Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Инвестицияларды ынталандыруға арналған жалпы жүйелi шаралар



бет10/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#143354
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

      Инвестицияларды ынталандыруға арналған жалпы жүйелi шаралар:
      1) темiр жолмен жолаушылар тасымалдаудың қазақстандық нарығына концессияның жаңа шарттары (МЖӘ) жағдайларындағы бiлiктi халықаралық жолаушылар операторларының iшiнен стратегиялық инвесторларды тарту;
      2) темiр жол саласының мақсатты үлгiсiне сәйкес темiр жол саласының нарығы мен мемлекеттiк реттеу реформасын ырықтандыру;
      3) әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты, тасымалдаушының шығынын мемлекеттiк субсидиялау мен жүйенiң iшкi және халықаралық авиатасымалын қаражаттандыру шараларын қабылдау.
      Лизинг тарту.
      «Қазақстан көлiк лизингтiк компаниясы» АҚ өзiнiң алдына үш негiзгi стратегиялық бағытты қояды: жерүстi техникасы мен әуе кемелерiнiң лизингi, темiр жол және автожол техникаларының лизингi. Сонымен, көлiк саласын мемлекеттiк реттеу, инвестициялық климатты жақсарту, көлiктiң жеке түрлерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын арттыру сияқты саяси, экономикалық және әлеуметтiк аспектiлер шешiледi.

10-сурет. Көлiк лизингi сызбасы

 

      1. Лизинг шарты (қаржылық жалға алу)


      2. Сату-алу — сату шарты
      3. Жабдықты жеткiзу (әуе кемесi)
      4. Лизингтiк төлемдер
      5. Ақшаны алу
      6. Ақшаны қайтару.
      Лизингтiк мәмiле кезеңдерi:
      1) Әлеуеттi клиентпен (лизинг алушымен) алдын ала кездесу және сұхбаттасу;
      2) Клиенттiң «Қазақстан көлiк лизингтiк компаниясы» АҚ-ға өтiнiм мен құжаттардың толық пакетiн ұсынуы;
      3) Клиенттiң құжаттарын сараптау және жобаны сараптау;
      4) Уәкiлеттi органның «Қазақстан көлiк лизингтiк компаниясы» АҚ-тың қаржылық лизинг қызметтерiн ұсыну туралы шешiм қабылдауы;
      5) Қаржылық лизинг шартын жасасу;
      6) Республикалық бюджет қаражат есебiнен лизинг нысанын (техникалар мен жабдықтар) сатып алу және жеткiзу;
      7) Клиенттiң алдыңғы сұратылған лизинг нысаны (техникалар мен жабдықтар) беруде қаржылық лизинг шартының жағдайларын орындауы;
      8) Клиентке лизинг нысанын беру (техникалар мен жабдықтар);
      9) Клиенттiң төлеу кестесiне сәйкес «Қазақстан көлiк лизингтiк компаниясы» АҚ-тың пайдасына лизингтiк төлемдердi төлеуi (лизинг нысаны құнын төлеуi және сый беру/ пайыздар);
      10) Клиенттiң қаржылық лизинг шарты бойынша мiндеттемелердi орындау мониторингi;
      11) Лизинг нысанына жеке меншiк құқығын беру.
      Лизинг алушы өтiнiмдi жiберер алдында жасалатын келiсiмнiң негiзгi параметрлерiн талқылау (қаржылық құрамдас бөлiгi, коммерциялық, техникалық) бойынша лизинг берушiмен алдын-ала кездеседi.
      2010 — 2014 жылдар кезеңiнде көлiк саласы бойынша жалпы қаржылық лизингке беру үшiн қажеттiлiк: жол техникасы - 350 бiрлiк, темiр жол вагондары - 40 бiрлiк, әуежайлар үшiн Боинг, Airbus батыс үлгiсiндегi әуе кемелерiне қызмет көрсетуге 500 млн. теңге сомасында арнайы техниканы сатып алу.
      Отандық авиатасымалдаушылар секторының қалыптасу кезеңiнде авиациялық лизинг техникасы авиакомпаниялар үшiн оңтайлы нұсқа болып табылады. Көптеген елдердiң авиакомпаниялары әуе кемесiн сатып алудың осы әдiсiн қолданады, өйткенi оның бастапқы қаржыландыруы едәуiр төмен. Лизинг қаржыландыру әдiсi ретiнде капиталдың бастапқы жұмсалуын төмендетедi, сондай-ақ, тәуекелдердi азайтады. ҚР аумағында лизингтiк жалда пайдалану мерзiмi 20 жылдан астам емес техника жатады (лизинг кезiнде пайдалану мерзiмi 5-7 жылды құрайды).
      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру қорытындылары бойынша мынадай оң нәтижелерге қол жеткiзуге болады:
      1) жаңа жұмыс орындарын құру;
      2) өндiрiске жаңа технологиялар, алдыңғы қатарлы техникаларды, менеджмент пен маркетингтiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;
      3) кадрларды оқыту, олардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру;
      4) ұсынылатын көлiк қызметтердiң сапасын және спектрiн жақсарту:
      5) бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру;
      6) бюджет пен әлеуметтiк сақтандыру қорына салық түсiмдерiн ұлғайту;
      7) инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Көлiк жүйесiн өңiрлiк дамыту

      Республика өңiрлерiн әлеуметтiк және экономикалық дамытудағы қазiргi айырмашылықтар белгiлi бiр дәрежеде көлiк жүйесiнiң бiркелкi емес өңiрлiк дамуына әсер етуде. Бұл ұстауы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылым объектiлерiнiң қол жетiмдiлiгi мен жай-күйi дәрежесiнде, сондай-ақ әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда көрiнiс табады.


      Мыналарды:
      1) мемлекеттiк басқарудың функциялары мен өкiлеттiктерiн бөлу, сондай-ақ одан әрi орталықсыздандырған кезде әрбiр өңiрде көлiк жүйесiн бiркелкi дамытуды қамтамасыз етуде орталық атқарушы органдардың үйлестiрушi рөлiн сақтау;
      2) бұл үшiн қолайлы жағдай туғыза отырып, атқарушы билiк орындарының барлық деңгейiнiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiн, сондай-ақ өңiрлiк даму үшiн жеке инвестицияларды белсендi пайдалану қажет.
      Республиканың әрбiр өңiрiнде көлiк стандарттарының ең аз талаптарының орындалуын қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ әрбiр аймақта мемлекеттiк көлiк саясатын жүзеге асырудағы бiрыңғай жолдарды қамтамасыз ететiн көлiк жүйесiнiң даму деңгейi өңiрлiк деңгейдегi негiзгi принциптер болып табылады.
      Экономикалық және әлеуметтiк процестердегi көлiк жүйесiнiң қызмет көрсетушi рөлiн ескере отырып, осы саясатты жүзеге асыру халық пен өндiрушi күштердiң көлiк қызметтерiндегi қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, көлiк желiсiн ұтымды пайдалану мен бiркелкi жүктеудi қамтамасыз ету мiндеттерiн шешетiн болады.
      Темiр жол саласында әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарының жүзеге асуына байланысты, тасымалдаушының шығынын 100% субсидиялау жүзеге асыруы болжануда.
      Жолаушылар тасымалының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстанның барлық өңiрiнде түйiндер (хабтар) және хабтардың тарту аймағы қысқа тармағындағы тасымалдар арасындағы алыс жылдамдықтағы қатынасты ұйымдастыруды қарастыратын жаңа логистикалық үлгiсiн енгiзiп, жабын аймағы мен маршруттарды ұйымдастыру жүйесi қайта қаралатын болады.
      Бұл ретте темiр жол және автомобиль көлiгiн шоғырландыратын интермодальды сервис ұйымдастыру көзделiп отыр.
      Бұдан басқа, өндiрiстiк қуатты дамытуға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан жобаларды бiрлесiп қаржыландырудың тетiктерiн қолданып, темiр жол станцияларының (жолдар) өткiзу қабiлетiн ұлғайту мәселелерi қаралатын болады.
      Автожол саласында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделi және орта жөндеу жүргiзу, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының басқару құрылымын жетiлдiру жоспарлануда.
      Жергiлiктi әуеайлақтар желiсiн құру орталықтан алшақта орналасқан балама көлiк қатынасы жоқ, топырақтық ұшу-қону жолақтары мен әуеайлақтық алаңшаларды салу, қалпына келтiру және жеңiл әуе кемелерi мен тiкұшақтарды жыл бойында қабылдау-ұшыру үшiн оларды қамтамасыз етудi қоса алғандағы аумақтарға қызмет көрсету үшiн жергiлiктi әуеайлақтар желiсiн құруға бағытталады.
      Жергiлiктi әуе желiлерiнiң өңiрлiк әуежайларын дамыту орталықтан алшақта орналасқан альтернативтi көлiк қатынасы жоқ, топырақтық ұшу-қону жолақтары мен әуеайлақтық алаңшаларды салу, қалпына келтiру және жеңiл әуе кемелерi мен тiкұшақтарды жыл бойында қабылдау-ұшыру үшiн оларды қамтамасыз етудi қоса алғандағы аумақтарға қызмет көрсету үшiн жергiлiктi әуеайлақтар желiсiн құруға бағытталады.
      2010 - 2014 жылдар кезеңiнде Қызылорда, Көкшетау, Семей, Қостанай, Орал, Талдықорған, Петропавл, Өскемен, Ақтау қалаларының 10 әуежайының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту, Көкшетау, Тараз, Орал қалаларында жолаушылар терминалын қайта жаңарту, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарын және Атырау қаласында жаңа жолаушы, жүк терминалын салу жоспарлануда.
      Қазақстан халқы үшiн автомобиль көлiгi саласында тұратын аудандары мен жыл мезгiлдерiне қарамастан автокөлiк қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн, жолаушы тасымалдарында қызмет көрсетудiң сапасын көтеру, пайдасыз жолаушылар тасымалын қаражаттандыруды жалғастыру және жеке санаттағы азаматтардың жолақы төлемдерiне жеңiлдiк ұсыну, экономика мен тұрғындардың сенiмдi және қауiпсiз автокөлiк қызметтерге қажеттiлiктерiн ең жоғарғы дәрежеге жеткiзiлетiн болады.
      Көлiк инфрақұрылымы, нормативтiк база және экология саласында бақылау жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату және көлiктiң қоршаған ортаға жағымсыз әсерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылданды.

Техникалық реттеу

      Республиканың көлiк кешенi өзiнiң дамуының қазiргi кезеңiнде негiзгi құралдардың қанағатанғысыз жай-күйiмен, ескiрген және жеткiлiксiз дамыған инфрақұрылымы технологияларымен сипатталады.


      Көлiк саласында жылжымалы құрамның, жол техникасының техникалық және моралдық жағынан ескiрген үлгiлерi, жолдардың тозған конструкциялары пайдаланылуда және негiзгi өндiрiстiк құралдарды жөндеудiң және ұстаудың ескiрген технологиялары қолданылады.
      Көлiк құралдарын пайдалану ерекшелiгi қауiптердiң болуымен байланысты, бұл қолайсыз факторлардың белгiлi бiр үйлесiмi кезiнде авариялық жағдайларға әкелуi мүмкiн. Көрсетiлген қауiптердiң туындауы адам өлiмiмен немесе жарақаттануымен, келтiрiлген залалмен (зиянмен) байланысты қирау, авария, жарақат алу, көлiк оқиғаларының нақты тәуекел факторларымен есептесуге мәжбүр етедi.
      Статистикалық деректер Қазақстанда ЖКО-дан жыл сайын 3 мыңнан астам адам қаза табатынын көрсетедi, бұл дамушы елдердiң көрсеткiштерiнен 2 есеге асып түседi. Соңғы 5 жылда жол-көлiк оқиғасынан зардап шеккендердiң жыл сайынғы өсуi 10-15% құрады. Осындай үрдiс сақталған кезде мемлекет қауiпсiздiктi көтеру, оған қоса инфрақұрылымды жетiлдiру, техникалық реттеу жүйесiн күшейту жөнiнде түбегейлi кешендi шаралар қабылдамаса, 2015 жылы ЖКО-дан зардап шеккендердiң саны 10 мың адамға жетуi мүмкiн.
      Қоршаған ортаны ластаудағы көлiктердiң үлесi 30% жетедi, бұл да әлемнiң дамыған елдерiнiң осындай көрсеткiшiнен 1,7 есеге асып түседi.
      Бүгiнгi күнi көлiк секторын реттейтiн заңнаманың нормалары көлiк шеңберiндегi техникалық реттеу және халықаралық құқық нормалары саласындағы ҚР-ның заңнамасының негiзгi ережелерiн ескермейдi.
      Қолданыстағы нормативтiк-техникалық стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестiрудi қажет етедi.
      Көлiк және онымен байланысты инфрақұрылымының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң болжамды тиiмдiлiгiне техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру, көлiк инфрақұрылымының даму деңгейiн арттыру, олардағы оқиғалардың саны мен ауырлығын төмендету, энергиялық ресурстардың экологиялық қауiпсiздiгiн және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету жолымен қол жеткiзуге болады;
      Техникалық регламенттердiң негiзгi мiндеттерi:
      1) адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау және ұлттық қауiпсiздiк үшiн көлiктi пайдалану қаупсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) бизнеске қысымды азайту (оның iшiнде лицензияланған қызмет түрлерiн қысқарту);
      3) әлемдiк стандартқа сай өнiмдер өндiру үшiн жағдай жасау;
      4) менеджмент және технологиялық қайта жарақтандыру жүйесiн енгiзу және өнеркәсiптi кең ауқымды жаңғырту болып табылады.
      Техникалық реттеу объектiлерi үшiн функционалдық талаптарға жауап беретiн олардың параметрлерiнiң нақты мәндерi белгiленедi. Аталған шаралар көлiк құралдарының қауiпсiздiгi мен сапасына оң ықпал етедi, кәсiпкерлiк қызметтердi ынталандыратын болады, қауiпсiздiк саласында нормативтiк-құқықтық құжаттар талаптарын белгiлеу бойынша тәсiлдердi жақындатады, сондай-ақ сәйкестiкке растау жүргiзудегi шығынды азайтуға, экономикалық және инвестициялық климатты жақсартуға, қолайлы инновациялық ортаны құруға жағдай жасайды.
      2015 жылға қарай азаматтық авиация саласында толығымен еуропалық авиациялық талаптар енгiзiледi, 12 әуежай ИКАО санатына ие болады.
      «Авиациялық техника қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi қабылданды, ол әуе кемесiнiң ұшу сапасы мен оның құрамдастарына қойылатын негiзгi талаптар мен параметрлердi реттейтiн болады.
      Жалпы азаматтық авиация саласында техникалық регламенттi енгiзу:
      1) авиациялық техниканың қауiпсiздiгi мен даярлау (құрастыру) сапасын арттыруға;
      2) ұшулар қауiпсiздiгi деңгейiн арттыруға;
      3) әуе кемесiнiң бортындағы жолаушылар мен экипаж үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға;
      4) адам және қоршаған ортаға қауiптi немесе зиянды өндiрiс факторлар ықпалын азайтуға;
      5) әуе кемелерi қозғалтқыштарының авиациялық шуылы мен эмиссияларын төмендетуге ықпалын тигiзедi.
      2015 жылға қарай автомобиль көлiгi саласына Еуро-3 экологиялық стандарттары, қозғалыстағы АКҚ салмақтап өлшеу автоматтық жүйесi енгiзiлетiн болады, халықаралық тасымалдарда цифрлық тахографтар енгiзiледi.
      Темiр жол саласында мынадай техникалық регламенттердi әзiрлеу мен енгiзу көзделген:
      «Сигнал беру, блоктау, байланыс және қозғалысты ақпараттандыру қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      «Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүкбагаж және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      «Темiр жол көлiгi және онымен байланысты инфрақұрылым қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      «Темiр жол станциялары, вокзалдар және басқа да инженерлiк құрылыстарға қойылатын талаптар»;
      Су көлiгi саласында мынадай техникалық регламенттердi әзiрлеу және енгiзу көзделген:
      «Теңiз жүзбелi бұрғылау қондырғылары және оларға орнатылған жабдықтарға қойылатын талаптар»;
      «Теңiз және өзен порттарына және олармен байланысты инфрақұрылымға қойылатын талаптар»;
      «Iшкi суда жүзетiн кемелер және «өзен-теңiз» жүзуiндегi кемелердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      «Теңiз кемелерi және оларда орнатылған жабдықтардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар».
      Су көлiгi саласында техникалық регламенттердi әзiрлеу мен қабылдау авариялық жағдайларды және су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне терiс жүктеменi төмендету үшiн жағдай тудырады, жүк және жолаушылар тасымалдарын дамыту үшiн қауiпсiз жағдайды қамтамасыз етедi, су көлiгi объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн арттыру мен сапасын жақсартуға, транзит-көлiк әлеуетiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
      Су көлiгi саласында техникалық регламенттердi қабылдау авариялық жағдайларды, су көлiгiнiң экологиялық жүйесiне терiс жүктеменi төмендету үшiн жағдай жасайды.
      Су көлiгi саласындағы инфрақұрылымдық саясаттың басым бағыттары, әсiресе Каспийде мұнай өндiрудi игеруге және құрғақ жүктердi ауыстырып тиеудiң үлкен көлемiне байланысты теңiз және өзен порттарын дамыту болып табылады. Бүгiнгi күнi Ақтау және Құрық порттары порттық құрылыстарына байланысты қауiпсiздiктiң 5-санатына жатады, оларды жобалау, салу және пайдалану кезiнде бекiтпе құрылыстар мен конструкциялардың қирауына, орнықтылығының бұзылуына, шайылуына байланысты проблемалар көп болады, оның терiс әсерiн азайту үшiн оларды реттеудi орнықтыру қажет.
      Автожол саласындағы техникалық саясат жол қозғалысының қауiпсiздiгiн, автомобиль жолдарының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдар құрылысының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыруға бағдарланған.
      Осы бағдарламалардың қолданылуы кезеңiнде техникалық регламент ережелерiн жүзеге асыру мақсатында қолданыстағы мемлекеттiк стандарттарды қайта өңдеу және жаңасын әзiрлеудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарлануда, онда көлiк құралдарының, қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты көлiк саласының технологиялары мен процестерiнiң барлық маңызды параметрлерi көрсетiлетiн болады. Жоспарда құрылыс, қайта жаңарту мен автомобиль жолдарын ұстау кезiндегi қауiпсiздiк, автокөлiк құралдары қауiпсiздiгi және экологиялық қауiпсiздiк саласында стандарттар әзiрлеу көзделген.
      Саланың стандарттау саласындағы нормативтiк құжаттарға қажеттiлiгiн талдау алдағы жылдар iшiнде салаға халықаралық талаптармен үйлестiрiлген шамамен 300 стандарт қажеттiгiн көрсетедi.
      Осы бағдарламаның қолданылу кезеңiнде техникалық регламенттердiң ережелерiн iске асыру мақсатында қолданыстағы мемлекеттiк стандарттарды пысықтау және жаңасын әзiрлеудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарлануда, оларда көлiк құралдарының қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты көлiк саласындағы технологиялар мен процестердiң барлық қолданыстағы параметрлерi көрсетiлетiн болады. Жоспарда автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, ұстау кезiндегi қауiпсiздiк, автокөлiк құралдары қауiпсiздiгi және экологиялық қауiпсiздiк саласында стандарттар әзiрлеу көзделедi.
      Кәсiпорындардың жеке қаражаты есебiнен ИСО 9001:2000, ИСО 9001, ИСО 14001 және ОНSАS 18001 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент және сапа жүйесiн енгiзу, сондай-ақ авиациялық техникаға менеджемент стандарттарын енгiзудi, тәуекелдердi бағалауды зерделеу.

Кадрлық әлеуеттi қалыптастыру

      Кадрлық әлеуеттi дамыту мақсаты экономиканың, заңнама талаптарымен және еңбек нарығы жағдайының қажеттiлiктерiне сәйкес жаңарту үрдiсiнiң ұтымды теңгерiмiн және кадрлардың сапалы құрамы мен санының сақталуын және оның дамуын қамтамасыз ету болып табылады.


      Кадрлық әлеуеттi дамытудың негiзгi мiндеттерi:
      1) Көлiк-коммуникациялық кешенiнiң салаларындағы болжау және кадрлық қамтамасыз етудi жоспарлау;
      2) тетiктер мен таңдау рәсiмдерiн және кадрларды орналастыруды әзiрлеу;
      3) жұмыс берушi ұсынатын талаптарға бiлiм жүйесiнiң сәйкестiгi;
      4) инновациялық технологиялардың есебiнен кадрлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату және олардың әлемдiк экономикаға шоғырлануын қамтамасыз ету;
      5) шетелде кадрларды қайта даярлау және оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi тетiктi жетiлдiру;
      6) әлеуметтiк әрiптестiктiң тетiгiн өңдеу болып табылады.
      Өндiрiстiк компаниялар мен бiлiм беру мекемелерiнiң тәжiрибесiн қолданатын Сингапур, Израиль сияқты елдердiң тәжiрибесiн қолдана отырып, ККМ мен БҒМ мақсаты «теория» мен «практиканы» жақындату және мұндай компанияларының өзара әрекеттесу тетiктерiн жасау және өндiрiстiк жоспардың қажеттiлiгiне қатысты бiлiм беру жүйесiн, өндiрiстiк жоспарға қажеттi оқу бағдарламаларын әзiрлеу болып табылады.
      Көлiк саласына кадрлар даярлауды 47 жоғарғы оқу орны және 109 техникалық, кәсiби бiлiм беретiн оқу орны жүзеге асырады.
      2015 жылға дейiнгi салаларға арналған 70 мың бiлiктi кадрларға, соның iшiнде автомобиль жолы саласында - 61 мың, азаматтық авиацияда - 5,5 мың және су көлiгiнде - 3,2 мың адамға қажеттiлiктi ескерiп, көлiк-коммуникациялық кешенде 2010 жылы 297 112 адам жұмысқа тартылған.
      Жоғары бiлiмдi кадр даярлау келесiдей мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: «Көлiк, көлiк техникасы мен технологиясы» - 34 жоғарғы оқу орнында, «Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» - 39 жоғарғы ору орнында, «Авиация техникасы мен технологиясы» - бiр жоғарғы оқу орнында (Азаматтық авиация академиясы), «Теңiз техникасы және технологиясы» - екi жоғарғы оқу орнында (Атырау мұнай және газ институты, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университетi).
      Авто жол саласында
      2010 жылы сала 128 мың адаммен қамтылатын болады. Бiрқатар iрi жобаларды одан әрi жүзеге асыруға байланысты саланың сандық құрамын сақтай отырып, қызметкерлердiң санын көбейту және мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру, басқа мамандықтарға ауыстыру жұмыстарын жүргiзу жоспарланған.
      Авто жолы саласындағы 50 оқу орны 20 мамандық бойынша мамандарды әзiрлеудi жүзеге асырады және бiтiрушiлердiң саны саланың қажеттiктерiн қанағаттандырады. Алайда, қазақстандық бiлiм алған мамандардың көпшiлiгi жоғарғы технологияны қолданатын кәсiпорындардың талаптарына сай емес. Осыған байланысты Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компаниялары аймақтарда қажеттi мамандардың жоқтығына немесе олардың бiлiктiлiктерiнiң төмендiгiне сiлтеме жасап, заманауи техникалар мен жабдықтар бойынша арнайы бiлiмi бар шет тiлiн бiлетiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға тура келедi.
      Мәселенi шешу үшiн:
      1) оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи техника және оқу машиналарының паркiн сатып алу;
      2) оқу бағдарламаларында практикалық сабақтардың санын арттыру қажет.
      Темiржол көлiгi саласында 150 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. ҚР-дағы темiржол көлiгiне жоғары бiлiмдi мамандарды «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникация академиясы» АҚ мен Қазақ қатынас жолдары университетi» дайындайды. Аталған жоғарғы оқу орындарын жыл сайын 1.700-ден астам мамандар бiтiрiп шығады.
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрларды әлеуетi 80 негiзгi темiржол мамандықтары бойынша компанияның оқу орталықтарында дайындайды. Даярлау, қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң iшкi жүйесi құрылған, қызметкерлер әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз етiлген, берiлетiн әлеуметтiк кепiлдiктердiң деңгейi жоғарылатады, әлеуметтiк тәуекелдердi сақтандырудың бiрлескен жүйелерiн жетiлдiредi.
      Сала қызметкерлерiнiң сапалық құрамына жасалған талдау қызметкерлердiң кәсiби бiлiктiлiктерiнiң жеткiлiксiздiгi проблемаларын көрсеттi. МТЖ жаңа учаскелерiнiң ашылуына, оларды электрлендiруге, тасымалдау процесiн басқарудың ақпараттық жүйелерiн жаңғыртуға және темiржол шаруашылықтарын автоматтандырылған жұмыс орындарымен қайта жарақтандаруға байланысты қызметкерлердi таңдау, жинақтау, орналастыру және оның кәсiби құзырының деңгейiн көтерудi талап ететiн бiрқатар мәселелер туындайды.
      Осылайша:
      1) техникалық мамандардың бiлiктiлiктерiн жоғарылатуға;
      2) экономиканың басқа да саларына қажеттi мамандарға (маркетинг, экономика және қаржы, менеджмент саласында);
      3) басқару корпоративтiк мәдениеттi қалыптастыруға қажеттiлiк пайда болады.
      Су көлiгi саласында
      Су көлiгiнiң саласында 5 088 адам жұмыс iстейдi. 5 948 адамға дейiн аздап көбею болжануда. Теңiз көлiгi мамандарын даярлайтын жұмыс iстеп тұрған оқу орындарының Халықаралық теңiз құқығының талаптарына сәйкестiгi мәселесi өткiр қойылуда. Қазiргi кезде халықаралық қатынаста Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiн игеруге және жүк тасымалдары көлемiнiң ұлғаюына және өсуiне байланысты теңiздегi кемелердiң саны көбеюде, жаңа айлақтар мен жасанды аралдардың құрылысы салынуда, сонымен бiрге кеме жасайтын және кеме жөндеу өнеркәсiбiнiң құрылысы жүргiзiлуде. 2015 жылға қарай су көлiгi мамандарының қажеттiлiгi халықаралық конвенциялар нормаларына сәйкес 3 мың адамға дейiн өседi, бұл бiлiктi кадрларды дер кезiнде даярлауды талап етедi.
      Саладағы негiзгi мәселелер:
      1) 78/95 вахтада тұру және дипломды теңiзшiлердi даярлау туралы (бұдан әрi - 78/95 ВТДТД конвенциясы) Халықаралық Теңiз ұйымы (бұдан әрi - ХТҰ) мен Конвенциясы талаптары бойынша теңiз мамандарын
даярлау және қайта даярлау жүйелерiнiң сәйкессiздiгi;
      2) оқытушылық құрамдағы бiлiктi кадрлардың жеткiлiксiз саны;
      3) берiлетiн дипломдарды басқа мемлекеттердiң кеме қатынасы компаниялары мен порт басшылары мойындамайды (осыған байланысты мамандар Ресей мен басқа елдердiң оқу орындарында қайта даярлаудан өтедi);
      4) мамандандыруларға арналған оқу жоспарлары 78/95 ВТДТД конвенциясының талаптарына сай емес;
      5) оқу орындарының төмен материалдық-техникалық базасы.
      Осыған байланысты:
      1) Теңiз көлiгi саласы мамандығы бойынша «Екi дипломдық бiлiм» бағдарламасын енгiзу;
      2) жеке қаражат есебiнен (жаттықтыру сабақтарының өткiзуге арналған оқу кемелерi, жаттығу жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету және оқу әдебиетiн алу) ХТҰ-ға тiркелген теңiз оқу-жаттығу орталығын құру;
      3) су көлiгi саласындағы оқу бағдарламаларын уәкiлеттi органдармен келiсу.
      Азаматтың авиация саласында
      Азаматтық авиация саласында 16 489 адам жұмыс iстейдi. 2015 жылға дейiн салада жұмыс iстейтiн адамдар саны әуе кемелерiнiң жаңа үлгiдегi паркiне, жұмыс iстейтiн адамдар санын қысқартатын қазiргi заманғы технологияларды пайдалануға байланысты ұшу құрамының қысқаруы нәтижесiнде көп өзгермейдi және болжам бойынша 2015 жылы 17 150 адамды құрайды.
      Қазiргi уақытта ККМ және Азаматтық авиация академиясымен бiрлесiп дамудың бiрлескен жоспары әзiрленуде, өйткенi түлектердiң ағылшын тiлi бойынша бiлiмiнiң төмен деңгейi мен қазiргi заманғы оқу тренажерларының болмауына, сондай-ақ практикалық ұшулар тәжiрибесiнiң жеткiлiксiздiгiне байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие емес.
      Мамандардың негiзгi тапшылығын ИКАО талаптары бойынша ағылшын тiлiн 4-шi деңгейден төмен емес бiлетiн пилоттар құрайды. Осыған байланысты саланың жетекшi кәсiпорындарында мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру бойынша өз авиациялық орталықтары бар.
      «Эйр Астана» АҚ Ab-initio пилоттарын даярлау бағдарламасын iске асырады, ол бiр жарым жыл iшiнде ұлттық мамандарды ИКАО талаптарына  сәйкес 4-шi деңгейден төмен емес ағылшын тiлiне үйретедi және перспективада шетелдiк мамандарды ұлттық мамандармен ауыстырады. Ұшу құрамы, бортсерiктер мен инженерлер шетелде кәсiби даярлау орталықтарында бiлiм алды (Флорида жазғы мектебiнде 2008 ж. - 4, 2009 ж. - 22, 2010 ж. - 22 пилот), сондай-ақ авиакомпания базасында «Боинг» және «Эйрбас» әуе кемелерiнiң пилоттары үшiн ұшу дисплейлiк тренажерi бар.
      «Қазаэронавигация» РМК аэронавигациялық оқу орталығы БҒМ бюджеттiк бағдарламасы бойынша әуе қозғалысын ұйымдастыратын мамандардың алғашқы даярлығын жүргiзедi (2008 ж. - 50, 2009 ж. - 75,
2010 ж. - 75, бiр курсантты оқыту құны 2,4 млн. теңгенi құрайды). Бұдан басқа оқыту «Рудлоу Манор» (Ұлыбритания) колледжiнде және Рига аэронавигациялық институтында (Латвия) жүргiзiледi. Қазiргi уақытта Орал ұшу-техникалық училищесi базасында Рига көлiк және байланыс институтының (Латвия) филиалын ашу бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде.
      2011 - 2015 жылдары жас мамандарға деген болжамдық қажеттiлiк жоғары және орта кәсiби бiлiмi бар шамамен 4000-ға жуық маманды құрайды. Тарбейiндiк авиациялық мамандарға (инженерлер, механиктер, ӘҚҮ және жердегi қызмет диспетчерлерi және т.б.) қажеттiлiк инфрақұрылымдық объектiлердi пайдалануға беруде кәсiпорынның жалпы штаттық санынан шамамен 30 % құрайды. Мысалы, Кендерлi әуежайын пайдалануға беру кезiнде жұмысшылардың орташа саны 100-ден астам емес адамды құрайды, демек авиациялық мамандарға қажеттiлiктi 30 адам болады. Қазiргi уақытта салада инженерлiк-техникалық мамандар тапшылығы байқалады.
      Осыған байланысты:
      1) азаматтық авиация оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;
      2) Азаматтық авиация академиясын Еуропалық авиациялық ережелердiң талаптары бiлiмдiк процестерiне сәйкестiгi бойынша сертификаттау;
      3) Оқу бағдарламаларында азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен оқу бағдарламаларын келiсу арқылы практикалық сабақтардың санын ұлғайтуды көздеу;
      4) Азаматтық авиация академиясында ИКАО талаптарына сәйкес пилоттарға 4-шi деңгейден төмен емес ағылшын тiлi деңгейiн оқыту жүйесiн енгiзу;
      5) ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясының басым мамандықтар тiзбесiнде азаматтық авиация саласының мамандықтарын арттыру қажет.
      Сонымен, кадрлық әлеуеттi дамытудың негiзгi бағыттары:
      1) мамандарды кәсiби даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және кадрлардың тағылымдамадан өту жүйесiн жетiлдiру;
      2) көлiк-коммуникациялық кешенi үшiн мамандарды даярлаудың жұмыс берушi қоятын талаптарға сәйкестiгiн тексеру (соңғы 2-3 жылда түлектердi жұмысқа орналастырудың тәуелсiз мониторингi, материалдық-техникалық базаны тексеру, бiлiктi оқытушылар құрамының болуы);
      3) көлiк-коммуникация кешенi үшiн кадрлар дайындығын жүзеге асыратын оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту болып табылады.
      Елдi үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттiк бағдарламасының жобасын ескерiп, көлiк саласының басым мамандықтары бойынша кәсiби стандарттар жасалатын болады, кадрлар даярлау бойынша салалық кеңес құрылып және көлiк саласының мамандықтары бойынша ТжКБ бiтiрушiлерiнiң бiлiктiлiктерiн тәуелсiз сертификаттау жүйесi енгiзiлетiн болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет