3.6 Қазақстан Республикасының шарттарына бейімделуі мүмкін бар проблемаларды шешу бойынша жағымды шетелдік тәжірибеге шолу
2008 жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық технологиялардың әлемдік нарық көлемі 1,5 трлн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 35% (520 млрд. АҚШ доллары) Азиа-Тынық мұхит елдерінің өңіріне келеді. 2008 жылы аппараттық қамтамасыз етуге шығындар 2,5%-дан артты және 380 млрд. АҚШ долларын құрады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің нарығы (222 млрд. доллар) және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер (805 млрд. доллар) тиісінше аса тез қарқынмен өсті – тиісінше 10,3% және 8,2%.
Халықаралық IТ-нарығында шығындардың құрылымы экономиканың даму дәрежесіне байланысты. Дамыған елдерде инфрақұрылымдық толықтыру жүруде, сондықтан аппараттық құрал-жабдықтарға шығындардың үлесі ақпараттық технологияларға жалпы шығындардың 70% осы нарықтарға жетуі мүмкін, дамыған елдерде IТ-өнімдердің және құрал-жабдықтардың үлесі 50%-дан асады, ал табыстың негізгі үлестері IТ-қызметтерінің сегменті болып табылады.
Халықаралық тәжірибені талдау, IТ-нарығындағы дағдарысқа дейінгі мерзімінде дамыған елдерден еңбек құнын төмен сипаттайтын және салық салу қолайлы жағдайларымен елдерге ауыстыру үрдісі байқалуда. Осы әсіресе, күрделі техникалық инфрақұрылымды құруды талап етпейтін бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызметтердің өндірісі үшін өзекті. Соңғы бес жылда БҚ әзірлеу және IТ-қызметтерді беру нарығының көлемі әлемдік экономиканың 3 – 4% орташа өсу қарқыны кезінде, жылына орташа 10%-ға өсті, ол дамыған және дамымаған елдерде ЖІӨ құрылымында осы сектордың үлесі айтарлықтай ұлғаюға әкелді. Осындай елдерге үлгі болып табылатын, ЖІӨ-нің 10%-нан асатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының үлесі бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (Корея, Малайзия, Тайвань, Сингапур).
Үндістан IТ-қызметтердің және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды қолданатын қызметтердің сараптамалық бағытталған секторының ойдағыдай дамуының ең айқын мысалы болып табылады. 2008 жылы IТ-қызметтер экспортының жалпы көлемі 40 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл елдегі тауарлар мен қызметтер экспортының төрттен бірден астам бөлігін құрайды. Экспортқа қосымша ретінде ішкі нарықта 11,6 миллиард АҚШ доллары сомасына IТ-тауарлар мен қызметтер пайдаланылған. Болжамдарға қарағанда, IТ-қызметтер секторы 2010 жылы 60 миллиард АҚШ доллары көлеміне жетеді, бұл елдің ЖІӨ-нің 10 % құрайды. Ақпараттық технологиялар секторы 2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтиды, оның 30 % – әйелдер; сонымен бірге, сектор бойынша орташа табыс басқа қызмет салаларынан екі еседей артық. Бұл ретте, ақпараттық технологиялар саласындағы әр жаңа жұмыс орны сыбайлас және қызмет көрсететін салаларда үш-төрт орынның пайда болуына алып келеді.
Оңтүстік Корея, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеуетін қолдана отырып, кедей елден жоғары технологиялы тауарлар мен қызметтерді әлемдік сатудың көлемі бойынша он екінші қатысушысы болып табылатын әлемдегі ірі экономикалық державалардың біріне айналды. IТ-секторы елдегі экономикалық өсудің астам бөлігін қамтиды, инфляцияның төмендеуінің маңызды макроэкономикалық факторы болып табылады және елдің ЖІӨ-нің 16 пайызынын астам бөлігін құрайды. Корея экономикасының дамуына әсер ететін факторлардың ішінен бірнеше ұлттық стратегияларын іске асыруды қалыптастыру және қаржыландыру арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуындағы үкіметтің белсенді қатысуын айтуға болады.
Кореяның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуын төрт негізгі кезеңге бөлуге болады: 1) ұлттық қорлық ақпараттық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық орта жасау; 2) ақпараттандырудың алға басуы бойынша ұлттық жоспар негізінде ақпараттандырудың алға жылжуы (CDMA технологиясы негізінде тиімді және тез инфрақұрылым құру және кеңжолақты Интернетке қол жетімділік үшін инфрақұрылым құру); 3) компьютерлік сауаттылыққа оқыту және олардың ақпараттық технологияларды пайдалануы арқылы халық өмірін жақсарту; цифрлық теледидар қызметтерін ұсыну; «Korean Telecom» компаниясын жекешелендіру; «CYBER KOREA 21» ұлттық бағдарламасы негізінде «e-Government», «e-Commerce» және «e-Procurement» жобаларын іске асыру үшін орта және тұғырнама жасау; 4) «e-Korea Vision 2006» стратегиясын іске асыру және жаппай «e-Government» енгізу; «Broadband IT Korea Vision 2007» жобасын іске асыру; бәсекелестіктің өсуінің одан әрі дамуы үшін IT839 стратегиясын қабылдау және іске асыру (8 қызмет, 9 өнім, 3 инфрақұрылым); DMB и WiBro коммерциялық қызметтерді іске қосу.
Мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекетінің келісілген үлгісінен басқа, Кореяның IT саласының даму үлгісінің бірегейлігі елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары дамуын тұрақты қаржыландыру тетігін құрудан тұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік сондай-ақ жеке сектордың әр түрлі жобаларын қаржыландыратын бірнеше қорларды, атап айтқанда, Ақпараттандырудың даму қорын құру арқылы Корея үкіметі дағдарыс кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуында инвестициялаудың жеткіліксіздігінен өзін қорғап қалды, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңде корейлік компанияларға қосымша бәсекелестік артықшылық берді. Сонымен қатар, қорды құру және оны толықтыру үшін сектор ішінде алынған құралдар – радиожиілік иелерінен алынған лицензиялық жинақ, телекоммуникациялық операторлардан алынған салықтардың пайызы қолданылады.
Финляндия. Финляндияның көптеген басқа елдерден елеулі айырмашылығы – оның ұлттық поштасы мен телекоммуникациялары ешқашан мемлекеттік монополияны қолданған емес.
Ұялы операторлар ұялы байланыстың жаңа қосымшаларын әзірлеу мен шығаруға белсенді қатысады. Ол шағын кәсіпорындардың іргетасының табысты дамуына мүмкіндік жасайды. Фин ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторы 3000-ға жуық кәсіпорындарды қамтиды.
Финляндияда желілік технологияларды қолдану соңғы бес жыл ішінде жоғары деңгейде болуын жалғастырып отыр. Елдің 65%-нан астам кәсіпорындарының өзінің ішкі жергілікті желілері бар, ал 94% кәсіпорын Финляндияда Интернет желісіне қосылған. Әлемдік экономикалық форумның баяндамасына сәйкес ақпараттық бірлестіктердің жұмыс инфрақұрылымын дамыту және ақпараттық-коммуникациялық техниканы қолдану деңгейі бойынша Финляндия әлемде тек Сингапур мен Исландиядан кейін, үшінші орынды алады.
Кең жолақты байланыс арналарын қолдану арқылы Интернет желілеріне қосылу санының өсуі жалғасып жатыр. Бекітілген байланыс сымдары арқылы жоғары жылдамдықты Интернетке қосылу саны 1 млн. бірліктен асты және елдің 94% халқын қамтыды.
Финляндияда телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсету құны дамыған елдердің ішінде ең төменінің бірі болып табылады. Ол Финляндия нарығында қызмет ететін телеоператорлардың арасындағы бос бәсекелестікпен (ақпараттық индустрия бәсекелестік үшін 90-жылдардың басынан бастап ашық болды) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын бақылау және мемлекеттік реттеу мәселелеріне жауапты Финляндияның коммуникациялар жөніндегі мемлекеттік агенттігінің (FICORA) тарапынан белгіленген нормаларды және шектеулерді сақтауды үнемі бақылаумен түсіндіріледі. Соңғы 10 жыл ішінде телекоммуникациялар қызметтері құнының орта деңгейі 20-25%-ға төмендеді.
Барлығы Финляндия нарығында 150-ден астам фирма телекоммуникациялық қызметтерді көрсетеді. Финляндияда тек ұялы байланыс қызметтерін ұсыну саласында ғана нарықтың елеулі көлеміндегі 59 оператор қызмет етеді. Интернет-қызметтердің Фин нарығы да сондай-ақ ең дамығандардың бірі болып саналады. Еуропалық комиссия зерттеулерінің нәтижесі, электрондық қызметтерді дамыту индексі бойынша Финляндия Еуропада Швеция мен Австриядан кейін үшінші орынды алып отыр.
Мемлекеттік құрылымдар арасында ақпараттық технологияларды енгізудің ең жоғары деңгейін салық және кеден қызметтері, сондай-ақ қызметі табыс алуды есептеумен және бақылаумен байланысты басқа да мекемелер көрсетеді.
Финляндияда өндіріс және сауда саласындағы компаниялар жұмысында елеулі дамуды электрондық коммерция құралдарын пайдалануалып отыр. Мемлекеттік статистика орталығының деректері бойынша, ақпараттық желі арқылы елдің 30%-дан астам халқы сатып алулар жүргізеді, ал электрондық коммерция жүйесі арқылы сатудың жалпы жылдық көлемі 800 млн. евродан артық болып отыр.
Электрондық коммерцияның одан әрі дамуы ұялы телефон немесе ықшамды қалта компьютері көмегімен әртүрлі қызметтерді сатып алу және алу мүмкіндігін беретін m-commerce – электрондық коммерцияны ұялы нысанға көшіру жүйесін әзірлеу және енгізу болып табылады.
«Он-лайн» тәртібінде көрсетілетін қызметтердің елеулі көлемі әсіресе банк саласына тиесілі. Өзінің банк қызметтерін Интернет арқылы іске асыратын «Нордеа» қаржы концернінің клиент саны 3 млн.-нан артық болып отыр. Жыл сайын төлемдерді өткізу және қолма қол ақша алу бойынша 1 млрд. астам қызметтер іске асырылады.
Канаданың сымсыз байланыс өнеркәсібі телерадио хабарлар тарату және негізінен сымсыз байланыс жабдықтары үшін қондырғыларды жаппай өндірумен айналысатын компаниялардан құралады. Оның өнімдері тарату және қабылдау антенналарынан, кабелді теледидар қондырғыларынан, GPS спутникті жалпы позициялау жүйесіне арналған қондырғылардан, пейджерлерден, ұялы телефондардан, спутникті қондырғылардан, ұялы байланыс қондырғыларынан, сондай-ақ телерадио хабарларын таратуға арналған студиялық және хабарлар тарату қондырғыларынан тұрады.
Сымсыз технологиялар саласында Канада ұялы қондырғылар, ақпарат таратуға арналған ұялы құрылғылар, қолданушылардың түпкілікті құрылғылары (СРЕ), бағдарламалық анықталатын байланыс құрылғылары (SDR) және сымсыз кеңжолақты байланыс құрылғылары (WiMAX) сияқты шешуші салаларда танымал болды.
Accenture компаниясының есебіне сәйкес, Канада электрондық сервистердің даму деңгейі бойынша әлемде бірінші орынды алып отыр. IТ-технологиялардың көмегімен Канада азаматтарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру тапсырмасы ел үкіметі қызметінің ең маңызды бағыты болып саналады.
Бағдарламалық құжаттарда Канада үкіметінің ресми мақсаты мынадай сипатта тұжырымдалған: «елдің кез келген нүктесінен кез келген уақытта онлайн режимде үкімет органдарының ақпараты мен қызметтерін қолдануға қол жеткізу мүмкіндігі бар, өз азаматтарымен тығыз байланысқан үкімет ретінде бүкіл әлемге танымал болу». 1994 жылы Қазынашылық Секретариаты (Treasury Board Secretariat) негіз болатын құжатты жариялады: «Ақпараттық технологияларды қолданумен үкімет қызметін жаңғырту жоспары» (Blueprint for Renewing Government Services using Information Technology). Ал 1999 жылы Канада үкіметі 2004 жылға дейін үкіметтің барлық қызметтерін Интернет арқылы көрсетуді қамтамасыз ету міндетін қабылдады. Канадада орталық үкіметтің IТ бюджеті 1999 және 2000 жылдары 3 млрд. долл. құрады, ол жалпы орталық бюджеттің 2%-ын және 1,9%-ын құрады. Қазіргі кезеңде IТ дамуындағы басымдықтар мыналар болып табылады:
-
Канаданы әлемдік электрондық сауда орталығына айналдыру және экономикада электрондық сауданы қолдануға әрекеттесу;
-
жеке және сауда ақпаратын қорғау және электрондық қолтаңбаны мойындау мақсатында заңнаманы өңдеу;
-
мектептер мен кітапханалардың жоғары жылдамдықты ақпараттық торабқа қол жетімділігін кеңейту, Канадада мультимедия-контентті және БҚ өндірісін ынталандыру.
-
Үкіметтік ақпаратты және қызметтерді интернет арқылы ұсынуды дамыту.
1994 жылы электрондық сервистерді дамыту тұжырымдамасын жариялағаннан кейін, ірі IТ-жобаларды басқару мен іске асыруда елеулі проблемалар туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жоспарлау және басқару - Enhanced Management Framework (EMF) ортақ әдістемесі енгізілді. EMF құру мен енгізудің мақсаты ірі IТ жобаларды іске асыруда көмек көрсету және табысты жобалардың пайызын арттыру болды. EMF тұжырымдамасы жобаның техникалық шешімінің қойылған бизнес-міндеттерге сәйкес болуына қол жеткізуге және жобаларды бюджет шегінде, мерзімінде және толық қызметтік мүмкіндіктермен іске асыруға бағытталған. Өзінің даму шамасы бойынша EMF, сондай-ақ неғұрлым әлеуетті жобаларды іріктеуге және іске асырылатын жобалардың ұйымның өзгеретін бизнес мақсаттарына сәйкестігін үнемі бақылауға бағытталған жобалар портфелін басқарудың процедураларын және тетіктерін қоса бастады.
Малайзия. Малайзия үкіметі инновациялық және коммуникациялық шешімдерді құру мен іске асыруға белсенді қатысады. Малайзия үкіметімен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың тоғызыншы Ұлттық стратегиялық жоспары әзірленді, онда алдағы 10 жылға жоспарлау кезеңімен қызметтің әлеуетті үш технологиялық саласы, сондай-ақ 2020 Көрінісінің қағидаларын іске асыру шеңберінде: сымсыз желілер, жорамалды талдау және үш сатылы Интернет анықталған.large amounts of structured and unstructured data usiSuch predictions rarely take the form o
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың Ұлттық стратегиялық жоспары экономиканың шешуші секторларының өндірісін арттыруға негіз болады және жаңа ғылыми көлемді өндіріс саласын дамытуға ықпалын тигізеді.The National Strategic ICT Roadmap will provide a framework to enhance the productivity o
Малайзияның ақпараттық-коммуникациялық технологияларының The key recommendations of the National Strategic ICT Roadmap are inputs for theThere are three strategies for Malaysia toСтратегиялық Жол картасына Ұлттық ақпараттық техникалық кеңес (ҰАТК) бастамашылық жасаған және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың тоғызыншы Ұлттық стратегиялық жоспарымен қайта қолданылды.
ҰАТК негізгі қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын қамтамасыз ету болып табылады. integrated in the socio-economic fabric of the nation
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың жетінші Ұлттық стратегиялық жоспарын іске асыруда ҰАТК негізгі мақсаттарын іске асыру үшін ұлттық ақпараттық технологиялар бағдарламасы әзірленді.Under the 7MP, The National Information Technology Agenda (NITA) was formulate
Ең үздік мультимедиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кәсіпорындарын тарту мақсатында әлемдік класс ортасын қалыптастыру үшін Малайзияда арнайы экономикалық аймақ құру жөніндегі жоба іске асырылды. NITA was seen as a key catalyst for transformingrealise the core objectives of NITC Реар
1© MSC келесі жобаларды іске асыру жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың басым бағыттарын дамытумен айналысады:
•1) Electronic GovernmentЭҮ;
2) ұлттық көпмақсатты National Multi Purpose Cardкарта (National Multi Purpose Card);
•3) смарт-Smart Schoo3.мектептер;
4) 4. Telehealtтелемедицина;
5) E-business;е-бизнес;
6) R&D Clusters; andҒЗЖ кластері;
•7) АКТ кәсіпкерлігін дамыту.
АКТ-ны дамыту ғаламдық АКТ біліміне және оларды дамытуға негізделген бәсекеге қабілетті экономика ретінде Малайзияның орнын анықтауда маңызды стратегиялық қозғалтқыш болып табылады.Technopreneur Development. Ақпараттық теңсіздікті төмендететін, қолданыстағы цифрлық қалалар мен жаңа MSC Phase2 дамыту, барлық малайзиялықтардың өмір сапасын жақсарту және биоинформатика сияқты жаңа секторды дамытуды ынталандыруға себепші MyICMS 886 фазалық енгізу көмегімен, жалпы ел бойынша қолданыстағы коммуникация желісін кеңейтуге ерекше мән аударылады.
Бәсекеге қабілетті IТ-секторы бар елдердің тәжірибелері дербес және нақты қоғам мен тарихи жағдайларға қатысты болғанына қарамастан, кезеңді талдау мемлекетпен қолданылатын бірнеше әмбебап қағидаларды айқындауға көмектеседі, оларды мемлекеттің қолдануы АКТ-ның әлеуетін мемлекеттің және бизнестің жемісті іске асыруына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |