Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы


Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау жүргізу тәртібі



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#8742
1   2   3   4   5
4. Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу
және бағалау жүргізу тәртібі

1-параграф. Жоспарлау кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобаларға

мониторинг жүргізу тәртібі

183. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін тоқсан сайын осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіште мынадай ақпаратты көрсете отырып, іріктелген инвестициялық ұсыныстардың тізбесін ұсынады:

1) БИЖ-дің атауы;

2) инвестициялық ұсынысты енгізген ББӘ атауы;

3) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері;

4) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері;

5) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу мерзімдері;

6) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу барысы туралы ақпарат.
2-параграф. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға

мониторинг жүргізу тәртібі

184. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынған нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.

185. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг мыналарды көздейді:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;

2) әрбір уақыт аралығында БИЖ-ді іске асырудың қол жеткізілген көлемдерін және ТЭН-ге және/немесе ЖСҚ-ға сәйкес шығындарды нақты қол жеткізілген сандық-сапалық нәтижелерді БИЖ-ді іске асырудың жоспар-кестесінде (бұдан әрі – Жоспар-кесте) көрсетілген көрсеткіштермен салыстыру арқылы талдау;

3) БИЖ-ді мониторингілеу нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі – мониторинг бойынша есеп) дайындау.

Нақты көрсеткіштердің бұрын жоспарланғандардан (жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.

186. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ-ді және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.

Жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде жүзеге асырады.

187. БИЖ-ді дайындау мен іске асырудың жоспар-кестесі әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді айқындайтын құжат болып табылады және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіште осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды.

БИЖ жөніндегі ақпараттың нақтылануына немесе республикалық бюджет туралы заңның іске асырылуы не тиісті кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіліп іске асырылатын БИЖ тізбесінің нақтылануына қарай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ жөніндегі есеппен бірге нақтыланған жоспар-кестені дайындайды.

Жоспар-кесте барлық жоба бойынша, оның құрамдауыштары және әрбір құрамдауышқа арналған іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемдерін қамтиды.

Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемдері тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі.

188. Жоспар-кестеде есепті жылдың басталуына дейінгі кезеңге, ағымдағы жылға арналған нақты көлемдер және келесі үш жылға арналған болжамды көлемдер де көрсетіледі.

Жоспар-кесте бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і және мақұлданған бюджеттік өтінімнің негізінде қалыптастырылады, ал ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ЖСҚ және мақұлданған бюджеттік өтінім Жоспар-кестені дайындаудың негіздемесі болып табылады.

Жоспар кестеде жобаны іске асыру кезеңі тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік өтінімге сәйкес көрсетіледі.

Жоспар-кестеге, мониторинг бойынша есепке енгізілген жобалар тізбесі тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен бекітілген Жобалар тізбесіне сәйкес келеді.

Жоспар-кестені, мониторинг бойынша есепті және мониторинг бойынша жиынтық анықтаманы мониторингілеуді және дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жоспар-кестеде, мониторинг бойынша есепте және мониторинг бойынша жиынтық анықтамада көрсетілген ақпараттың сапасы мен толықтығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты болады.

189. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын БИЖ-дің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есеп БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемі мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты қамтиды және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін осы Қағидаларға 28-29-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық порталда, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде дайындайды.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1 (бір) күніне дейін БИЖ-дің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

Бұл ретте мониторинг бойынша есептің жоспарланған көрсеткіштері жоспар-кестенің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

190. БИЖ-ді мониторингілеу бойынша жиынтық анықтама осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

191. Қажетті ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде тоқсан сайын дайындайды және мыналарды қамтиды:

1) жоспар-кесте;

2) мониторинг бойынша есеп пен мониторинг бойынша жиынтық анықтама;

3) ішкі бақылау қызметі анықтаған бұзушылықтарды жою фактілері бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат;

4) БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай ақпараты;

5) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;

6) осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаның паспорты;

7) осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гант диаграммасын құру үшін ақпарат;

8) осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету;

9) осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.

192. Тоқсан қорытындылары бойынша облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың және атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметінің БИЖ-ді іске асыру сатысында ықтимал бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерге бару құқығы бар.

Ішкі бақылау қызметінің қорытындысы анықталған бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратты, сондай-ақ проблемаларды шешу немесе жою бойынша ұсынымдар мен шараларды қамтиды.

Ішкі бақылау қызметі анықталған бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратты тиісті органның бірінші басшысына береді.



193. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.

194. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен ааатер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, оның ішінде электрондық порталға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.

Жиынтық ақпарат мыналарды:

1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты;

2) нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпаратты қамтиды.

195. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ-ді іске асыру барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-ді іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.

Жиынтық ақпарат мыналарды:

1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты;

2) аяқталған және жалғастырылатын жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпаратты;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, іс жүзінде атқарылуы, аяқталған жобалардың саны, сомалары және игерілмеу себептері туралы ақпаратты қамтиды.

196. Ішкі бақылау қызметінен анықталған бұзушылық фактілері туралы ақпаратты алған орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар қабылданған шаралар және проблемаларды шешу тәсілдері туралы ақпаратты мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

197. ББӘ БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізуді ескере отырып, республикалық БИЖ-ді, жергілікті БИЖ-ді сондай-ақ тиісті бюджетті жоспарлау (нақтылау) кезінде БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай ақпаратын ескере отырып, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобаларды іске асыруды мониторингілеу нәтижелерін қолданады.
3-параграф. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын

бағалау тәртібі

198. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынатын нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есеп негізінде БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.

199. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін жыл сайын жүргізіледі.

Егер жоба белгіленген мерзімдерде пайдалануға енгізілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-ді іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін келесі жылы қайталап ұсынады.

200. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау мыналарды көздейді:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты ББӘ-ден жинау;

2) оларды мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы БИЖ-дің қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (өнімдер шығару, қызметтер көрсету) талдау;

3) БИЖ-ді іске асырылуын бағалау жөнінде жиынтық есепті дайындау.

Нақты көрсеткіштердің бұрын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде жоспарланғандардан ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.

201. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мынадай есептілік құрамында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ұсынылады:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы есеп;

2) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы жиынтық анықтама.

202. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау туралы есеп есепті кезеңдегі
БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізуді ескере отырып, өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) нақты және жоспарланған көлемдері туралы ақпаратты қамтиды және осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіште мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет