Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет304/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
252
Бұл технологиялар студенттер бойында дамытады:

жүйелей алуды;

бақылау ептілігі мен дағдыларын;

экспиримент жасау дағдыларын;

пікір айту дағдыларын, қортынды жасауды;

қолдағы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын;

оқушылар бойында зерттеушілік ізденіс пен шығармашылық жобалау дағдылары мен 
іскерлігін қалыптастырады;

танымдық қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін;

тірек конспекті жасау үшін мәтін құрастыру дағдыларын.
Инновациялық технологиялармен оқытудың мақсаты: студенттерді әлеуметтендіру, студенттердің 
аналитикалық қызметін арттыру, шығармашылық белсенділігін одан әрі жетілдіру, шығармашылық 
және жобалық қызметін дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО мен Түркия қатынастары» арнайы таңдау пәнінде 
мен көп қолданылатын әдістің бірі «Сын тұрғысынан ойлау» әдісі. Сол әдіске тереңірек тоқтала 
кетейік. 
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының ішкі құрылымында 
ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта 
пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен
қажетін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны 
тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып
табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,
қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, 
өзгерістер енгізеді.
Қазіргі заман ағымына қарай білімнің көші бағаланып, оқу-ағартудың, оның ішінде білімді
адамның беделі өсіп келеді. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді,
нақты жолдарын көрсетеді. Кез-келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен 
белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеялар және нәтиже 
тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Соның бірі–сын 
тұрғысынан ойлау тенологиясы. Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды 
қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке қабілет деңгейлерін дамытуда
осы аталған бағдарламаның маңызы ерекше екендігін сабақтарда қолданыс тапқаннан байқауға
болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының психологиялық-педагогикалық негізі ретінде 
Л.С.Выготскийдің, Ж. Пиаже және Д.Дьюи идеялары алынған. Бұл технологияның авторлары Ч. 
Темпл, К. Мередит, Д. Стилл. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не? Ол-өте күрделі 
ойлау үдерісі, бұл үдеріс мәліметтің қабылдауынан басталады және шешім қабылдаумен аяқталады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – педагогикалық технологияның бірі. Бұл технология 
студенттердің мәтінмен жұмыс жасауын және барлық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын 
дамытады. Технологияның мақсаты – студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту,
оқу үдерісіне енгізу, қызығушылығын ояту. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы адамдар
арасында сыйластыққа және қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Әлемге деген әртүрлі көзқарастарды 
түсінуге көмектеседі. Кез-келген мазмұнға сыни көзқараспен қарап, екі ұйғарым пікірдің
біреуін таңдауға,саналы шешім қабылдауға сабақ барысында үйрету. Біздің еліміздегі Дж.
Соростың «Сорос Қазақстан»ашық қоғам институты қоры арқылы бұл технология білім беру 
тәжірибесіне енгізілді. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы 
бойынша ол шыңдалған ойлау, даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау; күрделі 
мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау; үйрету
мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылынан тұратын, үйренушінің сеніміне 
негізделген құрылым. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, студенттердің шыңдалған 
әрекеті. Студенттер топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауапты тауып айтуға 
үйренеді [3]. 
Бұл әдіс студенттерді белсенділікке, практикалық іс-әрекетте болуға, қажет болса көзқарасты 
өзгертуге, ел алдына шығып өз ойын айтуға, білім, іскерлік дағдыны қалыптастыруға, басқаларды 
тыңдай білуге және өз ойын тұжырымдай білу мен қарым-қатынас жасауға үйретеді [4].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет