Астық өнімдері кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Адамдарды сүрлемдерге түсіруге арналған шығырларды орнату және пайдалану



бет10/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#131502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2-параграф. Адамдарды сүрлемдерге түсіруге арналған шығырларды орнату және пайдалану
1036. Адамдарды сүрлемдерге түсіруге арналған шығырларды орнату және пайдалану мынадай талаптарға сәйкес болады:

бір жұмысшыны түсіруге арналған болат арқанның диаметрі 7,7 мм кем емес;

барабанды немесе блокты арқанның диаметріне бағыттайтын барабан диаметрінің қатынасы 40 кем емес;

шығыр қолданыстағы тежеуішпен, қауіпсіз тұтқамен жарақталады, адамды тек тұтқа кері бағытта көтеру кезінде айналып тұрғанда ғана түсіруге болады;

шығырды сынау жыл сайын шекті жұмыс жүктемесінен артық жүкпен жүргізіледі.

1037. Сынау кезінде негізгі башмактар (домкраттар) еден деңгейіне дейін түсіріледі. Артқы дөңгелек бөлімшесі еден деңгейінен шығырдың тікелей тұрақтылығына көрсетеді; бұл ретте шығыр іске қосылмайды;

тоқымға немесе өзекшенің аспа бесігіне арқанға тоқымды ілу арқылы бекіту орнындағы сомындар бұралады;

тоқымның өзекшесіне тоқымдағы жұмысшыны отырғызу сенімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру белдігі (түсетін жұмысшыны түймелеу үшін) бекітіледі;

диаметрі 25 мм немесе жеңіл мықты синтетикалық материалдан жасалған диаметрі 7,9 мм сақтандыратын кендір арқан; жұмысшыға сақтандыратын арқанды бекіту үшін карабині бар сақтандыру белдігі қолданылады.

1038. Сақтандыру белдігінің ақауы болған кезде (белдік таспасының және иық баулардың зақымдануы, түймелейтін баулардың зақымдануы, жіп тармақтарының жарамсыздығы, материалдың бекіткішпен жыртылуы) белдік пайдалануға жарамсыз деп саналады.

1039. Карабин тез әрі сенімді бекітуді және ашуды қамтамасыз етеді және оның кенет ашылып болдырмайтын сақтандыратын құрылғымен жарақталады.

Карабин зақымданған жағдайда (оны ашқан кезде тиектің тұрып қалуы, карабиннің өзгеруі, шығыңқы бөліктердің және бекіткіштің құлыпқа кіретін жерінде бұдырлы жолдардың болуы, тиек серіппесінің бостығы) бұл карабинді пайдалануға болмайды.

1040. Сақтандыру арқаны жеңіл тартылған күйде байланады.

Сақтандыру арқанының ұзындығы сүрлемнің биіктігінен 5 м артық.



3-параграф. Жұмысшыны сүрлемдерге, бункерлерге, құдықтарға, коллекторларға түсіру
1041. Жұмысшыны сүрлемдерге, бункерлерге түсіру шығырдың көмегімен:

бір қалыпты, іркіліссіз;

түсірілетін жұмысшыны тоқым өзекшесіне екі бауға белдікпен түймеленіп, сақтандыру арқанын белдікке бекітіп, шлангалы газ қағар киіп, тоқымда немесе аспа бесікте жүргізіледі.

1042. Сақтандыру арқаны мен газқағардың шлангісі жұмысшыны түсіруіне қарай байланады, бұл ретте сақтандыру арқанының екінші ұшы осы арқанды байлаған жұмысшының қолынан кенет шығуын болдырмас үшін бекітіледі.

Арқанды байлау жылжымайтын тірек бойымен жүргізіледі, оның айналасында арқан кемінде 360° өтеді.

Сүрлемге түсетін жұмысшыға сақтандыру арқанын белдіктен шешуге және тоқымға лақтыруға болмайды; екінші ұшын ұстап тұрған екінші жұмысшының оны түсіру уақытында және жұмысшы сүрлемде болған кезде қолдан шығаруға болмайды.

1043. Рұқсат наряды болған кезде жұмысшыны құдыққа, коллекторларға және басқаларына түсіру оларды алдын ала желдеткеннен кейін және үшінші жұмысшының қатысуымен жүргізіледі. Қалған жағдайда жұмысшыны құдықтарға және коллекторға түсіруге сүрлемдерге, бункерлерге түсіру ережесі қолданылады.

1044. Ұнды ыдыссыз сақтауға сүрлемдерде, өндірістік сүрлемдерде, қамыр басқыштарда, қамыр ашыту және жартылай дайын өнім бункерлерінде, бункерде қамыр дайындау агрегаттарында, коллекторларда, тоннелдерде, құдықтарда және басқаларында жұмыс жүргізу технологиялық регламентке, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы қауіпсіздік талаптарына және осы Талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

1045. Әрбір ұйымда мынадай:

1-рұқсат нарядын дайындап жүргізілетін;

2-осындай жұмыстарды жедел жұмыстарда тіркеп, ағымдық пайдалану тәртібінде жүргізілетін жұмыс тізбесі дайындалады.

1046. Ұнды ыдыссыз сақтау сүрлемдерінің (бункерлерінің), өндірістік бункерлердің, дрожжи дайындық аппараттарының, коллекторлардың, құдықтардың, құралдардың ішінде жұмыс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы қауіпсіздік талаптарына сәйкес рұқсат наряд дайындау арқылы жүргізіледі.

1047. Сыйымдылық ішінде жұмыс жүргізу үшін құрамында кемінде екі адам (жұмыс істейтін және бақылайтын) атқарушы бригада тағайындалады. Міндетті түрде жауапты тұлға тағайындау қажет.

1048. Ашуға, тексеруге, тазалауға немесе жөндеуге жататын сыйымдылықтар өнімнен босатылады, ысырманың көмегімен қолданыстағы жабдықтан және құбыр жүйесінен ажыратылады. Жабық құбырларда «Ашуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар ілінеді.

1049. Жұмыс басталар алдында сыйымдылықтар жуылады, қаныққан бумен буландырылады, ауа ауамен үрленеді, одан кейін зиянды заттардың құрамына ауа ортасына талдау жүргізіледі.

1050. Жұмыс басталар алдында электр жабдығы ажыратылып, іске қосу құрылғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат ілінеді.

1051. Сыйымдылықтың ішінде, әдетте бір ғана адамның болуына болады.

Сыйымдылықта көптеген жұмысшылардың болуы қажет болған жағдайда: бақылаушылардың санын арттыруды (сыйымдылықта бір жұмысшыға кемінде бір бақылаушы), жұмысшылардың кіру және пайдалану тәртібін, шлангілерді, газ қағарлардың тиек келте құбырларын, белгі беретін құтқару арқандарын орналастыру тәртібін, жұмыс орнында байланыс құралдары мен дабылдың болуын қарастыратын қауіпсіздік шаралары әзірленіп, рұқсат нарядына енгізіледі.

1052. Жұмысшының сыйымдылыққа болу ұзақтығы мен демалу ұзақтығы технологиялық регламентпен белгіленеді.

Газ қағарда авариялық жұмыс істеген кезде бір рет болу уақыты 15 минуттан аспайды, ал одан кейінгі кезекті демалыс 15 минуттан кем емес.

1053. Сырқаттанған немесе көңіл күйі нашар жұмысшыларды сыйымдылық ішінде жұмыс істеуге жіберілмейді.

1054. Сыйымдылықтың ішінде жұмыс істейтін адамдар тиісті арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен жарақталады.

1055. Барлық жағдайларда сыйымдылықтарға түсірілетін арнайы киімнің үстінен бос ұшы сыртқа шығарылып, мықтап бекітілген (ұзындығы 10 м кем емес) белгі беретін құтқару бауымен айқастырмалы баулары бар құтқару белдігі киіледі.

Белбеу, карабин және белгі беретін құтқару арқаны сыналады.

1056. Жұмысшы мен бақылаушы арасында көз арқылы байланыс болмаған кезде шартты белгілерді беру жүйесі белгіленеді.

1057. Сыйымдылық ішінде жұмыс істеген кезде бақылаушымен бірге «дайын» күйдегі оқшаулайтын газ қағармен қатар жұмыс істейтін тұлғадағы сияқты жарақтағы сыйымдылық люгінде болады.

Бұл ретте:

белгілер мен жұмыс істеушінің жұмыс барысы қадағаланады;

газ қағардың әуе шлангісінің жай-күйі мен ауа жинау құрылғысының орналасуы қадағаланады;

зардап шегушіге көмек көрсету үшін газ қағар киіп және жауапты басшыға хабарлап, сыйымдылыққа түсу қажет.

1058. Жұмыс істеушінің тыныс алу органдарын қорғау үшін шлангілі газ қағарлар немесе оқшаулағыш аппараттар қолданылады. Шлангінің ұшы (тиек келте құбыры) таза ауаның түсуін қамтамасыз ететін аймақта бекітіледі. Бұл ретте шлангтың майыспауын, оралмауын және қандай да бір затпен қысылмауын қадағалау қажет. Сүзгі газ қағарларын пайдалануға болмайды.

1059. Сыйымдылық ішінде жұмыс істеуге тыныс алу органдарын қорғау құралдарынсыз сыйымдылықтағы оттегі құрамы 20 % кем емес болғанда, ал зиянды бу мен газдардың құрамы жұмыс аймағы ауасындағы осы заттардың шекті рұқсат етілген қосылымынан (ШРҚ) артық болмағанда техникалық басшы рұқсат береді. Бұл ретте сырттан зиянды, өрт шығу қаупі бар, жарылу қаупі бар бу мен газдардың түсу мүмкіндігі болмайды. Жұмысшыны сыйымдылыққа түсіру, сыйымдылық ішіндегі жұмыс істеу және одан көтеру үшін тасымал сатылар қолданылады.

1060. Сатының жарамдылығын, тұрақтылығын және сенімді бекітілуін тексеру жұмыс орны бойынша жауапты басшының қатысуымен жүргізіледі.

1061. Жұмысшы сыйымдылыққа түсу кезінде және одан шығу кезінде қолына қандай да бір затты ұстамайды. Жұмыс үшін қажетті аспаптар мен материалдар сыйымдылыққа олардың құлауын және жұмысшылардың жарақаттануын болдырмайтын әдіспен беріледі.

1062. Сыйымдылықтың ішкі қабатына жарық беру үшін жарылысқа қауіпсіз күйде 12 В тасымал шамдарын пайдалануға болады.

Шамдарды қосу және ажырату сыйымдылықтан тыс жүргізіледі.

1063. Бұрын жарылу қаупі бар заттар болған сыйымдылықтар ішіндегі барлық жұмыс ұшқын түзілуді болдырмайтын аспаптармен жүргізіледі. Кесетін аспапқа консистент майларымен жақсылап майланады.

1064. Егер сыйымдылық ішінде жұмыс істеп тұрған жұмысшының іс-қимылында әдеттегі әрекеттерінен ауытқушылық (сырқаттану белгілері, газ қағат маскасын шешуге әрекеттену) болса, оның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туындағанда жұмысты дереу тоқтатып, жұмысшыны сыйымдылықтан шығару қажет.

1065. Сыйымдылық ішінде жұмыс аяқталғаннан кейін жауапты басшы люктерді жабу алдында сыйымдылықта адамдардың жоқ екеніне, аспап пен материалдардың жиналғанына және бөгде заттардың қалмағанына көз жеткізуі қажет.

Ол жөнінде рұқсат нарядында жазба жазады.

1066. Сыйымдылықтарда отпен байланысты жұмыстар қалыпты ауа режимін қамтамасыз ететін люктер мен ауа алмастырғыштар толығымен ашық болған кезде жүргізілуі қажет.

Сыйымдылықтарда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



4-параграф. Төменгі люк арқылы сүрлемдер мен бункерлерге қол жеткізу
1067. Жұмысшыларды төменгі люк арқылы сүрлемдер мен бункерлерге рұқсат наряды болған кезде және жауапты басшының бақылауымен жүргізіледі.

1068. Сүрлемге немесе бункерге люк арқылы түбіне және төменгі бүйір люктері арқылы жібермес бұрын қабырғаларында күмбездердің және астықтың салбыраған массасының немесе бөгде заттардың болмауын тексеру мақсатында олар үстінен тексеріледі, мұндай жұмысшылар болғанда сүрлемге осы сүрлем қабырғасынан астықты немесе өнімдерді жойғаннан кейін ғана жіберіледі.

1069. Күмбездер мен тұрып қалған астық немесе өзге де өнім массаларын бұзу кезінде сүрлемдер мен бункерлердің астында адамдардың болуына жол берілмейді. Сүрлемде жұмыс істеуші тоқымда немесе аспа бесікте күмбез үстінен немесе салбыраңқы өнімнің деңгейінен жоғары болады.

1070. Күмбездерді немесе салбыраңқы астық массаларын бұзуға қатыспайтын адамдардың лаз және тиеу люктерінде болуына жол берілмейді.

1071. Күмбездерді немесе салбыраңқы астық массаларын бұзу кезінде сүрлемдер мен бункерлердің тиеу люктері ашық болады.

1072. Төменгі люк арқылы осы Талаптарды сақтаған кезде және үстінен қандай да бір заттың кенет құлауын болдырмас үшін сүрлем қақпағының жоғарғы лаз люгін жапқанда жіберуге болады.



5-параграф. Сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатын сақтау кезінде олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1073. Сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатын (бұдан әрі-ӨШ) қабылдау және сақтау азық-түлік астығын, май тұқымын, ұн мен жарманы сақтау жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес болады.

Тозаңының жарылу қаупі бар құрама жем шикізатының кейбір түрлерінің дұрыс орналасуына және сақталуына назар аудару қажет, мәселен: әр түрлі шроттар, шашыранды күнжаралар, шөптесін бидай, кебектер, ұн.

1074. Өнім сүрлемдер мен бункерлерге салынбас бұрын қажеті ылғалдығына дейін кептіріледі, ал сыйымдылықтар қорғалады, желдетіледі және кептіріледі. Температураны бақылау жүйесі жарамды күйде болады.

1075. Бір сүрлемде (бункерде) әр түрлі өнімдерді бірге жинауға болмайды.

1076. ӨШ өздігінен тұтануына әкелетін себептерді болдырмау үшін, ӨШ өздігінен қызуын дер кезінде анықтау үшін:

сүрлемді желдетуді және өнімді бір сүрлемнен басқа сүрлемге ауыстыруды жүзеге асыру (шроттар үшін 5-8 күн);

өнімнің өздігінен қызуын анықтаған кезде сүрлем мен бункерге инертті газдарды беруді жүргізу;

ӨШ оттегі құрамы аз ортада сүрлемдер мен бункерлерде сақтау;

сүрлемдердің (бункерлердің) ішіндегі газ ортасының температурасы мен құрамын бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

Көлемі 1 % дейін қосылымда жанғыш газдардың (сутегі мен көміртегі оксиді) болуы және тәулігіне 1°С жоғары жылдамдықпен температураның жоғарылауы өнім массасында өздігінен қызу үрдісінің басталуын куәландырады.

1077. Сүрлемдердегі (бункерлердегі) дамыған өздігінен қызу ошағы:

өнім массасындағы температураның өлшем дері бойынша деректер мен сүрлемнің бос көлеміндегі газ, ауа ортасының газ талдауы негізінде;

сүрлем құрылымындағы саңылау арқылы түтін мен будың шығуын көзбен бақылау арқылы, қоршау құрылымдары түсінің өзгеруі бойынша, оларда сызаттардың пайда болуы, сырдың жануы бойынша;

өнімдердің ащы, өткір және жағымсыз иістері, құрғақ күйде айдалатын өнімдердің өзіндік иісі бойынша анықталады.

1078. Сүрлемдер мен бункерлерде өздігінен тұтану ошағы туындаған кезде авариялық жағдайды жою аралас тәсілмен жүргізіледі және ӨШ түсіру кезінде жарылыс пен өрттің алдын алуға бағытталған мынадай үш негізгі операцияларды:

жану аймағына ауа оттегісінің өтуін болдырмау мақсатында жанып жатқан ӨШ бар сүрлемді барынша ықтимал герметизациялау операциясын;

авариялық сүрлем (күмбез үстіндегі және күмбез астындағы кеңістік) мен бір-бірімен аралық терезелер арқылы қосылған аралас сүрлемдердің жанғыш газ, ауа қоспасын флегматизациялау (инертті газдармен толтыру) операциясын орындауды қамтиды.

Сүрлемнің (бункердің) күмбез үстіндегі бос көлемінен жанғыш газ, ауа қоспасын ығыстыру тиеу люгі арқылы жоғарғы жағынан сүрлемге берілетін еселігі орташа ауа-механикалық көбікпен толтыру арқылы жүргізіледі;

жанып жатқан өнімді сүрлемнен сүрлем астындағы қабатта оны кейін оны сөндіріп және қауіпсіз аймаққа көшіріп, сүрлем астындағы қабатқа шығару операциясын орындауды қамтиды.

1079. Дайындық жұмыстары барысында сүрлемдер мен бункерлерде жану ошағын сөндіру құралы ретінде су мен қаныққан буды пайдалануға болмайды.

Инертті газдарды авария орнына жеткізгенге дейін сүрлемдердің (бункерлердің) бос көлемдерін флегматизациялау үшін, ерекшелік ретінде, жанғыш газдардың қосылымы жеке-жеке алғанда жалынның таралуынан (тұтануынан) 5 % артық болмаған жағдайда қыздырылған буды пайдалануға болады. Қыздырылған буды сүрлемдердің конус бөлігінің технологиялық люктеріне беріледі. Сүрлемдердің конус бөлігінде технологиялық люктер болмаған жағдайда диаметрі 50 мм аспайтын тесік тесіледі. Сүрлемдерге (бункерлерге) бу қуыс оқпандар, ұзартқыш оқпандар арқылы беріледі.

1080. ӨШ түсіру авариялық және олармен аралас сүрлемдерде өнімнен толықтай босатқанға дейін газ, ауа ортасын бақылау кезінде сүрлем астындағы қабатқа тоқтаусыз түсіріледі. Босатылған және қорғалған сүрлемдердің тиеу және түсіру люктері ашық қалдырылады.

ӨШ түсіруді үзуге және жартылай босатылған сүрлемді қалдыруға болмайды.

1081. Сүрлем астындағы қабатта жанып жатқан өнімді шашыранды сумен сөндіру қажет. Осы арқылы өнім сүрлемнен шығарылған кезде ықтимал тозаң бұлтының түзілуінен алдын алады.

1082. Сөндірілген өнім сүрлем астындағы қабатқа көшіріледі.

1083. Авариялық сүрлемдер мен бункерлерді босату бойынша басшылық ӨШ түсірудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін ұйымның техникалық басшысына жүктеледі. Өнімді түсіру инертті газдарды күмбез астындағы кеңістікке, ал кейбір жағдайларда сүрлемдер мен бункерлердің күмбез үстіндегі кеңістігіне беру кезінде жүргізіледі.

Өрт күзеті бөлімшелерінің жеке құрамы сүрлемдердің күмбез үстіндегі кеңістігіне ауа-механикалық көбікті беру жүзеге асырылады.

1084. Өндірістің авариялық учаскесін пайдалануға енгізу қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.

1085. Қайта өңдеуге сақтау және жөнелту кезінде күнжаралар мен шроттардың әр түрлерін бір-бірімен араластыруға болмайды, сондықтан жерге сақтау қоймалары далдалармен жабдықталады.

1086. Сақтау кезінде күнжаралар мен шроттарға ылғалдың, шыны мен өзге де қоспалардың түсуіне, қоймаға құстар мен кемірушілердің өтуіне жол берілмейді.

1087. Күнжаралар мен шроттарды себезгі биіктігі 5 м аспайтын еден түріндегі қоймаларда, биіктігі 18 м астам сүрлемдерде сақтауға болмайды. Қапқа толтырылғандарын биіктігі 3 м аспайтын қатарға қойылады.

1088. Сүрлемдерде сақталатын шроттар мен күнжаралардың сусымалылығын қамтамасыз ету үшін оларды әрбір 5-8 күн сақтаған сайын оларды бос сүрлемге қотару жүзеге асырылады.

1089. Сүрлемдерде сақталатын күнжаралар мен шроттардың температурасы температураны қашықтықтан өлшеу қондырғысының көмегімен өлшенеді.

Электротермометрлермен уақытша жабдықталмаған сүрлемдерде күнжаралар мен шроттардың температурасы 0,5, 1,5, 3,5 м тереңдікте термо штангалармен өлшенеді.

1090. Өздігінен тұтану ошағын анықталған кезде оларды жою шараларын қолданып, қоймада жүргізілетін кез келген жұмыс тоқтатылады, тетіктер тоқтатылып, негізгі қызмет көрсетуші персонал көшіріледі, шара қолдану үшін өрт күзеті шақыртылады.

1091. Сақталатын күнжаралар мен шроттар партиясының ылғалдығы, иісі және оларды қамба зиянкестерінің бұзуы 10-15 күнде 1 рет анықталады.



9-тарау. Улы заттарды қолданумен байланысты жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар
1092. Жұмыс басталғанға дейін дезинсекциялау жұмыстарының басшысы фумигациялауға жататын объектінің өкілімен бірге алдын ала тексеріс жүргізеді.

Алдын ала тексеру актісіне орындауға жататын қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нақты іс-шаралар тізбесі енгізіледі.

1093. Газ дезинсекциясының барлық түрін жүргізу туралы ұйым басшысы алдын ала тексеру актісі мен дезинсекциялау жұмыстары басшысының нұсқауы негізінде бұйрық шығарады, онда дезинсекциялау жүргізу мерзімі мен тәртібі, бұйрықпен көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлғаларды көрсете отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газдалатын үй-жайды қорғау жөніндегі шаралар анықталады.

1094. Элеваторларды, диірмендерді, жарма және құрама жем зауыттары мен цехтарын, жүгерінің сұрыпты және будан тұқымдарын өңдеу жөніндегі зауыттарды және басқа да кәсіпорындарды бром метилді пайдалана отырып, фумигациялау жөніндегі жұмыстар белгіленген объектінің басшысы фумигациялау маусымы басталғанға дейін бұл жұмыстар туралы аудандық денсаулық сақтау бөліміне хабарлайды, оның нұсқауы бойынша объектіге дезинсекциялау жұмысын жүргізу кезінде медициналық көмек көрсету үшін тиісті емдеу мекемесі бекітіледі. Жұмыс басталғанға дейін екі тәулік бұрын берген объект басшысының хабарламасы бойынша емдеу мекемесі толықтай фумигациялау, экспозициялау және дегазациялау аралығында фумигациялау объектісінде дәрігер терапевт пен екі медбикенің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады.

Дәрігерде бром метилмен уланған кезде көмек көрсетуге арналған құралдары болады.

Медициналық қызметкерлер келмесе немесе оларда көмек көрсетудің қажетті құралдары болмаса, дезинсекциялау жұмысын жүргізуге болмайды.

Дезинсекциялау жұмыстарының басшысы медициналық қызметкерлерді тексерілген газ қағарлармен қамтамасыз етеді.

1095. Фумигациялау жұмыстарын жүргізу туралы үш тәулік бұрын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне хабарланады.



2-параграф. Дезинсекциялау және дератизациялау
1096. Фумигазиялауды техникалық ерекшеліктері мен жай-күйі оларды сенімді герметизациялауды қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін, жеткілікті түрде газ өткізбеуді қамтамасыз ететін синтетикалық үлбірлерден немесе брезенттерден жасалған күркелердегі орындарда жүргізуге болады.

1097. Бром метилін, хлорпикринді, металлилхлорид, фостоксинді, делиция-газ токсинді, магтоксинді пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстарды фумигазияланатын объект өндірістік үй-жайлардан, қызметтік құрылыстардан және пайдаланылатын теміржолдардан кемінде 30 м, тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта болғанда жүргізіледі.

Егер объект осы талаптарға сәйкес болмаса, комиссия денсаулық сақтау органдарының өкілдерінің қатысуымен жергілікті жағдайларға байланысты тиісті орында белгіленетін және адамдар мен үй жануарларының қауіпсіздігіне толықтай кепілдік беретін қосымша сақтандыру шараларын орындай отырып, қысқа қашықтықта фумигациялауды жүргізуге рұқсат беруге болады. Қажет болған жағдайда адамдарды уақытша көшіру және жануарларды қауіпті аймақтан фумигазиялау кезінде басқа жерге орналастыру шаралары қолданылады.

1098. Фумигазияланатын объектілердің айналасында тиісті қорғау аймағын (уақытша) қорғау және оның айналасына және зарарсыздандыратын объектілердің барлық сыртқы есіктеріне қауіптілік туралы ескертетін плакаттарды ілу қамтамасыз етіледі, дегазациялау басталған сәттен бастап ол аяқталғанша тәулік бойы күзету жүргізіледі. Кәсіпорын әкімшілігі улы химикаттарды уақытша сақтауға арналған үй-жайды ұсынады және тәулік бойы күзетуді қамтамасыз етеді.

Кемелер мен баржаларда жұмыс істеу кезінде объектіні күзетуді кеме немесе баржа командасының қатарынан бөлінген вахта жүргізеді.

Фумигазиялау басталғанға дейін фумигациялау жұмысына қатыспайтын барлық тұлғалар объектіден және қорғау аймағынан шығарылады.

Адамдарды шығаруды ұйым басшысы қамтамасыз етеді.

Дезинсекциялау жұмысының басшысы қауіпсіздік шаралары туралы күзет бойынша нұсқаулық береді және оны тексерілген газ қағарлармен қамтамасыз етеді.

Фумигазиялау жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалар дегазациялау аяқталғанша күзетілетін аймаққа жіберілмейді.

1099. Объектілерді, кемелер мен баржаларды дезинсекциялау үшін фумигазиялау, экспозициялау және дегазациялау кезінде бром метилі мен фосфин негізінде препараттарды қолданғанда объектіде кестеге сәйкес фумигациялау жүргізетін жасақ жұмысшыларының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді.

Кезекші индикаторлық жанарғылардың немесе түтіктердің көмегімен қорғау аймағындағы және оның айналасындағы ауа ортасын қажет болған жағдайда фумигант ағысын болдырмау шараларын қолдана отырып және фумиганттың қорғау аймағынан тыс таралуына жол бермей, жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.

1100. Астықты рециркуляциялық қондырғылармен жабдықталған элеваторлардың сүрлемдерінде бром метилмен фумигациялау кезінде мынадай талаптар сақталады:

фумигазиялау кезінде және дегазациялау аяқталғанға дейін сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы үй-жайларда емдеу сүрлемдерінің айналасында 10 м радиуста қауіптілік туралы ескертетін жазулары бар арқанды қоршау орнатылады. Көрсетілген аймаққа газ қағарсыз кіруге болмайды;

сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы үй-жайларда барлық терезелер мен есіктер фумигазиялау кезінде және дегазациялау аяқталғанға дейін ашық тұрады, аспирациялау жүйесінің қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі:

фумигазиялау кезінде және дегазациялау аяқталғанға дейін сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы үй-жайларға оларда жұмыс істеуге қатысы жоқ тұлғалар жіберілмейді. Сүрлем үстіндегі және сүрлем астындағы үй-жайларға жұмысқа жіберілетін тұлғалар дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу басшысынан (нұсқаулықтар журналына қол қойып) нұсқаулық алады және қорғау аймағына кіруге тыйым салу туралы ескертіледі, тексерілген газ қағарлармен және индикаторлық жанарғымен қамтамасыз етіледі. Осы үй-жайларға жалғыз кіруге болмайды;

рециркуляциялық қондырғының аппарат бөлмесі сүрлем астындағы үй-жайдан оқшауланады және дербес шығу жолы болады. Онда ағынды желдеткіш жабдықталады;

әрбір фумигациялау алдында рециркуляциялық жүйе технологиялық регламентке сәйкес герметикалығына тексеріледі. Өз күшімен қалпына келтірілмейтін ақаулықтар анықталған кезде тиісті жөндеу жүргізілмегенге дейін қондырғыны пайдалануға болмайды;

аппарат бөлмесінде және элеватордың өзге де үй-жайларында фумигант бар баллондарды сақтауға болмайды;

фумигазиялаудан кейін сүрлемге адамдарды белсенді түрде 2-3 сағат желдетілгеннен кейін, технологиялық регламентке сәйкес толық дегазациялау міндетті түрде тексерілгеннен кейін ғана жіберіледі.

Тексерілген газ қағарларды кимей, адамдарды жіберуге болмайды.

1101. Улы заттарды пайдалана отырып, дезинсекциялау үшін ыдыс базаларында, жұмсақ ыдыс фабрикаларында, ыдыс жөндеу шеберханаларында, астық қабылдау және астық өңдеу кәсіпорындарында дезинсекциялау камералары табиғи және жасанды желдеткіші бар герметизациялаған үй-жайларда жабдықталады.

Ыдыстарды фумигациялау, экспозициялау және дегазациялау жұмыстары кезінде дезкамера үй-жайына бөгде тұлғалардың кіруіне жол берілмейді.

Барлық мерзім бойына дезинсекциялық жұмыс басшысы нұсқаулық берген және тексерілген газ қағарлармен және индикаторлық жанарғымен жарақталған жұмысшылар камерасында кезекшілік қамтамасыз етіледі.

Газ камераларының есіктеріне қауіптілік туралы ескертетін жазулар жазылады.

1102. Дезинсекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу, улы заттарды қабылдау, жөнелту, жарамсыз күйге келген улы заттарды жою күндізгі уақытта ғана жүргізіледі.

Фумигазиялау аяқталғаннан кейін жұмыс басшысы зарарсыздандыратын үй-жайлардың барлық сыртқы есіктері жабылған ба және оларда ескертетін жазулар бар ма екені тексеріледі. Дегазациялаудың басталуы таңғы уақыттарға сәйкестендіреді.

1103. Қорғау аймағында фумиганттың болмауын бақылау және фумигазияланатын үй-жайлардан газдың ағуын анықтау үшін бром метилмен жұмыс істеу кезінде индикаторлық жанарғылар қолданылады.

1104. Дихлорэтанды, металлилхлоридті, фостоксинді, делиция-газтоксинді және магтоксинді пайдалану кезінде технологиялық регламентке сәйкес өртке қарсы қауіпсіздік шаралары орындалады.

Фумигациялау, экспозициялау және дегазациялаудың алғашқы тәулігінде ток күші және жарық беру желілері ажыратылады, ал дихлорэтан пайдаланған кезде олармен аралас үй-жайларда ток күші, жарық беру, белгі беру және телефон желілері фумигациялау үй-жайынан 20 м қашықтықта ажыратылады және фумигазиялау кезінде және экспозициялаудың алғашқы тәулігінде өшіріледі. Қорғау аймағының шегінде от жағуға, сіріңке тұтатуға және темекі шегуге болмайды. Үй-жайларда жұмыс істеп тұрған жылу және жарық беру жүйелеріне әсер ететін қыздырылған заттар, ылғал ыдыс, өздігінен тұтанатын заттар болған жағдайда дихлорэтанмен және металлилхлоридпен жұмыс істеуге болмайды. Колориферлер пайдаланған кезде аппараттар фумигизацияланатын үй-жайлардан 20 м қашықтықта орнатылады.

Аппарат тораптары мен газ бөлу жүйесіндегі барлық қосқыштар газ, ауа қоспасының ағуын толықтай болдырмайтындай етіп тексеріледі.

Дихлорэтан мен металлилхлорид бар бөшкелермен жұмыс істегенде тығындарды қыздыруға және олардың металл заттармен соқтығысуына жол берілмейді.

Үй-жайдың есігіне оған фумигантты кіргізгеннен кейін герметизациялайтын құрам жағылады. Есіктерді шегемен бекітуге болмайды.

Жұмысқа қатысушылардың аяқ киімдерінде темір шегелер мен табандар болмайды.

Өрт туындаған кезде жанып жатқан металлилхлорид, фостоксин, делиций-газтоксин мен магтоксин құммен сөндіріледі, ал фосфан негізіндегі препараттар көмірқышқыл өрт сөндіргіштермен өшіріледі. Өрт сөндіру үшін суды және көбікті өрт сөндіргіштерді пайдалануға болмайды.

1105. «Гамма» шашкасын өңделетін үй-жайларда қолдану кезінде жанғыш материалдардың болуына жол берілмейді. Тозаңдану деңгейі 10 г/м3 аспайды. Өңдеу басталғанға дейін өртке қарсы құралдар дайын күйде болады.

1106. Түтін шашкасымен өңдеу уақыты туралы өңделетін үй-жайда өңдеу кезінде саңылаулар мен тесіктерден түтіннің ықтимал бөлінуін жөнінде ескертуімен өрт күзетін хабардар етеді.

1107. Шашкамен өңделген үй-жайды оны мұқият желдеткеннен және препараттың иісі кеткеннен кейін ғана жүргізуге болады.

1108. Астықты фосфор органикалық препараттармен (метатионмен, волатонмен, карбофоспен) бүркігеннен кейін өңдеу орнын форсункалардан 2,5 м радиуста қоршап, дезинсекцияға қатыспайтын тұлғаларды қоршалған аймаққа өткізбеу қажет.

Ылғалмен дезинсекциялау кезінде өңделетін үй-жайға бөгде тұлғаның өтуіне болмайды. Ылғалмен дезинсекциялағаннан кейін жұмысшылар астық төгуге технологиялық регламентте белгіленген мерзімде жіберіледі.

1109. Үй-жайлардан тыс су бүрку жұмыстары желдің жылдамдығы 3 м/с аспаған кезде жүргізіледі.

1110. Фумигациялауға тартылатын барлық объектілер оларды пайдалануға бергенге дейін газсыздандырылады. Ірі объектілерді газсыздандыру кезінде үй-жайларды желдету атмосфераға бір мезгілде көбірек газ массасының шығуын болдырма үшін біртіндеп жүргізіледі.

Газсыздандыру барысында қорғау аймағындағы ауа ортасының жай-күйін бақылау фумиганттың шектен тыс таралуын болдырмас үшін біртіндеп жүргізіледі.

Еденге, қабырғаларға және өзге де орындарға сұйық фумиганттардың кенет түсуі салдарынан үй-жайларды газсыздандыру қиындаған кезде осы жерлерді зарасыздандыру құрамдарымен өңдеу жүргізіледі. Төгілген хлорпикринмен және өзге де улы химикаттармен ластанған учаскелерді, бром метилімен ластанған орындарды, металлилхлоридті зарарсыздандыруға арналған құрамдар дайындалады және технологиялық регламентке және тиісті препараттарды қолдану жөніндегі дайындаушының нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес пайдаланылады.

1111. Пайдалануға беру, жұмысшыларды тиісті үй-жайларға жіберу комиссияның қорытындысы бойынша жүргізіледі. Комиссия құрамына тапсыру кезінде санитарлық қадағалау өкілі қосылады. Комиссияның шешімі актімен ресімделеді. Бром метилмен, фостоксинмен, делиций-азтоксинмен, магтоксинмен зарарсыздандыруға тартылған объектілерді тапсыру кезінде актіде фумиганттың қалдық құрамына ауаны химиялық талдау нәтижелері көрсетіледі. Бром метилінің шекті қосылымы 0,05 мг/м3, фосфин-0,1 мг/м3 аспайды.

1112. Газбен зарарсыздандыруға тартылған астық пен өнімнің фумигант иісі кеткенше, ал бром метилін қолданғанда технологиялық регламентте көрсетілген желдету және толықтай газсыздандыруды химиялық тексеру мерзімі аяқталғанша орындарын ауыстыруға болмайды.

Химиялық өңдеуге тартылған астықты қайта өңдеуге беру, химиялық тәсілмен өңделген астық пен өнімді іске асыру фумиганттарды дайындаушы зауыттардың нормативтік-техникалық құжаттарында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Қапқа толтырылған ұн мен жарманы фостоксинмен және газтоксинмен өңдеу кезінде препараттардың және оларды қаптардың үстіне орналастыру қалдықтарының түсуіне жол берілмейді.

1113. Фумигацияға тартылған астықты, ұнды, жарманы тиеу және түсіру кезінде жұмысшылардың улану мүмкіндігін болдырмайтын сақтандыру шаралары қолданылады.

1114. Қаптар мен брезенттерді фумигациядан кейін алдын ала газсыздандырмай орнын ауыстыруға немесе пайдалануға беруге болмайды.

1115. Улы шырғаларды дайындау және дератизациялау жүргізу кезінде мынадай талаптар орындалады:

улы шырғаларды дайындауды егер желдің жылдамдығы 3 м/с аспаса, желдетілетін үй-жайларда немесе ашық ауада өткізу қажет;

улы шырғалар дайындалатын үй-жайлар сорғы шкафымен жабдықталады, құрал-саймандары, үсті оңай жуылатын үстел мен қол жуғыш болады. Осы үй-жайларға бөгде адамдардың өтуіне жол берілмейді;

улы шырғаларды дайындау және пайдалану кезінде бөгде тұлғалардың қызметін пайдалануға, улы шырғалар мен уды кел келгеннің қолына беруге болмайды;

улы шырғалар орналасқан үй-жайларда қауіптілік туралы жазулар ілінуі қажет;

улы шырғаларды дайындайтын ыдысты басқа мақсатта пайдалануға болмайды;

тұрғын үй-жайларда улы шырғаларды және оларды тасымалдайтын ыдысты сақтауға болмайды. Жұмыс күнінде пайдаланылмаған шырғалар мен олар салынған ыдыс химикаттар үшін олар қоймаға қайтарылады немесе сорғы шкафында сақталады. Ерекше жағдайларда, пайдаланылмаған шырғаларды құлыпқа салынатын және пломба қойылатын тұрғын үй емес үй-жайларда қалдыруға болады; кемірушілердің жемтіктерін жинау және жою кезінде жұмысшылар резеңке қолғап киіп, қармауыштарды пайдаланады;

газбен дератизациялау кезінде фумигациялау үшін қарастырылған барлық қауіпсіздік шаралары сақталады.

1116. Жүгері тұқымдарын жүгері өңдеу және осы жұмыстарды жүргізумен байланысты зауыттарында және су еріткіш үлдір түзгіш препараттармен уландыру технологиялық регламентке сәйкес орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет