Бөлімшелердегі топтық үдерістерді зерделеу бөлімшелер командирлерімен және олардың орынбасарларымен бірлесіп психологиялық жұмыс мамандарының күнделікті тіршілік әрекеті үдерісінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Ішкі топтық үдерістерді зерделеу социометрия және сұрастыру әдісімен жылына 2 рет жүргізіледі. Жаңадан қалыптасқан бөлімшелерді зерделеу олардың жасақталуынан кейін 4 – 6 аптадан ерте емес уақытта жүргізіледі.
1) жекеаралық қатынастардың құрылымын айқындау;
2) әр топ мүшесінің мәртебесін анықтау;
3) топтық ұйымшылдықты және үйлесімлідікті бағалау.
Зерделеу нәтижелері баяндама (баянат) түрінде әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) ұсынылады, онда бөлімшенің атауы, зерделеуге жататын негізгі бағыттар, айқындалған мәселелердің сипаттамасы, қорытындылар мен ұсыныстар ұсынылады.
Командирам подразделений, в которых проводилось изучение групповых процессов результаты, выводы и рекомендации доводятся под роспись. Содержание полученной информации не разглашается.
Бөлімшелер командирлері және олардың орынбасарлары, сержанттар моральдық-психологиялық климатты жақсарту, қолайлы жекеаралық қатынастарды қалыптастыру, басқарушылық қызметті жетілдіру, әскери тәртіпті, ұйымдастырушылық пен құқық тәртібін бекіту, экипаждар мен есептоптарды ұтымды жасақтау үшін өз жұмысында бөлімшелерде ішкі топтық үдерістерді зерделеу нәтижелерін пайдаланады.
Әскери ұжымдарды зерделеу үдерісінде алынған ақпарат құпия сипатқа ие және жеке құрамның арасында таратуға жатпайды.
4-параграф. Жауынгерілк кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметін психологиялық сүйемелдеу
Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтерін психологиялық сүйемелдеу (бұдан әрі – психологиялық сүйемелдеу) әскерлер қызметін ұйымдастыру бойынша лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасауда психологиялық жұмыс мамандарымен жүргізіледі.
Психологиялық сүйемелдеу үдерісінде мынадай міндеттер шешіледі:
жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтерін атқаруға төмен жүйкелі-психикалық тұрақтылығы және психикалық денсаулық белгілері бойынша басқа да қарсы көрсеткіштері бар адамдарды жібермеу;
кезекші есептоптарды, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметіне түсетін ауысымдарды қалыптастыру бойынша психологиялық ұсыныстарды жасап шығару;
түрлі жедел жағдай шарттарында іс-қимыл жасау кезінде психологиялық тұрақтылық пен әзірлікті қалыптастыру;
жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтерін атқару барысында жеке құрамды психологиялық қолдау;
жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтерден ауысқаннан кейін әскери қызметшілердің психофизиологиялық денсаулығын қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу.
Психологиялық сүйемелдеу төрт кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең – ұйымдастырушылық.
Психологиялық жұмыс мамандары әр оқу-жаттығу кезеңі басталмас бұрын:
жеке құрамның психологиялық зерделеуін және бөлімшелердегі жекеаралық қатынастарды жүргізеді. Зерделеудің қорытындылары бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) штаб бастығына жауынгерлік кезекшілікті, қарауыл және ішкі қызметін атқару үшін ұсынылмайтын әскери қызметшілердің тізімдерін ұсынады. Осындай қорытынды үшін әскери қызметшілердің жүйкелі-психикалық тұрақтылығы мен моральдық қалыптылығының төмен деңгейі негіздеме болып табылады. Жеке құрамды зерделеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес «Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметін атқаруға жеке құрамды психологиялық тұрғыда тексеру актісін» құрады;
тоқсан сайын жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтер ауысымдарының құрамдарына жаңадан тағайындалған жеке құрамның жеке психологиялық қасиеттерін зерделеуді жүргізеді. Зерделеу қорытындылары бойынша баянат жасайды және бөлім командиріне жауынгерлік кезекшілікті, жауынгердік, қарауыл және ішкі қызметін атқаруға жіберілген жеке құрам туралы баяндайды;
жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметтерін атқаруға жіберілмеген адамдармен психотүзету іс-шаралар кешенін жүргізеді. Жүйкелі-психикалық тұрақтиылықтың және моральдық қалыптылықтың төмен деңгейін көрсеткен әскери қызметшілер қайта зерделеу кезінде жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметін атқаруға жіберілмейді және дәрігерге (психиатрға) кеңеске жіберіледі;
әскери бөлімнің (мекеменің), бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметін атқаруға дайындалу және оның үдерісінде психикалық өзін-өзі реттеу қабылдаулары мен әдістерімен таныстыру және оған үйрету бойынша тәжірибелік жаттығуды жүргізеді.
Екінші кезең – қызметті атқаруға дайындық.
Жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметіне түсу күнінде психологиялық жұмыс мамандары экспресс әдістерін қолдана отырып, психологиялық тексеруді жүргізеді. Тәуліктік наряд құрамынан күнделікті зерделеуге атыс қаруымен түсетін жеке құрам жатады. Психологиялық қызмет мамандары қызметінде және отбасында айрылуды немесе басқа да ауыр жайттарды басынан өткерген, жүріс-тұрысында ауытқулары бар, кінәратты көңіл-күйін білдіретін жоғары даулылықпен ерекшеленетін, сондай-ақ төмен жүйкелі-психикалық тұрақтылығы бар адамдарды қызметті атқаруға болдырмау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Әскери қызметшілердің сезімтал жай-күйі, ұжымдағы өзара қарым-қатынастар сипаты, жеке әскери қызметшілердің арасында даулылық деңгейі бағаланады және жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, ішкі және қарауыл қызметіне түсуге жеке құрам психологиялық әзірлігінің қорытындысы жасалады. Жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауыл, сондай-ақ ішкі қызметіне түсетін атыс қаруы бар жеке құрамды зерделеу нәтижелері күнделікті бөлім (мекеме) штаб бастығының атына баянатпен баяндалады.
Үшінші кезең – жауынгерлік кезекшілікте, қарауылды қызметті атқару.
Психологиялық жұмыс мамандары тікелей жауынгерлік кезекшілікте, қарауылда қызметті атқару барысында жеке құрамның психикалық жай-күйін бағалайды және теріс белгілер айқындалған кезде оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Төртінші кезең – жауынгерлік кезекшілік пен қарауыл қызметінен ауысқаннан кейін.
Психологиялық жұмыс мамандары белсенді, белсенді емес бұлшық ет релаксациясының топтық және жеке тренингісін және жүйкелі-психикалық жүктемені алу бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.