2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттер
Осыған байланысты, алдағы кезеңге Үкiметтiң, Ұлттық Банкiнiң және Агенттiктiң тиiстi заңнама жұмыстарында көрiнiс табатын корпорациялық басқаруды дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болады:
1. Корпорациялық жанжалдар мен даулар iшiнде реттеу, корпорациялық меншiктi және активтердi заңға қарсы басып алудың алдын алу бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру.
2. Компанияның басқару органдарының құрылымы саласында корпорациялық басқаруды жетiлдiру, құзыреттi бөлу және басқару органдары мүшелерiнiң жауапкершiлiгi.
3. Даулы корпорациялық шешiмдер мен мәмiлелердi қарау, басқару органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген акционерлерге және басқа тұлғаларға зиянды өтеу тәртiбiн реттейтiн құқықтық нормалар құру.
4. Жария компаниялар өлшемдерiн белгiлеу және тиiстi реттеу жүйесiн қалыптастыру.
3.8. Халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыру және олардың қол жетiмдiлiгiн арттыру
Халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыру
Мақсаты мен мiндетi
Қаржы секторын және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамыту мәселелерi қаржы қызметтерiн негiзгi тұтынушы ретiнде халықтың қаржылық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Қаржылық мәдениеттi арттыру ағымдағы даму кезеңiнде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылады.
Осы мәселенi шешу инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы қағаздар нарығында оқыту арқылы, оның iшiнде ұжымдық инвестициялар жүйесi, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаржылық мәдениеттi насихаттау арқылы қаржы қызметтерiн пайдаланушылардың бiлiм деңгейiн арттыруды, халықтың жеке жинақтарын жұмылдыруды қоса алғанда бiрқатар iс-шаралармен қамтамасыз етiле алады.
Негiзгi шаралар
1. Қаржы қызметтерiн пайдаланушылардың бiлiм деңгейiн арттыру
Осы мәселенi iске асыру үшiн осы ақпаратты халық және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында пайдалануды одан әрi жандандыра отырып, барлық қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердi (өлшемдердi) анықтау қажет.
Бұдан басқа, қаржы қызметтерiн тұтынушыларды ақпараттандыру мақсаты үшiн ақпарат таратудың қол жетiмдi құралын пайдалану арқылы нарыққа қатысушылар тарапынан да, мемлекеттiк органдар тарапынан да халық арасында ақпараттық компаниялар жүргiзiлетiн болады.
2. Инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы қағаздар нарығында оқыту арқылы, оның iшiнде ұжымдық инвестициялар жүйесі арқылы халықтың жеке жинақ ақшасын жұмылдыру
Инвесторлардың қор рыногының құралдарына жоғары сенiмдiлiк деңгейi дамыған қаржы нарықтарының маңызды сипаттарының бiрi болып табылатыны белгiлi. Сондықтан, халықтың жеке жинақ ақшасын жұмылдыру мақсатында ұжымдық инвестициялау саласын дамытуды ынталандыру, ұсақ жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетудiң тиiмдi тетiгi ретiнде инвестициялардың ұжымдық нысандарын насихаттау және халықты қаржы нарығының мүмкiндiктерi туралы кеңiнен хабардар ету жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және ел халқының сақтандыру мәдениетiн арттыру
Халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымдары зейнетақылық қамтамасыз ету (зейнетақылық аннуитеттер) шеңберiнде қоғамның сақтандыру өмiрiнде елеулi роль ойнайтынын ескере отырып, сақтандыруды, негiзiнен өмiрдi сақтандыруды, танымал ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзу қажет.
Халықтың сақтандыру қызметтерiне төмен сұранымының себептерiнiң бiрi сақтандыру ұйымдары көрсететiн қызметтердiң көпшiлiк бөлiгi және сақтандыру өнiмдерi туралы және олардың қаржылық жай-күйi туралы жеткiлiксiз хабарлануы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарына және олардың бiрлестiктерiне бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-әрекеттi жандандыру, бұқара халыққа бiлiм беру және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, сақтандыру қызметтерiне халық сұранымын зерттеу және жаңа сақтандыру өнiмдерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, ақпарат ашудың айқын және нақты өлшемдерi әзiрленедi. Сақтандыру саласының ақпараттық айқындылығы көпшiлiк халыққа сақтандыру ұйымдарының қызметi және қаржылық тұрақтылығы туралы мәлiметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс, ақпарат тұтынушыларға қол жетiмдi және түсiнiктi форматта ұсынылуы тиiс.
Сақтандыру ұйымдарының көрсетiлген мәселелерiн шешу Сақтандыру этикасы кодексiн қабылдау қызмет етуi тиiс, оның негiзi бизнестi әдiл жүргiзу, көрсетiлетiн қызметтер сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтандыру қызметтерiн тұтынушылардың мүддесiн қорғау принциптерi болуы тиiс.
4. БАҚ арқылы қаржылық мәдениеттi насихаттау
Қаржылық мәдениеттi арттыру мәселелерiнде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды роль ойнайды: газеттер, журналдар, телевидение, радио. Бұл бағытта қаржы нарығы, онда жүргiзiлетiн реформалар саласында заңнама мақсаттарын насихаттау және түсiндiру жөнiндегi жұмыс, қаржылық қызметтердi тұтынушыларды қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру күшейтiледi.
Халыққа қаржы секторы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету
Мақсаты мен мiндетi
Халыққа қаржы секторы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi Елбасы белгiлеген стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу жолындағы маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады.
Осы мәселенi шешу халықтың қызметтерге қол жеткiзуiндегi өңiрлiк дисбалансты жоюдан тұрады, бұл, өз кезегiнде, олардың тiзбесiн кеңейтудi, сондай-ақ осы қызметтердiң сапасын арттыруды ескере отырып, қаржылық қызметтер нарығында бәсекелестiктi арттыруға септiгiн тигiзедi. Осы мәселелердi шешудегi маңызды бағыттар қаржы секторында қызмет көрсетудiң электрондық нысандарына көшу, кредит серiктестiктерiн, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттiк қызметтердi дамыту, инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетiлдiру, республиканың қаржы нарығында қызметтердiң жаңа түрлерiн дамытуды ынталандыру болып табылады.
Негiзгi шаралар
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың жұмысында электрондық сандық қол қоюға көшу және оны пайдалану
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңы бұрын қабылданған, алайда оның басымдықтарын нақты толыққанды пайдалану қазiргi уақытта қиындау. Ақшаны электрондық байланыс құралдары арқылы басқаруға беру үшiн клиент қолының түпнұсқалығын растау рәсiмi аса маңызды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметтерiне қол жеткiзудi және сапасын арттыру мақсатында электрондық сандық қол қоюды бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының жұмысына енгiзу тетiгi әзiрленедi.
2. Зейнетақы секторында халыққа қызмет көрсетудiң электрондық жүйесiне көшу
"Электрондық" үкiмет құру жөнiндегi бағдарламаны қоса алғанда, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде электрондық карточка негiзiнде алыс өңiрлердi қоса алғанда, барлық халыққа қол жетiмдi электрондық қаржылық қызметтер ұсынуға көшу жөнiнде жұмыс ұйымдастырылады және оның базалық қосымшаларының бiрi ретiнде азаматтарды зейнетақылық қамтамасыз ету жөнiндегi электрондық қызметтердi қарастыру қажет. Бұл салымшыны сәйкестендiруге және үнемi оның жеке зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беруi, электрондық қызметтер шеңберiнде аударымдар мен төлемдердi ұйымдастыруы бойынша оған зейнетақы қызметтерiн көрсетуге мүмкiндiк бередi.
3. Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетiлдiру
2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президентi H. Назарбаев елiмiзде тұрғын үйдi жалға беру рыногын әлемдiк стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшiн ашық, бизнес үшiн тартымды ету керек деп атап өттi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдi жалға беру секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы қабылданды. Осы Заңды iске асыру мақсатында жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын қаржы құралдарының тiзбесiн анықтайтын нормативтiк құқықтық aктi қабылданады деп болжамдалуда.
Инвестициялық қорларды дамыту бөлiгiнде заңнаманы одан әрi жетiлдiру және инвестициялық қорлар құруға және дамытуға кедергi болатын заңнама нормаларын жою жоспарлануда. Атап айтқанда, пайларды сауда биржа жүйесiнде айналымға жiберу, жылжымайтын мүлiкке пай инвестициялық қорлар құқығын тiркеу, жердi пайдалану және жер қойнауын пайдаланушылар құқығы, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi серiктестiктерге қатысу үлесi.
4. Кредит серiктестiктерiн, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттiк қызметтерiн дамыту
Қазiргi уақытта қаржы нарығын дамытуда нақты дисбаланс проблемасы орын алады, бұл республиканың жеке, көбiнесе алыс өңiрлер халқының қаржылық қызметтерге қол жеткiзе алмайтынымен не төмен қол жетiмдiлiгiмен бiлiнедi. Екiншi деңгейдегi банктердiң филиал желiлерiн кеңейткеннен басқа, осы мәселенiң шешiмiне кредит серiктестiктерiн, микрокредит ұйымдарын, сақтандыру ұйымдарын, трансфер-агенттiк қызметтерiн дамыту септiгiн тигiзе алады, осылайша, қаржы нарығында бәсекелестiктi дамытуға жағдай жасайды.
Осы мақсаттарда орта мерзiмдi перспективада кредит серiктестiктер мен микрокредит ұйымдар ұсынатын қызметтер спектрiн кеңейтуге жағдай жасау, сақтандыру нарығын инфрақұрылымын дамыту трансфер-агенттiк қызметтердi дамыту болжамдалады.
5. Қызметтердiң жаңа түрлерiн дамытуға жағдай жасау
Халықаралық нарықтарда қалыптасқан дәстүрлi ұғымда инвестициялық банктер - бұл компанияларды бiрiктiру және жою мәселелерi бойынша андеррайтинг, дилерлiк және брокерлiк операциялар, инвестициялық кеңес беру саласында бағалы қағаздар нарығында толық қызметтер тiзбесiн ұсынатын брокерлiк-дилерлiк компаниялар. Инвестициялық банктер осы қызмет түрлерiн компанияларға, мемлекеттiк органдарға, коммерциялық емес корпорацияларға және жеке тұлғаларға көрсетедi. Инвестициялық банк консультациялық қызметтер көрсетедi. Консультант ретiнде ол бiрқатар функцияларды орындайды. Ол қаржы құралдарын (акциялар, облигациялар және т.б.) дайындау және шығару кезiнде делдал болып табылады, шығарылған қаржы құралдарын сатуды және орналастыруды ұйымдастырады, қаржы нарығындағы жағдайға байланысты инвестициялар жөнiнде ұсынымдар бередi, қажет қаржылық зерттеулер жүргiзедi.
Қазақстанда инвестициялық банкингтi дамыту мәселелерi бойынша ағымдағы кезеңде тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге кейбiр өзгерiстер енгiзiлдi. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 Қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде iске асырылатын осы жұмыс жалғасын табады, бұл инвестициялық банкингтi реттеу жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны, жетiлдiруде бiлiнетiн болады.
Қазiргi уақытта, отандық қаржы нарығына қатысушылар үшiн ислам қаржыларының түрлi нысандарын пайдалану және Қазақстан ислам банкингiн енгiзу мүмкiндiгi туралы мәселелер үлкен қызығушылық бiлдiредi.
Инвестициялар, қаржылық қызметтер және қаржы өнiмдерi шариғат принциптерiне сәйкес құрылымдалған ислам капитал нарығының пайда болуы ислам қаржы қызметтер индустриясының өсiмiндегi табиғи прогресс нәтижесi болып табылады. Бүгiнгi күнi инвестицияларды шариғат принциптерiне сәйкес iздеген тұлғалардың мұқтажын қанағаттандыру үшiн ислам капитал нарығының көптеген өнiмдерi мен қызметтерi бар. Мұнда шариғатпен рұқсат берiлген акциялар, ислам облигациялары, ислам қорлары және тәуекелдердi басқарудың ислам өнiмдерi кiредi. Ислам капитал нарығы өсiп едәуiр дамыды. Өнiмдердi құрылымдаудың, жобаларды қаржыландырудың ислам нысандары, биржа iстерi, активтердi басқару және венчурлiк капитал қызметтерi кеңiнен қол жетiмдi болуда.
Ислам қаржысының ғаламдық қаржылық қауымдастықтарға әсерi ұқыпты және толық қарастыруды және зерттеудi талап етедi.
Орта мерзiмдi перспективада Қазақстан ислам банкингiн дамыту тетiктерi әзiрлендi.
6. Қаржылық қызметтердi тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету
Орта мерзiмдi перспективада қаржы нарығын реттеу және қадағалау саясаты мен тәжiрибесiнiң сабақтастығы сақталады, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тұтастай алғанда, қаржы жүйесiне сенiмдi нығайтуға септiгiн тигiзедi. Қаржылық қызметтердi тұтынушыларды бiрiктiретiн қауымдастықтар мен бiрлестiктер рольдерi күшейтiледi.
3.9. Қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрлар дайындау
Қаржы секторын дамыту мәселелерiнде осы салада кәсiби кадрларды даярлау аспектiсi маңызды рөл ойнайды. Отандық қаржы нарығын жеделдетiп дамыту және оның дүниежүзiлiк қаржы кеңiстiгіне кiру қажеттiлiгi қаржы индустриясы кадрларының кәсiби бiлiктiлiгiн түбегейлi арттыру қажеттiлiгiн әкiмшiлiкпен ұсынады.
Бұл нарық талаптарын ескере отырып кәсiби кадрларды даярлауды көздейдi, ол өз кезегiнде бұдан әрi қаржы қызметтерiнiң сапасын және олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды ынталандыратын болады.
Бұл мақсатта халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiм беру бағдарламаларын, курстарды ұйымдастыруды, оқу орталықтарын, оқу-практикалық конференциялар мен семинарларды және оқытудың басқа нысандарын қайта қарауды ескере отырып орта және жоғары кәсiби бiлiм беру жүйесi арқылы қаржы саласында кәсiби кадрларды даярлау жөнiндегi ұсыныстар әзiрленетiн болады.
Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша басым мамандықтардың тiзбесiне қаржы және банк iсi, қаржы талдамашысы, банктерде тәуекел-менеджмент, сақтандыру құқығы, андеррайтер, сақтандыру ұйымында тәуекелдердi басқару қаржы консультанты сияқты мамандықтарды енгiзу жөнiндегi мәселе шешiмiн табатын болады. Алайда осы бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемiн арттыру және кандидаттарға қойылатын талаптарды жұмсарту қажет.
Сақтандыру саласында оқыту Қазақстанның қоғамдық сақтандырушылар бiрлестiгi жасаған тиiстi оқыту бағдарламаларының негiзiнде жүргiзiлуi тиiс. Осы мiндеттi iске асыру мақсатында барлық сақтандыру ұйымдарының үлестiк қатысуы есебiнен сақтандырушылардың қоғамдық бiрлестiгi жанында оқу орталығын құру туралы мәселенi қарау қажет.
Ұлттық Банк 2003 жылы құрылған T.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетiнiң MBA бағдарламасы бойынша Магистратура жолымен мемлекеттiк органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрларды даярлау және қайта даярлауға қатысуды жалғастыратын болады.
3.10. ЕурАзЭҚ және басқа ықпалдасу одақтары шеңберiнде Қазақстан қаржы секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету
Экономикалық реформаларды кезектiлiкпен өткiзу көпжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрi тереңдету және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасында ықпалдастыру процестерiн күшейту үшiн алғышарттар жасап бердi.
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк қалыптастыруды және қаржы жүйелерiн ықпалдастыруды жеделдету өзара iс-қимылдың жаңа, перспективалық нысандары мен тетiктерiн пайдалануға, бiрлескен күш-жiгермен оған қатысушылардың ортақ пайдалары мен ұлттық мүдделерiн іске асыруға бағдарланған.
Қазақстан үшiн алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған негiзгi мақсаттар басталған экономикалық ықпалдастыру бастамаларын жалғастыру, ұлттық экономиканы дамыту үшiн өңiр елдерiмен келiсiлген саясатты жүргiзудi жалғастыру, өңiр елдерiнiң заңнамаларын үйлестiрудi жеделдету және адамдар мен капиталды жылжыту жолындағы барлық ықтимал кедергiлердi алып тастау жөнiндегi жұмысты жалғастыру болып табылады.
Бұрынғы Одақ елдерiнiң тиiмдi экономикалық өзара қарым-қатынасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД); Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ); Бiртұтас экономикалық кеңiстiк (БЭК); Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кiретiн Орталық-Азия ынтымақтастығы; Грузия, Әзiрбайжан, Украина, Өзбекстан мен Молдова альянсы (ГӘУӨМ) сияқты ықпалдастыру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеу шеңберiнде дамуда.
Экономикалық ықпалдасудың жаңа сатысы Белоруссия, Қазақстан, Ресей мен Украина президенттерiнiң БЭҚ қалыптастыруға дайындық туралы 2003 жылғы 23 ақпандағы өтiнiшiнен бастау алды.
Өңiрлiк ынтымақтастық жолындағы көптеген қиыншылықтар оның "қаржылық құрамдас бөлiгiнiң" дамымауымен байланысты.
Қазiргi заманғы жағдайларда валюталық қарым-қатынастар арасындағы өзара iс-қимылды күшейту ТМД қатысушы мемлекеттердiң ұлттық экономикасын дамыту және олардың сыртқы қаржылық ауытқуларға осалдығының дәрежесiн төмендету факторы ретiнде үлкен мәнге ие болып келедi. Бұл ретте, валюталық-қаржы саласында өзара iс-қимылды нығайту кезеңдiлiк қағидатына негiзделедi.
Валюталық ықпалдастыру мәселелерi 2003-2006 жылдарға және одан кейiнгi жылдарға арналған ЕурАзЭқ-тi дамытудың басым бағыттарында көрiнiс тапты, оларда жалпы қаржы нарығы мен валюталық ықпалдастыруды қалыптастыру қағидаттары мен шарттары айқындалған.
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру мен дамыту және қаржы жүйелерiн ықпалдастыру кезең-кезеңмен және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, кәсiпкерлiк пен инвестицияларды дамыту, ақша-кредиттiк, қаржы және валюталық қатынастарды дамыту, заңнамаларды кезеңмен үйлестiру, келiсiлген әлеуметтiк саясатты жүргiзу бағытында жүргiзiлуi тиiс. Көрсетiлген кезең сақтандыру нарығын дамыту жөнiндегi ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң ұлттық бағалы қағаздар нарығына қол жеткiзуiнiң тең шарттарын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыру болып табылады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру және дамыту жолындағы маңызды кезең Еуразия даму банкiн құру болып табылады, оны құру туралы келiсiмге 2006 жылғы 12 қаңтарда қол қойылды.
Банктiң стратегиялық мақсаты инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен қатысушы елдерде нарықтық экономиканың дамуына, олардың экономикалық өсуiне және инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу болып табылады. Банк бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң қаржы инфрақұрылымының бiрiктiрушi элементi, терең интеграциялық процестерге қатысушы елдердiң серiктесi болуға танылған.
2007-2011 жылдар iшiнде валюталық одақты құру жөнiндегi жұмыс жалғасады. Ол үшiн мыналар алғышарттар болып табылады: экономикалық саясатты үйлестiру, барлық валюталық шектеулер мен капиталдың қозғалысына қойылатын шектеулердi алып тастау және және валюталық одаққа әлеуеттi қатысушы елдердiң экономикалық саясатының арасын бiртiндеп жақындату.
4. Қаржы секторын дамытудың негiзгi бағыттары
4.1. Кредиттiк ұйымдарды дамыту
4.1.1. Банк секторы
Мақсаты мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi перспективада банк секторын дамытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттері мыналар болып табылады:
халықтың банк өнiмдерiне қатынауын кеңейту және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды қорғау деңгейiн арттыру;
халықтың банк секторына сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң айқындық деңгейiн арттыру;
бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын ырықтандыру;
үздiк халықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
Ағымдағы жағдай
Әлемдiк экономикаға неғұрлым тығыз кiрiгу жолында отандық банк жүйесiн одан әрi жетiлдiру түйiндi рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдiк тәжiрибенi енгiзуге, менеджмент сапасын және тиiсiнше, банк жүйесiн дамыту деңгейiн арттыруға ықпал етедi.
Банк секторын ырықтандыру мәселесi Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi келiссөз процесi шеңберiнде қаралады. Осыған байланысты одан әрi ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметiне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қазақстандық банк нарығына кiруi жөнiндегi бiрқатар шектеулер жойылды.
Банк жүйесi қызметiнiң ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметiнiң ашықтығын арттыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау туралы меморандум әзiрленiп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктiң шынайы меншiк иелерi туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тiзбесi туралы, банктiң аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмiлелер туралы, банк бизнесiн дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердiң ашуы көзделедi.
Экономиканың үздiксiз өрлеуi, елдегi қолайлы инвестициялық ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенiмнiң нығаюына және соның нәтижесiнде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал еттi, бұл өз кезегiнде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тәуелдiлiгiн күшейтуi мүмкiн.
Сырттан қарыз алудың өсуi банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге бейiмдiлiк дәрежесiн арттыруға алып келуi мүмкiн екенiн атап өткен жөн, оның келеңсiз әсерi банктердiң валюталық мiндеттемелерiн қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тәуекелдерiне, пайыздық тәуекелге және өтiмдiлiк тәуекелiне әкеп соғуы мүмкiн.
Қазақстандық банктер сыртқы қарыздарды негiзiнен құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегiнде, әлемдiк нарықтағы ахуал мен кредиттiк келiсiмдердiң шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз мiндеттемелерi бойынша жауап беруге қабiлетсiз болуы мүмкiн, бұл жекелеген банктiң де, республиканың бүкiл банк жүйесiнiң де рейтингіне келеңсiз ықпал етуi мүмкiн.
Ағымдағы жылы банктердiң сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиiстi жанама шаралар қабылданды.
Отандық банк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Банк секторын одан әрi дамыту мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiн ескере отырып, халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру, бәсекелестiктi дамытуды және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыруды дамыту тәуекелдердi бағалау негiзiнде шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды және осыған байланысты тәуекелдердiң туындауын ескере отырып), банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен және шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тәуекелдерiн төмендету, қаржы статистикасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу ұйғарылады.
Негiзгi шаралар
1. Шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыру
Жаһандандыру процесiн, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiру перспективасын ескере отырып, банк жүйесiнде ырықтандыру және бәсекелестiктi арттыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады.
Шетелдiң қатысуы бар, банктердiң қызметi үшiн алынған шектеулерден өзге (шетелдiң қатысуы бар банктердiң жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелi кезеңдi және елдiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметiне рұқсат беру мүмкiндiгiн ұйғарылады.
2. Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету мен белсендi халықаралық ынтымақтастық үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету
Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншiк иелерi құрылымы, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлiгiнде банктердiң заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктiк қадағалау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
3. Жылжымайтын мүлiкке кредит беру көлемiнiң өсуiне, банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиесiне, тұтыну кредитiн беруге және шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау
Екiншi деңгейдегi банктердiң кредит тәуекелдерiн, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тәуекелдердi қажеттiлiгiне қарай бағалау мақсатында және экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, әсiресе пруденциалдық реттеу және екiншi деңгейдегi банктердiң активтерiн сыныптау әдiстемесi бөлiгiнде жетiлдiрiлетiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |