36
37
бұзса қазасын өтеуі тиіс. Бұл тұрғыда нәпіл ораза,
нәпіл намаз, нәпіл қажылық, нәпіл ұмра –
бәрінің
үкімдері бірдей.
Оразаны бұзу және оның өтемі
С: Оразаны қандай нәрселер бұзады?
Ж: Әйелін сүюден немесе жанасудан, жалаң
жақындасудын денеден шәһуат шықса не тас, темір,
дән
жұтып қойса, не укол салса, яки мұрнына не
құлағына
дәрі тамызса, асқазанына немесе көзінің
қарашығына дәрі жасап, ішіне жетсе немесе сиқырға
ұшырап таң атпаған деп ойлап, не күн
батты деп
ойлап, тамақ ішіп, кейін олай болмағанын білсе –
осы жағдайларда қазасын тұтады,
кәффарат-өтемін
өтемейді.
С: Еріксіз немесе өзін-өзі күштеп құсса оразасы
бұзыла ма?
Ж: Еріксіз құсса бұзылмайды, өзі-өзі күштеп
ауыз толтыра құсса бұзылады, қазасын өтеуі керек.
С: Қазасы мен кәффаратын-өтемін өтеу қашан
міндетті болады?
Ж: Рамазан айы күндіз, ораза кезінде біле тұра,
әдейі төсек қатынасын жасаса, тамақ жесе немесе дәрі
ішсе, оразасы бұзылады, қазасын тұтып, кәффаратын,
яғни өтемін орындауы міндетті болады.
С: Кәффарат деген не?
Ж: Бір құлды азат ету немесе екі ай бойы үздіксіз
ораза тұту. Бұл екі айда
рамазан мен ораза тыйым
салынған күндер болмауы керек.
С: Рамазан оразасынан басқа ораза түрін бұзса
кәффарат бар ма?
Ж: Рамазан айынан басқа оразаны бұзса кәф-
фарат жоқ. Тіпті, оразасы
рамазан айының қазасы
болса да.
Достарыңызбен бөлісу: