайдаланғанына талдау жүргіздік.
Төменде үлестірме тапсырмалардың бір үлгісін беріп отырмыз:
М.О.Әуезов «Еңлік-Кебек»
III акт
|
Еспембет: «Айрандай аптап, күбідей пісіп жүргенде, әй дер ажа, қой дер қожа болған жоқ... » Ағайын ұзында өшті, қысқада кетті емессің...
|
Билер тартысы
|
Көбей: ... «Кеден кеден болды, кедергі неден болды деп отырсың. Саптаяққа ас құйып, сабына қарауыл қарауыл қарайтын болсаң, мен билік айтпаймын.»
|
Сыныптағы бұрыннан бөлінген топтарға трагедияның III актісі бойынша жеке тапсырмалар бердік.
Достарыңызбен бөлісу: |