Заратуштрашылдық, зороастризм — Заратуштра негізін салған
ең көне діни және философиялық ілім. Заратуштрашылдық – отқа
табыну дінінің есімі оны бастаушысы Заратуштра атына байланысты
қойылған. Бұл дін Заратуштраның насихаттық кітабы Авестада
айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді
Маздалық дін деп те атайды.
Заратуштра (шамамен б.з.б. 630/18 – 541/33) – Зорастр дінінің негізін
қалаған, көшпелі Азия халықтарының даласының ұлы, Еділдің шығыс
жағын мекендеген тайпадан шыққан. Заратуштраның өмір сүрген уақыты
туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Орыс шығыстанушысы В.В. Струве
(1889 – 1965) және тағы басқа ғалымдар Заратуштраның Орталық Азия
кеңістігінде туып-өскенін дәлелдеді. Заратуштра ілімі Бактрия арқылы
ежелгі Иранға тарайды. Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның
діни-мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленіп,
«Авеста» деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады.
Иса (ғ.с.) – мәсіхшілікте, исламда, баһаизмде, манихшылдықта
пайғамбар. Иса Мәсих – көне грек тілінен орыс тіліне енген. Христос
сөзінің мәні – Мәсих немесе сенім келтірген адам баласы Құдайға
сиынар алдында денесін уқалап тазалауы қажет, дәрет алғанда басты
уқалап мәсіхтеу қажет, Иса пайғамбардың шашы әрқашан суланып
тұратын мұғжизасы болған, мұны көрген адамдар оны Иса Мәриямұлы
деп өз атымен атамай, Иса Мәсіх немесе шашы суланып тұратын
Иса деп атап кеткен. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбарға
Құдайдан түскені хақ деп білетін қасиетті төрт кітаптың бірі – Інжіл
(Евангелие) түсірілген.
Исрафил –Аллаһқа жақын төрт періштенің бірі. Ол адамдар мен
әлем жөніндегі Аллаһтың бұйрығын оқиды және оны орындау үшін
періштелерге тапсырады. Сұрды (сырнай) үрлеуші періште. Исрафил
(ғ.с.) – хадистерде айтылатын төрт үлкен періштенің біреуі. Оның
негізгі міндеті қиямет қайым басталатын кезде Аллаһтың әмірімен
сұр үрлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |