Дауыссыздыбыстар – қасиеттері жағынан дауысты дыбыстарға қарама-қарсы болатын дыбыстар тобы. Дауыссыздардың артикуляциялық қасиеттері: дыбысталу арнасында міндетті түрде кедергі болу; акустикалық тұрғыдан келгенде дауыссыздардың пайда болуында ызыңның рөлі жоғары болу.
Дауысты дыбыстар – артикуляциялық, акустикалық және функционалдық қасиеттеріне байланысты ерекшеленетін дыбыстардың тобы. Дауыстылардың пайда болуына ерін, тіл және таңдай қатысады.
Дәйексөз – төл сөздің бір түрі. Дәйексөз басқа біреудің айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі.
Дескриптивті лингвистика – құрылымдық лингвистиканың, глоссемантиканың және Прагалық лингвистикалық мектептің жалпы ағымына жататын, XX ғ. 30-50 жж. Пайда болған американдық тіл білімінің бір бағыты.
Дефиниция – белгілі термин не сөз арқылы бейтаныс терминді не сөздің мағынасын ашу, немесе контекстке мағынасы түсінікті сөздерді енгізу.
Диалект – тығыз территориялық, әлеуметтік не профессиналдық қатынаста болатын адамдар қолданатын тілдің бір түрі.
Диалектизмдер – әдеби тілге енбейтін, территориялық диалектілерге тән тіл ерекшеліктері. Диалектизмдер тіл нормасынан ауытқу деп есептеледі. Түрлері: фонетикалық, грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық.
Диалектология – диалектілерді, тілдің территориялық түрлерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Диалектологиялық карта – жеке тілдегі не туысқан тілдердегі диалектілер мен диалектілік құбылыстардың таралуын көрсететін карта.
Диалог – екі не бірнеше адамның сұрақ жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы.
Дихрондық типология – салыстырылатын тілдердің категориялық-мағыналық құрылысын зерттейтін типолгоияның бір саласын.
Диахрония– тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
Дивергенция – тілдік негіздердің бір-бірінен алшақтауы. «Дивергенция» термині глотогониялық және құрылымдық – дихронологиялық аспектіде қолданылады.
Дистрибутивті талдау – бірліктердің дексикалық және грмматикалық мағынасын ескермей, мәтіндегі бірліктердің қоршаған ортасын зерттеуге негізделген тіл зерттеу тәсілі.