Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан №1595 Астана, Үкімет Үйі


-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу



бет2/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.63 Mb.
#14681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу
Әлеуметтік қамсыздандыруда әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып – Министрліктің қызмет мемлекеттік кепілдіктерді азаматтардың және жұмыс берушілердің негізгі әлеуметтік қатерлер туындаған кезде әлеуметтік төлемдері мөлшерінің сәйкестігі мен әлеуметтік қамсыздандыру үшін дербес жауапкершілігімен үйлестіруге, сондай-ақ масылдықтың алдын алу және еңбек ету қабілеті сақталған табысы аз азаматтардың еңбек әлеуетін жандандыруға бағытталады.
Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Халық табысының негізгі бөлігі жалақы есебінен қалыптасады.

Соңғы бес жылда жалақының ең төменгі мөлшері 1,4 есе арттырылды (2009 жылғы 13470-тен 2013 жылы 18660 теңгеге дейін). 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ең төменгі жалақы мөлшері бойынша Қазақстан Ресейден, Беларусьтен, Украинадан кейінгі 4-орынды алды.

Жалпы ел бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы экономикалық қызмет түрлері бойынша – 1,7 есе артып, 2013 жылы (1 желтоқсанға) 106 092 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2006 – 2007 жылдары тиісінше 32 және 30 % артты. Бұған қоса, 2009 жылы және 2010 жылғы 1 сәуірден бастап бюджет саласы қызметкерлері жалақысының деңгейі 25 % арттырылды, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 30 % арттырылды және 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша орта есеппен 74 027 теңгені құрайды.

Азаматтық қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесі моделінің жобасы әзірленді және мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар өкілдерінің талқылауында.

Өнеркәсіптің сегіз саласында (тау-кен металлургия, машина жасау, көмір, мұнай-газ, құрылыс, химия, электр энергиясы, теміржол) еңбекақы төлеудің ең төменгі стандартын есептеу үшін еңбекақы төлеудің салалық арттыру коэффициенттері бекітіліп, қолданылуда.

Халық табысының құрамында екінші орынды әлеуметтік жәрдемақылар алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда нарықтық экономиканың қағидаттарына сәйкес келетін әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көпдеңгейлі үлгісі қызмет етеді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың негізі үнемі жаңартылып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады. 2009 жылмен салыстырғанда:

1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 13717 теңгеден 18660 теңгеге дейін артты;

2) базалық зейнетақы төлемдерін ескергендегі ең төменгі зейнетақының мөлшері – 1,8 еседен артық (15362-ден 28396-ге дейін) өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасы әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң 2009 – 2010 жылдардағы iс-әрекет бағдарламасына сәйкес зейнетақы төлемдерi жыл сайын 25 %, ал 2011 жылдан бастап – 30 %; әлеуметтiк төлемдер 2010 жылы 9 %, 2011 жылы – 7 % көбейтiлген болатын. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 % арттырылады (инфляция деңгейінен 2 % ілгерілетіп).

Осы арттырулар мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн төлемдердi ескергенде, жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң орташа мөлшерi 2013 жылғы 1 қарашада 45 мың теңгенi құрады.

Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру критерийлерінің бірі зейнетақы мөлшерінің еңбек қызметі кезеңінде алатын табыстарға барабарлығы болып табылады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру қарт азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырдың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2013 жылы базалық және ынтымақты зейнетақыны төлемдері есебінен жиынтық табысты алмастыру коэффициенті ХЕҰ ең төмен нормаларынан асып (40 %-дан кем емес) 41,2 % құрады.

Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан салыстырғанда мынадай түрде сипатталады: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде шамамен – 50 %, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 35 %.

Қызметкерлердiң мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне (бұдан әрi – ЖЗЖ) және міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысуы кең етек алуда. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 2013 жылғы 1 қарашада 8,7 млн. құрады, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының саны 6,3 млн. адамға жетті.

Қазіргі таңда мемлекеттің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты Мемлекет басшысының 2013 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі үндеуінде жариялаған тапсырмаларын кезең-кезеңімен іске асыруды бастады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды, БЖЗҚ-ға азаматтардың зейнетақы активтері мен жинақтарын аудару толық көлемде жүзеге асырылуда. Бұл ретте инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген жарналар мөлшерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бойынша мемлекеттің міндеттемелері сақталады.

Қазақстанда табысы аз халықтың бір бөлігін қамтитын әлеуметтік көмек жүйесі қызмет етеді. Ол әлеуметтік төлемдер (арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, күнкөрісі төмен отбасылардағы 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй көмегі және т.б.) түрінде көрініс табады.

Атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесімен қазіргі уақытта бір миллионнан астам қазақстандық қамтылған.

Еліміздегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2013 жылдың үшінші тоқсанында 2009 жылғы осы кезеңдегі 10,5 % орнына, 3,1 % құрады. Қазақстандағы кедейлік деңгейі ТМД елдерімен салыстырғанда төмен, мәселен 2012 жыл қорытындысы бойынша кедейлік деңгейі Беларусьте – 6,3 %, Украинада – 7,8 %, Ресейде – 11,0 % құрайды.


Негізгі проблемаларды талдау
Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстан Республикасында өмір сүру деңгейі анағұрлым дамыған елдердегі деңгейден қалыңқы.

Еңбекақы төлеуде салалық және өңiрлiк саралануы сақталуда, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы оның жалпы экономика бойынша деңгейінен айтарлықтай артта қалып келеді. Еңбекке ақы төлеудің оның нәтижесіне байланыстылығы бұзылған – жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан озық.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әлеуметтік төлемдердің алдыңғы табыстарға және елдегі өсіп отыратын өмір сүру деңгейіне барабар келмеуі негізгі проблема болып табылады. Сондай-ақ зейнетақы қорларының табыстылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуы төмен.

Осының салдарынан елде кедейлік сақталған. Кедейлікке бірінші кезекте, көп балалы отбасылар мен ауыл тұрғындары ұшырайды. Кедейлер санатында еңбек етуге қабілетті азаматтар да бар, бұған табысының өзін-өзі қамтуға жеткіліксіз болуы ғана емес, еңбек етуге ынталандырудың (жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары) жеткіліксіздігі де себеп болуда.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Тұрақты макроэкономикалық ахуал, халықаралық ынтымақтастықпен байланысты басымдықтарды пайдалану мүмкіндігі, әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіру – заманның негізгі талаптарына жауап беруге тиіс және халықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін орта болып сақталып отыр.

Халық табысында жалақының ерекше маңызы сақталатын болады.

Бұл ретте, әлеуметтік әріптестерге еңбекақы төлеу мәселелерін ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесіне қосу; еңбекақы төлеудің ең төмен стандартын белгілеу практикасын кеңейту; жалақының еңбек өнімділігі мен қызметтің түпкілікті нәтижесіне байланыстылығын қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар келешекте азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін қосымша пысықтап, көзделеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылай тұрақтылығын күшейтудің маңызды факторы әлеуметтік заңнаманы жаңарту болып табылады.

Мемлекет басшысының 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан халқына зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі үндеуінде жариялаған тапсырмаларын кезең-кезеңімен іске асыру басталды.

Азаматтардың зейнетақы жинақтарын ұлғайту үшін келесі 2014 жылдан бастап:

1) өндіріс жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдар үшін (жұмыс берушінің есебінен) еңбекақы қорының 5 % мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

2) жұмыс істейтін әйелдер үшін босану және бала күтімі бойынша демалыстарда жүрген кезеңіне зейнетақы жарналарын мемлекеттік субсидиялау енгізіледі.

Кейін жұмыс берушілердің есебінен 5 % міндетті зейнетақы жарналарын енгізу және кезең-кезеңімен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 10 %-ға дейін арттыру; азаматтардың зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу, бүкіл жүйенің тартымдылығын арттыру және ынталандыру шараларын енгізу есебінен азаматтарды зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту көзделеді.

Осы факторларды іске асыру Министрліктің халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысының негізі болуға тиіс.

Экономикалық тұрақтылық және индустриялық-инновациялық дамуға көшу маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу және ең алдымен, кедейлікті еңсеру үшін экономикалық өсуді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2014 – 2015 жылдары пилоттық жобасын іске асыру нәтижелеріне қарай келісілген ақшалай көмектің жаңа нысандарын енгізу көзделеді. Кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру бағдарламаларына міндетті қатысу шартымен белсенді қолдау көрсетуді көздейтін келісімшарттық жүйе еңбек уәждемесін күшейту және еңбек нарығына халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санаттарын тарту тетігі болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетімділігін және кедейлікті азайту мәселелерін кешенді шешу әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың шеңберін тарылтып, оның атаулы сипатын күшейтуге мүмкіндік береді.


6-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Саланы дамытудың негізгі өлшемдері
Қазақстан Республикасында, кез келген басқа елдердегі сияқты халықтың белгілі бір бөлігі – қарт адамдар, мүгедектер және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкілдері ерекше әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінде көрініс табады.

Әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруда жергілікті мемлекеттік басқару органдарының рөлі артып, өкілеттіктері кеңейеді. Азаматтық қоғам өкілдерімен әріптестік дамиды, қайырымдылық өседі.

Кедейлікті жеңілдету және өмір сапасын арттыру үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету белсенді пайдаланылады. «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Қазіргі кезде 80 мыңға жуық азаматқа (мүгедектер, егде жастағы адамдар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қамсыздандыруды жаңарту шеңберінде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттары енгiзiлді, арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілді көлемінің тізбесі айқындалды, оларды көрсетудің нысандары кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелердің базасында 13 өңірде 3 мыңға жуық мүгедек баланы қамтыған 29 күндізгі болу бөлімшесі ашылды. Қажетті әлеуметтік қызметтерді көрсетуге үкіметтік емес ұйымдар тартылуда.

Әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік деңгейде мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың кешенді шаралары әзірленді. Тегін кепілді медициналық көмек көрсету, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, білімнің, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық жағдайын ескере отырып қызмет түрін еркін таңдау, кәсіптік даярлау және қайта даярлау, еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мүгедектердің қоғам өміріне қатысуына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Мүгедектердің құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды кезең-кезеңмен имплементациялау ниетін растай отырып, Қазақстан 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қол қойды. Оны ратификациялауға даярлық шеңберінде лайықты ортаны қамтамасы етуге, өмір сүру функцияларын қалпына келтіруге қажетті жағдай жасауға бағытталған 2012 – 2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылуда.


Негізгі проблемаларды талдау
Халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiнде шешімін талап ететін маңызды проблемалар ретінде мыналар сақталып отыр:

1) мұқтаж адамдардың әлеуметтік қолдаумен жеткілікті қамтылмауы;



2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ұсынылатын оңалту қызметтері тиімділігі жетіспейді;

3) әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері мен арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығындағы бәсекелес орта жеткіліксіз дамыған.

4) мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғам өміріне толыққанды қатыстыру мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде осы және басқа проблемалардың болуы әртүрлі себептерге байланысты. Объективті түрде олар макроэкономикалық жағдайға, қаржы-экономикалық мүмкіндіктер мен жалпы мемлекеттік және өңірлік ауқымдағы басымдықтарға байланысты. Субъективті тұрғыдан – әлеуметтік қолдау көрсету механизмінің жетілмеуімен, әлеуметтік қызметкерлер кәсібилігінің төмендігімен және жауапкершілігінің жеткіліксіздігімен, олардың еңбекақы деңгейінің жетілмеуімен және салыстырмалы түрде төмендігімен байланысты.

Мұндай жағдайларда әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту бұл үшін қолда бар сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалануды талап етеді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғам өміріне араласуы үшін тең мүмкіндік жасау бойынша жұмыс алдағы уақытта Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қол қоюы арқылы өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 – 2015 жылдар) бекітіліп, іске асыру көзделуде. Жоспардың маңызды іс-шараларының бірі қолданыстағы заңнаманы біріздендіру болып табылады.

Соған қарамастан, қазіргі кездегі жағдайға мүгедектерді қоғамға кіріктірудің жеткіліксіздігі тән және көбінесе бұл мүгедектердің тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымға кіруінің шектелуіне байланысты. Мұндай жағдайларда облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері қоршаған ортаның қол жетімділігін арттыру бөлігінде де, атап айтқанда қол инфрақұрылымына мүгедектердің ерекше мұқтаждығын бейімдеу жұмыстарын жақсарту; жүріп-тұруы қиын мүгедектерге көрсетілетін көлік қызметтерінің тізбесін кеңейту; объектілердің қол жетімділігі картасын әзірлеу және басқа.

2017 жылға дейінгі кезеңде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалауды жалғастыру көзделуде.

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

1.1-мақсат. Бала туудың өсуіне ықпал ету

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 003, 005, 008, 012,028, 033



Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты)

Еңбекминінің деректері, статдеректер

%

79,1

79,6

79,7

81,8

83,2

84,5

85,8

2. МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдермен қамтылған бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты)

Еңбекминінің деректері

40,3

38,0

38,8

39,9

40,6

40,9

41,0

3. Табысы аз отбасылардан әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты)

Еңбекминінің деректері

статдеректер



11,4

11,0

10,5

10,0

9,6

12,3

11,9

1.1.1-міндет. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау

Тiкелей нәтижелер көрсеткiшi

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы (МБЖ) алушылардың өткен жылғы санымен салыстырғандағы үлес салмағы

Еңбекминінің деректері

өткен жылғы

мен салыс

тырғанда %-бен


91,9

97

97

97

97

1301

98

2. МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері

Еңбекминінің деректері

өткен жылғы

мен салыс

тырғанда %-бен


110,8

107

107

107

107

107

107

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар




2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

4

5

6

1. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін:

1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда МӘСҚ-тан берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;

2) балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау шарттарын өзгерту және толықтыру бойынша (шартты төлемдерге ауысу) ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу негізінде дамыту


Х


Х


Х





2. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру

Х

Х

Х

Х

Х

3. Жұмыс істейтін әйелдерді әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту (жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша)

Х

Х

Х

Х

Х

2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу

2.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру

Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың коды 001, 008, 012, 014, 015, 019, 028, 121, 128, 145



Нысаналы индикатор

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Жұмыссыздық деңгейі

статдеректер

%

5,3

5,2

5,1

5,0

5,0

5,0

5,0

2. Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі

статдеректер

%

6,5

6,1

5,7

5,3

4,9

4,5

4,1

3. Жастар жұмыссыздығының деңгейі

статдеректер

%

5,4

5,1

4,7

4,4

4,0

3,7

3,4

4. «Әйелдердiң жұмыс күшiне қатысуы» көрсеткiшi бойынша Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаhандық индексiнiң (БЖИ) позициясы

ДЭФ есебі

рейтингтегі орны



24

26

25

24

23

22

21

2.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiшi

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Жоспарлы кезең

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасына (ЖЖК 2020) қатысушылардың қатарынан қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылған адамдардың үлес салмағы

Еңбекминінің деректері

%

20,7

21,2

21,7

22,2

22,7

23,2

23,7

2. Кәсіптік оқуға жіберілген адамдардың ара салмағы (ӨДБ шеңберінде халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендердің қатарынан)

Еңбекминінің деректері

%

-

5,4

5,4

5,4

5,4

5,4

5,4

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

  1. Ағымдағы бос жұмыс орындары деректерінің және болжанатын жұмыс орындарының жалпыұлттық базасын қалыптастыру

Х

Х

Х

Х

Х

  1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысу

Х

Х

Х

Х

Х

  1. ЖЖК 2020 және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіптік оқудан өтетін адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету

Х

Х

Х

Х

Х

  1. Ахуал орталығын әзірлеу

Х

Х










2.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiшi

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Жоспарлы кезең




2012 ж.

2013.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.




1. ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген азаматтардың үлесі

Еңбекминінің деректері

%

91,8

92,0

92,2

92,4

92,6

92,8

93,0




2. ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген әйелдердің үлесі

Еңбекминінің деректері

%

45,5

46,0

46,5

47,0

48,0

49,0

50,0




3. ЖЖК 2020 іс-шараларымен қамтылған оған қатысуға өтініш білдірген 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

Еңбекминінің деректері

%

54,1

55,0

55,5

56,0

56,5

57,0

57,5




4. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі

Еңбекминінің деректері

%

-

58,3

61,4

62,5

64,5

65,5

66,5




5. 100 жұмыс істейтін адамға шаққанда қашықтықтан оқитындардың саны

статдеректер

адам

-

-

-

-

-

7

10




Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі




2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.




1

2

3

4

5

6




1.ЖЖК 2020 бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру:

1) инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлікті және тірек ауылдық елді мекендерді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;

3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу



Х

Х

Х

Х

Х




2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын, ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жалақымен қамтамасыз ете отырып, жұмысқа белсенді түрде тартуы үшін жұмыс берушілерді ынталандыру жағдайларын жасау

Х

Х

Х

Х

Х




3. Икемді әрі қашықтықтан жұмыспен қамту нысандарын қолдану туралы халыққа насихаттау және хабардар ету




Х

Х

Х

Х





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет