Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет310/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

199-жаттығу
  
Мәтінді оқып шығыпдар. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы шартты 
райлы етістіктен болған сабақтас сөйлемдерді теріп жазыңдар да,бағыныңқы сөйлем мен 
басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым-қатынастарын түсініңдіріңдер. 
Жылқы етінің өзге малдың етінен күштілігі туралы Мақан толып жатқан 
кеңестер айтады. 
- Мысалы, - дейді ол, - осы суықта оттан түскен қазанды қостың іргесіне 
қойшы,егер жылқының сорпасы болмай,басқа малдың сорпасы болса, 
бетіндегі майы лезде тобарсып қата қалады. Ал жылқының майы үскірік суық 
болса да, қатпай балқып тұрады. Неліктен осылай? Әрине, жылқы етінің өзге 
еттен күштілігінен. Жылқының сорпаға шыққан майы ғана емес , етінің де 
майы қатпайды. 
- Қойдың,сиырдың немесе түйенің етін тоя жеп көр, – дейді Мақан, - екі-үш 
күнге шейін кекіргің азып ауырасың , күпті боласың. Ал жылқының етін 
қанша тойып жесең де , бойыңа сіңіп,қарның лезде ашады. Ол да жылқы етінің 
адамға өзге еттен тез ас болатындығынан. 
- Күшті сүт,- дейді Мақан,- күшті еттен ғана шығады. Жылқы етінің өзге 
еттен қуаттылығынан тағы бір мысал мынау: малдың денесіне жаздыгүні 
жара түссе, шыбын қонып құрттайды. Жылқыдан басқа малдың құрттаған 
жерін емдемесең, құрт ішіне түсіп өліп қалады. Ал жылқы құртасса, қашан ісік 
желініп болғанша , құрт жүреді де,таза етіне жеткенннен кейін өліп түсіп 
қалады.Олай болса ,оның тірі күніндегі етінің өзі өзге малдың етінен 
анағұрылым қуатты (С. М. ). 
 
§ 152. ДЕ көмекші етістігі тіркесіп айтылуы арқылы байланысқан 
бағыныңқы сабақтас сөйлем 
Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемге енген бағыныңқы сөйлем мен 
басыққы сөйлемнің синтаксистік байланысы бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауышы де көмекші етістігі тіркесіп айтылған сөз тіркестері арқылы да 
көрінеді. Мысалы: 
1) Ол кебісін кием дегенше, әу дейтін жерге зытып кеттім. (С. К.)
2) Егер сен осыған иә десең, Нұрланның мойнын бұрап көндірем. (Ғ. М.)
3) Сені боран айдап кетті ме деп, біз қорқып едік. (Ғ. Мүсір.) 
Бұл үш сөйлемнің әрқайсысы — бір бағыныңқы, бір басыңқы сөйлемнен 
құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер. Олардың бағыныңқы сейлемдері де 
көмекші етістігі тіркесіп айтылған сөз тіркестері арқылы басыңқы сөйлеммен 


байланысып, құрмалас сөйлем жасалып тұр. Бағыныңқы сөйлемдер мен 
басыңқы сөйлемдердің мағыналық арақатынасы де көмекші етістігінің 
морфологиялық тұлғасына қарай әр түрлі болып келіп түр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет