47-бап
Өкілін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұрмайтын азаматының қайтыс болуы
1. Өкілін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте тұрмайтын азаматы осы мемлекетте уақытша болған кезде қайтыс болса, оның дүние-мүлкін консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары күзетке алып, қандайда бір ерекше процедура жасамай-ақ, өкілін жіберген мемлекеттің консулдық қызмет адамына табыс етеді. Консулдық қызмет адамы қайтыс болған адамның бұрынырақ осы мемлекетте болған кезінде алған қарыздарын табыс етілген дүние-мүлкінің құны шеңберінде төлейді.
2. 46-баптың 7-тармағының ережесі сондай-ақ осы баптың 1-тармағында сөз болған меншікке де қолданылады.
48-бап
Кемелерге көмек көрсету
1. Консулдық қызмет адамы, бөкеттерді қоса алғанда, консулдық орналасқан мемлекеттердің кемелерінде, сондай-ақ осы кемелердің экипаждарына кез келген көмек көрсетуге құқылы.
Консулдық қызмет адамы, сондай-ақ өкілін жіберген мемлекеттің кемелерінде және олардың экипаждары жөнінде бақылау жасап, тексеріс жүргізуге құқылы.
2. Капитан немесе экипаждың кез келген мүшесі өз консулдық мекемесімен еркін түрде байланыс жасай алады.
3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары өкілін жіберген мемлекет заңдары мен ережелеріне сәйкес осы мемлекеттің кемелері мен олардың экипаждары жөнінде консулдық қызмет адамы қолданған шаралармен есептесуге тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асырған кезінде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындарынан жәрдем өтіне алады.
49-бап
Консулдық қызмет адамдарының кемелер мен олардың экипажлары жөніндегі өкілдіктер
Консулдық қызмет адамы өкілін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес теңізде жүзуге байланысты мына төмендегі кез келген іс-қимылдарды жасауға/ тек қана олар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне қайшы келмесе болғаны:
а) кеменің қай ұлттікі екендігіне, сол кеме жөніндегі меншік құқығына және осы сияқты құқықтарға, сондай-ақ оның жағдайы мен пайдалануына қатысы бар кез келген құжаттарды қабылдауға, хаттауға және куәландыруға,
б) капитаннан, экипаждың басқа да мүшелерінен жауап алуға, кеме құжаттарын тексеруге, алуға және куәландыруға, кеме, оның, жүгі мен жүретін жолы жөнінде декларация қабылдауға, сондай-ақ кеменің бекетте кіруіне, шығуына және болуына жәрдемдесуге,
в) капитанды, экипаждың басқа да мүшелерін госпиталға жатқызу, сондай-ақ мұндай адамдарды отанына қайтару үшін барлық қажетті шараларды қолдануға,
г) консулдық орналасқан мемлекеттің сот және басқа өкімет орындарымен байланыс жасауда капитанға немесе экипаждың кез келген мүшесіне көмек көрсетуге және осы мақсатпен оларға қажетті құқықтық көмек көрсетіп, оларды аудармашымен және басқа адамдармен қамтамасыз етуге қақылы.
50-бап
Кеме бортында жасалған қылмыстық іс-әрекеттер
жөніндегі юрисдикция
1. Консулдық орналасқан мемлекеттің соттары және басқа құзіретті өкімет орындары кеме бортында жасалған қылмыстық іс-әрекеттер жөнінде тек мына төмендегідей жағдайларда ғана күштеу шараларын қолдана алады:
а) консулдық орналасқан мемлекеттің азаматы жасаған немесе оған қарсы жасалған қылмыстық іс-әрекеттер, немесе экипаж мүшесі болып табылмайтын адам жасаған немесе осы адамға қарсы жасалған қылмыстық іс-әрекеттер,
б) консулдық орналасқан мемлекеттің тәртібін немесе аумақтық немесе ішкі суларының, яки бекетінің қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер,
в) денсаулық сақтауға, теңіздегі қауіпсіздікті, иммиграциялық және кедендік режимді қамтамасыз етуге, теңіздің мұнаймен ластануна және контрабандаға жол бермеуге қатысы бар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін бұзатын қылмыстық іс-әрекеттер,
г) консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары бойынша кемінде 3 жылға және одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ұшырататын қылмыстық іс-әрекеттер.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттің соттары және басқа құзіретті өкімет орындары өкілін жіберген мемлекеттің кемесі жөнінде, сондай-ақ консулдық қызмет адамының өтініш немесе келісімі бойынша күштеу іс-қимылдарын қолдана алады.
51-бап
Консулдық орналасқан мемлекет өкімет орындарының кеме бортындағы іс-қимылдары
1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары бортқа көтерілгісі, өкілін жіберген мемлекеттің кемесінің бортында капитанды, экипаж мүшесін, осы кеменің жолаушысын немесе консулдық орналасқан мемлекеттің азаматы болып табылмайтын басқа бір адамды қамауға алғысы немесе ұстағысы, яки кеменің бортындағы мүлікті кәмпескелегісі келсе, мұндай іс-қимыл басталғанға дейін олар консулдық қызмет адамы кемеде болуы үшін консулдық мекемені хабардар етеді. Тиісті ескертуде дәл уақыты көрсетіледі. Егер консулдық қызмет адамы немесе оның өкілі бұған қатыспаған болса, ол жоғары өкімет орындарынан болған жағдай туралы олардың иелігіндегі бүкіл ақпаратты беруді өтіне алады. Бұл ережелер консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары кеменің капитанынан немесе экипаж мүшесінен жауап алған кезде де қолданылады.
2. Шұғыл жағдайларда немесе капитанының өтініші бойынша тергеу жүргізілгенде консулдық қызмет адамы тергеу туралы өте қысқа мерзімде хабардар етілуге тиіс.
Консулдық қызмет адамының өтініші бойынша оған ол жоқ кезде өткізілген тергеудің нәтижелері туралы ақпарат табыс етіледі.
52-бап
Ерекше жағдайлар
48, 49 және 51-баптардың ережелері консулдық орналасқан мемлекеттің кедендік заңдары мен ережелеріне, адам денсаулығын қорғауға қатысы бар карантин және басқа бақылау шараларына, теңіздің ластануына жол бермеуге, порттағы жүктердің күзетілуін қамтамасыз етуге, шетел азаматтарының кемеге кіруіне рұқсат етуге байланысты сол мемлекет жөнінде қолданылмайды.
53-бап
Корабльдің күйреуі немесе кеменің апатқа ұшырауы
1. Егер өкілін жіберген мемлекеттің кемесі консулдық орналасқан мемлекеттің аумақтық немесе ішкі суларында күйресе, жарақат алса, қайраңдап қалса, жағаға шығып қалса немесе қандай да бір басқа апатқа ұшыраса, консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары бұл туралы және кемені, жолаушыларды, экипажды, сондай-ақ олардың дүние-мүліктері мен жүктерін құтқару және қорғау жөнінде қолданылған шаралар туралы консулдық қызмет адамына дереу хабарлайды.
2. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамына ол қолданып жатқан жөнінде оның өтініші бойынша қажетті көмек көрсетеді.
3. Егер күйреуге ұшыраған кеме, оның экипажының құжаттары, заттары мен жүктері консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауында немесе осы жағалауға жақын жерде табылса, немесе осы мемлекеттің портында болса, егер кеме капитаны, оның көмекшісі, кеменің иесі және сақтандыру компанияларының өкілдері бұл кезде болмаса және аталған меншіктің сақталуын қамтамасыз ету немесе оның бұдан әрі жеткізілетін жерін анықтау жөнінде шара қолдана алмаса, консулдық қызмет адамы кеме иесінің апат кезінде болуына тура келгенде қолдануы мүмкін шараларды қолдануға құқылы.
4. Консулдық қызмет адамы күйреген, апатқа ұшыраған немесе қайраңға отырып қалған кеменің қай ұлттыкі екендігіне қарамастан, кеменің кез келген дүние-мүлкі және өкілін жіберген мемлекеттің азаматына тиесілі жүк жөнінде, егер осы дүние-мүлік консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауында, жағалауға жақын жерде табылса немесе осы мемлекеттің портында болса, аталған баптың 3-тармағында көзделген барлық шараларды қолдана алады. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары мұндай дүние-мүліктің бар екендігі туралы консулдық қызмет адамын дереу хабардар етуге тиіс.
5. Апатқа ұшыраған кеменің жабдықтары, жүктері және азық-түлік қорлары консулдық орналасқан мемлекетте пайдалануға немесе тұтынуға арналмаса, консулдық орналасқан мемлекетте оларға кедендік баж салықтары мен алымдар салынбайды.
54-бап
Кеме экипажы мүшесінің қайтыс
болуы немесе жоғалып кетуі
1. Өкілін жіберген мемлекетте тиесілі кеме экипажының мүшесі қайтыс немесе жоғалып кеткен және мұның өзі сол кеменің бортында немесе консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында орын алған жағдайда, кеме капитаны немесе оны алмастырушы адам, сондай-ақ өкілін жіберген мемлекеттің консулдық қызмет адамы қайтыс болған немесе жоғалып кеткен адамнан қалған жеке нәрселердің, бағалы заттардың және басқа дүние-мүліктің тізімдемесін жасауға, аталған дүние-мүлік пен мұраны сақтау және олардың бұдан былайғы тағдырын анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы бірден-бір адамдар болып табылады.
Алайда, егер қайтыс болған немесе жоғалып кеткен адам консулдық орналасқан мемлекеттің азаматы болса, кеме капитаны немесе оны алмастырушы адам мұндай тізімдемені қайтыс болуды немесе жоғалып кетуді белгілеу кезінде жасайды. Мұндай тізімдеменің бір данасы консулдық орналасқан мемлекеттің мұраны қорғау жөнінде әр түрлі шаралар қолдануға және қажет болған жағдайда оның тағдырын шешуге қақылы өкімет орындарына табыс етіледі. Осы өкімет орындары өздері қолданған барлық шаралар туралы өкілін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесін хабардар етуге тиіс.
2. Консулдық қызмет адамы өзінің мұра жөніндегі өкілеттігін жүзеге асырған кезде осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарын сақтауға тиіс.
55- бап
Әуе кемелері
Осы Конвенцияның 48-54-баптарының ережелері мүмкін болғанына қарай тиісінше өкілін жіберген мемлекеттің әуе кемелеріне де қолданылады.
56-бап
Консулдық баж салықтары мен алымдар
1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында өкілін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес жасалған консулдық іс-қимылдар үшін консулдық баж салықтары мен алымдар жинай алады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық іс-қимылдар үшін алынған сома консулдық орналасқан мемлекетте салық пен алым атаулыдан босатылады.
5-БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ҚАУЛЫЛАР
57-бап
Басқа консулдық міндеттер
Консулдық қызмет адамы өзіне өкілін жіберген мемлекет жүктеген, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарымен тыйым салынбаған және жүзеге асырылуына бұл мемлекет қарсылық білдірмейтін кез келген басқа консулдық міндеттерді немесе екі мемлекет арасында жасалған, қолданылып жүрген халықаралық келісімдерде аталған міндеттерді орындай алады.
58-бап
Консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары
мен ережелерін сақтау
1. Осы Конвенцияның ережелеріне байланысты иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болған адамдардың бәрі өздерінің иммунитеттері мен артықшылықтарына нұқсан келтірместен, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін сақтауға міндетті. Олар сондай-ақ осы мемлекеттің ішкі істеріне араласудан аулақ болуға міндетті.
2. Консулдық үйлері консулдық міндеттерді жүзеге асырумен сыйыспайтын мақсаттарда пайдаланылмауға тиіс.
59-бап
Конвенцияның ережелерін заңды ұйымдарға
қолдану процедурасы
Осы Конвенцияның өкілін жіберген мемлекеттің азаматтарына қатысы бар ережелері сол мемлекеттің заңды ұйымдарында қолданылады.
60-бап
Конвенцияның бекітілуі және күшіне енуі
1. Осы Конвенция бекітілуге тиіс және бекіту грамоталары алмасылғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
2. Бұл Конвенцияның мерзімі белгіленбеген. Уағдаласушы Тараптардың бірінің хабарлауы арқылы Конвенция бұзылады. Бұл жағдайда Конвенцияның қолданыста болуы оның бұзылғандығы туралы хабар берілген күннен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.
Осыны куәландыру үшін Уағдаласушы Тараптардың Өкілетті өкілдері осы Конвенцияға қол қойып, оны мөрлерімен растады.
Үш дана болып, қазақ, түрік және орыс тілдерінде жасалды және барлық үш текстің де күші бірдей.
Анкара қаласында 1993 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі қарай «Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы
олардың халықтары тарихының мәдениетінің және тілінің ортақтастығына сүйенген жан-жақты қатынастар мен ьнтымақтастықты тереңдетуді қанағаттанушылықпен атап өте отырып,
Түркия Республикасы мен Қазақ КСР-і арасындағы 1991 жылғы 15 наурыздағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісім ережелеріне сүйене отырып,
екі халықтың достық пен ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға деген өзара саяси еріктерін мақұлдай отырып,
достық қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту аймақтағы ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі тұрақтылыққа, бейбітшілікке және қауіпсіздікке жәрдемдесетінін атай отырып,
өздерінің халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ жарғысының мақсаттары мен ұстанымдарьна адалдығын мақұлдай, Хельсинки Қорытынды актісі мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі басқа да құжаттар шеңберінде қабылданған міндеттемелерін орындай отырып,
жалпыға бірдей бейбітшілік, қауіпсіздікті нығайту мен сақтау, барлық туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешу ұстанымдарына негізделген ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
төмендегілер жөнінде уағдаласты:
1-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар өзара қарым-қатынастарын тәуелсіздік, егеменділік, аумақтық тұтастық, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, теңдік, өзара сыйласу және өзара тиімділік ұстанымдарының негізінде дамытады.
2-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар саясат, дипломатия, экономика, сауда, білім, мәдениет және ғылым, көлік, байланыс және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, экология, туризм, спорт және басқа да салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге келісті.
3-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар экономика және сауда саласындағы ынтымақтастықты елдер арасындағы қарым-қатынастың маңызды буыны деп санайды, ынтымақтастықты екі елдің потенциалына сәйкес келетін қазіргіден де жоғары деңгейге көтеру қажет деп есептейді.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар өнеркәсіп, көлік, байланыс және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен инвестициялар мен басқа да жобаларды дамытатын және жүзеге асыратын, өзара инвестициялар мен ынтымақтастықтың басқа да нысандарьн жан-жақты қолдауға, қорғауға және сауда көлемін ұлғайтуға күш салады.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар екі ел арасындағы товарлардың қызмет көрсету мен капиталдың кең және тиімді айналымын жеңілдету үшін қажетті құқықтық, экономикалық, қаржылық және сауда жағдайларын жасайтын болады.
4-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар экономика, сауда, өнеркәсіп, банк ісі және басқа да салаларда ақпарат пен тәжірибе алмасуға жәрдемдесетін, екі елдің осы салалардағы потенциалы мен мүмкіншіліктерінің барынша танытылуы үшін әр деңгейдегі байланыстардың дамуын және мамандардың алмасуын қолдайтын болады
5-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар олардың халықтарының тарихи, мәдени және тіл ортақтастығын ескере отырып, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға айрықша маңыз береді.
6-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар білім беру саласындағы бір-бірінде мектептер ашуды, бірлескен университеттер мен басқа да білім беру мекемелерінің құрылуын, білім беру мекемелері арасындағы оқу бағдарламалары, ақпарат және тәжірибе алмасуды маңызды іс деп таниды және тиісті шараларды қабылдайды. Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар осы салада білім министрліктері, университеттер мен басқа да тиісті ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар ең алдымен оқушылардың, сондай-ақ білім беру мекемелерінің оқытушы-профессорлар, әкімшілік құрамы өкілдерінің және стажерлардың алмасуын дамытады.
7-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар ортақ маңыздылығын, әдебиетті және өнерді дамыту мен таратудың маңыздылығын мақұлдайды, бұдан әрі қарай да мәдениет министрліктері мен басқа да тиісті мекемелер арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған қызметке қолдау көрсететін болады.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар өнер мен мәдениет саласындағы тікелей ынтымақтастыққа жердемдеседі және екі елдің мәдениет орталықтарын ашу мәселелері жөнінде бір-біріне қажетті көмек керсететін болады.
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар ортақ тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, қайта қалпына келтіру және көрсету істеріндегі ынтымақтастықты бұдан әрі қарай нығайтып дамытатын болады.
8-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар халықтар арасындағы қарым-қатынастарды бұдан әрі қарай да дамыту және тереңдету үшін ресми және жеке ұйымдар мен мекемелер, университеттер, жергілікті басқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет және өнер ұйымдары арасындағы байланыстарды дамытатын, қалаларды бауырластыру жолымен аймақтар мен қалалар арасындағы тікелей байланыстарды көтермелеп отыратын, сондай-ақ тұрақты түрде кездесулер өткізуге жәрдемдесетін болады.
9-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар парламентаралық байланыстар мен ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
10-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар әскери білім, ғылым мен техника салаларындаңы ынтымақтастықты дамытады.
11-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар туризм, жастар мен спорт ұйымдары, ақпарат пен тәжірибе алмасу, жастар мен спорттық ұйымдардың мамандары және өкілдерімен алмасу салаларындағы қарым-қатынастар мен байланыстарға қатысты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
12-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар құқықтық және консулдық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
13-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар көлік, байланыс пен коммуникация салаларындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың дамуына ерекше маңыз бере отырып, осы орайда көлік коммуникациясы мен қызметін жақсарту және нығайту бойынша жұмыс атқарады, баспасөз, радио мен телекөрініс хабарларын тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, әр түрлі ақпарат, мәлімет және хабар алмасу мен таратуына жәрдемдеседі, сондай-ақ, коммуникация және байланыс жүйелерін, жер серігі жүйелерін қоса отырып, дамыту бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
14-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар ғылым мен технологиялар саласында ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, ғылыми зерттеу мекемелері арасында тікелей байланыстардың орнатылуына, озық технологиялар саласындағы бірлескен бағдарламалар мен зерттеулердің жүргізілуіне мүмкіндік туғызады.
15-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар энергетикалық қорларды дамытуда, өндіруде және тасымалдауда ынтымақтасатын болады.
16-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтасады.
17-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар, олардың арасындағы ынтымақтастық пен байланыстарды әрі қарай дамыту мен нығайту мақсатында, екі жақты ынтымақтастық, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде үнемі консультациялар өткізіп тұратын болады.
18-бап
Осы Шарт бойынша жүргізілген ынтымақтастық пен достық байланыстар басқа бір мемлекетке қарсы бағытталмаған және Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар басқа мемлекеттермен қол қойған екі жақты және көп жақты шарттардан туындайтын міндеттемелеріне қайшы келмейді.
19-бап
Осы Шарт күшіне енген сәттен бастап, 1991 жылғы 15 наурыздағы қол қойылған Түркия Республикасы мен Қазақ КСР-і арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісім өз күшін жоғалтады.
20-бап
Осы Шартқа Мәртебелі Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімдері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
21-бап
Осы Шарт бекітуліге жатады және бекітілген қағаздар алмасқан күннен бастап күшіне енеді.
1994 жылы 17 қазанда Анкарада екі дана болып, әрқайсысы қазақ және түрік тілдерінде жасалынды, сондай-ақ екі текстің де күштері бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ ШАРТ
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы (бұдан әрі «Уағдалушы Тараптар» деп аталатын),
егемендікті, теңдікті өзара құрметтеу және өзара пайданың негізінде құқықтық саладағы ынтымақтастықтық қамтамасыз ету мақсатында, осымен Азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартты жасасу туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатпен екі Уағдаласушы Тарап төмендегілер жайында келісімге келді.
I-БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Құқықтық қорғау
Бір Уағдаласушы Тараптың азаматтары екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың өзінің азаматтарына жасағанындай құқықтық көмекті пайдаланатын болады, сот ісін бастауға немесе тиісті өтініштерін екінші Уағдаласушы Тараптың сот өкімет орындарына беруге құқықты, олар азаматтық істерді өздерінің азаматтары үшін жасалған жағдайларда олардың тиісті ұлттық заңдарына сәйкес қарайтын болады.
2-бап
Құқықтық көмек арналары
Екі Уағдаласушы Тарап осы Шартқа сәйкес бір-біріне құқықтық көмек көрсету үшін, бұған 11-бапқа сәйкес қабылданған іс-шараларды қоспағанда, өкімет орындарын тағайындайды.
Қазақстан Республикасы тарапынан Орталық өкімет орны Әділет Министрлігі болып табылады. Түркия Республикасы тарапынан Орталық өкімет орны Әділет министрлігі болып табылады.
3-бап
Тіл
1. Екі Уағдаласушы Тараптың Орталық өкімет орындарының арасындағы хат хабар алысуда олардың ағылшын және орыс тілдеріне аудармасы бар тілдері қолданылатын болады.
2. Құқықтық көмек сұраған жазбаша өтініштер мен оларға қосымшалар өтініш жасаушы Уағдаласушы Тараптың ресми тілінде олардың куәландырылған аудармалары қоса берілген, сұрап отырған Уағдаласушы Тараптың ресми тілінде немесе ағылшын не болмаса орыс тілдерінде жасалатын болады. Осы құжаттардың бәрі екі данада жасалады.
4-бап
Құқықтық көмектің бағасы
Екі Уағдаласушы Тарап осы Шартпен қамтамасыз етілетін шамада, бұған сарапшылардың сыйақыларын қоспағанда, бір-біріне тегін құқықтық көмек көрсететін болды. Сарапшыларға сыйақы сұратып отырған Уағдаласушы Тараптың ережелері мен нұсқаулықтары бойынша белгіленетін болады.
5-бап
Құқықтық көмектен бас тарту
Егер Уағдаласушы Тараптың біреуі құқықтық көмектің берілуін оның мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне залалын тигізеді деп танитын болса, ол сұралып отырған екінші Уағдаласушы Тараптың беретін құқықтық көмегінен бас тарта алады. Қалай болғанда да ол екінші Уағдаласушы Тарапқа бас тартуының себебін жазбаша түрде хабарлайды.
6-бап
Құқықтық көмек көрсету кезінде қолданылған заңдар
Құқықтық көмек көрсету кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің тиісті ұлттық заңдарын қолданатын болады. Бір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың процедуралық ережелерін соңғының өтініші бойынша, егерде оның негізгі заңды принциптері бұзылмайтын болса, қолдана алады.
7-бап
Заң мәселелері мен нұсқаулықтар жөнінде ақпаратпен алмасу
Уағдаласушы Тараптар өзаралық өтініш бойынша олардың мемлекеттеріндегі күші бар немесе күшінде болған заңдар мен нұсқаулықтар туралы, сондай-ақ олардың сот практикасында қолданылған жайында бір-біріне мәлімдеуге тиіс.
8-бап
Ресмилендірілуден босатылу
Бір Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдары жасаған немесе куәландырған құжаттары екінші Уағдаласушы Тарап соттарының алдында қолданылу үшін ресмилендірілуге, егер оларға тиісті түрде қол қойылған және ресми түрде мөрмен куәландырылған болса, жатпайды.
9-бап
Құжаттардың дәлелдеу күші
Уағдаласушы Тараптардың бірінің ресми органдары берген құжаттары екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында да сондай дәлелдеу күшіне ие болады.
10-бап
Достарыңызбен бөлісу: |