Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
annotation23044

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті /13/. 
деген өлеңінде ерекше жүйелі және жан-жақты баяндайды. Шәкәрім махаб-
батының нысаны, яғни оның ғашығы – бүкіл ғалам сұлулығының сыры, адам 


293 
танымының мәні, бүкіл ғаламның қорғаушы күші, жер мен көктегі бүкіл жа-
ратылыстың Тәңірісі. 
Күн батып жоғалды 
Нұрыңнан ұялып, 
Жұлдыз бен ай қалды 
Сәулеңнен нәр алып. 
Жеті қарақшы айналып сені іздеп жүр, 
Бәрі де сені ойлап, мас болып сандалып. 
Үркер мен Таразы 
Шашуды шашуға, 
Шолпан да қарады 
Мауқын бір басуға. 
Темірқазық арқандап қос боз атын, 
Жаратып ойы бар тойыңа қосуға /14/.
Қазақ санасына сіңісті космогониялық ұғымдармен астасып жатқан ақын пікірі 
ол ұғым-түсініктердің өзін мәндендіре түседі. Ғаламның бүкіл үйлесімін, тіршілік 
тынысын ортақ түп мақсатқа жаратылыс мәні не махаббатпен ұмтылуларымен 
сипаттайды. Халық көкейінде сан ғасырлар өмір сүрген космогониялық 
ұғымдардың астарында осы Тәңірінің адамзатқа деген махаббатын, бүкіл 
жаратылысты белгілі бір мақсатпен жаратқанын сезіну бар. 
Осынау бүкіл әлем жаратылысының түп иесін аңсаған махаббатының өзі 
олардың ерекше көркемдігінен, үйлесімінен, тіршілікке құштарлығынан 
көрінеді.
Аспан денелерінің қимыл-әрекетін қозғалысын сипаттағанда астарлы 
символдық мәнге толы халық арасындағы аңыз-әңгімелердің шын маңызын 
ғұлама көзқарасында бүкіл жаратылыстың Тәңірге ғашық деп білуімен 
айқындалады. Демек, олардың барлығы ғашықтықпен мас болып, өздерінің 
еркінен тыс айналыс, қозғалысқа түскен ғашықтар. Барлығы өмірдің негізгі 
мәні айқындалатын соңғы сәтті күтуде.
Шәкәрім көпшілік қауымды әлем құбылыстарын дұрыс түсіну арқылы 
ақиқатты тануға шақыру мақсатында өзінің шығармаларында түрлі терең 
мағыналы ойлар айтады, санаға түрткі салып ояту үшін түрлі сұрақтар бере 
келіп, оған өзі де дәлелді жауап беріп отырады. Оған мысал ретінде тағы бір 
өлеңін қарастырайық. 
Бәрі мақсұтпен жаралған, 
Есебі жоқ барша әлем. 
Неге керек бос шаталған
Тәңірі жоқ деп тантырап. 
Шынды білмек ойласаң сен,
Алдыменен жанды біл.
Ең керекті үш сұрақпен, 
Жан құлағын қой бұрап:
«Келдім қайдан? Қайтсе пайдам? 
Өлгеннен соң не болам?» 
«Мен» деген – жан, ақыл – айнам, 


294 
Жоғала ма сол шын-ақ. 
Бар болған зат жоғала ма, 
Жоқтан әсер қала ма? 
Аш көзіңді, тұмшалама, 
Кетпе ақылдан тым жырақ. 
Осы әлемде барша барлық, 
Жанды ақылдың табысы. 
Нәрсесі жоқ бос қаларлық, 
Мейлі, шөп пен топырақ. 
Шын сүю бар, жирену бар, 
Мақсұты бар, еркі бар.
Жаратылған неге бұлар, 
Осыны тап, ой құрап. 
Барша әлемнің нәрселері
Болса жанның әсері. 
Есті сол жан – Тәңірі әсері, 
Тазалықты тұр сұрап /15/. 
Бұл қойылған сұрақтарға өзінің «Үш анық» шығармасында жауап береді.
Сонымен Шәкәрімнің шығармашылығына шолуымызды қорыта келетін 
болсақ, барша болмысты Қасиетті Ұлы Күш жаратқан. Бұл жаратылыстың 
белгілі бір мақсаты да бар. Сол мақсатты орындау үшін бүкіл әлем барлығына 
ортақ жалпы заңдылықтармен өмір сүреді. Әлемнің ірі-кіші бөліктері бірімен-
бірі тығыз байланыста болып, өзара әсерлесіп өмір сүреді. Сондықтан әлемнің 
жалпы заңдылықтарын бұзу оның әрбір бөлігіне кері әсерін тигізеді, сондықтан 
бұл тіпті Тәңірге қарсы әрекет болып табылады.
Түпкі мақсат болып табылатын жанның Тәңірге жету мүмкіндігі тек қана 
адам баласына тән болғандықтан ол бүкіл әлем болмысының нәтижесі. Ал 
әлемнің басқа бөліктері адам баласына сол мақсатты орындауы үшін арналған 
құралы. Сондықтан адам баласы өзінің әлемдегі орнын дұрыс түсініп, негізгі 
мақсатқа жетуге ұмтылуы керек. Егер ол өзінің түпкі мақсатын ұмытып, нәпсі 
ықпалымен табиғаттың жалпы заңдылықтарын бұзатын болса, онда ол екі 
дүние өзіне тиесілі жазасын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет