Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру



бет3/10
Дата08.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#185362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
20-24-баптарында айқындалған валюталық операциялар туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

54. Резидент заңды тұлғалар шетел банкінде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу туралы хабарлайды.

55. Резиденттер осы Қағидалардың 58, 61, 66 және 68-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өздерінің валюталық операциялары туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

Банктер осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Ұлттық Банктің орталық аппаратына электрондық тәсілмен хабарлайды. Тиісті хабарлама және Ұлттық Банктің электрондық хабарламаны қағаз тасымалдағышта қабылдағаны туралы электрондық растаманың көшірмесі банкте сақталады. Ұлттық Банк электрондық түрде берілген хабарламаның дәйектілігін тексеру мақсатында банктен хабарламаны қағазға тасымалдағышта сұратады.



Өзге резиденттер Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша (жеке тұлғалар үшін) не орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) бойынша хабарлайды.

Хабарламада барлық қажетті ақпарат болған кезде Ұлттық Банк осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша хабарлама туралы куәлікті ресімдейді.

Хабарламада барлық қажетті ақпарат болмаған кезде, сондай-ақ мәмілелердің жай-күйін, операцияның және оның қатысушыларының жіктелуін нақтылау үшін Ұлттық Банк валюталық шарттың көшірмесін сұратады.

 

 

11. Қаржылай қарыздар және коммерциялық кредиттер туралы хабарлама



 

56. Банктер осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 1-бөлімін толтыра отырып, өздерінің мынадай операциялары:

1) резидент еместерден алынған қаржылай қарыздар;

2) резидент еместерден алынған тауарлардың экспортымен (импортымен) байланысты коммерциялық кредиттер туралы хабарлайды.

57. Заңның 20-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, егер резидент еместің валюталық шарттың шеңберіндегі барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша банк берешегінің сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, хабарлама беріледі.

58. Жұмыстардың, қызметтердің экспорты (импорты) бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымын жүргізген кезде резиденттің хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк резидент-клиенттердің көрсетілген ақша төлемі және (немесе) аударымы бойынша ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті ұсынады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.

Резиденттің тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстардың, қызметтердің экспорты (импорты) бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат осы Қағидалардың 34-тармағына, ал келісімшарттың есептік нөмірі алынған валюталық шарт шеңберінде жүзеге асырылатындар бойынша Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру ережесіне сәйкес ұсынылады.



Ұлттық Банк валюталық операцияларды жүргізу жағдайларын нақтылау мақсатында резиденттен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.

 

 

12. Тікелей инвестициялар, жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар туралы хабарлама



 

59. Мынадай операциялар:

1) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық портфельді басқару туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын тікелей инвестициялар;

2) банктердің шетелге тікелей инвестицияларымен және резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларымен байланысты өз операциялары;

3) резиденттердің (резидент еместердің) резидент емес (резидент) болып табылатын ұйымның жарғылық капиталына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында немесе осындай ұйымның мүлкіне жарна ретінде ақшаны және өзге мүлікті енгізуі;

4) резиденттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуы;

5) резидент еместердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған резидент эмитенттердің бағалы қағаздарын, резидент инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуы;

6) резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ Қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

7) резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

8) резиденттер мен резидент еместердің арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар хабарлануы тиіс.

60. Мына резиденттер осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 2-бөлімін толтыра отырып, өздерінің операциялары:

1) банктер - осы Қағидалардың 59-тармағының 2), 3), 5) (үлестік бағалы қағаздар сатып алған кезде), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы;

2) брокерлер (банктерді қоспағанда), басқарушы компаниялар - тікелей инвестицияларды қоспағанда, осы Қағидалардың 59-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы;

3) өзге резиденттер - тікелей инвестицияларды қоспағанда, осы Қағидалардың 59-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы хабарлайды.

Осы тармақтың ережелері резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарт немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылатын операцияларға қолданылмайды. Көрсетілген операциялар туралы брокер немесе басқарушы компания хабарлайды.

61. Мына резиденттер ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша:



1) банктер осы Қағидалардың 59-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өздерінің операциялары (үлестік бағалы қағаздармен операцияларды қоспағанда) туралы;

2) брокерлер (банктерді қоспағанда), басқарушы компаниялар осы Қағидалардың 59-тармағының 4), 5), 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы;

3) брокерлер, басқарушы компаниялар осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген және брокер резидентпен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарт немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт негізінде жүзеге асырылатын операциялар туралы есепті ұсыну арқылы хабарлайды.

Осы Қағидалардың 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп бағалы қағаздарды (қатысу үлестерін) иемдену және сату бойынша операциялардан тұрады.

62. Резидент (банктер мен брокерлерді қоспағанда) алынған хабарлама туралы куәлік бойынша хабарламаның берілген орны бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жарғылық капиталға қатысу (қатысушылардың акцияларымен және даусымен) операциялар туралы есеп, өзге операциялар бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады.

63. Уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға мынадай өз операциялары:

1) брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттің резидент еместен резиденттің акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайларын) сатып алуы;

2) егер резидент дивиденд төлеу жүзеге асырылатын активті сатып алу бойынша тіркеу куәлігін және (немесе) валюталық операция жөнінде хабарлама туралы куәлікті ұсынбаса, резиденттің резидент еместен (резидент емеске төлеген) дивидендтер алуы;

3) егер резидент өткізілетін активті сатып алу жөніндегі валюталық операция бойынша тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынбаса, брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттің резидент емеске резидент еместің акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайларын) сатуы және клиент резиденттердің тапсырмасы бойынша жүргізілетін операциялар бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымы туралы есеп ұсынады.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.

Резидент осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларында көрсетілген операциялар бойынша тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынған кезде, уәкілетті банк осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес ақпарат ұсынады.

 

 

13. Капитал қозғалысының басқа операциялары туралы хабарлама



 

64. Банктер осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 4-бөлімін толтыра отырып, капитал қозғалысының басқа операцияларына қатысты өз операциялары туралы хабарлайды.

Өзге резидент заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға және ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты операциялар туралы, сондай-ақ резидент жеке тұлғалар ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты операциялар туралы осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 4-бөлімін толтыра отырып хабарлайды.

65. Резиденттер (банктерді қоспағанда) алынған хабарлама туралы куәлік бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) хабарлама орны бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады.

66. Резидент-жеке тұлға Ұлттық Банкке жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемденуге байланысты ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу туралы хабарламайды. Уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына клиент-резиденттердің осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп түрінде хабарлайды.

 

 

14. Резиденттердің шетел банктеріндегі банк шоттары туралы хабарлама



 

67. Резидент-заңды тұлға (банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда) осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 3-бөлімін толтыра отырып, шетел банкінде банк (оның ішінде жинақ) шотының ашылғаны туралы хабарлайды.

68. Резидент-жеке тұлға Ұлттық Банкке шетел банкіндегі банк (оның ішінде жинақ) шоты туралы хабарламайды. Резидент-жеке тұлғалардың ақшаларын шетел банктеріндегі өздерінің банк шоттарына (өздерінің банк шоттарынан) аударуды жүзеге асырған уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына осындай ақша аударымының көлемі туралы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп түрінде хабарлайды.

69. Резидент-заңды тұлға алынған хабарлама туралы куәлік бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) хабарлама орны бойынша осы Қағидалардың 11-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады.

70. Резидент (банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда) шетел банкіндегі банк шоты арқылы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортымен және (немесе) импортымен байланысты валюталық шарт бойынша елу мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомаға ақша төлемін және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде, ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) хабарлама оны бойынша осы Қағидалардың 12-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады. Есепте көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін бақылау мақсатында резидент Ұлттық Банктің сұратуы бойынша келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісі бар валюталық шартты (түпнұсқасын немесе оның көшірмесін), сондай-ақ осы Қағидалардың 37-тармағының 1) және 4) тармақшаларында және Заңның 12-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

 

 

15. Валюталық реттеу режимдерінің жеке жағдайлары



 

71. Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) ретінде бірнеше резидент болатын валюталық шартты тіркеу (хабарлау) кезінде валюталық шартты тіркеу (хабарлауға) үшін валюталық шарт (валюта операциясы) сомасының басым бөлігі тиесілі валюталық шарттың резидент-тарабы не, мұндай тарап болмаған кезде, резидент еместің алдындағы міндеттемелерді орындауды бірінші бастайтын (бастаған) валюталық шарттың резидент-тарабы өтініш беруі қажет. Өзге жағдайларда валюталық шарттың резидент-тараптарының бірі валюталық шартты тіркеуге (хабарлауға) өтініш береді.

Егер валюталық шартта резидент-тарап болмаса, онда валюталық шартты тіркеу (хабарлау) үшін мүлікті (қаражатты) алушы (жөнелтуші) болып табылатын немесе резидент еместің алдында міндеттемелері немесе резидент емеске талаптары туындайтын валюталық шарттың резидент-қатысушысына жүгіну қажет.

Валюталық шарттың тарабы болып табылмайтын резидент-қатысушының жүгінуіне жол беріледі.

Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) ретінде бірнеше резидент болып табылатын валюталық шартты тіркеу (хабарлау) кезінде тіркеуге (хабарламамен) өтініш білдірген резидент валюталық шарттың басқа резидент-тараптарының жазбаша келісімін ұсынады.

Тіркеуге арналған тиісті өтініште және тіркеу куәлігінде (тиісті хабарламада және хабарлама туралы куәлікте) валюталық шарттың барлық резидент және (немесе) резидент емес қатысушылары көрсетіледі.

72. Егер қатысу үлесін сатып алу-сату шартында резидент-инвестициялау объектісінде инвестициялау объектісінің қатысушылары өзгеріп, резидент-инвестициялау объектісі сатып алу-сату шартының тарабы болып табылмаса, онда осы Қағидалардың 39 және 53-тармақтарында белгіленген жағдайларда резидент инвестициялау объектісі құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей тіркеуге (хабарламамен) өтініш білдіреді.

73. Қатысушылары бірнеше резидент болып табылатын валюталық шарт бойынша тіркеу куәлігі (хабарлама туралы куәлік) Ұлттық Банкке тіркеуге (хабарламамен) өтінішті бірінші берген шарттың резидент-қатысушысына беріледі. Шарттың өзге резидент-қатысушылары резидент еместің пайдасына төлемді жүзеге асырған және (немесе) мұндай валюталық шарт бойынша резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) нотариат куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған көшірмесі ұсынылады.

Тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасын алған валюталық шарттың резидент-қатысушысынан тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін алу мүмкін болмаған жағдайда, валюталық шарттың өзге резидент-қатысушылары тіркеу (хабарлау) орны бойынша тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін беру туралы еркін нысанда жазбаша өтініш білдіреді.

Тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасын алған резиденттің жазбаша келісімімен басқа резидент-қатысушы тіркеу (хабарлау) орны бойынша есеп беретін тұлғаның өзгерістері туралы жазбаша нысанда хабарлағаннан кейін тоқсан сайын тиісті нысандағы мәліметтерді беруіне жол беріледі. Ұлттық Банктің тіркеу куәлігін (хабарлама туралы куәлік) берген аумақтық филиалының немесе орталық аппаратының жазбаша келісімімен валюталық шарттың резидент-қатысушыларының резидент емеспен өзара міндеттемелерін орындау бөлігінде тоқсандық мәліметтерді дербес ұсынуына жол беріледі.

Тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) Ұлттық Банк валюталық шарттың барлық резидент-қатысушыларынан міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін күші жойылды деп саналады.

74. Қатысушылар бірнеше резидент болып табылатын валюталық шарт бойынша тіркеу (хабарлау) егер валюталық шарт шеңберінде мүлікті (қаражатты) аудару және (немесе) резиденттер мен резидент еместер арасындағы міндеттемелердің туындау сомасы осы Қағидалардың 39 және 53-тармақтарында көрсетілген шекті мәнінен асып кетсе, жүзеге асырылады.



 

 

16. Өтпелі ережелер



 

75. Осы Қағидаларға сәйкес хабарлануы тиіс банк шотын ашуға немесе валюталық операцияны жүргізуге осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігін алған резидент осы Қағидаларда белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде тіркеу куәлігі бойынша есеп береді.

76. Осы Қағидалардың 39 немесе 53-тармақтарында көрсетілген шекті мәннен аспайтын сомаға берілген тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік бойынша есеп беру талап етілмейді. Көрсетілген тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік валюталық шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады және осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 28-тармағының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде күші жойылған деп саналады.



 

Қазақстан Республикасында



валюталық операцияларды

жүзеге асыру қағидаларына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

Бұзушылық бойынша № ______ карточка

_________ жылғы _________ есепті ай

 

Уәкілетті банктің атауы _______________________________________________________________________________________________

 

Жол коды

Ақпарат түрi

Бұзушылық жөніндегі ақпарат

10

Банк клиенті бойынша ақпарат:

 

11

Атауы (заңды тұлғалар үшін)

Аты-жөні (жеке тұлғалар үшін)

 

12

КҰЖЖ коды/БСН (заңды тұлғалар үшін)

 

13

ЖСН коды (жеке тұлғалар үшін)

 

14

Клиенттің белгісі:

1 - заңды тұлға/ 2 - жеке тұлға

 

15

Мекенжайы

 

16

Облыстың коды

 

20

Валюталық операция бойынша ақпарат:

 

21

Күнi

 

22

Сомасы

 

23

Валюта

 

30

Бұзушылық жөніндегі ақпарат:

 

31

Түрi

 

32

Бұзушылықтың сипаттамасы

 

33

Келісімшарттың нөмірi

 

34

Келісімшарттың күнi

 

35

Қосымша мәліметтер

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет