8
Сұрақ:
«Рамазанда шайтандар байланады» деген ха-
дис бар екен. Онда неліктен ораза айында адамдар жа-
ман ісінен тыйылмайды?
Жауап:
Бұл хадис имам Бұхари және Мүслим еңбек-
терінде сахаба Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын)
риуаят етілген. Хадистің мәтіні:
«Рамазан айы келсе, жәннат
қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады және
шайтандар шынжырланады».
Рамазан – Құран түскен ай. Бұл айды Алла Тағала ораза
парызымен ерекшелеген. Сонымен бірге, рамазан – жақ-
сылық пен қайырымдылық айы.
Рамазанның құрметіне
аспан (мейірім) қақпалары ашылады. Сондай-ақ,
шайтан-
дар шынжырланады. Бұл – адам үшін үлкен ескерту.
Азғырушы шайтан кісенделген уақытта адам ораза тұт-
пағанына және құлшылық
жасамағанына ешбір сылтау
айта алмайды. Демек, шайтан шырмауда тұрса да,
адам-
ның нәпсісі азғыруы мүмкін. Олай болса, ораза –
нәпсі-
мен күресу және оны тәрбиелеу айы.
Сұрақ:
Рамазан оразасы кімдерге парыз?
Жауап:
Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы
емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Яғни мұсылман
болуы, балиғат жасына толуы, ақыл-есі дұрыс болуы, ораза
ұстауға күші жетуі және тұрғылықты жерінде болуы шарт.
Сұрақ:
Оразаның қандай түрлері бар?
Жауап:
Ораза парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ деп
бөлінеді.
Сұрақ:
Ораза қай уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?
Жауап:
«Бақара» сүресінің 187-аятында:
«Таңның ақ
жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер.
Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін
Рамазан оразасына қатысты