Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет328/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
273
Өзін-өзі тану мәселесін XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары, «Алаш» 
партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов және басқалар, ең алдымен, 
қазақ халқының өзара тұтастығы тұрғысынан қарастырды және оны тәуелсіздік пен мемлекеттік 
дербестік алу қажеттілігімен байланыстырды. Олар өз өмірін қазақ халқының өзін-өзі билеуіне 
арнап, туған халқының бойында ұлттық сана-сезім оятуға және дамытуға ықпал етті. Олардың 
ойынша, шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізу өзін-өзі тану мен халықтың сана-сезімінің 
өсуіне байланысты жүзеге асады.
Қорыта айтқанда, әлемдік философия тарихы адам мен қоғамда біртұтас адамгершілік дүниетаным 
қалыптастыру қажет екендігін айғақтап отыр. Халқымыздың, оның асыл арыстарының ежелгі 
арманы мен мақсаты XX ғасырдың аяғында жүзеге асты. Егеменді Қазақстанда мәңгілік мәселе - 
өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. Қазіргі кезде Қазақстанның 
жоғарғы оқу орындарында егеменді мемлекетті дамытудың жаңа әлеуметтік-мәдени контексі 
ескеріліп енгізіліп отырған «Өзін-өзі тану» пәнін осыған ықпал етуге бағытталған. 
Қазіргі заманғы білім беруде мамандарды функциональдық дайындау тұжырымдамасынан 
әрбір адамның жеке мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттері мен өзіндік санасын және өзін-
өзі жетілдіру әрі оны жүзеге асыруы мен дамуына жол ашатын тұлғаны дамыту тұжырымдамасына 
өту қажеттілігі айқындалды. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» жаңа метапән, пәннің мақсаты - әрбір 
білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін 
ұғынуына және өз орнын табуына көмектесу т. б.
Әрбір адам өмірінде кем деген де бір рет болсын «Мен қандаймын»? «Мен кіммін»? «Менің 
өмір сүруімнің мәні бар ма, ол неде»? деген сұрақтарды қояды. Осындай күрделі философиялық 
сұрақтарға әр адам әр түрлі жауаптар қайтарады: біреулер оған жауаптар тапса; басқалар өзіне 
ерекше бір сипаттамалар беріп, өз өмір әрекетінің жетістіктері мен бағыттарын анықтауға тырысады, 
ал үшіншілер қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз жауаптарына қанағаттанбай қалады. Осы 
сұрақтар қойылымының өзі есте қаларлықтай және ол жануарлар да болмайтын, адамда ақыл иесі 
ретінде өзін-өзі танудың негізгі қажеттіліктері болатынын дәлелдейді. Шынында да адамның ішкі 
жан дүниесі космос тәрізді шексіз, сарқылмас құбылыс. Сондай-ақ оның кейбір шимай-шаттық 
бұрыштарына көңіл аудармастан өмір сүруге болады. 
Сондықтан да адамзат тарихында өзін-өзі тануға деген қызығушылық өзгеріссіз қалған, және 
адамдар өмірге деген қызығушылықтары, қоршаған ортаның шынайылықтарын тануға қабілеттері 
болып тұрған да, ол солай қала бермек. 
Шәкәрім аңсаған адамды тәрбиелеу үдерісінде ар-ұждан ілімін енгізу, ол 
бүгінгі таңда Егеменді 
Қазақстанда өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. С.А.Назарбаева 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасын оқу-тәрбие процесіне еңгізді. С. 
Алпысқызы «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның 
міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін»[9] дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды 
оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Сонымен, білім беру үрдісіне «Өзін-өзі тану» пәнін ендіру қажеттігін негіздейтін 
ұсынылған тұрғылардың (философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, психологиялық) 
әрқайсысында, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен және өзін-өзі тану мәселесін 
қарастыру ерекшеліктерімен бірге, философияның, педагогиканың, этнопедагогиканың, 
мәдениеттанудың және психологияны, белсенді тұлғаны, қайраткерді, азаматты адамгершілік-
рухани болмысын дамытуда, әдістер мен жинақталған тәжірибені кіріктірудің маңыздылығы 
мен қажеттілігі байқалады. 
Адамның адамгершіліктік – рухани дамуы мақсат тұтқан «Өзін-өзі тану» пәні философия, 
педагогика және психологияның теориялық және әдіснамалық негіздеріне сүйенеді. Ғасырлар
бойы шығыстың да, батыстың да ойшылдары әлеуметтік және жалпыадамзаттық құндылықтардың
арақатынасының мәселелелерін қарастырып отырған және ол қарастырыла да бермек. Өйткені, 
Жаратқанды, жанның мәңгілік екендігін мойындайтын сенімнің бар екені бәріміз үшін де ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет