Қазақстан республикасы білім және ғылым


I.I. Қазақстан топырақ жамылғысының жалпы



Pdf көрінісі
бет75/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
I.I. Қазақстан топырақ жамылғысының жалпы 
сипаттамасы 
 
Қазақстанның топырақ жамылғысы тым күрделі және сан 
алуан. Республика аумағында таралған топырақ түрлері топы-
рақ түзуші факторлармен тығыз байланысты, сондықтан топы-
рақ түрлерінің тиісті географиялық заңдылықтарға сай орна-
ласуын анықтау онша көп қиындық туғызбайды. Республиканың 
жазық бөлігінде ендік немесе горизонталь зоналық айқын бай-
қалады, яғни белгілі топырақ типін құрайтын аймақ ендік бағы-


тында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке 
жылжыған сайын басқа топырақ типімен ауысып отырады. Бұл 
құбылыс басты топырақ түзуші факторлармен (өсімдік жамыл-
ғысына және климатқа) тығыз байланыста жүреді. 
Қазақстанның жазық аймағын 4 табиғат зонасы (орманды 
дала, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазықтарда қара-
топырақ (чернозем), күңгірт-күрең (темно-каштановый), күрең 
(каштановый), ашық-күрең (светло-каштановый), құба (бурый) 
және сұр-құба (серо-бурый) топырақ зоналары таралған. Топы-
рақтың ендік (горизонталь) бағытта орналасқан топырақ зона-
ларының ішінде зона тармақтары айқын байқалады. Республи-
каның қиыр солтүстігіндегі Солтүстік Қазақстан және Көкшетау 
облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігінде 
орманның сұр топырағы таралған. Қара топырақ зонасы рес-
публиканың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни
52
0
солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай, негізінен Қостанай,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау 
облыстарының бірталай бөлігін алып жатыр. Бұл зона 
республика аумағының 9,5%-ын қамтиды. Қара топырақты 
зона сілтісізденген қаратопырақ, кәдімгі қаратопырақ және 
оңтүстіктің қаратопырағы зона тармақтарына жіктеледі. Сіл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет