Араб елдерінің қазіргі кезеңіндегі идеологиясы мен қоғамындағы жаңа үрдістері Орындаған: Жақан Ф



бет1/5
Дата20.05.2022
өлшемі73.39 Kb.
#458264
  1   2   3   4   5
шығыс түрк 9


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ
Араб елдерінің қазіргі кезеңіндегі идеологиясы мен
қоғамындағы жаңа үрдістері

Орындаған: Жақан Ф.
Қабылдаған: Конырова А.

Жоспар:


Кіріспе
Негізгі бөлім 

1. Қазіргі кезеңдегі араб идеологиясы


2. Араб қоғамындағы жаңа үрдістер
3. Араб қоғамы
Қорытынды
Пайданаылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Таяу Шығыс әлемнің ең мазасыз аймағына, дәлірек айтқанда, Араб әлемі көпжақты шиеленістер мен экстремистік белсенділіктің негізгі ошағына айналып отырғаны белгілі. Мұсылман әлемінің белгілі бөлігін тұрақсыздық жайлап, дін атаулыға мүлдем жат зорлық-зомбылық, терроризм, қантөгіс, әлеуметтік әділетсіздік сияқты жағымсыз жайттар белең алды. Бұдан да зоры, дініміздің атын жамылып, мұсылман халықтардың сан ғасырлық дәстүрлі ислами мәдениетіне жат, әртүрлі астыртын мақсаттарға қызмет ететін трансұлттық экстремистік ағымдар күшейіп, шартарапқа таралып, ықпалды күштерге айналды. Осы орайда мұсылман әлемінде, әсіресе араб елдерінде дәстүрлі емес, деструктивті ағымдар қалып­тасуы­ның тарихи және әлеуметтік-психо­логиялық негіздерін, идеологиялық сипатын анықтап, аталған мәсе­ле­лердің шешімінде мемлекетпен бірге қоғамның әлеуетті рөлі туралы ойлану қажет.
Араб елдерінде экстремизмнің таралуы аймақтың соңғы бір жарым ғасыр­лық тарихымен, Еуропаның саяси ықпалымен, тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы кезеңімен, әсіресе, 1950-1980-жылдардағы тұрақсыздық фак­тор­ларымен (Палестина қақты­ғысы, «Қырғи қабақ» соғыс) байла­нысты болды. Османлы империя­сы ыдырағаннан бері араб мемле­кет­тілігінің концептуалды мәселелері аймақтың күн тәртібінен түскен емес. Тәуелсіздік алған араб елдері қоғамында сыртқы күштер мен отаршылдыққа қарсы төңкерісшіл идеялар, әсіресе пан-араб ұлтшылдығы күшейді. Отаршылдыққа реакция ретінде исламшылдық та дами берді. Таяу Шығыста қалыптасқан геосая­си ахуалға байланысты араб-мұсыл­ман мемлекеттерінде әскери элита­лардың рөлі артып, социализмнен кейін исламизм сияқты трансұлттық идеологиялардың таралуына қо­лай­лы жағдай қалыптасты. Араб-израиль соғыстары нәтижесінде араб ұлтшылдығы идеологиясы тығырыққа тіреліп, қоғамның басым бөлігі араб социализмінен көңілі қалып, жылдам түрде қайта исламдана бастады. Халықтың елеулі бөлігінің исламдануымен қатар, исламизм идеялары да кең таралды. Биполярлық тепе-теңдікті сақтау мақсатында социализмнің таралуына тосқауыл болатын қарсы күш ретінде әсіре діншіл, радикалды қозғалыстарға әртүрлі күштер тарапынан арнайы қолдау көрсетілді. Осындай әртүрлі тоталитарлық идео­логиялардың, сондай-ақ, араб ел­деріндегі мемлекет пен қоғам қаты­нас­тарының ықпалымен араб әлемі әркелкіленіп, ыдыраңқы сипат алды (Mehran Kamrava). Кейбір мемлекеттерде әскери диктатура орнап, әсіре діни қозға­лыс­тардың қызметіне қатаң тыйым салынды. Шектен тыс қысым көр­ген діни қозғалыстар жабық жағ­дайда дамып, саяси күн тәртібі жетіл­дірілді, өзара ықпалдасып, біріге бас­тады. Аймақтағы геосаяси және әскери қақтығыстардың әсерімен діни экстремистік қозғалыстардың бір бөлігі радикалданып, жихад идея­сы (радикалды исламизм) төңірегіне топтасты, екінші бөлігі демократия жолымен саясилана (саяси исламизм) бастады. Осы жағдайда аймақта сая­си мақсатты көздейтін «Талибан», «Хамас», «Хезболла» және тағы басқа исламизм идеологиясын ұстанатын қозғалыстар қалыптасты. Бұған қоса, аймақта саяси мақсатқа жетуде радикалды жолды таңдаған терроризм кең таралды. Такфири, харижи, радикалды сәләфи «ілімдерін» ұстанатын исламшыл немесе жихадшыл топтар көбейді. Әртүрлі күштер арасындағы конфессияаралық қақтығыстар себепті аймақтағы елдер жік-жікке бөлініп, қоғамды бе­ре­кесіздік пен тұрақсыздық жайлады. «Әл-Қаида» сияқты қиратқыш әлеуеті шексіз террорлық ұйым­дар­дың сахнаға шығуымен дүниежүзілік терроризмге қарсы күресудің жаңа дәуірі басталды. Терроризм араб әлемімен қатар, Азия және Африканың әртүрлі аймақтарында таралуда. Араб елдерінде саяси исламның даму тарихында бірнеше серпіліс кезеңі болды. Исламшыл қозғалыстар 1980-2005-жылдарда Судан, Газа мен Алжирде, ал соңғы жылдарда Тунис, Ливия, Марокко, Мысыр, Сирия, Йемен, Йорданияда белсенді болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет