Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Б.Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу», «Әдебиет 
тарихын зерттеудің кейбір мәселелері»; филология ғылымдарының 
докторы, профессор Х.Сүйіншәлиевтің «VІІІ-ХІV ғасырдағы 
әдебиет», «Көне түркі жазба ескерткіштері», «Қорқыт ата кітабы», 
«Оғыз нама», «Диуани лұғат ит-түрки» – көне түркі поэзиясының 
тұңғыш жинағы», «Құтадғу білік» – даналық дастан», «Ахмет 
Иүгнеки» (ғылыми түсініктемелерін, қосымшаларын жазған аға 
ғылыми қызметкер Б.Тоекина); филология ғылымдарының докторы, 
профессор М.Жолдасбековтің «Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.), 
«Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты», «Орхон ескерткіштері 
және қазақ эпосы», «Орхон ескерткішіне тән қасиеттер», «Орхон 
ескерткіштерінің көркемдігі» (ғылыми түсініктемелерін әзірлеген 
бас ғылыми қызметкер А.Әлібекұлы, қосымшаларын жазған кіші 
ғылыми қызметкер Н.Құдайбергенов); филология ғылымдарының 
докторы, профессор А.Қыраубаеваның «Аударма – нәзира әдебиет», 
«Тыңтума әдебиет. Махаббатнама», «Қисса дастандардың мифтік 
негіздері», «Түрік әдебиетіндегі Оянушылық және нәзира дәстүрінің 
тууы» (ғылыми түсініктемелерін, қосымшаларын жазған кіші 
ғылыми қызметкер А.Хаван) атты іргелі зерттеулері мен таңдаулы 
ғылыми мақалалары енді.


Б. КЕНЖЕБАЕВ


16
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУ
Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнелі 
көрінісі, сүрлеуі: ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. 
Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы азаматтық 
тарихының ізімен жасалуы тиіс. 
Қазақ халқының құрамына енген рулар ежелден, арғы заманнан осы 
күнгі Орта Азияны, Қазақстанды, Орталық Азияны, шығыс-оңтүстік 
Сібірді, орта, төмен Еділді, Каспий жағалауларын мекендеген. Сол 
жерлерді ертеде мекендеген көптеген түрік, моңғол руларымен, кейін 
азербайжан, түрікпен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, ойрат, тува, 
хакас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру-тайпалармен 
бірге, кейде қатар жасаған. Солардың біразымен кейде жауласып, 
қақтығысып, соғысып; кейде одақ құрып, қыз алысып, құда болып, 
әскери топ жасап, анда
15
болып жүрген.
Біздіңше, тегі ерте уақыттарда арғы, бергі тарихтарда аталатын 
скиф, ғұн, қаңлы, сақ, сармат, алан, қарлұқ, қазар, оғыз, куман – бәрі 
де есте жоқ ерте замандардан Орталық Азия мен Византия аралығын 
мекендеген түрік, моңғол ту-тайпаларының қай-қайсысы да болмасын 
үнемі бір орында, өзі әуелі мекендеген жерінде отыра бермеген. Кейде 
өзара жауласып, соғысу салдарынан, кейде басқа жақтан келген ру-
тайпалардың, халықтардың жорығы, көшіп-қонуы салдарынан бір 
жерден екінші жерге, бір өлкеден екінші өлкеге ауып, мекендерін жиі 
өзгертіп отырған.
Әсіресе, Александр Македонскийдің жорығы, ғұндардың босқыны, 
арабтардың жаулап алуы, моңғолдар шабуылы, онан кейінгі түрлі 
жаугершіліктер әлгі өлкелер мен ру-тайпаларды әр кезде зор жойқынға 
ұшыратып отырды әрі әбден сапырылыстырып жіберді.
Тек осыдан деп білу қажет, тарихи деректер бойынша, мысалы, қазақ 
халқы болып құралған рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы 
IV ғасырда Сырдарияның орта, жоғары бойын жайлаған, І ғасырда 
Ыссық көл төңірегін қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы 
ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; IV-VIII 
ғасырларда Орталық Азия мен шығыс, оңтүстік Сібірді жайлаған; X-XIV 
ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік, батыс 
жағлауларын мекендеген.
15
Анда - әрі әскери одақ, әрі құдандалық 


17
Қазақ ауыз әдебиетінде: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған 
тау» деген сөз тіркесі бар. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан 
түбегіне дейін ығысып барғандығын аңғартады. Яғни қазақ рулары басқа 
түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы 
Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол 
араның әр жерінде болған. Осы күнгі Қазақстан жеріне XV ғасырдан, 
негізінде өз алдына халық, хандық боп құрылғаннан бастап жайғасқан.
Әлгідей әр кезде әр өңірді жайлағанынан болуға тиісті, тарихшылар 
арасында қазақ рулары түгелдей әуел бастан, өмірбақи көшпелі болды, 
тек мал шаруашылығымен ғана айналысып, үнемі жөңкіліп көшіп жүрді 
деген пікір, көзқарас бар. Бұл пікірді түгелдей дұрыс деуге, түбірімен 
қостауға болмайды.
Қазақ рулары түгелдей өмір бақи көшіп жүрмеген, ерте уақыттан 
жартылай көшпенді болған. Яғни, бірқатары көшпенді, бірқатары 
отырықшы боп өмір сүрген. Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді 
мекендеген, солардың маңында тұрған. Мал өсірумен қатар, егіншілікпен 
де, ұсақ қолөнер кәсібімен де айналысқан. Сондай-ақ, әлеуметтік, 
шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті 
де болған. Өйткені, тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әртүрлі 
өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халық 
болған емес, болмайды да.
Ертедегі қазақ рулары жөніндегі біздің бұл айтып отырғанымызды 
олар мекендеген, жүрген өлке-өңірлерде, Қазақстан жерінде әр кезде 
болған әртүрлі қалалар, кенттер, мекенді жерлер тарихы мен тарих, 
археология ғылымдарының бүгінгі табыстары айқын дәлелдеп отыр.
Тарихтан мәлім, ертедегі түрік, моңғол ру-тайпалары мекендеген 
жерлерде әр заманда әртүрлі одақ-бірлестіктер, қауым-мемлекеттер 
болған. Хорезм патшалығы, Қыпшақ бірлестігі («Дәшті Қыпшақ»), 
Алтын Орла (Ақ Орда, Көк Орда) мемлекеті, түрлі хандықтар өмір сүрген.
Кейбір тарихшылар осы одақ-бірлестіктердің, қауым-мемлекеттердің 
қай-қайсысы болсын бірді-екілі ру-тайпалардан құралған болатын деп 
түсіндіреді. Үйсін мемлекеті тек Үйсін руынан, түрік қағанаттары тек 
ұйғыр, ойрат, руларынан құралған еді деп жориды. 
Бұл дұрыс емес. Арғы-бергі тарих мәліметтеріне қарағанда, ол 
одақтар мен мемлекеттердің ешқайсысы бірді-екілі ру-тайпалардан ғана 
құралмаған. Керісінше, қай-қайсысы болсын әлденеше ру-тайпалардан 
құралған, көп ру-тайпалы одақ, мемлекет болған. Айта берсек, 
кейбіреулері бірнеше ұлыстардан құралған. Басқа сөзбен айтқанда
аталған одақтар мен мемлекеттердің құрамында бұрынғы қазақ ру-
тайпалары да болды; бірінде көпшілігі, екіншісінде азшылығы болды; 
солардың саясатына, соғыс, шарушылық, мәдени өміріне араласты, өз 
әлінше қызмет атқарды.


18
Қысқасы, ертедегі қазақ ру-тайпалары бұрынғы уақытта, қазақ халқы, 
қазақ хандығы болып құрылғанға дейін Қытай, Рим аралығындағы 
аймақтар мен өлкелерді мекендеген түрік, моңғол руларымен бірге, тіпті 
солардың құрамында тірлік еткен. Сондықтан бәрінің тарихи, қоғамдық, 
мәдени өмірі ұқсас болған.
Ерте кездерде Қытай, Рим арасын мекендеген көптеген ру-тайпалар, 
шамамен айтқанда, IX ғасырға дейін қоғамдық дамудың ру-ұлыстық 
сатысында болды. Соған лайық олардың тұмыс-тіршілігі, шаруашылығы, 
тілі, мәдениеті, әдебиеті болды.
Бірте-бірте халықтың наным-сенімі, ұғым-әдеті, салт-санасы, 
даналығы пайда болады; халық түрлі өнер, жазу-сызу ойлап шығарады.
Халық даналығы дегеніміз – оның ауыз әдебиеті: еңбек, шаруа, 
ғұрып-әдет, өлең-жырлары, жұмбақ, мақал-мәтелдері, ертектер, аңыз-
әңгімелері.
Қай халықтың болсын ауыз әдебиетіндегі төрт түлік мал, аң, құс, 
аңшылық, малшылық жөніндегі өлең-жырлар, тұрмыс-салт өлең 
жырлары осы ру-ұлыстық дәуірде, соның алғашқы кезінде туа бастайды.
Бері келе тайпа, ұлыс өзінің басынан өткендерін, бұрын-соңды болған 
атақты ер, батыр адамдарын әңгіме, аңыз, жыр еткен. Олардың өлісін 
жоқтаған, тірісін мақтаған. Осыдан аңыз-әңгімелер, ертектер, батырлар 
жырлары шыққан.
Біз айтып отырған ру-пайпалардың ұлыстық дәуірдегі ондай 
туындылары: қиял-ғажайып ертектер, алып батыр, Қорқыт жөніндегі 
аңыздар, Оғыз, Алпамыс, Күлтегін туралы дыр-дастандар деп айтуға 
болады.
Осы күні біз Қорқыт жөніндегі аңыздар, Оғыз, Алпамыс, Күлтегін 
жөніндегі жыр-дастандар қазіргі түрік текті халықтардың анасының 
әдебиетінде бар, мынасының әдебиетінде кездеседі; оларды бұл 
халықтар бірінен бірі ауысып, үйреніп алған деп түсіндіреміз. Кейде тіпті 
пәлен халық жасаған, басқасы сол халықтан үйренген деп дәлелдеуге 
тырысамыз. Біздіңше, осының бәрі бекер. Себебі, айтылған аңыздар мен 
жыр-дастандар түркі халықтар бірге араласып, жиі қатынасып жүрген 
кезде жасалған. Солардың бәріне ортақ, бәріне бірдей туынды. Сондай-
ақ, түркі ру-тайпаларының ру-ұлыстық дәуірде бәріне ортақ әліппесі, 
жазу-сызуы болған. Олар бұрынғы ұйғыр, арамей әліппелері, Орхон-
Енисей, Талас, Шу жазулары деп аталады.
Тегі тарих, археология ғылымдарының қазіргі табыстарына қарағанда, 
Орталық Азия мен Шығыс Еуропа аралығында жасаған ру-тайпалар 
біздің жыл санауымыздың V-VII ғасырларында қоғамдық тіршілігі, 
шаруашылығы, мәдениеті, бірталай жетілген ел болған. Халықтың біразы 
мал шаруашылығы, мәдениеті бірталай жетілген ел болған. Халықтың 
біразы мал шаруашылығымен, біразы егіншілікпен тірлік еткен. Меру, 


19
Самаркан, Үргеніш, Бұхар, Пенжікент, Отырар, Тараз, сияқты үлкенді-
кішілі қалалар, кенттер мәдениет орталықтары жасалған. Оларда 
керамика, тоқыма, зергерлік сияқты әртүрлі қол өнер кәсібі, астрономия, 
математика сияқты ғылымдар дамыған; сурет, сәулет, музыка өнерлері 
болған.
К.Маркс арғы замандағы гректердің әдебиеті мен өнері туралы 
сөз еткенде: «рулық дәуірде халықтың әдебиеті мен өнері мейлінше 
өркендейді; бірді-екілі халықтың әдебиеті мен өнері өзін туғызған 
қоғамдық құрылыстан әлдеқайда озып кетеді, – » дегенді айтады. 
К.Маркстің осы қорытындысына сүйеніп, сөз болып отырған дәуірде 
түрік, монғол, ру - тайпаларының да әдебиеті, өнері өркендеді, гректің 
әдебиетіндей өз дәуірінен озып кетпесе де, заманына лайық едәуір 
гүлденді деп айтуға әбден болады.
Арабтардың осы күнгі Орта Азия, Қазақстан жерлерін жаулап алу 
әрекеті IX ғасырдың басынан басталады. Көп жылдар бойы кескілескен 
соғыстар болды, арабтар жергілікті халықтарды «ақ білектің күшімен, 
ақ найзаның ұшымен» бағындырды. Арабтар өте қатал келді: жергілікті 
халықтарды, олардың бұрынғы мәдениеттерін набыт қып қырды, 
жойды. Әсіресе, мәдениеттерінен ешқандай жұрнақ, нұсқа қалдырмауға 
тырысты.
Хорезмдік ғалым Әбурайхан әл-Беруни (973-1048) Х ғасырдың 
басында жазған «Өткен буындардың ескерткіштері» атты кітабында 
арабтардың осы қырғын-жойқыны туралы былай деп жазады:
«Кутайба бин Муслим әл Балиқи әртүрлі тәсілмен бұрынғының 
бәрін таратты, жойды; Хорезмдіктердің жазу-сызуларын, кітаптарын
бумаларын өртеді; дін қызметкерлерін, аңыз-әңгімелерін білетін 
адамдарын, ғалымдарын түгел құртты: Хорезмдіктердің исламға дейінгі 
тарихы түгел көрге көмілді, оны қазір ешкім білмейді».
Сонымен бірге, арабтар жаулап алған жерлерінде өзінің мемлекеттік 
тәртібі – халифат орнатты; жергілікті халықтарға өзінің ислам дінін 
зорлап енгізді; араб тілін, араб әліппесін үйретті, араб мәдениетін 
таратты.
Арабтар жаулап алған кезден бастап сөз болып отырған өлкелер, 
халықтар, олардың әлеуметтік өмірі қоғамдық дамудың жаңа сатысына 
көтерілді – феодалдық қалыпқа көшті. ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың 
басынан өлкенің, ондағы халықтардың шаруашылығы, мәдениеті 
қайтадан өркендеді. Бұл кезде оқу, білім, өнер, әдебиет – бәрі де араб 
тілі, араб мәдениеті ықпалында дамыды.
Осыдан бірқатар оқымыстылар осы күнге дейін Орта Азия мен 
Қазақстанда бұрынғы уақыттарда жасалған мәдени, әдеби үлгі-
нұсқаларды арабтікі деп, жергілікті халықтардан шыққан кейбір 
жазушылар мен ғалымдарды араб жазушысы, араб ғалымы деп көрсетеді, 
түркі текті халықтарды өз мәдениеті болмаған деп кемітеді.


20
Дұрысында, тарихтан көріп отырмыз, Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия 
мен Қазақстанда қала, кенттер өркендеген, жергілікті халықтардан талай 
ұлы жазушылар, ұлы ғалымдар шыққан; жергілікті ру-тайпалар өкілдері 
шығарған, жазған түрлі әдеби шығармалар, ғылыми еңбектер болған. 
Бұл жерде оларды түгел теріп отырмай, Мұхамед Хорезмиді, Әбунасыр 
әл-Фарабиді, Әбурайхан әл-Беруниді, Әбуғали Ибн Синаны Әбілқасым 
Фердоусиді, Рабғузиді, Махмут Қашқариді, Қожа Ахмет Ясауиді, Омар 
һаямды, Баласағұндық Жүсіпті және солардың көркем шығармалары мен 
ғылыми еңбектерін атасақ, біздің әлгі пікірімізді толық дәлелдей алады.
Оның үстіне, тарих мағлұматтары бойынша, Орта Азия, Қазақстан 
халықтарының өкілдері арабтың сол уақыттағы өз әдебиеті мен ғылымын 
дамытуға да араласқан. «Бағдад шаһарында мұсылман елдерінің көптеген 
әдебиетшілері мен ғалымдары болған, олардың басым көпшілігі Таяу 
Шығыс пен Орта Азиядан еді», - деп жазады, бір еңбегінде академик 
В.В.Бартольд.
Араб әдебиеті мен ғылымының тарихында «Әл-Сығанақи, Әл-
Түркістани, Әл-Қыпшақи, Бин-Түрік» деген әдебиетшілер мен ғалымдар 
аттары кездеседі. Археолог А.Якубовский өзінің «Сығанақ қалдықтары» 
деген археологиялық еңбегінде Сығанақи деген бір ақынның Бағдатта 
жүріп араб тілінде өзінің туған жерін, елін, сағынып жазған мынадай 
өлеңін келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет