Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы


-параграф. Трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге



бет11/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

17-параграф. Трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге

аудару тәртібі
299. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.

Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде оларды объектілер бойынша бөлместен, бір сомамен аударылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.

Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.

Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.

Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.

Ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдарға осы тармақтың төртiншi бөлiгiн қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;

ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.

Осы Ереженің 61 - тармағында көрсетілген жағдайларда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нысаналы даму трансферттері бойынша Нәтижелер туралы келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 10 жұмыс күн ішінде келіседі. Нысаналы даму трансферттері бойынша Нәтижелер туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру жайлы жергілікті атқарушы органдардың қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

300. Нысаналы трансферттерді аудару осы Ереженің 299-тармағының бірінші абзацында көзделген нормаларды сақтай отырып, жоғары тұрған бюджет бағдарламасы әкімшісі төлеуге берілетін шотты ұсыну негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аударуға төлеуге берілетін шотты беру негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

Жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттердің есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкімшілерінің шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының пайдаланылатын ерекшелігіне байланысты осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

301. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрғанға беруге байланысты шығыстарды арттыруға әкеп соқтыратын заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің залалын өтеген жағдайда, төмен тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.

Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiн қолдану кезеңiнде жергілікті бюджеттердің шығыстарын арттыруға және (немесе) кірістерін азайтуға әкелетін заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілдік және атқарушы органдарының актiлерiн қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң шығыны өтеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердi аударуды белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негiзiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жүзеге асырады.

Трансферттерді аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 01 «Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.

302. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтаруға жатады.

Төмен тұрған бюджеттердiң ағымдағы жылдың нысаналы трансферттерi бойынша да, өткен жылдардың нысаналы трансферттерi бойынша да жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын өтеуді тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшін нысаналы трансферттерді өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшін - нысаналы трансферттерді өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.

Қаражат аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берілетін шот және мемлекеттік қаржы бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді.

Бұл ретте төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбір қайтару бойынша төлеуге берілетін шоттың көшірмесін және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негіздеме хаттың көшірмесін үш күндік мерзімде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.

303. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен және облыстың жергiлiктi атқарушы органы резервiнен бөлiнген нысаналы трансферттердi қоспағанда, қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінiң сомалары келесi қаржы жылында оларды мақсатқа сай сақтай отырып пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкiн.

Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (жете пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттерінiң сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн қайтаруға жатады.

Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттердiң сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердi қайтару» түсiмдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне қайтаруға жатады.

Олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының жылдың басындағы бюджет қаражаты қалдықтары есебiнен қаржы жылында одан әрi пайдалану (түгел пайдалану) туралы шешiмi қабылданбаған, республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердiң сомаларын қайтару тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ҚР ББС түсiмдердiң сыныптама кодына оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн жүргiзiледi.

Жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жөнiндегi төмен тұрған бюджеттiң шығыстары жергілікті бюджетті түзету негiзiнде қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жүзеге асырылатын нысаналы трансферттердi қайтару жөнiндегi шығыстары болып табылады.

Қаражатты қалпына келтiруді және аударуды төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi нысаналы трансферттердi әрбiр қайтару бойынша төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және негiздеме хаттың көшiрмесiн жоғары тұрған бюджетке дейiн жеткiзе отырып, ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиiстi бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.

Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджеттi нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезiнде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшiн төмен тұрған бюджеттер белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттi нақтылауды (түзетудi) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының тиiстi кодынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етедi.

304. Жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жалпы сипаттаға трансферттердің көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихаттың шешімімен) тиісті қаржы жылының соңына төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасынан белгіленген соманың артық сомасын қайтару тиісті бюджеттің түзету және оларды бөлген тиісті жоғары тұрған бюджеттің кірісіне бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына түсімдер сыныптамасының кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүргізіледі.



18-параграф. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
305. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.

306. Келісім:

шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;

нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер;

жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;

тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптар.

307. Келісім бір қаржы жылына осы Ереженің 112-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:

жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің және оған уәкілетті лауазымды тұлға;

республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілген нысаналы трансферттерді одан әрі бөлген жағдайда, аудандар бюджеттері (облыстық маңызы бар қалалар) арасында облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы мен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі арасында жасалады.

308. Келiсiм әрбiр нысаналы трансферт бойынша жеке жасалады:

нысаналы даму трансферттерi бойынша бiрнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда, 2 және 3-қосымшалар инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде толтырылады.

Бiрнеше нысаналы трансферттер бойынша бiр Келiсiмдi жасауға жол берiледi.

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органнан шарттарды тіркеу және төлем жүргізу рұқсат берілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен хабарландыру хатының көшірмесін алғаннан кейін, 10 жұмыс күні ішінде аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасайды.

Жаңа жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыруға жоғары тұрған бюджеттен қосымша дамуға арналған нысаналы трансферттер бөлінген жағдайда аталған нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыруы немесе жергілікті бюджет жайлы мәслихаттың шешімі туралы қаулысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін бір ай ішінде жасалады.

309. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер:

1) Келісім жасасу кезінде мақсаттарды, міндеттерді, тікелей және соңғы нәтижелерді ескерген жөн, онда:

«Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсаттары көрсетіледі;

«Міндеттері» деген 2.3-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткізуге бағытталған міндеттері көрсетіледі;

«Тікелей нәтижелер» 2.4-тармағында нысаналы даму трансферттері бойынша ағымдағы қаржы жылына жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған бюджеттік өтінімге сәйкес нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялардың атаулы тізбесі көрсетіледі. Бұл ретте ұзақ сипаттағы объектілерді іске асырған жағдайда ағымдағы қаржы жылына орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ал оларды аяқтаған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аяқталған инвестициялық жобалардың атаулары көрсетіледі.

«Түпкілікті нәтижелер» деген 2.5-тармақта бюджеттік бағдарламаның және мемлекеттік орган қадағалайтын саланың (жүйенің) мақсатына қол жеткізуге тура нәтиженің әсер ету деңгейі (дәрежесі) көрсетіледі.

Түпкілікті нәтижені айқындау кезінде саладағы (қызмет аясындағы) бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты проблемалардың шешілуін көрсеткен жөн.

2) Келісімнің 1-қосымшасын толтыру бойынша:

Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы аралық есепте тікелей нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының белгілі бір уақыт кезеңіндегі игерілуі туралы деректер келтіріледі.

Келісімнің 1-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:

«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;

«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;

«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылының жарты жылдығы көрсетіледі;

«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда 1 шілдедегі жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;

«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;

«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:

«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген, жасалған Келісімде көзделген әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі.

«Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жартыжылдық қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны, жұмыстардың орындалу кестесінің сақталуы көрсетіледі, жартыжылдықтағы жұмыстардың орындалуы (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;

«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;

«Жоспар мың теңгемен» және «Іс жүзіндегі орындалуы мың теңгемен» деген бағандарда есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төленген міндеттемелер сомалары көрсетіледі;

«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;

3) Келісімнің 2-қосымшасын толтыру бойынша:

«Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;

«Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;

«Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;

«Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;

«(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;

«Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:

«Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс, жасасқан Келісімде көзделген әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі.

«Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жыл қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны көрсетіледі, есепті жылы жұмыстардың орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;

«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;

«Жоспар мың теңгемен» және «Іс жүзінде орындалуы мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомасы мен ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

«Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;

«Түпкілікті нәтиже» деген жолда:

«Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жасасқан Келісімде көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни, кол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуде күтілетін әсері көрсетіледі.

«Нәтижелерге нақты қол жеткізу» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблема қаншалықты шешілгені көрсетіледі.

«Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады;

4) 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген есептерге еркін нысанда толтырылған, нысаналы трансферттер есебінен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешілуі, қол жеткізілген мақсаттар, нәтижелердің көрсеткіштері туралы түсіндірмелерді қамтитын талдамалық жазба қоса беріледі.

Талдамалық жазба облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есепті кезеңдегі жұмсалуының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген мақсаттар мен нәтиже көрсеткіштерінің талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу негіздемелері және себептерімен бірге нысаналы трансферттердің игерілген және игерілмеген сомаларының сипаттамасы қамтылады;

Қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалық жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі;

5) Келісімде дамуға арналған нысаналы даму трансферттерінің бағытына қарай басқа да ерекше, заңнамаға қайшы келмейтін (міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, Келісімге өзгерістер енгізу шарттары) шарттар көзделуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет