Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет296/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   401
treatise187525

НАТУРФИЛОСОФИЯ – табиғат философиясы. Оның ерекшелігі табиғатқа тұтас күйінде қарап, оны үстүрт пайымдау арқылы түсіндіру. Жаратылыстану мен Н. арасындағы шек, Н-да басқа философия сияқты философия тарихында өзгеріп отырады. Ертеде Н. іс жүзінде жаратылыс- танумен астасып, ежелгі гр. философиясында, әдетте, физика деп аталды. Ежелгі Н. табиғатты қисынды және жанды біртұтас нәрсе деп стихиялы және аңғал-диалект, түсіндіру және микрокосмос (адам) мен макрокосмос (табиғат) ұқсастығының идеясы жатады (Гилозоизм). Н-ның құрамдас бөлігі – космология мен космогония. Н. элементтері тіпті ортағасырдағы схолостикаға да тән, олардың мәні негізінен аристотельдік Н. мен космоло- гия ұстындарын, сондай-ақ ноеплотонизмдегі жарық метафизикасын әлемнің геоцентристік бейнесіне бейімдеу болды. Қайта өрлеу дәуірінде Н. табиғаттың схолостикалық бейнесіне қарсы күресте көне, негізінен,
Н. ұғымдары мен ұстындарын сақтады, бірақ табиғат ғылыми білімнің неғұрлым жоғары дәрежесіне сүйеніп, бірқатар терең материалистік және диалект. идеяларды (мыс., табиғаттың және оны құрайтын дүниелердің шексіздігі идеясын, шексіз үлкен де және шексіз кішкене де қарама- қарсылықтардың үйлесу идеясын (Николай Кузанский, Дж. Бруно) дамыт- ты. ХVІІ ғасырларда жаратылыстанудың бірқатар салалары, ең алдымен матем. мен мех. Н-дан бөлінді, бірақ соңғысы олармен тығыз бірлікте қаралады. Ньютонның мех. мен астр. ұстындарын тұжырымдайтын басты еңбегінің «Натуральды философияның матем. негіздері» деп аталуы тегін емес. ХVІІІ ғ. фр. және евр. Ағарту мен материализм философиясында Н-ның өткен жүз жылдың ішіндегі қол жеткен нәтежиесімен салыстырғанда өрісі кеңіп, тереңдеген барлық ғылымдардың энцеклопедиялық байланысы идеясын ұсынған болатын. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Шеллинг Н-сы үлкен роль атқарады, ол табиғат күштері бірлігің идеясын айқындады. Оның ізбасарларының бірі Л. Окен органик. дүниені дамыту идеясын ұстанды. Кейін (ХІХ ғ. аяқ кезі мен ХХ ғ. бас кезі) артқа қарай ондай қадам- ды В. Оствальд, Авенариус, Т. Липис, Дриш және ең жаңа жаратылыстану дағдарысын Н. көмегімен жеңуге тырысқан басқа да кейбір идеалист философтар жасады. Н. элементтері эмердженттік эволюция теориясында, Н. Гартманның «Сын онтологиясында» байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет