16
17
бойында Құдай Тағаладан қорқу,
тақуалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады.
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді халық
даналығы. Тегінде, тақуалық адам баласының ең
көркем сипаты. Өйткені Құдайдан қорқу сипаты
пендені талай жаманшылықтан сақтайды.
Сондай-
ақ, барша пайғамбарлар алдымен Құдайдан қорқуға
шақырған.
Рамазан айында парасат-пайымы биік пенде
үшін артындағы ғұмыр жолына бір қарап алып,
өткенін
безбендеп,
болашағын
бағдарлайтын
қайталанбас сәт туады. Шындығында,
өз-өзіне есеп
беру тақуа жандардың дағдысы, байыптылардың әдеті.
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Алла бір
қауымды қашан олар өз-өздерін өзгертпейінше
өзгертпейді» (Рағыд, 11). Яғни өз-өзін жақсы жаққа
өзгерту, Раббы Тағала разы болатын бағытқа бұру
ең алдымен
әрбір пенденің ықылас-ниетіне, ерік-
жігеріне, қажыр-қайратына байланысты дүние.
Пенде тура жолға ниет етсе, Алла да оның жолын
жеңілдетіп, сауабын еселейді.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді:
«Зерек – нәпсісін төмен ұстап, өлімнен кейінгіге амал
еткен адам, ал дәрменсіз – нәпсісі мен әуейілігіне еріп,
Алладан шексіз үміттенген адам». Осы хадистегі
«нәпсісін төмен ұстау» деген ұғымды ғалымдардың
бір тобы өз-өзіне есеп беру деп түсіндірген. Яғни
Қиямет күні талқыға түспей тұрып, осы дүниеде өз
ісіңе талқы жасап, есеп беруге дағдылану, сөйтіп, Ұлы
Есеп күніне
өзіндік есеппен, іс-амалды таразылап,
елеп-екшеумен бару.
Өз-өзіне есеп беру ізгі пенделердің дағдысы,
мұсылманнның иманын жаңартып, түлететін ой
таразысы, пікірі мен түсінігін туралап, түзейтін тезі.
Бұл туралы мұсылман
тарихында талай ділмәрлар,
тақуалар түрлі айшықты ойларын айтып кеткен.
Солардың біразы мынадай. Омар ибн Хаттабтан
(р.а.) қалған мынадай мәшһүр өсиет бар:
«Есепке
алынбастан бұрын өздеріңнен есеп алыңдар, оны таразыға
түспестен бұрын таразылаңдар, ең үлкен тексеру күніне
дайын болыңдар, «Сол күні сендер тексерілесіңдер,
Достарыңызбен бөлісу: