Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Мал мен құс қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар.
Жануарлар қораларына сырттан келетін инфекцияға жол бермес үшін, олардың организмдеріне керекті физиологиялық қажеттерді толығымен қамтамасыз ету керек. Мал мен құстың қоралары олардың түрлеріне, жасына, беретін өніміне, жатып-тұру әдетіне, желдетуге ыңғайлы, жылы болуға тиіс. Тұрғын үй мен қора арасындағы қашықтық 20-30 метрден кем болмауы тиіс. Жылы күндері малды, құсты далаға шығару үшін қоршаулы ашық алаңдар жасайды.
Жарық коэффициенті, яғни, терезелер мен еден көлемдерінің қатынасы -құс қорасында 1:10, қой мен ешкі қораларында 1:20, ірі қара мал қораларында 1:16 болуға тиіс. Малды аурудан сақтау үшін қораны таза ұстап, микроклиматты сақтау қажет. Қой мен ешкі қораларының сәкісі саз-балшықтан, ал ара қара малдікі – тақтайдан жасайды. Тәулігіне ірі қара мал 20 л, ал бұзауы – 2 л зәр шығарады, сондықтан сәкінің зәр ағып шыға алатындай ойыс арығы болуы керек. Қора ішінде зәр мен нәжістен улы булары көтеріледі, тығыз концентрациялы ауыр булар таза ауаның алмасуына бөгет жасайды. Сондықтан улы зәр булары жиналатын жерде қораның төбесіне биіктігі 1 м тақтайдан құбыр орнатады. Қораның ішіндегі микроклиматтың тазалық дәрежесінен мал мен құстың өнім беру қасиеттері 20%-тен 40%-ке дейін кемітеді. Мысалы, қыс кезінде ірі қараның қорасындағы ауа температурасы 8-12о С, құстың қорасында – 13-17о С болу керек; ылғалдылығы 60-70%-ке тең; ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы қыста 0,1-0,2 м/с, жазда 0,3-0,5 м/с тең; көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері ірі қара мал үшін 0,25%, төл үшін 0,2%, құс үшін 0,15-0,18%-тен аспағаны жақсы, аммиактың сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м3 аспау керек.
Ірі қараны күніне 3 рет, сауынды сиырды 4-5 рет, қой мен ешкіні 1-2 рет, шілдеде 3 рет сауады. Орта есеппен тәулігіне: ірі қара 60-70 л, 6-айлық жас бұзау 10 л, қой мен ешкі 8 л, қозы мен лақ 4 л, қоян – 3 л, ірі тауықтар 0,3 л, күркетауықтар 1 л, ірі үйректер 0,7 л, ірі қаздар 1,2 л, жылқы 80 л, түйе 100 л су ішеді. Түйе жаз айларында 16 тәулік, ал қыста 46 тәуліке дейін су ішпей, жүре береді.
-
. Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
2 нұсқа
2.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Мал мен құстарда кездесетін аурулар.
Сапалы өнімдерді – етті, сүтті, жүнді, балды, жұмыртқаны, тері, мүйіз, түбіт шикізаттарды тек дені сау мал мен құстан ғана алуға болады. Мал мен құс өсіруші фермерлер жиі кездесетін аурулар жайлы жалпы, бастапқы түсініктері болуы керек. Мал мен құста кездесетін аурулар шығу себептері, залалдығына және таралуына қарай, бірнеше топқа бөлінеді:
a) жарақаттар;
b) жұқпайтын ішкі аурулар;
c) жұқпалы (инфекцияллық) аурулар – індет;
d) паразиттік (инвазиялық) аурулар.
Бұл топтарға жататын ауруларға толығырақ тоқталайық.
Жарақаттарды жабық және ашық деп екі топқа бөледі.
13.2. Жабық және ашық жарақаттар.
Жабық жарақатқа жататын соғылу жарақаты – терінің астындағы ұлпаның қатты заттарға соғылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат; пайда болу себептері әртүрлі, мысалы, мал тебіскенде, сүзіскенде, қатты еденге, мұзға, тасқа, бетонға, темірге, құмға, т.б. жерлерге құлауынан, жылқыны ер қажауынан, бақташылардың қатты заттармен соғуынан пайда болады. Малдың жарақат болған жері ісініп тұрады, саусақпен үстінен басса, мал ауырсынады. Сол жері әуелі қызарып, содан кейін көгереді де ісінеді. Жарақаттың үстіндегі жүнін қырқып, йод тұнбасын немесе 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады.
Жабық жарақаттың келесі бір түрі – қанталау – малдың соғылған кездегі қан тамырларынан қан ағып, терінің астына жиналады, яғни қанталайды. Сондай жерлерге мұз, қар, т.б. суық заттарды басып, таңғышпен танып тастап, 2-3 күннен кейін жылы компресс басып, жараның бетіне йод жағып тастау керек.
Ашық жарақаттар пайда болатын себептер: пышақтың, шынының, үшкір заттардың (балта, күрек, таяқ, тас) әсерінен. Әуелі қанды тоқтатып, бинтпен қаттылап байлап тастау керек; содан кейін мал дәрегерін шақыртып, кеңесу қажет.
Ашық жарақаттардың тағы да бір түрі – күйік – малдың денесінде жоғары температурадан немесе химиялық күйдіргіш заттардан пайда болады. Күйіктің айналасындағы жүнді қырқып алып, спирт немесе бензинмен сүртіп, тазалайды; содан кейін күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3-5%-тік немесе бриллиант жасылының 1-2% спирттегі ерітіндісін, не болмаса 5% йодтың ерітіндісінің бірін жағу керек. Ашық жарақаттардың келесі бір түрі – үсік – төменгі температураның әсерінен пайда болады. Оған көбінесе малдың «перифериялық» жерлері – құлағының ұшы, желіні, еркек малдың қамшысы, құстың айдары, сырғасы немесе яақтары – шалдығуы мүмкін. Бұндай жарақаттар пайда болысымен мал дәрігерін шақыртқан дұрыс.
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
3 нұсқа
3.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Сепсисті анықтау, емдеу принциптері
Жануардың қанның жалпы улануын сепсис деп атайды. Сепсистің дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Терінің бүлінген жеріне қоздырғыштар келіп түскенде-ластану кезеңі болса, олар сол жерде бейімделе бастаса оны инфект кезеңі деп аталады. Олар сол жерден өлі торшалармен қоректеніп өсіп-өне бастағанда микрофлора кезеңі басталады. Қанға түскен қоздырғыш қанда өсіп- өнсе, ол бүкіл организмді тез жайлап алады да, дертті тым асқындырып жібереді.
Кл.бел. басып көргенде қуыста шайқалған сұйықтық байқалады, қызару, қызуы болмайды. домбығу, ауырсыну, функцияның бұзылуы болады.
Емі. Қан уланғаннан кейін ең бірінші сепсисті емдеу үшін этиологиясын білу қажет. Антисептикалық ертінділермен жуып шаямыз, хирургиялық өңдеу жасау керек. Жараланған ұлпаны бактерицидтік байламдармен таңады.
-
Сепсистің этиологиясын білу қажет, жергілікті хирургиялық инфекцияны емдеу қажет.
-
Қанын тазалау керек.
-
Қанға жануарлардың қан тобына сәйкес қанды құямыз.
-
Физиологиялық ерітінді глюкозавенаға
-
В витаминімен инъекция жасау керек.
-
Организмде белок көбейту керек, азықтарды беру керек.
Шірікті инфекция. Хирургиялық іріңдіаурудың пайда болған жеріне,іріңнің шығу көзіне байланысты хирургиялық инфекция бірнеше түрге бөлінеді(аэробты,анаэробты,шіріктік).Жараның іріңдеуі немесе іріңді аурулардың пайда болуы көптеген микробтардың әсерінен,әсіресе,стафилакокк,стрептококк,тайақша тәрізді бактерия,яғни ішек таяқшасы,пневмококк т.б әсерінен.Іріңдеген жарада кейде бірлесіп өмір сүріп жатқан аэроб микробтармен бірге анаэроб микробтарын да кездестіруге болады.Жараны қабындырып, оны іріңдетіп жіберетін микробтардың арасында жиі кездесетін бір түрі стафилокок. Стафилокктардың алтынға ұқсас жылтыр түрі, сары түрі, ақ түрі болады.
Іріңнің ішінде жүзіп жүрген стофилококк микробтары өте қауіпті,сондықтан іріңнен сақтану- жануар денсаулығын аурудан сақтандырудың бірден бір жолы.
Аурудың клиникалық бағытына және мүшелердегі патолого –анатомиялық өзгерістеріне қарай барлық қоздырғыштар мына төмендегі топқа кіреді:
- кенеттен пайда болған хирургиялық инфекция;
- созылмалы хирургиялық
- кенеттен пайда хирургиялық инфекция төмендегідей жіктеледі.
- іріңді аэробтық инфекция
- анаэробтық инфекция
- тәнді хирургиялық инфекция,шірмелі инфекция
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
4 нұсқа
4.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы
Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.Белгілері.Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн.
-
. Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
5 нұсқа
5.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз. (Прочитайте и переведите. Составьте словарь слов и словосочетаний)
Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.
Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте-аусыл,топалаң,бруцеллез,сиырда – оба, мәлік, қарасан, жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
6 нұсқа
6.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.
Қатер төнген аймаққа індет ошағын қоршаған аймақ жатады.Оның ауданы табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларға ,қатынас жолдарының орналасуына және олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты анықталады. Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде бұл шаралардың талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді. Карантин мен шектеу індет буындарының ішінде ауру қоздырушысының берілу тетігіне әсер етеді.Ауру қоздырушысының берілу тетігіне қарсы бағытталған шараларға сонымен бірге дезинфекция, дезинсекция, дератизация, қалдықтарды өлексені,көңді, т.б. зарарсыздандыру жатады.
Ауру қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. Жұқпалы ауру білінген сәтте. індет ошағындағы барлық ауруға бейім мал түгелдей балаулық тексеруден өткізіледі.Ауруға қандай тексеру үшін әдетте клиникалық, серологиялық, аллергиялық әдістер жатады. Бұл зерттеудің нәтижесінде барлық жануарлар 3 топқа бөлінеді:ауруы айқын,ауруы дүдәмал және аурудың жұғуы күдікті.
Ауруы айқын жануарларға диагнозы күдіксіздер жатады да, ауруы жедел басқа малдардан бөлініп жеке қора-жайға зертханаға ауыстырылады.Бұл малдарды күтуге жеке адам дайындалады да, аурудың ерекшелігіне байланысты оларды жерлейді,болмаса сояды не жояды. Ауруы дүдәмал жануарларға диагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады.Олар- қосымша қайтадан тексеріледі де, диагнозы айқындалса малдарға, ал диагнозы айқындалмаса аурудың жұғуы күдіктілерге қосылады.
Аурудың жұғуы күдіктілерге барлық қалған малдар жатады.Олар ауруға шалдыққандармен жанасқан себепті дәрігерлік бақылауда болып, ретті түрде ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп тұрады. Тексеру малдың ауруға шалдығуы біржола тоқтағанша жүргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден ауырған жануарлар бөлініп оқшауланғаннан соң қора-жайға ағымдағы дезинфекция жасалынады. Сонымен қатар жұқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты бұл топтағыжануарларды иммундейді болмаса микробтарға қарсы әсер ететін емдік-дауалық дәрмектермен вакциналайды.Аса қауіпті аурулар кезінде індет ошағындағы барлық жануарлар сойылады.
-
. Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
7 нұсқа
7.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Жұқпалы аурулардың емі. Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешені түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады. Этиотропты ем-аурудың себебіне, яғни оның қоздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол ауруға тән өзгеше және сонымен қатар өзгеше емес дәрі-дәрмектер қолданылады. Белгілі бір аурудың қоздырушысына әсер ететін өзгеше дәрмектерге иммунды қан сарысуы, имуноглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі-дәрмектерге антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және химиялық препараттар жатады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.Оларға жүрекке әсер ететін қақырық түсіретін, зәр шығаратын дәрілер, су-тұз алмасуын қалпына келтіретін ертінділер, дененің жалпы қуаттандыратын десенсибилизациялайтын, т.б. дәрмектер жатады.
Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі. Аурудың беті қайтып,клиникалық белгілері өше бастаған сәтте емдеуді тоқтатуға болмайды. Емдеу курсы толық аяқталмаса ауру қайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін.
Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды санитариялық қасапханада сояды.Егер ондай мал тым көп болса ет комбинатының сою цехы пайдаланылады.Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық күн белгілеп сойым аяқталғаннан кейін бүкіл цехқа дезинфекция жасалынады.Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікті пайдалану аурудың түрінеп, ветеринариялық – санитариялық сараптаманың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нәтижесіне байланысты шешіледі.
Аса қауіпті инфекциялар кезінде ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға жатқызылады немесе өртеу арқылы, не басқа жолмен жойылып жіберіледі.
Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар.Індетке қарсы шаралардың маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу қаупінен қорғау бағытталған.
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
8 нұсқа
8.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Аурудың малға жұғуына қарсы шаралар инфекцияға қоздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылғандықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру – фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс - әрекеттердің ең өзекті мақсаты.Оны қамтамасыз ету үшін кең ауқымды экономикалық – ұйымдастыру, селекциялық – зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардың ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық.Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, сондай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитариялық зоогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек.
Жануарлардың ауруға сезімділігіне әртүрлі стресс жағдайлар кері әсер етеді. Оларға сапасыз жемшөп және су, олардың құрамында болатын зиянды қоспалар,и ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы газдық құрамы және шаң-тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса тығыз орналасуы, әртүрлі мезанизмдердің жұмысына байланысты шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау зиянды әсер етеді. Сондықтан да жыл мезгілі ауысқан шақта, малды қыстаудан жайылымға шығарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ақ көлікпен тасымалдағанда стресс-факторлардың жануарларға жайсыз жерін мейлінше болдырмауға бағытталған арна йы шаралар қолдану қажет. Ауа райының құбылмалы шақтарында: қарлы жауын, боран, қатты аяз, аяздан кейінгі жылымық кезінде малдың күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне, азықтандыру рационына, бос жіберілуіне күнделікті бақылау – жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жұқпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз. Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянақты түрде іске асырылатып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады.Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаспаған боллса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып,иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан болса, немесе тез арада ауру шығып кету қаупі туса, онеда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу, жақсы нәтиже береді.Бұның нәтижесінде егілгеннен соң бірден организмде енжар иммунитет қалыптасады
.
2. Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
9 нұсқа
9.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Малдың инвазиялық аурулары — эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалыорганизмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы — гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары,таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы — фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады. Дикроцелиоз— малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малғагексихол, гексохлор-параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар — эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы — тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер),безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері — малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин,беренил, диамидин, т.б. препараттарын егеді.
Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
10 нұсқа
10.1 Оқып шығыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізінде сөздік құрастырыңыз.
Инфекциия және жұқпалы аурулар туралы түсінік. Инфекция (латынша infestio – ластану – микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс – бейімделу реакциясының тууына себепкер болады. осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп аталады.
Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түріинфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің қоздыруынан пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды. Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет – спефицикалық тірі қоздырушы – паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесе жұқпалылығы (таралу қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы, қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті болуы).
Жұқпалы аурудың пайда болуы мен дамуы тек қана спецификалық қоздырушының бір болуы мен оның ауруға бейімді мал организміне енуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге микро- және макроорганизмнің өзара қатынас сипатын белгілейтін ішкі және сыртқы ортаға да байланысты. Ауру қыздырушылардың мал организміне кіріп кетуін немесе енгізілуін ауру жұғуы деп аталады. Ауру жұғуы үнемі ауруға әкеп соқпайды, аурудың басталуына, оның алғашқы белгілерінің білуіне әкеп соғады. Көп жағдайда макроорганизмнің қорғаныс икемділігі патогендік микробтарды зиянсызданыдыруға мүмкіндік береді.
-
Мәтіннен 10 жай сөйлем теріп жазып, сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
-
Мәтіннен сөз тіркестер түрінің әрқайсына (матасу, қабысу, меңгеру) 5 мысалдан теріп жазыңыз.
-
Мәтін тақырыбы бойынша 5 салалас құрмалас сөйлем, 5 сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз. Түрлерін анықтаңыз.
Әдебиеттер
1 Конститутция. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы: «Жеті жарғы» 1998. 158 б.
2 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан, 1994. 285 б.
3 Бектұров Ш.К. Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. Алматы: ВШП «Әділет» 1999. 357 б.
4 Белботаев А., Тукебаева Ж. Казахский язык для начинающих 1-3 книги. Алматы: Қазақстан, 1994. 358 б.
5 Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы: «Жалын» 1989. 245 с.
6 Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. Алматы: «Мектеп» 1989. 421 б.
7 Тургамбаева Б., Линко Т. Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка. Алматы: Балауса, 1992. 259 с.
8 Беташар. Құрастырған Жақау Дәуренбеков. Алматы: Өнер, 1991. 358 б.
9 Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: «Ана тілі» 1994. 485 б.
10 Мұса А.О., Төленов У.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.К. Қазақ тілі: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2001. 478 б.
11 Қазақ тілі (жоғары сынып оқушылары мен оқушыларға арналған). Справочное пособие / под редакцией д.ф.н. А.С. Сейдимбека, редактор-составитель В.Ю. Франк. Алматы: «Болашақ балапандары» 1999. 650 б.
12 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2003. 587 б.
13 Күлкенова О. Тіл ұстарту /жаттығулар жинағы/. Алматы: Қазақ университеті, 1992. 198 б.
Сөздіктер
1 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000. 256 б.
2 Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 1989. 546 б.
3 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2001. 257 б.
4 Кеңесбаев Ү. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. 358 б.
5 Орысша-қазақша сөздік. 1-2 том /жалпы редакцияны басқарған ф.ғ.д. проф. Ғ.Ғ. Мұсабаев. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. 525 б.
6 Қысқаша орысша-қазақша сөздік /жалпы редакциясын басқарған Қаз ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Ш.Ш. Сарыбаев/. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1987. 320 б.
7 Франк В. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. – Алматы, 2000. 490 б.
8 Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. Қазақша-орысша салықтық-құқықтық түсіндірме сөздік. – Алматы, 1999. 350 б.
9 Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993. 450 б.
10 Орысша-қазақша фразеологиялық сөздік. – Алматы: Ғылым, 1985. 426 б.
11 Рүстемов А.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. Алматы: Мектеп, 1989. 352 б.
12 Емлесі қиын сөздер. – Алматы: «Балауса» 2000. 198 б.
13 Синонимдер сөздігі: - Алматы, 2001. 350 б.
14 Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. – Алматы: «Мектеп», 1988. 420 б.
15 Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1988. 300 б.
16 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз/. Редакциясын басқарған Р.Ғ. Сыздықова., К.Ш. Хұсайын. Алматы: «Дайк – Пресс» 2002. 850 б.
17 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1986. 10 Т.
Достарыңызбен бөлісу: |