Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Ингаляциялык наркоздың әдістері мен жолдары. Казіргі заманғы наркоздың құрылысы



бет6/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

10.Ингаляциялык наркоздың әдістері мен жолдары. Казіргі заманғы наркоздың құрылысы.
Ингаляциялық наркоздың түрлері
Наркотикалық коспаларды енгізутәсіліне қарай - маскалық, эндотрахеальді және эндобронхиальді болып бөлінеді.
Ингаляциялық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде наркотикалық коспа тікелей кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз - кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу. Интубация жасалғаннан кейін, науқасты ӨЖД аспабына қосу керек.
Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін, оңай буланатын (ұшқыш) сұйықтықтарды - эфир, фторотан, метоксифлюран (пентран), үшхлорэтилен, хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды - азот тотыгын, циклопропанды қолданады.
ӨЖД (өкпені жасанды демалдыру) аспаптары - наркотикалық қоспаларды, оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен ауаны үрлеп жіберу үшін қолданылады.
Қазіргі уақытта жалпы анестезияның ең сенімдісі қосарланған (комбинирленген) интубациялық наркоз болып табылады. Бұл кезде жалпы анестетиктердің, миорелаксанттардың және нейролептанальгезия заттарының әртүрлі комбинациясы колданылады. Алдымен премедикация жасалады, содан кейін енгізу наркозы беріледі, кеңірдектің интубациясы, сонан соң негізгі наркоз жүргізіледі.
Қосарланған эндотрахеальді наркоздың артықшылығы:
тез ұйықтату, қозу сатысының болмауы;
• анальгезия немесе III, сатыларында операция жасау мүмкіндігі;
• наркотикалық заттардың шығын мөлшерінің азаюы;
• наркоздың токсикалық әсерінің төмендеуі;
наркоздын оңай басқарылуы;
•аспирациялық асфиксияның алдын-алуы;
• кенірдек пен бронхтардың санациясын жүргізу мүмкіндігі.

11.Ингаляциялык наркоздың клиникалык ағымы.(эфир,фторотан)
Ингаляциялық наркозда бу тәрізді күйге жылдам айналатын ұшкыш сұйықтарды (фторотан, наркозға арналган эфир), сондай-ақ газ тәрізді заттар (азоттың шала тотыгы, циклопропан) қолданылады. Әдетте тыныс алатын ауада қажетті концентрацияны беретін арнайы аппараттарды қолданады.
Ингаляциялық наркозға арналған заттармен тыныс алганда олар диффузия жолымен өкпеден қанга түседі. Препаратгың абсорбциясы оның тыныс алатын ауадағы концентрациясына, тыныстың көлемі мен жиілігіне, альвеолдардың, беті мен өткізгіштігіне, наркозға арналған заттардың канда еруіне және кіші қан айналымдағы қан ағудың жылдамдығына байланысты. Осының бәрі наркоздың даму жылдамдығын көрсететін препараггың кан мен тіндерде болатын концентрациясьтың өсуін анықтайды.
Иигаляциялық наркозға арналған заттардың бірталайы ағзада біркелкі тарайды. Кейбір айырмашылыкгар мүшелер мен тіндердің қанмен камтамасыз етілуі бірдей еместігіне байланысты. Бұл затгар негізінен өзгермеген түрде өкпе арқылы шығады. Элиминация жылдамдығы абсорбциядағы факторларға байланысты. Әсіресе газтірізді наркозға арналған заттар жылдам шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет