Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 69. Сан есімнің синтаксистік қызметі



Pdf көрінісі
бет152/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

    Бұл бет үшін навигация:
  • Екеуі
§ 69. Сан есімнің синтаксистік қызметі 
 
 
Сан есім сөздері көбінесе зат есім сөздерінің алдында ешқандай 
қосымшасыз қабысы байланысып, дара тұрып та, күрделі немесе қосарланып 
тұрып та анықтауыш болады. Мысалы: Осы күні бұл университетте алыс 
және таяу шетелдерден келген 650 қыз бен жігіт оқып жүр. Қырқыншы 
жылдарда кеңес жастары арасында дүрілдеп тұрған белгілі жыр (Ғ.Сл.). 
Солардың артынан үйге үш-төрт орта жастағы жеңгейлер, аналар кеп 
кірді (М.Ә.). Бұл сөйлемдердегі 650 деген есептік сан есім н е ш е ? деген 
сұраққа жауап беріп, қырқыншы деген реттік сан есім н е ш і н ш і ? деген 
сұраққа жауап беріп, үш-төрт деген болжалдық сан есім қ а н ш а ? деген 
сұраққа жауап беріп , өздерінен кейінгі зат есімдерді анықтап тұр.
Топтау сан есімдері сөйлемнің етістік баяндауыштарымен немесе етістіктен 
болған өзге мүшелермен байланысып, көбінесе пысықтауыш болып келеді.
Мысалы: Абай бұл үйге кіргенде әр столдың басында екіден-үштен отырып, 
кітапқа үңілген жастарды байқады (М.Ә.). Бұл сөйлемдегі екіден-үштен 
деген топтау сан есім қ а л а й  ? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш 
болып тұр. 
Жинақтық сан есімдер зат есім сөздерінің алдында келіп, тіркесіп айтыл-
май, не зат есімнің соңынан айтылып, не заттық ұғымға айналып дара қолда-
нылатын болғандықтан атау тұлғада ешқашан анықтауыш болмайды.Зат есім 
сөзінен кейін айтылып, сөйлемнің соңында келсе, баяндауыш болады да
заттық ұғымға айналып дара айтылса, атау тұлғада тұрып бастауыш болады. 
Мысалы: 1) Екеуі сол жаққа жөнеле берді (Е. Сл).2) . Алтау ала болса, 
ауыздағы кетеді, төртеу  түгел болмса, төбедегі келеді (М.М.). Бұл 
сөйлемдердегі екеуі, алтау, төртеу деген жинақтық сан есім сөздері атау 
тұлғада, заттық ұғымда дара айтылып бастауыш болып тұр. 
Сан есім сөздері зат есім сөздерінің алдында келіп тіркесіп айтылғанда, 
ешқандай қосымшаны қабылдамай, өзгеріссіз қалып отырады да, сөйлемде 
анықтауыш мүше болады дедік. Ал сан есім сөзі зат есімге тіркесіп айтыл-май
заттық ұғымға айналып, жай арифметикалық белгі ретінде қолданы-латын 
болса, зат есімнің үлгісімен көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. 
Сан есімнің көптік, тәуелдік, септік жалғауда қолданылған түрлері сөйлем-
де орнына, тұлғасына қарай бастауыш та, анықтауыш та, толықтауыш та, 
пысықтауыш та болады, жіктелген түрлері баяндауыш та болады. Мысалы: 


 1) Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп ( М.М.). 2) Сонда мен ойлап-
ойлап қырыққа тоқтағам (Ғ. М.). 3) Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы 
шықпас (М.М.). 4) Ат баспаймын деген жерін үш басады (М. М.). Бұл 
сөйлемдердегі алтау, бесеу деген жинақтық сан есімдер атау тұлғада келіп 
бастауыш, қырыққа деген есептік сан есім барыс жалғау тұлғасында 
келіптолықтауыш, жалғыздың деген сандық мағынаны білдіретін есім сөзі
ілік жалғауында келіп анықтауыш болып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет