АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет62/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95

КӨРНЕКІ МЫСАЛДАР

МАЗМҰНЫ




Параграф

Ішкі нысанда туындайтын материалдық емес активтерді мойындау мен бағалау ……………………………………………………………..

IE1–IE5

Осы Стандарттың 63-параграфын қолдану мысалы ..................

IE1–IE4

Осы Стандарттың 55–65 - параграфтарын қолдану мысалы ......

IE5

Материалдық емес активтердің жарамды күші .................................

IE6–IE21

Шектеулі жарамды күші бар иемденілген патент ......................

IE8–IE9

Шектеулі әрекет ету күші бар иемденілген патент .....................

IE10–IE11

50 жылдық қалдық заңды күші иемденілген зияткерлік құқық ..

IE12–IE13

Бес жылда аяқталатын иемденілген болжамдық лицензия—А бөлімі ................................................................................................

IE14–IE15

Бес жылда аяқталатын иемденілген болжамдық лицензия —B бөлімі ................................................................................................

IE16–IE17

Үш жылда аяқталатын екі қала арасындағы қоғамдық өту жолын реттеуге арналған иемденілген құқық ..............................

IE18–IE19

Меншік иелерінің иемденген тізімі ...............................................

IE20–IE21

Қолдану нұсқасын көрсететін мысалдар ..............................................

IE22


Көрнекі мысалдар
Бұл мысалдар 31 ҚСҚЕХС байланысты болғанымен, оның бір бөлігі болып табылмайды.
Ішкі нысанда туындайтын материалдық емес активті мойындау және бағалау
Осы Стандарттың 63-параграфын қолданатын мысал
IE1. Субъект ұлғайған қызмет көрсетуді жеткізуде нәтиже табатын сот істерін тиімді түрде тіркеуге арналған жаңа жүйені жетілдірді. 20X8 ж. 31 наурызына аяқталған қаржылық жыл ішінде жүйенің жеетілдірілуінен туындаған шығын 1,000ШБ1 құрады, оның 900ШБ 20X8 ж. 1 наурызына дейін туындаған, және 100ШБ 20X8 ж. 1 наурызы мен 20X8 ж. 31 наурызы аралығында туындаған. Субъект осыны 20X8ж. 1 наурызында көрсете алады, жаңадан жетілдірілген жүйе материалды емес актив ретінде танылу белгісіне ие болды. Жүйенің қайтарымды қызмет көрсету құны (қолдануға жарамды кезден бұрын жүйені толықтыруға арналған ақша ағындарын қоса алғанда) 500ШБ көлемінде болжанады.
IE2. Қаржылық жылдың соңында, жетілдірілген жүйе материалды емес актив ретінде 100ШБ құрады (мойындау белгісі орын алғандағы мыс. 20X8 ж. 1 наурызынан бастап туындаған шығын). Шығын ретінде танылады, себебі 20X8 ж. 1 наурызынан дейін мойындау белгісі орын алмағанықтан, 900ШБ көлемінде шығын ретінде танылды. Осы шығын қаржылық бағыт есептеуінде танылған жүйе құнының бір бөлігін құрамайды. IE3. 20X9 ж. 31 наурызында аяқталатын қаржылық жыл ішінде туындайтын шығын 2,000ШБ құрайды. Осы қаржылық жылдың аяғында, жүйенің қайтарымды қызмет көрсету құны (қолдануға жарамды кезден бұрын жүйені толықтыруға арналған ақша ағындарын қоса алғанда) 1,900ШБ көлемінде болжанады.
IE4. 20X9 ж. 31 наурызындағыдай, жетілдірілген жүйенің құны 2,100ШБ құрайды (20X8 ж. соңында танылған 100 ш.б. шығынға 20X9 қаржылық жыл ішінде танылған 2,000ШБ қосылады). Субъект құнсыздану залалына дейін орын алған (2,100ШБ) оның қайтарымды қызмет көрсету құнына (2,100ШБ) жетілдірілген жүйенің теңгерімдік құнын реттеу үшін, 200ШБ құнсызданған залалды таниды. Осы құнсыздану залалы егер 21 ҚСҚЕХС-ында құнсыздану залалының бас тартылуына арналған талаптар орын алған жағдайда, кейінгі кезеңде бас тартыла алады.
Осы Стандарттың 55–65- параграфтарын қолданатын мысал
IE5. Субъект өзінің ішкі қолданылуы мен үшінші тарапқа сатылуға қойылған статистикалық есеп беруді туындататын жүйені жетілдіруде. Жүйе техникалық түрде жүзеге асырыла алады, субъект есеп берудің осындай түріне арналған және үшінші тараптардың өнім үшін төлеуге ынталанатын сұраныстың бар екендігінен хабардар, оның үстіне осы Стандарт бойынша туындайды, болжамды болашақ экономикалық пайдалар ақшалай құн бойынша «Шағын бірлік» (ШБ) деп аталған. Осы жүйенің жетілдірілуіне қатысты шығын сенімді түрде айқындала және бағалана алады.
Материалдық емес активтердің әрекет ету күшін бағалау
IE6. Келесі нұсқау осы Стандартқа сәйкес материалдық активтердің жарамды күшін анықтайтын мысалдарды қамтамасыз етеді.
IE7. Төмендегі мысалдардың әрбірі иемденілген активті, оның жарамды күшінің анықтамасын қоршайтын дәйектер мен жағдаяттар және сол анықтауға негізделген кейінгі есептілікті суреттейді.
Шектеулі жарамды күші бар иемденілген патент
IE8. A Субъектісі вакцина үшін арналған формула бойынша патент иемденді, В Ұйымынан А Субъектісінің өз құрамдас бөлімдеріне вакциналауларды қамтамасыз ету қабілетін қорғайды. Патентпен қорғалған вакцина кем дегенде 15 жыл бойы тұрақты қызмет көрсетудің қайнар көзі болуы күтіледі. А Субъектісі С Субъектісінен бес жыл ішінде сол патенттің иемденілген күнгі әділ құнының 60 пайызын сатып алу міндеттемесіне ие, және А Субъектісі патентті бес жыл ішінде сатуға талаптанады.
IE9. Патент өзінің бес жылдық жарамды күші бойы А Субъектісіне патенттің иемденілген күнгі әділ құнының 60 пайызына тең қалдықтық құны бойынша амортизацияланатын болды. Патент 21 ҚСҚЕХС сәйкес, құнсыздануы бойынша патент қарастылатын болады.
Белгісіз жарамды күші бар иемденілген патент
IE10. А Субъектісі актив, вакцина формуласына арналған патент иемденеді. В Субъектісінен А Субъектісінің өз құрамдас бөлімдеріне вакциналауларды қамтамасыз ету қабілетін қорғайды. Формуланың әрбір 10 жыл сайын өз тиімділігін қолдау мақсатында сәл жаңартылу қажеттілігі күтіледі. Патенттің жүзеге асырылып отырған жаңартылуын қолдау үшін арналған айқындылық бар. A Субъектісі В Субъектісімен жасасқан келісімшарт В Субъектісіне формуланың әсерлілігін ұдайы түрде қолдау талабы қойылды, және оның олай жасауын айқындылық та қолдайды. Патентті жаңалау құны мен формуланың әсерлілігін қолдау аз болып табылады және В Субъектісіне ұлғайтулар жасалғанда ғана төленіледі.
IE11. Фирманың жарамдылық шегі бойынша зерттеулер, және демографиялық және қоршаған ортаға қатысты бағыттар А Субъектісіне белгісіз кезеңіне арналған вакциналау бағдарламасын жеткізуге икемдейтін қызмет көрсету тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тиісінше, патент шексіз жарамды күшке ие болғандай қатыстылыққа ие болады. Оның үстіне, патенттің жарамды күші шектеулі болып анықталғанша, патент амортизацияланбайтын болады. Патент 21 ҚСҚЕХС сәйкес құнсыздану бойынша сыналады.
50 Жылдық қалдық заңды әрекет ету күші бар иемденілген зияткерлік құқық
IE12. A Субъектісі В Субъектісінен өз таңдауға арналған қайтарым құны негізінде зияткерлік құқығы бар материалды туындату мен сатуға ынталандыратын зияткерлік құқықты иемдетеді. Субъект таңдауының әдетін және өзге бағыттарын талдау зияткерлік құқықпен қорғалған материалдың тек 30 жылға арналған таза ақша ағындарын туындатуы мүмкідігін қамтамасыз етеді.
IE13. Зияткерлік құқық өзінің бекітілген 30 жылдық жарамды күші бойынша амортизацияланатын болады. Сонымен қатар, 21 ҚСҚЕХС сәйкес, зияткерлік құқық бойынша құнсыздану қайта көрсетіледі.
Бес жылда аяқталатын иемделген болжамды лицензия—A бөлімі
IE14. A Субъектісі А Субъектісінен болжамды лицензияны иемденеді. A Субъектісі қауымдастық ішінде тегін болжамды қызмет көрсетулерді қамтамасыз етуге талаптанады. Егер А Субъектісі қолданушыларға қызмет көрсетудің кем дегенде орташа деңгейін қамтамасыз етсе және тиісті заңнама талаптарын орындаса, болжамды лицензия әрбір он жыл сайын жаңартылып отырады. Лицензия иемделмес бұрын аз уақытта екі мәрте жаңартылған болатын және аз құнда белгісіз түрде жаңартыла алады. A Субъектісі лицензияны белгісіз түрде жаңартқысы келеді және айқындылық оның солай етуін қолдайды. Тарих бойынша, лицензияның жаңартылуына ешқандай тойтарыс берілмес тосқауыл болған емес. Болжам барысында қолданылған технология көзделген болашақтағы кез келген уапқытта өзге технологиямен ауыстырылуы күтілмейді. Оның үстіне, лицензияның А Субъектісінің белгісіз нысандағы тегін болжамдық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету қабілеттілігін дамытуы күтіледі.
IE15. B Субъектісі материалды емес актив сынды болжамды лицензияны қолдау өкілеттігін танымайды. Болжамдық лицензия А Субъектісімен белгісіз жарамды күшіне ие болғандай қатыста болады, себебі ол белгісіз нысандағы тегін болжамдық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету қабілеттілігін дамытуы күтеді. Оның үстіне, лицензия оның жарамды күші шексіз болып анықталмайынша, амортизацияланбайды. Лицензия 21 ҚСҚЕХС сәйкес құнсыздану бойынша сыналады.
Бес жылда аяқталатын иемделген болжамды лицензия—В бөлімі
IE16. Лицензиялау өкілеттігі кейін болжамдық лицензияларды ендігі жолы жаңартпайтындығы туралы шешім қабылдайды, бірақ оның орнына лицензияны аукционға қояды. Лицензиялау өкілеттігінің шешімі қабылданған сәтте, А Субъектісінің болжамдық лицензиясы тоқтауға дейін үш жылы қалған болады. A Субъектісі лицензия тоқтағанға дейін, оның тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жалғастыруын күтеді.
IE17. Болжамдық лицензия ендігіәрі жаңартылмайтын болғандықтан, оның жарамды күші енді белгісіз болмайды. Сол себепті, иемденілген лицензия А Субъектісімен құнсыздануы бойынша 21 ҚСҚЕХС сәйкес үш жылдық жарамды күші ішінде амортизацияланатын болады.

PUBLIC SECTOR



Үш жылда аяқталатын екі қала арасындағы қоғамдық өту жолын реттейтін иемденілген құқық
IE18. A Субъектісі B Субъектісінен кіріс туындататын екі қала арасындағы қоғамдық өту жолын реттейтін құқықты иемденеді. Өту жолы әрбір бес жыл сайын жаңартыла алады, және А Субъектісі жаңартуға байланысты қолданылатын ережелер мен реттеулерін орындауы тиіс. Өту жолының жаңартылулары жол бойынша минималды құнда және тарихқа сәйкес жаңартылған болатын, және жолға байланысты құқықтарды иемденетін субъект қолданыстағы ережелер мен реттеулерді орындап келді. A Субъектісі жол бойынша белгісіз негізде өту қызмет көрсетулерін қамтамасыз етуді күтеді. Сұраныс пен ақша ағындарының сол талдауы сол алынған міндеттемелерді қолдайды.
IE19. А Субъектісіне белгісіз бір кезең үшін ақша ағындарын қамтамасыз ететін қоғамдық сектор өту жолын дәйектер мен жағдаяттар қолдау көрсететін болғандықтан, өту жолына қатысты материалды емес актив белгісіз әрекет ету күші бардай қатыста болады. Оның үстіне, материалды емес актив оның жарамды күші шектеулі болып анықталмайынша, амортизацияланбайды. Ол жыл сайын құнсыздану туралы көрсеткіш орын алған жағдайда, 26 ҚСҚЕХС сәйкес құнсыздану бойынша сынаққа алынып отырады.
Меншік иелерінің иемденілген тізімі
IE20. Жергілікті билік органы (A Субъектісі) меншік істерін тіркеп отыратын өзге қоғамдық сектордан (В Субъектісінен) B Субъектісі мемлекеттің басқа деңгейінде болып табылады, және А Субъектісінің есеп беретін ұйымының бір бөлімі болып табылмайды. A Субъект тізімді2 қолдану арқылы салықтық кірістерді туындатуға талаптанады және А Субъектісі өзінің иемденген 2-тізімінен игерілген ақпараттан кем дегенде бір жыл бойы, бірақ үш жылдан асып түспейтін мерзімде пайда алатынын күтеді.
IE21. Меншік иелерінің тізімі А Субъектісінің оның жарамды күшін бекіткеніне байланысты амортизацияланантын болады, айталық 18 айда. B Субъектісі болашақта тізімге меншік иелерінінң аттары мен өзге ақпаратты қосуға ынталануы мүмкін болғанымен, А Субъектісіне иемденілген тізім бойынша күтілген пайда көздері А Субъектісінің тізімді иемденген күнгі тізімде қамтылған меншік иелеріне ғана қатысты болады. Меншік иелерінің тізімі де жыл сайын құнсыздану туралы көрсеткіш орын алған сәтте, 21 ҚСҚЕХС сәйкес құнсыздануы бойынша жаңартыла алады. Жергілікті билік органы болашақта мәліметтер базасына меншік иелерінің есімдері мен өзге ақпаратты енгізуге ынталанғанымен, иемденілген мәліметтер базасынан күтілген пайда көздері тек сол мәліметтер базасы иемденілген күнгі тізімде қамтылған меншік иелеріне қатысты болады. Кейінгі енгізілетін қосымшалар осы Стандартқа сәйкес есеп беретін, ішкі нысанда жетілдірілген материалды емес активтер ретінде қарастырылады.
Қолдану нұсқауын көрсететін мысалдар
IE22. Кестенің мақсаты AG2–AG3 –параграфтарын анықталған әрбір кезең ішінде орын алатын шығын бойынша мысалдарды және AG4–AG11– параграфтарындағы қолдану мағынасын айқындау барысын мазмұндайды. Ол орын алуы болжанған шығынның толыққанды тізімі болып табылмайды.


ШЫҒЫННЫҢ БОЛМЫСЫ/ТАБИҒАТЫ

ЕСЕПТЕУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Жоспарлау

  • Жүзеге асыру зерттеулерін қолдану;

  • Техникалық қаматамасыз ету мен бағдарламалық қамтамасыз ету үрдістерін анықтау;

  • Балама өнімдер мен жеткізушілерді бағалау; және

  • Артықшылықтарды таңдау.

Осы Стандарттың 52-параграфтарына сәйкес орын алған жағдайда, шығынды мойындау.

Қабылдау және Инфрақұрылымдық жетілдіру

  • Техникалық қаматамасыз етуді сатып алу немесе жетілдру.

  • Доминдік атау иемдену;

  • Қызмет етуші бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту (мыс., оперативті жүйе немесе серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету );

  • Қабылдауға арналған кодты жетілдіру;

  • Вебті сервер негізіндегі дамытылған қабылдауларды бекіту; және

  • Қысым сынағы.

(ҚСҚЕХС) 17 ҚЕХС талаптарын

қабылдау.



Осы Стандарттың 28 және 553-параграфтарындағы мойындау белгілеріне вебсайт тап болған сәтте және менеджментпен ынталандырылған тәсіл арқылы вебсайтпен қызмет көрсетуді әзірлеу барысында шығын тікелей сипатқа ие болғанды қоспағанда, орын алған сәтте шығынды мойындау.

Графиктік жоспарды дамыту

  • Веб парақтарының көрінісін жоспарлау (мыс.,орналасуы мен түсі).

Осы Стандарттың 28 және 554-параграфтарындағы мойындау белгілеріне вебсайт тап болған сәтте және менеджментпен ынталандырылған тәсіл арқылы вебсайтпен қызмет көрсетуді әзірлеу барысында шығын тікелей сипатқа ие болғанды қоспағанда, орын алған сәтте шығынды мойындау.

Мазмұнын дамыту

  • Шығармашылық, сатып алу, әзірлеу(мыс., байланыс шығармашылығы және ярлык бекітуі), сонымен қатар, қайта жүктеу.

Осы Стандарттың 67(c) –параграфына сәйкес орын алған шығынды кеңістігі мен мазмұны бойынша мойындау Дара түрде немесе басты нысанда сапасын көтеру, жарнамалау, немесе ұйымның өнімдері мен қызмет көрсетулеріне қатысты қоғамға ақпарат тарату бойынша вебсайтты дамыту негізіндегі барлық шығындар шығын ретінде танылады.

ШЫҒЫННЫҢ БОЛМЫСЫ/ТАБИҒАТЫ

ЕСЕПТЕУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Вебсайт дамытылуы тамамдалғанға дейінгі ақпарат табиғаты бойынша, әрі мәтінге қатысты, әрі графиктік болып табылады. Мазмұны бойынша мысалдар субъект, қызмет көрсетулер немесе өнім мен активке қатысты тақырыптар туралы ақпаратты қамтиды. Ақпарат субъектінің қызмет көрсетулері мен өнімдерін (мыс. өнімдердің цифрлік суреттері) жарнамалау мен насихаттау мақсатында дамытылады.

Осы Стандарттың 28 және 555-параграфтарындағы мойындау белгілеріне вебсайт тап болған сәтте және менеджментпен ынталандырылған тәсіл арқылы вебсайтпен қызмет көрсетуді әзірлеу барысында шығын тікелей сипатқа ие болғанды қоспағанда, орын алған сәтте шығынды мойындау.

Қызмет етуші режим

  • Графиктерді жетілдіру мен қайталау мазмұны;

  • Жаңа функциялар, ерекшеліктер және мазмұн қосу;

  • Вебсайтты іздеу тетіктерімен бірге тіркеу;

  • Ақпаратты көшіру;

  • Қауіпсіздік бағалауын қарастыру;

  • және

  • Вебсайттың қолданылуын талдау

Материалды емес Активтің анықтамасына сай екендігін бағалау және осы Стандарттың 28-параграфында аталып өтілген шығын вебсайт активінің теңгерімдік құнында танылған жағдайда, белгіні мойындау.

Өзге

  • Сату, әкімшілік, және менеджментпен ынталандырылған тәсіл арқылы қызмет етуге қолданылатын вебсайтты әзірлеуге тікелей қатысты болмаған кездегі өзге жалпы жоғары шығын;

  • Вебсайттың жоспарланған көрмесіне дейін орын алған бастапқы қызмет ету таза айқындалған шығындары мен тиімсіздіктері (мыс.қате бастау сынағы); және

  • Вебсайтты бақылайтын жаттықтырушы қызметкерлер.

Осы Стандарттың 63–69 –параграфтарына сәйкес орын алған шығынды мойындау.



38 ҚЕХС салыстыру
31 ҚСҚЕХС бойынша Материалдық емес активтер негізінен 38 ҚЕХС Материалдық емес активтерден (2008 ж. 31 желтоқсанындағы сияқты) алынған. 31 ҚСҚЕХС мен 38 ҚЕХС арасындағы басты айырмашылықтар келесідей болып табылады:


  • 31 ҚСҚЕХС бойынша, заңнама, конституция не оған теңестірілген өзге тәсілдер арқылы өкілеттіктер мен құқықтарға жол бермеу шегін қосады.




  • 31 ҚСҚЕХС Материалды емес Активтер—Вебсайт Құндары бойынша Тұрақты Аударма Комитетінің 32 –Аудармасында қамтылған нұсқауды орналастырады. Тиісті есептілік қағидаттарын суреттеуші Қабылдау Нұсқауының Құндары.




  • 31 ҚСҚЕХС материалды емес мұрагерлік активтерінің танылуын талап етпейді, не тиым салмайды. Материалды емес мұрагерлік активтерді танитын субъектісінен танылып келген сол материалды емес мұрагерлік активтерге қатысты осы Стандарттың талаптарын жариялауын орындауы талап етілмегенімен, сондай мүмкіндікке ие болып табылады. 38 ҚЕХС осыған ұқсас нұсқауға ие емес.




  • 38 ҚЕХС бизнес комбинациясы бойынша алынатын материалды емес активтер мен еріктілік негізінде талаптар мен нұсқауды қамтиды. 31 ҚСҚЕХС осы нұсқауға ие емес.




  • 38 ҚЕХС мемлекеттік қолдау жолымен алынатын материалды емес активтер негізінде нұсқауды қамтиды. 31 ҚСҚЕХС-ының 50–51–параграфтары осы нұсқауды айырбасталмайтын мәмілелер арқылы алынған материалды емес активтерге қатысты жаңартады.




  • 31 ҚСҚЕХС материалды емес активтер айырбасталмайтын мәмілелер арқылы алынған кезде құн оның алынған күнгң әділ құны болып табылады.




  • ҚЕХС 38 айырбасталатын мәмілелер коммерциялық сипатқа ие болмаған кезде, активтердің айырбасталуы негізіне нұсқауды қамтамасыз етеді. ҚСҚЕХС 31 осы нұсқауға ие емес.




  • ҚЕХС 38 қамтылған мысалдар жақсырақ сілтеме жасайтын қоғамдық сектор жағдаяттары бойынша жаңартылды.




  • ҚСҚЕХС 31 белгілі жағдайларда, ҚЕХС 38 алынатын әртүрлі терминологияларды қолданады. Аса маңызды мысалдар болып ҚСҚЕХС 31 «Кіріс», «Қаржылық орындауды есептеу», «Пайда не шығын», «Болашақ экономикалық пайдалар немесе тұрақты қызмет көрсету», «Жинақтық пайдалар мен шығындар», «Оперативтік/операция», «Байластыру жоспарларынан туындайтын құқықтар (келісімшарттық және өзге заңнамалық құқықтарды қоса алғанда» және «Таза активтер/акциялар», ҚЕХС 38 эквивалентті терминдер «Кіріс», «Толыққанды кірісті есептеу», «Пайда не залал», «Болашақ экономикалық пайдалар», «Ұсталынған жалақылар», «Бизнес», «Келісімшарттық және өзге заңнамалық құқықтар», және «Акция» терминдерін қолдану табылады.



ҚЫЗМЕТТІ ҰСЫНУҒА КОНЦЕССИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ: КОНЦЕДЕНТ – 32 ҚСҚЕХС
Баспагерлерден
Осы Қоғам секторы үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚСҚЕХС) концедентке қойылатын бухгалтерлік талаптарды бекітеді. Ол қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының түсіндіру Комитеті әзірлеген және қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының Кеңесі (ҚЕХСК) жариялаған Түсіндірме 12 (ҚЕХСТК) «Қызмет көрсетуге концессиялық келісім» негізінде әзірленген. 12 ҚЕХСТК қызмет көрсетуге концессиялық келісім бойынша операторға қойылатын бухгалтерлік талаптарды бекітеді. Осы ҚСҚЕХС сондай ақ, түсіндіру бойынша тұрақты Комитет әзірлеген және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (ХБФ) қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының Кеңесі (ҚЕХСК) қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттары бойынша Комитет қорының (ҚСҚЕХСКҚ) рұқсатымен жариялаған Түсіндірме 29 (ТТК-29) «Ақпаратты ашып көрсету- қызмет көрсетуге концессиялық келісім» үзінділерінен тұрады.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) бекітілген мәтіні ҚЕХСК ағылшын тілінде жариялаған стандарты болып табылады, ал көшірмелерін ҚЕХСК жарияланымдар департаментінен келесі мекенжайға хабарласып, тікелей алуға болады: First Floor, 30 Cannon Street, London EC4M 6XH, United Kingdom.
E-mail: publications@ifrs.org
Internet: http://www. ifrs.org
ҚЕХСКҚ ҚЕХС, ХЕС, стандарт жобаларының және басқа да ҚЕСХК басылымдарының авторлық құқығына ие.
IFRS», «IAS», «IASB», «IFRS Foundation», «International Accounting Standards» және «International Financial Reporting Standards» ҚЕХСКҚ сауда маркасы болып табылады және ҚЕХСКҚ мақұлдауынсыз қолдануға болмайды.



ҚЫЗМЕТТІ ҰСЫНУҒА КОНЦЕССИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ: КОНЦЕДЕНТ – 32 ҚСҚЕХС
ҚСҚЕХС тарихы
Бұл нұсқа ҚСҚЕХС 2013 жылдғы 15 қаңтарындағы жағдайында енгізілген өзгерістерді қамтиды.
«Қызметті ұсынуға концессиялық келісім:концедент» 32 ҚСҚЕХС 2011 жылғы қараша айында жарияланған.




2011 жылғы қазан

ҚЫЗМЕТТІ ҰСЫНУҒА КОНЦЕССИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ: КОНЦЕДЕНТ – 32 ҚСҚЕХС

МАЗМҰНЫ




Параграф

Мақсаты ....................................................................................................

1

Қолдану аясы …………………………………..……………………….

2–7

Анықтамалар ............................................................................................

8

Қызмет көрсету келісімінің пәні болып табылатын активті мойындау және бағалау ......................................................................

9–13

Міндеттемелерді мойындау және бағалау .......……………………….

9–13

Қаржылық міндеттеменің моделі ........…………………………...

14–28

Операторға құқық беру моделі …....……………………………..

18–23

Келісімді бөлу ………….…………………………………………..

24–26

Басқа міндеттемелер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер .

27–28

Басқа кірістер …………………………………………………………...

29

Ақпартты ұсыну және ашып көрсету ..……………………..…………

30

Жаңа есеп тәртібіне көшу ……………………………………………...

31–33

Өтпелі ережелер ………………………………………………………..

34–35

Күшіне ену күні ………………………………………………………...

36–37

А қосымшасы: Колдану бойынша Нұсқау

B қосымшасы: ҚСҚЕХС басқа өзгерістер

Қорытынды жасауға негіз

Енгізу бойынша нұсқау

Көрнекі мысалдар







«Қызметті ұсынуға концессиялық келісім: концедент» Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 1-37 параграфтарда баяндалған. Барлық парграфтар тең күшке ие. 32 ҚСҚЕХС өзінің мақсаты, қорытынды жасау негізі және «Қоғам секторы үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына» алғы сөз мәнмәтінінде оқылуы тиіс. Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер 3 ҚСҚЕХС нақты нұсқаулықтар болмағанда бухгалтерлік есеп саясатын қолдану және таңдау негізін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет