Тақырып 6. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Нарық дегеніміз - өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекет ететін сауда мәмлесін жасайтын орын. Сатуға арналған өнімдерді өндіру орын алған жердің бәрінде нарық пайда болады.
Енді нарық белгілеріне сипаттама береміз. Біріншіден, қазіргі замандағы нарық тұтынушы нарығы болып табылады. Нарықтың бұндай жағдайы сатушыларға қарағанда өнімді тұтынушылардың басымдылық жағдайын анықтайды, яғни «тұтынушылар диктаты» «өндірушілер диктатына» қарама-қарсы.
Нарықтың екінші міндетті белгісі болып оның бәсекелестік сипаты табылады. Бұл дегеніміз бизнес жүйесінде әрбір субъектілерге бәсекелес ретінде болады.
Қазіргі заманғы нарықтың үшінші белгісі – интеграция (қосылу) негізінде субъектілер арасындағы қатынастарды тұрақтандыру. Бұл субъектілердің іскерлік қатынастарда экономиканы монополизациялауға қарсы іс-әрекетке мүдделі екенін білдіреді, олардың мүддесі экономиканы монополизациялаумен емес, интеграциясымен байланысты.
Нарықтық экономикаға тән негізгі белгілері:
Үй шаруашылықтары-тауар мен қызметтерді сатып алады, өндіріс факторларына ие, өз меншіктерін фирмалар мен үкіметке сатады.
Фирма (кәсіпорын)-тауат мен қызметтерді өндіреді, өнідіріс факторларын тартады және пайдаланады.
Мемлекет-заңдық және саяси билікті жүзеге асыратын үкімет мекемелері.
Нарықтың пайда болу жағдайы: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушінің еркіндігі, өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.
Нарықтың атқаратын қызметтері:
Нарықтық инфрақұрылымның жіктелуі, олардың өзіндік мазмұны нарықтардың ерекшеліктерімен анықталады
Тауарлар мен қызмет көрсету нарығы. Бұл нарыұта тауар биржалары, бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер және аукциондар, ақпаратты жинаумен, өңдеумен және қамсыздандырумен айналысатын фирмалар, жарнама және маркетинг фирмалары, әртүрлі делдалдық компаниялар, қызмет көрсету бөлімдері және т.б.
Тауарлар нарығы инфрақұрылымының негізгі функциясы қоғамдық өндірістің негізгі учаскелерін бір-бірімен байланыстыруағ негізделеді. Тауарлар және қызмет көрсету нарығының инфрақұрылымы туралы ағындардың қозғалысын салалық және аймақтық бағыттарда қамтамасыз етеді, тауарларды жеткізу туралы өнімді өткізу және тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша келісім-шарттар бекітуді ұйымдастырады.
Капиталдар нарығы. Ол екі бөлімнен тұрады, «несие нарығы» және «бағалы қағаздар нарығы».
Несие нарығы – бұл заемдық капитал нарығы. Оның қызмет істеуі банкілер, сақтандыру компаниялары, әртүрлі қорлар, яғни бос ақша қаражаттарын үнемдей алатын және оларды несиеге айналдыратындар арқылы жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар нарығында, ең алдымен, кәсіпорындардың меншігіндегі қатысу үлестері сатылады. Бұл меншік капитал нарығы. Оның негізгі институты – қор биржасы.
Еңбек нарығы. Капитал нарығымен қатар еңбек нарығы да өндіріс фауторларының нарығын құраушы бөлік болып табылады. Онда еңбек күшінің сату-сатып алу жүзеге асырылады. Еңбек нарығы еңбек биржасы түрінде ұйымдастырылған.
Мемлекеттік қаржылар. Нарықтық инфрақұрылымның қажетті элементін құрайды. ӨЗ функцияларын олар орталық және жергілікті бюджет арқылы орындайды.