65
Электрондық микроскоп Т4 бактериофагының
сыртқы құрылымының
сырын ашуға жәрдем тигізді. Фаг бөлшегінің басы болады, ол
екі жағынан
қақпақшалары бар алты қырлы призма тәрізді. Басынан ұзынша келген
құйрық қосалқысы кетеді, оның ұшында жіп тәрізді бірнеше "аяқшалар" бар.
Қосалқының каналы оны баспен жалғастырады
және сол каналда ДНҚ-ның
макромолекуласы болады. Фаг қабығының қалған бөлігі ақуыздық
жаратылысқа жатады.
ДНҚ бактериофагтың басынан құйрық
қосалқысының каналы арқылы
және бактерия қабырғасында пайда болған тесік арқылы жасушаға енеді.
Осының бәрі шприц арқылы дәрі жіберу процедурасын еске түсіреді. Бас пен
қосалқының ақуыздық қабығы сыртында қалады, ал
бактерияның
жасушасына ДНҚ ғана енеді. Сөйтіп фаг ДНҚ-ның өздігінен өсіп-көбеюі
басталады. ДНҚ-ның макромолекуласы бактерияның "шикізаты" мен бүкіл
ферненттік
аппаратын пайдалана отырып, өзінің өсіп-көбею үдерісіне
қатысуға мәжбүр етеді. ДНҚ-ның бастапқы макромолекуласынан екі туынды
пайда болады және тез арада-ақ олардың саны 8-16-ға дейін көбейе түседі.
Жарты сағат өткен соң фаг ДНҚ-сының бастапқы молекулаларының бәрінен
жасушада оның 150-300 ұрпағы болады, бұлар
бактериофагтың басы мен
құйрық қосалқысы үшін бактерияның ақуыз жинақтауына мәжбүр етеді.
жасуша әуе шары тәрізді жарылып кетеді, сол кезде қоршаған ортаға 150-300
бактериофаг түседі, сөйтіп олар дереу келесі бактерияларға шабуыл жасайды.
Бұл үдеріс қайталанады және тағы бір жарты сағат өткен сон ортада ондаған
мың фаг пайда болады. Біраз уақыт өткеннен кейін онда бірде-бір тірі
бактерия қалмайды тек жеңіске жеткен бактериофагтар қаптап кетеді.
Электрондық микроскоппен қарағанда
бактериофагтың бактериямен
жанасуын, фагтың қандай бөлігі жасушаға енетінін және сыртқы жағынан не
қалатынын айыру қиын. Осыған толық көз жеткізу үшін дәл зерттеулер
жүргізу керек (
21-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: