Қазақ мемлекеттік қыздар


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ



бет5/17
Дата10.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#126244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жиенбаева С.Н.- п.ғ.д., профессор;

Абдурахманова М.– магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.

Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардыңпсихологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мүмкіндігін анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:

– «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;

– құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;

– құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;

– құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады.

Психология ғылымының «кәсіби маңызды сапа» немесе «іскерлік және тұлғалық сапа», сонымен қатар белгілі үш таған: білім, білік, дағды ретінде де түсіндіріледі. Елімізде 2000 жылдың басында «құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту» тұжырымдамасы ресімделіп, бұл жұмыстың көптеген қолдаушылары мен келісімге келмейтін қарсыластары да пайда бола бастады. Осы тұжырымдамаға қатысты пікірталас әлі күнге дейін басылмай, таласты пікірлердің тууына себепкер болуда. Сондықтан бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік тұғырының маңызы зор. «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Сол себепті мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде, құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәденижиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.

Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарт бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.

Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, ересек топтағы балалардыңтанымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:

- өлі табиғатта бейнеленуі;

- тірі табиғатта бейнеленуі;

- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;

- жеке санамен сезінуі;

- қоғамдық санамен сезінуі. Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады. Сонда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзерттілігі – қоршаған орта туралы білімі, , сенсорлық мәдениті, оларды қолдану біліктілігі, дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы.. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Білім туралы. Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. -Алматы: Литера, 2007. ~96б.

  2. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы.

3. Тубельский А.Н. Детско-взрослые сообщества как субъект компетентностного содержания обрования.// Материалы конференции. www/conf/ krasu

4. Рыжков М.В. Ключевые компетенции: возможности применения. // Стандарты и мониторинг в образовании. – 1999, – № 4. –С. 21–22.

5. Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста// Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – С. 35–37.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются вопросы формирования познавательной компетентности детей дошкольного возраста.




МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жиенбаева С.Н.- п.ғ.д., профессор;

Омарова М.– магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген. Бұл межелі міндет мектепке дейінгі ұйымке дейінгі кезеңнен басталып, жаңа бағыттары қарастырылуда.

Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім жаңа мазмұнмен байытылып, мектепке дейінгі ұйымке дейігі баланың қабілеттерін дамыту, оның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалып отыр.

«Балапан» бағдарламасында «Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арналған 404 мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды». Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда. Əрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-əдістемелік кешендер əзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).» делінген.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сабақ жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған жүйе адамды субъект, өз өмірін жасаушы қалыптастыруға мүмкіндік береді; балаларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т.б.) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Шығармашылық мәселесі адамзатты ежелден – ақ толғандырып келген және қазіргі күнге дейін түбіне жеткен жоқ. Берілген сұрақтың философиялық шешімі шығармашылықты жаңа дүниенің туындысы деп қарастырып, шығармашылық акттың мәнін түсіндіргісі келеді.

Тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық теориялық таным деңгейінде, ойлаудың жоғары сатысында іске асатындығы В.Бердяев, М.М.Бахтин, Э.Г.Юдин, А.Спиркин, М.Попани, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Г.Нұрышева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, адамның ақиқат өмірдегі өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен ізденуінен туындайтын жаңа тұлғалық сапаларының көрінуі деп тұжырымдалған. Оның ішінде В.Бердяев адамның шығармашылық дамуы іс-әрекет арқылы өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан түсіндіреді. А.Г.Спиркин шығармашылықты келесі түрде анықтайды «...... бұл практикалық және ойлау қызметі, керемет әрі қайталанбас құндылықтар жасау, жаңа фактілерді, қасиеттерді, заңдылықтарды, сондай-ақ зерттеу әдістерін анықтау осы қызметтің нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда мынаны атап өту қажет: мәдениет тарихи жағынан алғанда жаңа болып келсе, жаңалық обективті әрі әлеуметтік жақтан маңызды болғаны, ал егер ол автор үшін ғана жаңа болса, жаңалық субъективті әрі қоғамдық маңызға ие болмағаны». Автор бұл анықтамада шығармашылық процестің объективтілігін бөліп көрсетеді. Біз шығармашылық, адамның процесс барысында қоғамдық маңызы бар жаңаны танитын, ашатын, ойлап табатын, жасап шығаратын қызметі деген жалпыға танымал көзқарасты қолдаймыз. Шығармашылықтың мәні жаңаны, озатты, ілгерішілдікті көре білу деп анықтама бергенді қолдамаймыз. Біздің ойымызша жаңаны көру, іздестіруге түркі болады, ал шығармашылық әрекет жаңаны жасауды көздестіреді. Шығармашылық негізінде өнімді қызмет деген ұғыммен келісе отырып, сонымен қатар біз кез-келген шығармашылық процесс өзіне қайта құру әрекетін де кірістіреді, әр жасампаздығының өзіндік ерекшелігі болды деп есептейміз.

Қабілеттің табиғаты мен шығу тегі туралы екі түрлі көзқарас белгілі: олардың бірі (Р. Декарт, Г.В.Лейбництен басталады) қабілеттіліктің туғаннан пайда болатынын сипаттап, бұл ақылдың қасиеті деп түсіндіреді. Басқасы (Дж.Локк және оның ізбасарлары) өз өмірінің сыртқы шарттарына тәуелділігі туралы тезистен шығады. Біз ғалымдардың пікірінен қабілетті дамытуда іс -әрекет пен тәрбие беруде шешуші рөлді тану қажет деп есептейміз, бірақ олардың табиғи негіздерін бағаламауға болмайды, ересек топтағы балалардың қабілетін дамытуға байланысты педагогикалық іс- әрекетте баланың және оның дарындылығының табиғи ерекшеліктерінің өзіндік даралығына сүйену керек. Әрбір ересек топтағы балалардың мүмкіндігін тиімді қолдану педагогтар мен ата-аналардың өзекті практикалық есебі.

Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың маңызды шарты ересек топтағы балалардың өздерінің мотивациясының болуы керек. бұл олардың әдістемелік, психологиялық және әдістік білім, ересек топтағы балалардың адамзат мәселелеріне қызығушылығының бағытталуымен танысуынан келіп шығады. Осы негізде ересек топтағы балалардың белгілі бір дәрежедегі санының оқу сабағы мен сабақтан тыс уақытта педагогикалық іс-әрекетке қатыстырылуы болып табылады. Осыған орай, біз шығармашылық еңбек әрекетінің мәнін интегративті шебер әрекет (А.М. Новиков) деген түсінікпен байланыстырдық. «Бәрін істей алу дегеніміз не? Бұл қажеттіліктері итермелейтін адамның өз бетімен жағдаятта бағдарланатынын, оны тани білетінін (сонымен қатар қажетті жаңа білімдер алып), объективті заңдар мен жағдайларға сәйкес әрекеттің мақсатын дұрыс анықтай алатынын, қалыптасқан жағдайға, мақсатқа сай нақты әрекет құралдары мен тәсілдерін анықтай алатынын, еңбек ету барысында оларды жетілдіріп, түпкі мақсатына қол жеткізе алатынын білдіреді. Шынында, біз бұл жерде іс-әрекеттің жалпы, тұтас, психологиялық сызбасын келтіріп отырмыз. Барлық аталған компоненттер бірлігінен тұратын осындай іс-әрекетті шартты түрде біріккен (интегративті) деп атайық.

А.Я.Понамарев айтуынша, шығармашылық тетігінің белгілі бір өзара әсерлесу фазалары бар дамытушы өзара әсерлесу. Іс - әрекеттің екіжақты нәтижесімен анықталатын интуитивті механизм шығармашылық негізі болып табылады. Іс-әрекеттің бір бөлігі қойылған саналы мақсатқа сәйкес келе отырып, тура өнім деп аталады, ал екіншісі мақсатқа сәйкес келмей және саналы ойдан бөлек алынғандықтан, қосымша өнім деп аталады. Оны шығармашылық іс -әрекеттің интуитивті деп аталады. Интуитивті шешімнің ерекшеліктері сезімдік бейне, қабылдау тұтастығы және санадан тыс нәтижені алу болып табылады.

ТМД елдеріндегі психолог және педагогтар дошкольника (Б.В. Асафьев, Л.А. Венгер, Н.А. Ветлугина, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Д.Б. Кабалевский, Н.Н. Поддьяков, Б.М. Теплов және т.б.) шығармашылықты баланың тұлғалық сапасы, әрбір баланың қабілетін дамытуға бағытталған табиғи іс-әрекеті, өзіндік құндылығы ретінде қарастырды.

Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім беру теориясы мен практикасында түрлі көркем әрекетінде баланың шығармашылығын дамыту тәжірибесі жинақталған. Дегенмен, жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартында өнімді және көркем іс-әрекеттер нәтижесі шығармашылық құзыреттілік деп таңдалған. Зерттеулер бойынша шығармашылық құзыреттілік тек студенттерге тән білім нәтижесі, тіпті мектеп жасындағы оқушылардың білім беру нәтижесі ретінде қарастырыл зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан бұл білім беру нәтижесі мектепке дейінгі балалар үшін ауыр салмақты нәтижесі тәрізді деп тұжырымдаймыз.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы. Астана. 2007

2 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.Астана 2010

3 Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен өамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы. Астана 2010.

4. Доналдсон М. Мыслительная деятельность детей / Доналдсон М М. - Педагогика, 1985.

 5.  Поддьяков Н.Н. К проблеме умственного развития ребенка // Научное творчество Л.С.Выготского и современная психология. Тезисы докладов Всесоюзной конференции. М., 1981. С. 128-130.

6. Поддьяков Н.Н. Творчество и саморазвитие детей дошкольного возраста: Концептуальный аспект. Волгоград, 1995.

7. Уродовских Г.В. Активизация процесса формирования творчества у дошкольников в конструктивной деятельности // Особенности обучения и воспитания детей дошкольного возраста. М., 1987.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье раскрываются пути развития творческих способностей детей дошкольного возраста.


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жаспанова Т.Қ. – аға оқытушысы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған.

Халықтық педагогикадағы қазақтың салт-дәстүрлері жеке басты көркемдік рухани дамытуда эстетикалық тәрбиенің атқарар қызметі өте маңызды. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерді пайдалану проблемасын шешу қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде жүргізілген. Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу эстетикалық тәрбиеге де тиісті болып отыр.

Қазақ этнопедагогиксының қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Бастауыш сынып оқушыларын жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манері, дене қимылы, т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек /1/.

Қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар - арақ ішу, темекі, анаша. шегу бұл эстетикалық талғамның төмендігі, яғни эстетикалық тәрбиенің өз дәрежесінде еместігін көрсетеді.

Эстетикалық тәрбие мәдениетке бастайды, онсыз қоғам дамымайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңы», «Эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында» көрсетілгендей төменгі сынып оқушыларына эстеиткалық тәрбие мен көркем білім беру аса маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі.

Балаларды халықтық педагогика арқылы эстетикалық тәрбиелеу ісі мектептегі тәрбие жұмысының барлық саласында, бейнелеу өнері, музыка пәндерінде шешіледі және бұл жалпы педагогикалық міндет болып табылады.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйлесімдік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды. Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.

Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.

Бастауыш сынып оқушысының түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Ұлы Абай өнерді тән азығы және жан азығы деп екіге бөлген. Осындай көркем өнерді жан азығына балауы, яғни көңіл-күйге, сезімге қатты әсер етеді.

Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов үлкен өнер иесі болғаны анық. Онын қабылдауынша, нақтылы өңірде өсіп-жетілген халықтың ұлттық болмысына өзін қоршаған аймақ пен өлкенің табиғат жаратылысының бітімі тікелей әсер етеді.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:

1. Эстетикалық қабылдауды - табиғаттағы, өнердегі қоршаған өмірдегі әсемдікті қабылдауды дамыту;


  1. Эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуді тәрбиелеу;

  2. Өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірге
    эстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.

Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің мәнін және оның көрініс беру заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса, ал педагогика адамның осы әсемдікке деген көзқарасын қалыптастыру туралы мәселені шешеді, эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін алға қояды, оқу-тәрбие жұмысының барысында ол міндеттерді шешудің жолдарын белгілейді.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс - әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс - әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс - әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өңдіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұнын өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым -қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой - өрістілік сөйлеу іс - әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл -ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс - әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құкықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс - әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс - әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс - әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өмер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, онын көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзкарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл - ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез қылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай - ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс - әрекеттен және мұраттарға жету жолындғы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс -әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ьнтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімі және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру –эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүйу, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өпері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы оте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін кабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды ездігінен ілтипатты өқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Эстетиткалық тәрбиенің маңызды міндеті- өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін ашу керек. Эстетикалық тәрбиенің ыегізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор ндеялық тәрбиелік роль атқарады Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер жане әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия, кескіндемеде - жанр баталия, пейзаж, мүсінде- бюстт.б.) енгізіледі.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың кұралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарасты қарастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол түтынушы, сұлулық ты жасаушы, адамдар бақыты үшін шығармашылық қызмет кер. Сондықтан өзінің күшін қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгсріс жасау үшін жүмсау керек.

Жемісті еңбектен қанағатануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші дем беруші ретінде пайдалану үшім балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу кажет.

Бақылау және балалармен әңгіме олардың әр қайсысы өте әсем зат жасағысы келетіні көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мүндай жағдайда мұғалім оқушы лар жұмыстар ына көрме үйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыс тығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібімен іс-әрекеті, қоғам дық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

  2. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

  3. Әбілова 3, Қалиева Қ. «Этнопедагогика» Алматыб 1999

  4. Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері» Алматы, 1995

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье раскрываются особенности народной педагогики в эстетическом воспитании учащихся начальных классов.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет