Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет76/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
62
пайдалануы, ғылыми ақпараттарды саралауы, жинақтауы, өңдеуі, білім мазмұнының шешуші 
белгілері болып табылатын шығармашылық пәндік олимпиадалар мен жобаларға қатысуы, жеке 
білім траекториясының әртүрлілігін көрсететін оқушы портфолиосын дайындаудан көрінеді. 
Жүйелі-әрекеттік нәтиже оқу әрекетінде оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінде төмендегілерді іске 
асыруды көздейді:
- ақпараттық қоғамда тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, толеранттылық, сөйлеу 
мәдениеті, көпмәдени мен көптілді меңгерту;
- әдебиеттік оқу пәнінің мазмұнын меңгертуде күтілетін нәтижеге жету жолдарын, педагогикалық 
технологияларды жетік білу, оқушылардың оқу танымдық дамуын қамтамасыз ету;
- әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде нәтижеге бағытталған білім беруде 
пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
- білім мазмұнының шешуші рөлі оны ұйымдастыру болғандықтан оқыту үдерісін 
ынтымақтастыққа құрып, оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және танымдық дамуына қол жеткізу;
- оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, іс-әрекет түрлерін тақырыптың 
мақсатына сәйкес саралау; 
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер әдебиеттік оқу пәнінің мазмұнын түсінуде басты да күрделі 
міндет болып табылатын мәтін сөйлеудің ең үлкен бірлігі болып табылатынын жеткілікті меңгерту 
көзделеді. Мәтіннің мазмұны арқылы ашылатын айқын идеясын әдебиеттік оқу пәнінде ұсынылған 
шығармаларды оқыту барысында сол идеяны оқушылардың өздіктерінен түсінуге мүмкіндік жаса-
лады.
Әдебиеттік оқу пәнінде жүйелі-әрекеттік нәтижеде оқушыларды оқырмандық сауаттылыққа ба-
улу іске асырылады. Ол оқушылардың белсенді, танымдық іс-әрекеттік олардың өзін өзі жүзеге 
асыруына, ұжымдық, топтық жұмыстарда ынтымақтастық оқу әрекетіне түсуді қамтамасыз етеді.
Пәндік нәтижелер – білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне 
байланысты білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік 
дайындығының базалық (міндетті) деңгейде болуы, жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді иге-
ру, оны өзгертіп өз тәжірибесінде қолдануы, қазіргі ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын 
ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана алу әрекеттерінен, функционалдық 
сауаттылығынан көрініс табады. Білім мазмұнын меңгерудің бес балдық бағалау жүйесі негізінде 
оқушылардың жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады.
Пәндік нәтижелерге жету үшін оқулықта халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің 
шығармалары, балалар әдебиетінің жанрлары және әртүрлі тақырыптық түрлерін қамтитын білім 
мазмұны берілген. Оқушылардың ұсынылған шығармаларды қабылдауы мен көркем шығармаларды 
оқуы, әңгімелей білуі, талдаудың қарапайым түрлерін меңгеруін қамтамасыз ететіндей, мұғалім 
көркем сөзбен танысудың тиімді жолдарын, әдістері мен технологияларын пайдаланып сабақты 
ұйымдастыруы қажет.
Әдебиеттік оқу пәні оқулығында әлемдік және ұлттық мәдени құбылыс ретінде, ұлттық салт 
дәстүрді сақтау мен келесі ұрпаққа жеткізудің құралы деп түсінуге, өзінің жеке басының дамуы 
үшін оқудың мәнін, өздігінен білім алу үшін әртүрлі жанрдағы шығармалар және оларды саналы 
меңгеруге, оларға баға беруге арналған материалдар ұсынылып отыр.
Оқырмандық сауаттылық – әлеуметтік өмірде тұлғаның өзінің білімі мен мүмкіндігін белгілі 
мақсатқа жету үшін оқумен айналысу, ол туралы ойлану, жазба мәтінді пайдалану және түсіну болып 
табылады. Оқушылардың ақпаратты өздері алуы үшін оны іздеуге, пайдалана білуге үйретіледі. 
Оқушылардың оқырмандық дағдысыны қалыптастыру үшін мұғалім мәтінге баға беру, қосымша 
материалдар іздеу, таңдай білу және оны кез келген жағдайда қолдана білуді меңгертеді. Бұл 
оқырмандық дағдылар оқушыларда тек қана ақыл-ойын дамытып қоймай, білім сапасын арттыруға 
әкеледі. 
Оқушылардың оқырмандық сауаттылығы, яғни оқудағы нәтижелілігі мен таыстылығы мұғалімнің 
мәтінмен жұмыс істеу шеберлігіне байланысты болмақ. Мұғалім сыныптың, жеке оқушылардың 
дайындық деңгейіне байланысты бұл жүйеге түзетулер енгізуге құқылы. Оқырмандық сауаттылықты 
қалыптастыру әртүрлі мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқуға, жанр түрлерін (үстірт қарау, танысу, терең 
меңгеру) оқуға ықпал етеді.
Әдебиеттік оқу пәні оқушылардың шығармашылық кеңістігінің ортасы болуды, яғни өздерінің 
әңгімелерін, ертегілерін құрастыруға, шығармаға өз көзқарасын білдіруге үйретуді іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет