оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабғы
(жаттығу сабағы)
оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы
Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың
біреуін
ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе
барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірбие жүзінде аралас сабақ түрі
кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және
олардың бірқатар артықшылықтары бар.Сабақтың түрлерін араластыра
қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және
педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың
өзіндік дидактикалық
ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән
ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірбиелерге тоқталатын болсақ,
М.П. Лапчик информатика курсы бойынша
өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді
қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды
лабораториялық жұмыс және практикум.Осы
уақытқа дейінгі қалыптасқан
тәжірбиелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы
бойынша топтауға мүмкіндік беред
Достарыңызбен бөлісу: