Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі



бет4/22
Дата23.02.2016
өлшемі1.76 Mb.
#10201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3.1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

 

 

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттік органның қызметін іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.1-мақсат

Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету



«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн»

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақдандағы «Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

1.2-мақсат

Мектептегі білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру

«4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі гүлденуі»

Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«2. Білім беру реформасының стратегиясы

2.1. Мақсат - Халықтың қалың топтарын сапалы (әлемдік деңгейдегі) білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

3.3. Қоғамның орнықты дамуы

Білім және ғылым.

«Оқушылардың түрлі санаттарының толыққанды білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жоғары сынып оқушыларын олардың жеке қабілеттері мен білім алуды жалғастыруға қатысты ынта-ниеттеріне, еңбек нарығында өзін көрсете білуіне және өз орнын табуына сәйкес оқыту үшін жағдай жасау»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы

Міндеттері: «Халықтың барлық топтарының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;

білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

1.3-мақсат

Экономика салаларының білікті әрі бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарына қажеттілігін қанағаттандыру



«Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге әкімдермен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын»

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы

«Бағдарламаның міндеттері:

Техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету;

техникалық қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

1.4-мақсат

Ішкі еңбек нарығының талаптарына және халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары білікті кәсіби және ғылыми мамандар даярлау



«Алтыншы міндет - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.

Біз бүкіл елімізде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.

Бізге халықаралық стандарттар деңгейінде оқу орындарын аккредиттеу мен аттестаттаудың пәрменді жүйесін жасау керек.

Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту - бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты»

Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы

««2. Білім беру реформасының стратегиясы

2.1. Мақсат - Халықтың қалың жіктерін сапалы (әлемдік деңгейдегі) білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру»

2.3. Стратегиялық міндеттер

Білім беру жүйесіндегі басты стратегиялық міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімділігін кеңейтумен айқындалады.

2.4. Іс-қимыл стратегиясы

2.4.3. Білім беру жүйесінде серіктестікті дамыту үшін жағдайлар жасау

Білім беру жүйесі, қысқа және орта мерзімді қажеттіктерге сәйкес ел экономикасын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету функциясын орындай отырып, алдын ала сипаттағы міндеттемелерге де ие болуға тиіс. Бұл арада экономикалық өсудің кадрмен қамтамасыз ету сапасына қойылатын талапты қамтитын стратегияның және білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестіктің атқаратын рөлінің маңызы аз емес»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

«Міндеттері:

экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;

әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

«4.7.4. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау

Инновациялық дамудың басым және индустриялануы жағдайында білім саласындағы негізгі бағыт жоғары білікті кадрларды мамандықтарына сәйкес даярлау болып табылады»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1092 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы

2-стратегиялық бағыт. Экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

2.1-мақсат

Елдің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті білім алудың жинақтауды және білім беруді қамтамасыз ететін бәсекеге қабілеттілікке және ғылым жүйесін теңгеруге қол жеткізу



«Біз жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз.

Білім беру бағдарламаларын іске асыру мен ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау көрсету міндет»

Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Міндеттер: Ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесін жетілдіру;

ғылыми-техникалық инфрақұрылымды жаңғырту;

жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау және оларды зерттеу қызметіне ынталандыру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастарды дамытуға жағдай жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту

3.1-мақсат

Балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету



2-тарау.

Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру; бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру; балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу және сақтау»

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері «Әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі»

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы

30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1998 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметіне тапсырма - балалардың мектепке баруын толықтай қамтамасыз ету

Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер Мемлекет тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуды қамтамасыз етеді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

Баланың денсаулық сақтауға құқығы балалар үшін сапасы тиісті деңгейдегі тағам өнімдерінің өндірілуіне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

15-бап. Баланың білім алуға құқығы

Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және оған тегін орта білім алуға кепілдік беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы

Орта білім жүйесін одан әрі реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысы

3.2-мақсат Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

3-бап, 1 т. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады»

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы

ІІ-бөлім, 2-т. «Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету»

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73  Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы

4-стратегиялық бағыт. Білім және ғылым жүйесін тиімді басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру

4.1-мақсат

Білім және ғылым жүйесін басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру



Саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдірудің төртінші жолы: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс.

Әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт»

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«2.3. Стратегиялық міндеттер

Білім беру реформасының стратегиясы мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

- білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;

- қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

«Бағдарламаның міндеттері:

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін қамтамасыз ету»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

«Міндеттер:

Ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесін жетілдіру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

 

4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері



 

Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін Білім және ғылым министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері:

1. Құрылымдық бөлімшелер арасында стратегиялық, іске асыру, реттеуші және бақылау функцияларын бөлуге мүмкіндік беретін Министрлік өткізіп отырған әкімшілік реформа.

2. Жеткілікті кадр әлеуетінің болуы.

3. Аумақтық білім беруді басқару органдарының болуы.

4. Министрліктің ведомостволық бағыныстағы ұйымдарының белгілі бір әлеуетінің болуы (Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнологиялар орталығы, Биологиялық зерттеулер орталығы, қоғамдық-гуманитарлық бейіндегі ғылыми ұйымдар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Орталық ғылыми кітапхана, Ұлттық тестілеу орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Халықаралық бағдарламалар орталығы, «Дарын» РҒПО, «Оқулық» РҒПО, «Балалық шақ» РҒПО, «Бөбек» ҰҒПСО және басқалары).

5. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық (Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесі, АКСЕЛС, АЙРЕКС, ЮСАИД, Еуроодақ, БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, АДБ, ЕРДБ, ИБР, МВФ, ТАСИС/ТЕМПУС, ГААҚ, ГТЦ, КОІСА, ЛСА, ШЫҰ, КАТЕV)

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.25.02. № 187 Қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Ықтимал қатерлер

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметінің барысында мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар қатерлерге тап болуы мүмкін.

 

Қатердің атауы

Дер кезінде шаралар қабылдамаған және (немесе) уақтылы ден қойған жағдайда мүмкін болатын салдарлар

Басқару тетіктері мен шаралары

1

2

3

Жүйелі қатерлер (институционалдық)

Білім сапасының нашарлауы

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төну

Білім беру жүйесін басқаруды, білім мазмұнын, кадрлар даярлауды жетілдіру

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарын іске асыруға мүдделі болмауы

Стратегиялық жоспардың мақсаттар индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыс, Астана, Алматы қаласы әкімдері арасында меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыру

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту мәселесі жөніндегі жергілікті органдардың әлсіз ведомствоаралық үйлесімділігі

Стратегиялық жоспардың мақсаттар мен индикаторлары міндеттері көрсеткіштерінің қол жеткізбеу

Ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, білім беру органдары мен ұйымдары жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру

Мүдделі тұлғалар тарапынан білімді сырттай бағалау (ҰБТ, МАБ мектептерде және жоғары оқу орындарында), талапкерлерді кешенді тестілеу рәсіміне араласуы

ҰБТ, МАБ нәтижелерін тұтасымен алғанда білім сапасын бағалауды бұрмалау

Тестілеу жүргізу рәсімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Саладағы еңбекақы төлеу деңгейі мен елдегі орташа еңбекақы деңгейі арасындағы сәйкессіздікке байланысты білім және ғылым жүйесінен кадрлардың кетуі

Кәсіби мүмкіндіктердің күрт төмендеуі және білім және ғылымның «қауқарсыздығы»

Еңбекақы деңгейін арттыру

Әртүрлі мемлекеттік және жеке құрылымдарға Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдарын беру үрдісі

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту базасы болып табылатын іргелі зерттеулерге кері әсерін тигізеді

Іргелі бейіндегі ғылыми ұйымдарды Білім және ғылым министрлігінің қарамағына қайтару. Акционерленген ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесін қайтару. Іргелі бейіндегі ғылыми ұйымдардың акционерленуіне тыйым салатын норманы заңнамамен бекіту.

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.05. № 489 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет