Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет111/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
Кітап Тәрбие

Бастаушы:
Ерте,ерте, ертеде,
Егінді кең өлкеге
Дақыл біткен толыпты,
Ұлы жиын болыпты.
Сыбдырласты дақылдар:
Сырын ашты дақылдар!
Бәрі (бастаушыға жақын келіп, бас иіп).

Айтыңыз әділ бағаны:


Ау, - қайсымыз бағалы?!
Қандай дақыл алаңда
Пайдалырақ адамға?
Бастаушы:
Бұршақ мұртын сылады, -
Күріш тұрқын сынады!
Маңғазданды күнбағыс.
(Өлеңдегі қимыл әрекеттерді балалар орындап тұрды).
Күнбағыс (маңғаздана сөйлеп)
Маған көкте Күн таныс!
Басым үлкен , бойлымын,
Бағалымын, сыйлымын!
Бастаушы. Ар қинады бидайды.
Бидай.
Адам мені сыйлайды!
Қоймадағы дән үшін,
Қорғалады намысым!
Бастаушы. Ашу қысты күрішті.
Күріш (ашумен).
Айтыңыздар дұрысты!
Менен бидай ерек пе?
Мен жараймын керекке!
Бастаушы.
Бұларды бір күндемей
Бұршақ тұрды үндемей.
Қайнап бойда жігері
Қатар тұрды жүгері.
Бәрі (тебірене, бір ауыздан, адам ролін ойнаушы тәрбиешіге бас иіп).
Адам асыл иеміз,
Әділ сөзді сүйеміз:
Бағалаңыз айтыңыз,
Бағалымыз қайсымыз?
Адам.
Ардақтысың бәрің де!...
Алтын астық өңдірген
Ер еңбегін жер білген...
Қымбат әрбір дәніміз;
Бидай біздің – нанымыз!
Маңғаз бұршақ, жүгері –
Малдың жаны – жігері...
Ексең, шіркін, жүгері ек:
Жүгері – сүт, жүгері –ет!
Бұл дәрі де болады,
Бұл бәрі де болады!
Бастаушы.
Жүгеріміз – ханым деп,
Ханымдағы мәлім деп,
Дақыл деген ел енді,
Қуанышқа бөленді!
Арнап «ару ханымға»
Аямастан жанын да,
Дақылдар той бастады
Бидай тойды басқарды.
Тәрбиеші Бақыт Серғалиева музыка (баян) ойнайды.
Дақылдар (балдырғандар) «Қазақстан» әнін (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі) айтты. Бәрі шаттық музыкасына биледі де, бастаушы мен адамға бас иді, тік тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет