Ќазаќстан экологиоясы



бет20/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

«Қышықыл жауындар» - атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SО2)-пен азот тотығы (NO, азот қостотығы NO2) және азот тетрооксиді (N2O4).
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, бір млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып, әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95 % - көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 45 % - автокөлік, 30 % - электростанциялар, 20 % - өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, оған жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе және өкпе тыныс жолдарының ауыруларынан зардап шегеді.
«Смок» (улы тұмшалар). Смок – ағылшын сөзі – түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұшаның екі типі бар.

  1. Лондондық тұмша типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смок) тұмшалап 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті.

  2. Фотохимиялық тұмша. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, азон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұмша алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анжелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул,Афин, т.б. қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.

Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Оның зардаптары төмендегі жинақталған кестеде көрсетілген. (2-кесте).

2- кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет