Тақырыбы: Каспий теңізі экожүйелері
Каспий теңізі жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі 380 мың км квадрат. Каспий теңізі Олтүстіктен Оңтүстікке қарай 1030 км, Батыстан Шығысқа қарай 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континентальды, ал, Оңтүстік Батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз. Каспий теңізі Европа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. өсімдіктер мен жануарлар түрі өте көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы түрлердің басты көпшілігі эндемиттер. Каспиий айдыны өзінің табиғат ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың – 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Теңіздің құнды байлықтарының бірі бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 пайызы осы теңіздің үлесіне тиеді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтардың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі құстардың да сүйікті мекені. Теңіз жағалдауларында 3-3,5 млн. құстар қыстап қалса, онда жыл құстарының саны 10-12 млн жетеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірді тартылуы, жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген, оның себебін табиғи құбылыстармен антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 пайызын құрайды. Сондықтан теңіз суының толасуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болады. Соңғы жылдары теңізден қара бұғаз көл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адамзат баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуынан болатын. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері туралы мысал ретінде айтуға болады. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсіне бастады. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуіне антропогендік факторлар әсер еткен. Оның да себебі бар еді. өйткені осы жылдар аралығында теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 пайызға, Жайықтан 24 пайызға ал Тректен 60 пайызға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара бұғаз көлді теңізден бөлу үшін 100 бөгет салынып, бұғаздың суы небары үш-ақ жылдың ішінде кеуіп кеткен, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. әсіресе, теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. 1978 жылдан бастап, теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. ХХ ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуімен 100-ден астам мұнай бұрғылары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екені дәлелденді. Каспиий теңіз суының көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызды. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар. Су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалауларының фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Ьалықтардың уылдырық шышу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліктің азайып қалу проблемасын туғызып отыр. Мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан ары шиеленістіруге жол беруде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр. Каспий суының табиғи құрамы өзгеріске ұшырауда.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы Атырау қаласының тұрғындарының да денсаулығына әсер етіп отыр. Атырау облысындағы өзен-көлдер мұнай-кен орындарынан ұшып барған лас ауаның әсерінен бүлінуде. Улы заттар ауа, су және топырақыт ластауда. Осы аймақтардағы малдар уланған су мен күкірт қалдықтары қонған шөпті жейді.
Каспий теңізінен мұнай өндірудің мемлекеттік бағдарламасы бір жақты негізде құралған. Онда «Мұнайды неғұрлым мол өндірсек, ел экономикасы сол құрлым қарқынды дамиды» деп айтылғанмен, экологиялық мәселесі назардан тыс қалды.
Егер 2015 жылы Каспийдегі 1100 мұнай ұңғымалары бір мезгілде жұмыс істейтін болса, 8 баллдық күші бар жер сілкінісі болуы мүмкін. Жалпы Каспий теңізінің 268 млн. гектар жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан ары етек алуда.
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиылық проблема. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстанға ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Иран республикасына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің флорасы мен фаунасын сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде де көтерілген.
Каспий теңізін қоршаған теңіз ортасын қорғау жөніндегі Үлгілі конвенциясы және басқару іс-қимылдарының өңірлік стратегиясы. Каспий теңізінің коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерінің Каспийдің экожүйесін қорғауы жөніндегі алдағы іс-шараларға қатысты өзара ортақ іс қимыл бойынша негізгі бағыттарын айқындауда. Каспий теңізінің Қазақстндық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында теңіз және жағалау маңындағы экожүйелерге залал келтірместен, көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу геодинамикалық мақсаттарды іске асыру, иесіз мұнай ұңғыларын және басқа да байырғы ластануларды жою, мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алмай көмуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделуде.
СӨӨЖ тақырыптары:
Топырақ биосферада қандай міндеттерді шешеді.
Қазақстанның жер ресурстары, олардың құрылымы.
Топырақ эрозиясының типтері, олардың пайда болу себептері.
Жер рекультивациясы. Олардың этаптары және жолдары.
Жер қазба байлықтары. Оларды тиімді пайдалану.
Топырақтың ластануы және оның себептері.
Гидросфераның биосфера тіршілігіндегі рольі.
Мұхиттың климатқа әсері.
Су қоймалары мен өзендердің ластануының негізгі жолдары.
Климат және адам
Табиғи судың химиялық ластануы
Мұхиттардың ластануы.
Қалдықсыз өнеркәсін.
Жер атмосферасының химиялық құрылымы.
Адамның климат пен ауа райына әсері.
Атмосфераның ластануның негізгі жолдары.
Атмосфера ластануының халыққа және флораға әсері.
Атмосфералық ауаны тазалаудың жолдары.
Ауа бассейінін қорғау.
Атмосфера ауасының зиянды қалдықтармен ластануы.
Атмосфераның ластануының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Қазақстан ауа бассейінінің жағдайы.
Атмосфера ауасын тазалаудың негізгі тәсілдері.
Қоршаған ортаңың химиялық ластануы.
Атмосфераның радиациялық ластануы.
Лабораториялық сабақтардың негізгі мазмұны (сағат саны 15)
№
|
Тақырыптар . Бақылау сұрақтары.
|
Сағат саны
|
1
2
|
Модуль 1
Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық жағдайы.
Географиялық (ландшафттық) зоналар мен биіктік белдеулері.
|
1
2
|
3
4
5
|
Модуль 2
Ауа бассейінінің экологиялық проблемалары
Су ресурстары. Олардың экологиялық жағдайы.
Топырақ ресурстары, олардың экологиялық мәселелері.
|
2
2
2
|
6
7
8
9
|
Модуль 3
Сырдария өзені мен Арал теңізі бассейндері.
Каспий теңізі жүйелерінің ыдырауы.
Іле-Балқаш бассейінінің экологиялық проблемалары.
Қазақстан өзендерінің экологиялық проблемалары.
|
|
10
11
|
Модуль 4
Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың зардаптары.
Әскери өнеркәсіптік кешен нысандарының экожүйелерге әсері (зымыран полигондары, Байқоңыр космодромы, т.б.)
|
|
12
13
|
Модуль 5
Қалалық ортаның экологиялық проблемалары.
Қазақстан республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың жалпы және өзіндік экологиялық проблемалары.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |