2.2 Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары,
мақсаты мен міндеттері
Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде және бірқатар қағидаттарды ұстанғанда ғана тиімді болатынын ескеру маңызды:
Жүйелелік және сабақтастық – кәсіптік бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. Бұл бастауыш сыныптан басталып мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Оқушылардың жас ерекшелігіне, олардығ мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау және даралау.
Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысының жаппай, топтық және жеке формаларының оңтайлы үйлестіру.
Мектептің, отбасының, кәсіптік оқу орындарының, жастарға кәсіптік бағдар беру орталықтарының, қоғамдық/кәсіптік жастар ұйымдарының, әлеуметтік серіктестердің өзара байланысы.
Кәсіптік бағдар жұмысының өңір және елдегі еңбек нарығымен байланысы (қоғамдағы маман қажеттілігімен табиғи бірлігі).
Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мақсаттары:
Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіптік өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіптік мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.
Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі міндеттері:
Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;
Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету;
Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;
Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;
Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіптік бағдар беру жұмысына жұмылдыру;
Достарыңызбен бөлісу: |