БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Текесбаева А.М. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ғасырлар бойы адамзаттың озық ойлы өкілдерін ойландырған, әлі күнге дейін зерттеулер өзегі болып келе жатқан адам проблемасы - қазіргі күннің де өзекті мәселесі.
Адамдың жеке басының қалыптасу проблемаларына сонау көне заманның ойшылдары да ерекше көңіл аударғандығы белгілі. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасы ретінде Сократтың “Өзіңді - өзің тани біл” немесе ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Яссауидың “Өзіңді танығаның хақты танығаның”- деген қанатты сөздерімен қысқаша тұжырымдауларын ескеруге болады. Аристотель философиясының “Этика” бөлімі түгелдей адамдық проблемаларды қарастырып, оларға талдау береді. Ал француздың атақты философы Д.Дидро адамды жер бетіндегі мәдениеттің бар жетістіктерінің бірден-бір жасаушысы деп қарап, ең жоғарғы құндылық деп есептеген.
Қазақтың данышпан ақыны Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның этикалық, эстетикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Ол былай дейді:
“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес
“Мені” мен “менікінің” айырғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес….”
Адам проблемасы, оның дүниетанымы, қоршаған ортамен қарым- қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философиялық негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды.
Бүгінгі таңда еліміздің ғалымдары тұлғаның рухани феноменін зерттеуді жалғастыруда.
Педагогика бала дамуына ықпал ететін факторларға: тұқымқуалаушылықты, әлеуметтік ортаны және тәрбиені жатқызады. Оның шіндегі жеке тұлғаны дамытудағы бастысы – тәрбие деп көрсетеді. Д.Локк тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деп, бала жанын ақ тақтаға теңейді.
Қазақ педагогтарының ішінен Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, Е.Сағындықұлы, С.Қ.Қалиев т. б. оқушылардың дамуы туралы зерттеулерінен нәтиже тапқан. Ғылымда даму туралы шетел зерттеушілері Л.Термен, Э.Геккель, Ф.Мюллер. И.Шванцара елеулі із қалдырды.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбие мәселесіне мән берген ағартушыларымыздың еңбегі өте көп. Көптеген педагогика оқулықтарында дүниетанымға адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастардың бірыңғай жүйесі деген анықтама беріледі.
Ғылыми зерттеудің нәтижесі, педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің 4 түрінің бар екенін көрсетіп жүр. Олар: 1) білім 2) сенім 3) адам мұраты 4) дүниетаным.
Дүниетаным құрылымының компоненттері жайлы Ж.Б.Қоянбаев та осындай пікірде. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілетіне қарай бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы оқушылар қандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керектігін саралап көрсетеді. Оның ішінен бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғамдағы оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту мен тәрбие процесінде Отан, халық, бейбітшілік туралы түсінігі қалыптасады деген ой-тұжырым жасайды.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде дүниетаным мәні мен оның қалыптасу процесін шешу туралы пікірлер мен көзқарастар сан алуан. Педагогикалық әдебиеттер ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстарда оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығын аңғартады.
Оқыту барысында ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың мәселелері бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиетте маңызды бірнеше сұрақтар бөлінеді: дүниетанымды қалыптастыруда білімнің ролі; білімнің сенімге айналу жолдары мен мәні; оқу үдерісінде дүниетанымдық міндеттерді шешу үшін оқушылар позициясының мәні; дүниетанымды қалыптастыруға оқушылардың жас ерекшелігінің әсері; оқушыларда дүниетанымды қалыптастыру үшін қажетті жалпы және ерекше жағдайлар.
В.А.Сухомлинский, Э.И.Моносзон, И.Я.Лернер, Г.И.Щукина, И.В.Сысоенко, А.Т.Кинкулькина, З.И.Равкина т.б. педагогтар еңбектерінде ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың жалпы педагогикалық және дидактикалық жағдайына байланысты маңызды мәселелер зерттеледі.
Дүниетанымдық білім туралы К.Д.Ушинский: “Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек….Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс”, - деп тұжырымдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру - ұзақ үдеріс болып табылады. Оның нәтижелігі оқу-тәрбие жұмысының мақсатылығына байланысты болмақ. Дүниетаным бастауыш сынып оқушыларын дүниені диалектика заңдылығына сай тануға, өзгертуге, ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол оқушыларды ғылыми әдіснамамен және ойлау тәсілдерімен қаруландырады. Дүниетаным қоғамдық сананың барлық формаларына, дүниеге қатынасын анықтайды. Ол ғылыми білімдердің жүйесіне негізделеді.
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі – нақты деректерге негізделген білімді меңгеру. Ғылыми дүниетанымның негізделетін іргетасы - ғылыми білім. Ғылыми білім жеке тұлғаны қалыптастырудың және дүниені танып білудің тірегі болып табылады. Білім неғұрлым ғылыми, терең, нақты деректерге негізделген болса, соғұрлым оқушының табиғат пен қоғам дамуының объективтік заңдылықтары туралы түсінігі жинақталып, объективтік дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінеді. Білім объективті дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың, қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттеп, түсінеді. Бұл жайлы С.М.Торайғыров бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады деп, мүнда ғылымның алатын орнын ерекше екендігін былайша түйеді:
Зерттесе де адамға білмейтін ғып,
Дүние ешбір сырын жасырмаған…
Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ,
немесе Абай: “…адамды, қоршаған ортаның, табиғаттың ішкі сырын білім, ғылым арқылы білуге болады”- дейді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушыларға тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларда адамзаттық позицияларды, құндылық бағдарды қалыптастыратын дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетанымды қалыптастыру өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің, қиындықты жеңе білуде дайын болуға тәрбиелеудің қажетті шарты болып табылады. Бүгінгі нарықтық заманда дүниетаным мәселесі – білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтап, олардың дүниетанымының жан-жақты болуына жағдай жасау - кезек күттірмейтін мәселе.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада. бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются педагогические основы формирования научного мировоззрения учащихся начальных классов.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Текесбаева Р.М. - № 19 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі (Алматы қ.)
Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты - өзге тілді жастардың өз ойын қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға баса көңіл аударылады.
Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін қалыптастыру; сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.
Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгі адамдар өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелету, т.б. жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.
Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты. Бұған Ы.Мамановтың: «Сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты рөл атқаратынын, ендеше грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес ...», - деген тұжырымы дәлел бола алады.
Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру олардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруіне негіз болады. Оқушыны қазақ тілінде сөйлеуге үйретуді тілімізге тән дыбыстарды меңгертуден бастаған жөн. Қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін меңгерген оқушы тіліміздегі сөздерді дұрыс айтып, жаза білетін болады. Тілімізге тән дыбыстарды жекелей айтқызу арқылы кез келген сөз құрамында осы дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгертуге дайындаймыз. Қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде жаңа сөздерді меңгертіп отырамыз. Бұл қазақ тілінің фонетикасын оқып үйренудің лексикамен тығыз байланысын айқындайды.
Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты – үндестік заңын меңгерту болып табылады. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын, сөздердің байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құрату мүмкін емес.
Оқушылардың қазақ тілін меңгерту үшін мынандай жұмыстарды ұйымдастыру тиімді:
-
Фонетика, лексика, синтаксис мәселелерін салыстыра отырып, ережелерді меңгерту.
-
Сабақта сұрақ-жауап әдісін жиі қолдана отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тырысу.
-
Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұмысты түрлі жолмен өткізуге болады:
-
мәнерлеп оқыту;
-
түсінуге қиын сөздердің мағынасын ашу;
-
мәтіннен жаңа сөздерді тапқызу, олардың айтылуы мен жазылуын, мағынасын меңгерту;
-
мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап алу;
-
мәтінге тақырып қойғызу;
-
мәтін бойынша жоспар жасату;
-
мәтін мазмұнын әңгімелету;
-
мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ дайындату, т.б.
-
Жаттығу жұмысы. Жаттығу – грамматиканың теориялық курсы бойынша білімді бекіту мақсатындағы оқушының белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы. Сыныпта орындалатын жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, түсірілген сөздерді табу, сөйлемдерді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту, көп нүктенің орнына тілдік тұлғаларды қою, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлемді толықтыру, т.б. жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу қабілеттін дамытуға болады. Мұнда оқушылардың грамматикалық материалдарды бағдарламаға сай меңгеру, сөздерді ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдануы үшін тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі қажет. Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы тиянақты ойды білдіруге болады. Алайда грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол тіл білгенге жатпайды. Сөйлемді толықтыру жаттығуларында берілген сөздерден сөйлем құрату, әр сөздің мағынасын орысша, қазақша түсіндіру, дәптерге, тақтаға жаздыру жұмыстары жүргізіледі.
-
Қайталау – тіл үйретудің негізгі шарты. Сабақ барысында меңгерген сөздерді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп жаттықтыра беру қажет. Сөздерді жиі қайталату сол сөзді ұмытпау үшін керек. Мұндай жұмыс түрінде орыс тілінде жеке сөзді атап, қазақ тіліндегі аудармасын оқушыларға айтқызу арқылы тексеруге болады.
-
Мәнерлеп оқу немесе жаттау. Белгілі бір мәтінді, сөйлемді мәнерлеп оқыту тілді меңгертуге септігін тигізеді. Өлеңдер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жаттатудың да маңызы зор.
-
Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс.
оқушылардың тілді белсенді меңгеруі үшін ол сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы керек. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады.
Сөздік қордың жүйелі болуы тақырыптың дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты. Тақырып аясына тиісті сөздерді топтау басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырып, бір-бірімен осы тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жеке сөздің өз бойындағы бар мүмкіндігін толық бере алмайтындығын үнемі ескерген жөн. Тіліміздегі лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір ғана мағынамен шектеуге болмайды.
Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді, омоноим, синоним, антоним сөздерді меңгерту олардың қазақша сөйлеу тілінің қалыптасуына, өз ойларын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе білуіне ықпалын тигізеді.
Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1980
-
Текучев А.В. Методика преподавание русского языка. М., 1980
-
Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. Алматы, 1989
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются методы обучения русской аудиторий казахскому языку.
12 ЖЫЛДЫК ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАКСАТЫ МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
Шарипходжаева Ж.Б. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады:
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.
12 жылдық жалпы орта бідім берудің құрылымдық-мазмүндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде үйымдастырылды:
-
жеке түлғаның жас кезендерінің ескерілуі;
-
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
-
окытудың сабақтастығы;
-
әрбір окыту сатысының даралығы.
12 жыддық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру денгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялык, педагогикалык, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке окытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты
Жалпы орта білім беру (1—4-сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту ұзақтыгы — 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар — окушының өзін-езі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни окытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылы-ғын арттыру, кіші жастағы окушылардың біртұтас оку әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалык қалыптасуын, оның қабілеттерінің түтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте кажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шы-ғармашылықпен ойлау элементгерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізде-рінің болуына ыкпал ететін оку әрекетін ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5—10-сыныптар)
Оқыту ұзақтыгы — 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары — негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық катынастар мәдениетін, тұлғаның біртүтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бүл сатыныд ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік окытуға саналы тандау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3-саты
Жалпы орта білім беру (11~12~сыныптар)
Оқыту ұзақтыгы —- 2 жыл
Үшінші сатының бағдары — жалпы орта білім берудің сонғы кезеңі болып табылатын, окытудын саралануы мен даралануына, окушылардын білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін талабымен, кызығушылык ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік окытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік окыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, каланын, ауданның сұранысын ескере отырып аныкталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
Материалдык-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оку-әдістемелік камтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік окыту төмендегі үйымдастыру ны-сандары бойынша карастырылады:
Бір бейінді мектеп —бір бейінді оқытуды іске асыру.
Көп бейінді мектеп — бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді окыту сыныптары.
Өңірлік ресурстық орталық — материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті,басқа мектептер бейіндік окытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО (жоғары оку орындары), колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан үйымдастырылуы мүмкін. (Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстык орталык — айналасындағы мек-тептердің материалдық-техникалық, оку-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толықканды база мен бейіндік окытуды қамтамасыз ете алатын, куатты білім беру үйымдарының бірлестігі.)
Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстык БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
-
ауыл оқушыларына арналған бейіндік окытудың барлык түрі ұсынылған мектеп-интернат;
-
интернат типіндегі пансионат — шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды тандаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына карай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.
-
12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык тех-нологиялары үйлесімді кабысқан мұғалім мен окушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.
12 жылдық мектепте окытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:
-
жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
-
күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
-
ашықтығы;
-
интерактивтігі.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мүғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.
Мүғалім кызметінің мақсаты (окыту):
-
білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) максаттарын ескере отырып, оқу процесінің накты мақсаттарын жобалау;
-
оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;
-
оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;
-
оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда акпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;
·- оқушының оку материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;
-
окушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жакын зонасына жетуі);
-
құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу,
қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта күру;
-
оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;
-
ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уакытында түзету;
-
Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):
-
жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, карқыны);
-
әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оку мен әлеуметтік кұзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
-
оқу жағдайларын шешуге немесе кұзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;
-
жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-
әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, интернет желісі және т.б.) берілген мүмкіндікті қолдану.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, "Оқулық" республи-калық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді баскару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада 12 жылдык жалпы орта білім берудің максаты мен күтілетін нәтижелері туралы айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о целях и ожидаемых результатах 12 летнего общего образования.
Достарыңызбен бөлісу: |