Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының


Оқыту, хабардар болу және құзыреттілік



бет5/7
Дата01.07.2016
өлшемі3.7 Mb.
#170035
1   2   3   4   5   6   7

9.2 Оқыту, хабардар болу және құзыреттілік


9.2.1 «КEGOC» АҚ жұмыскерлердің әлеуетті қызметі техникалық оқу, біліктілікті артытру курстарында арнайы оқыту, нұсқаунамалар және т.с.с. жүргізу жолымен сәйкестендірілген айтулы экологиялық ықпалдар туындата алатын тиісті құзыреттілікті (білім, даярлық, тәжірибе) қамтамасыз етеді.

9.2.2 «КEGOC» АҚ-да жұмыскерлерді кәсіби даярлау және кәсіби дамыту жүйесі ендірілген. Адами ресурстарды басқару жөніндегі департамент құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері бойынша СТ КEGOC 00-302-09 стандартына сай жыл сайын жұмыскерлерді оқытуға қажеттіліктерді айқындайды.

9.2.3 Осы Басшылық «КEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне мыналарды ұғынуға мүмкіндік береді:


  • «КEGOC» АҚ-ның экологиялық саясатына, ЭМЖ рәсімдері мен талаптарына сәйкестік маңыздылығы;

  • қоршаған ортаға өз қызметінің айтулы, күшіндегі немесе әлеуетті ықпалдар;

  • экологиялық саясатқа, сондай-ақ ЭМЖ талаптарына, авариялық жағдаяттарға және оларға үн қатуға даярлыққа талаптарды қоса отырып қол жеткізу жөніндегі міндеттер мен жауапкершілік;

  • белгіленген жұмыс рәсімдерінен әлеуетті шегінулер салдарлары.

9.3 Байланыс (хабардар ету)


9.3.1 «КEGOC» АҚ-да әртүрлі деңгйлер мен бөлімшелер арасындағы байланысты қолдау үшін ішкі құжаттар пайдаланылады (бөлімше, Ақпараттық саясат туралы ереженің 6-бөлімі, Н KEGOC 00-501-08, бұйрықтар, хаттамалық шешімдер, өкімдер, қызметтік жазбалар, басшылық тарапынан талдау нәтижелері және т.б.). БМЖ бойынша деректер базасы корпоративтік порталдағы «Құжаттар» бөлімінде орналастырылған (http://sharepoint/ Lists/site_pages/home.aspx)».

9.3.2 Сыртқы мүдделі тараптардан тиянықты хабарларды, оларды құжаттай ресімдеу мен жауапты алу үшін оларға «КEGOC» АҚ-ның экология мәселелеріне қатысты қызметі туралы жұртшылық пікірлерін зерттеу рәсімдері қолданылады.

9.3.3 Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкінің талаптарына сәйкес жобаларды іске асыру шеңберінде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Жазбалар (өкімдер, Қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспары, қатысушылар тізімі, қоғамдық тыңдаулар хаттамалары) СТ КEGOC 00-103-07 стандартына сәйкес жұмыс күйінде қолдау табады.

9.3.4 БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесі (28.12.2007ж. № 5 хаттама) ISO 14001 стандарты мен «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару жөніндегі кодексін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының талаптарын іске асыру шеңберінде ресми www.kegoc.kz веб-сайтында және жарнамалық материалдарда ЭМЖ жөніндегі мынадай ақпаратты жариялау шешімін қабылдады:

- Экологиялық саясат;

- экологиялық менеджмент жөніндегі басшылық;

- «KEGOC» АҚ-ның маңызды экологиялық қырларын сәйкестендіру нәтижелері;

- басшылық тарапынан экологиялық менеджмент жүйелері бойынша талдау нәтижелері.

«KEGOC» АҚ-ның өндірістік-қаржылық қызмет туралы жыл сайынғы есебінде қоршаған ортаға қатысты бөлім мен шеңберінде ЭМЖ саласындағы қызмет нәтижелері баяндалған БМЖ жөніндегі бөлім көрсетілген.

«KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте Ақпараттық саясатты, Е KEGOC 00-312-11 ережесін, СТ KEGOC 00-506-08 стандартын,


Н KEGOC 00-501-08 нұсқаулығын, жыл сайынғы медиялық жоспарды әзірледі, ендірді және жұмыс күйінде қолдайды.

9.4 Құжаттама


9.4.1 «KEGOC» АҚ-ның ЭМЖ шеңберінде ішкі және сыртқы текті құжаттама айқындалған және жұмыс істейді.

9.4.2 Ішкі текті құжаттама мыналарды қамтиды:



  • экологиялық саясатты (2-қосымша);

  • экологиляқ мақсаттар мен міндеттерді, экологиялық бағдарламані;

  • «KEGOC» АҚ-ның негізгі ЭМЖ элементтерін қолдану, өзара ықпалдастығы аясын баяндауды, сондай-ақ сілтемелік құжаттарды мазмұндайтын осы Басшылықты;

  • ұйымдық сипаттағы құжаттаманы (ұйымдық құрылым, штат кестесі, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер және лауазымдық нұсқаулықтар);

  • ішкі нормативтік құжаттарды (стандарттар, қағидалар мен нұсқаулықтар);

  • атқарылған іс-қимылдардың немесе қол жеткізілген нәтижелердің шынайы куәліктерін мазмұндайтын жазбаларды;

- жоспарлауды, атқарымдауды және айтулы экологиялық қырларына қатысы бар процестерді басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет ретінде «KEGOC» АҚ айқындаған жазбаларды қосқандағы құжаттарды (мысалы, өндірістік мониторинг жөніндегі жұмыстарға арналған шарттар, табиғатты пайдалануға рұқсат, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғу министрлігінің табиғатты пайдалануға рұқсатты алуға арналған өтінімдер және т.б.).

9.5 Құжаттаманы басқару

9.5.1 «KEGOC» АҚ-ның ЭМЖ-не қатысты барлық құжаттар СТ KEGOC 00-101-10 және СТ KEGOC 00-102-13-ПР стандарттарына сәйкес басқарылады.

«KEGOC» АҚ-ның ЭМЖ-не қатысты жазбалар СТ KEGOC 00-103-07 стандартына сәйкес басқарылады.

9.6 Операцияларды басқару


9.6.1 «КEGOC» АҚ СТ КEGOC 00-601-11 стандартында сәйкендірілген елеулі экологиялық қырларына байланысты операциялар мен қызмет түрлерін сәйкестендіру тәртібін айқындады.

9.6.2. «КEGOC» АҚ олардың тапсырылған талаптарда орындалуын мына жолдармен кепілдеу үшін ЖЭТ жабдықтарын техникалық қызметтеуді қоса отырып осы қызмет түрлерін жоспарлайды:



  • авариялық оқиғалар кезінде іс-қимылдары жазылған жабдықтарды пайдалану жөніндегі жұмыс нұсқаулықтарын белгілеу және жұмыс күйінде қолдау;

  • оралымды өлшемдерді айқындау (мысалы: мониторингілеу жоспарында мониторингілеуді жүзеге асыру өлшемдерін (параметрлерін) және тәсілін; қоршаған ортаға ықпалды бағалау кезінде – Қазақстан Республикасының Санитарлық нормалары және қағидалары немесе басқа да нормативтік құжаттары бойынша параметрлерді белгілеу)

  • маңызды экологиялық қырларымен байланысты рәсімдерді белгілеу және жұмыс күйінде қолдау;

  • экологиялық ақпаратты тапсыру және «КEGOC» АҚ-ның жеткерушілерін тиісті талаптары туралы таныстыру.

9.6.3 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық қызметі

9.6.3.1 Әуелік электр жеткізу желілері (бұдан әрі – ӘЖ), қосалқы станциялар және ашық тарқатушы құрылғылар (одан әрі – АТҚ) қоршаған ортаның белсенді ластандыру көздері болып табылмайды.

9.6.3.2 ЖЭТ жұмыс істеген кезінде қоршаған ортаның белсенді ластандыру көздері мыналар:


  • өнеркәсіптік жиіліктегі электр магниттік өріс, одан қорғаныш қосалқы станцияларда тексеру жолдарында және жоғары вольттық жабдықтарды тұрақты басқару қалқандарының маңында тұрақты санитарлық-қорғау аймақтарын, тұрақты қорғаныш құрылғыларын құруды, электр жеткізу желілері мен кернеуді түсірмегендегі қосалқы станция жабдықтарында жұмыс істеу үшін жеке-дара қорғаныш костюмдерін пайдалануды қарастырады;

  • тораптарды пайдаланушылық қызметтеу кезінде электр тораптары кәсіпорындарындағы инфрақұрылым бөлімшелерінің шаруашылық қызметі; бұл ретте түзілген шығарылымдар, лақтырымдар қалдықтар (өндірістік және тұрмыстық) қоршаған ортаға эмиссияның: ластаушы заттектердің шекті ұйғарынды шығарылымдарының (бұдан әрі - ШҰШ) және ластаушы заттектердің шекті ұйғарынды лақтырымдарының (одан әрі - ШҰЛ) нормативтер жобасымен реттелімденеді;

  • қосалқы станцияларды жаңғырту және қайта құру кезінде түзілген өндіріс қалдықтары, олар жобаларды іске асыру кезінде Экологиялық басқару жоспарына/Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарына сәйкес кәдеге жаратылады;

  • ҰЭТ салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру барысындағы құрылыс-құрастыру жұмыстары.

9.6.3.3 Әрбір ЖЭТ филиалында уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласында ШҰШ нормативтерінің жобалары әзірленді және келіс ілді, оларда шығарылымдар мен лақтырымдарды техникалық негіздемелі мәндерге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар айқындалды. Іс-қимыл мерзімі аяқталған бетте жаңа ШҰШ нормативтерінің жобалары әзірленуде.

9.6.3.4 Қатты тұрмыстық қалдықтарды қатарлап жинауға арналған шарттарды барлық ЖЭТ филиалдары әкімдіктер иелігіндегі қатты қалдықтарды мамандандырылған көмуші сынақ алаңдарымен жасасты. Қалдықтарды шығару жергілікті жағдайларға байланысты арнаулы автобазалар көлігімен немесе өз көлігімен жүргізіледі.

9.6.3.5 Барлық ЖЭТ филиалдарында табиғат қорғау іс-шараларының жоспары уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласында бекітілді және келісілді.

9.6.3.6 ЖЭТ жаңғырту жобасына сәйкес «KEGOC» АҚ -ның қосалқы станцияларын жаңғырту кезінде іс-шаралар экологиялық басқару жоспары бойынша атқарылады.

Бөлшектелген жабдықтар жұмыс толымдауына сай бөлек шығарылған орындарға қатарланып жиналады. Бөлшектелген жабдықтар тізбесі тысқары ұйымдарға сатып-өткізу және резерв құру үшін жойылуға жататын жабдықтарға бөлінеді.

Қосалқы станцияларды жаңғырту кезінде босатылатын жабдықтарды ұтымды пайдалану мен сатып-өткізу мақсатында «KEGOC» АҚ-ның бұйрықтары шықты, соларға сәйкес орталықтан жабдықтар, трансформатор майы мен металл сынықтары тауарлық биржалар арқылы сатып-өткізіледі. Фарфор сынықтары, пластмассалар мен резеңке техникалық бөлшектерді филиалдар рұқсат етілген сынақ алаңдарында көмуге тапсырылады.

Өндіру және тұтыну қалдықтарын басқару тәртібі СТ KEGOC 00-602-11 стандартында айқындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет